Қызықты математика

0
4658

Оқырмандарымыздың назарына математика әлемінен 7 қызықты дерек ұсынамыз

1.

Ағылшын математигі Абрахам де Муавр қартайған шағында оның ұйықтау уақыты күн сайын 15 минутқа ұзарып келе жатқанын байқайды. Содан арифметикалық есептеулердің нәтижесі бойынша, бұл көрсеткіш қашан 24 сағатқа жететіндігін шығарады. Ол  сан 1754 жылдың 27 қарашасы еді. Дәл сол күні ол дүниеден озды.

2.

Діншіл еврейлер христиандардың белгілерінен және жалпы крестке ұқсас таңбалардан алшақ жүреді екен. Мәселен, израильдік кейбір мектептер сабақ барысында «Қосу» таңбасының орына төңкерілген «Т» әрібіне ұқсайтын таңба қолданады.

3.

Кейбір деректер Альфред Нобельдің әйелі оны тастап, математик жігітке кетіп қалғандықтан ол өзінің атындағы сыйлыққа математиканы қосқызбаған дейді. Алайда, шындығында Нобель ешқашан отбасын құрмаған. Ал оның математика ғылымын Нобель сыйлығының қатарына қоспауынның нағыз себебі белгісіз.

4.

Америка математигі Джордж Дангиц, аспирантурада оқып жүргенінде бір ретте сабаққа кешігіп келіп, тақтада жазылып тұрған үй тапсырмасын тез-тез көшіріп алады. Ол тапсырма оған әдеттегіден қиын көрінеді. Алайда, бірнеше күннен кейін Джордж оның жауабын есептеп шығарады. Ол есептің нәтижесі көптеген ғалымдар статистикадағы «шешімі жоқ» деп таныған екі мәселенің жауабы екен.

5.

Казиноның рулеткасындағы сандардың қосындысы 666, яғни «шайтан санына» тең екен. Әлемді, әсіресе, батыс елдерінде үрей тудыратын санның бірі 666 саны. Жалпы бұл сан сайтанның белгісі деп аталғанымен оның дінге қатысы шамалы. Нумерологтардың айтуынша,  6 саны еркіндіктің ешкімге, еш нәрсеге бас имейтін асау саны екен. Өміріне 2 рет 6 саны қатысты болса, онда ол жер бетіндегі ешбір билікке бағынбайтын дүлей күшке ие болады.

6.

Софья Кавалевская математикамен ерте танысқан. Себебі, оның бөлмесіне тұсқағаз жетпей қалып, оның орнына Остроградскидің  дифференциал және интеграл есептеулерінің дәрістері жазылған қағаздар жапсырған екен.

7.

1897 жылы Индиана штатында Пи саныны 3,2 -ге тең екендігін белгілейтін заңды құжат шықты.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ