ҚазҰУ-да «Жас оқытушылар мектебінің» семинары өткізілді

0
1822
ҚазҰУ

2018 жылы қаңтардың 10-12 жұлдыздарында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика- математика факультетінің ұйымдастыруымен еліміздің ертеңі — бүгінгі жас ұрпақтың қолында екенін ескере отырып, жыл сайын өткізілетін дәстүрлі «Жас оқытушылар мектебінің» семинары өткізілді.

Семинарды факультет деканы, PhD докторы, доцент Д.Б.Жакебаев салтанатты түрде ашты. Семинарда Қазақстанға белгілі ғалымдар мен факультеттің белсенді оқытушылары баяндамалар жасады. Сонымен қатар, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Хакимова Тиыштык Хакимовна келіп жас оқытушыларға педагогикалық бағытта әр түрлі қызықты ойындар мен тренинг өткізді.
Баяндама тақырыптары өзекті мәселелерді қарастырғанын жас мамандардың семинар
барысындағы белсенділіктерінен, профессорлар қауымына қойған сұрақтарынан айқын
байқалып тұрды. Әсіресе Хакимова Т.Х.  «Ақпараттық-коммуникациялық технологияны
оқытудың педагогикалық әдістері», Бөрібаев Б.Б. «Программалау пәндерінен зертханалық жұмыстарды өткізу мәселелері»,  Байшоланова Қ.С. «Жас оқытушылардың педагогикалық құзіреттілігін арттыру шаралары» ,  Алимжанова Л.М. «Оқу үрдісінде жобалық- бағдарланған әдістер арқылы құзыреттілікті қалыптастыру»,  Каруна О.Л. – «Сапалы білім– жарқын болашақ кепілі» тақырыбындағы баяндамалары жоғары деңгейде оқыды.
Семинардың басты мақсаты — жас мамандарды шәкірттердің оқуға деген ынтасын
арттырып, оқыту мен тәрбиелеу, дамыту салалары бойынша теориялық және әдістемелік көмек ұйымдастыру, ізденіске жетелеу, талапты азамат етіп тәрбиелеуге бейімдеу. Сондай–ақ ұстаз деген ұлы есімге лайық болу мақсатында жас мамандармен өтетін отырыстарда баяндамалар жасатып, заман талабына сай оқытудың қандай тиімді тәсілдерін қолдану керектігін үйрету. Семинарға қатысқан оқытушылар осы семинардан алған тәлім-тәжірибелері өздерінің сабақ өту барысында үлкен көмегін тигізетінін айтып, баяндамашыларға үлкен алғыстарын білдірді.

Жас мамандардың біліктілігін арттырып, мықты маман болып қалуыптасуына факультет деканы мен әдістемелік бюро мүшелерінің ықпалы зор. Бүгінгі жас маман – ертеңгі ұлағатты ұстаздардың орнын басатын білікті кадр болмақ.
Адилжанова С.А.
Гусманова Ф.Р
Төлепбердинова Г.А.
Газиз Г.Г.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ