Киім тігу өнері. Қазақтың ұлттық киімдері

0
2569

Тымақ — аң терілерінен жасалып, қымбат матамен тысталатынер адамдардың қысқы бас киімі. қазақта тымақтың түрлері өте көп. соның ең бағалысы — түлкі тымақ. Оның маңдайы мен құлақтарының ішкі жағына түлкі терісі тігіледі де, сырты мақпалмен, пүлішпен немесе басқа асыл тастармен сырылып тысталады. Тымақтың төбесі төрт немесе алты сай(бөлек), үшкіл (үш бұрышты) киізден құралып, шошақ болып тігіледі.

Шапан — қалыңдықтың сырт киімі. Ол да асыл матадан алтын жіппен зер салынып, өрнектелік тігіледі. Шапанның өңіріне оюлы өрнек салынса, етегіне өсімдік тектес өрнектер кестеленеді. Бұл — өсіп-өнсін, өркенді болсын тілектің белгісі.

Көкірекше — жейденің немесе көйлектің сыртынан киетін жеңсіз, жеңіл киім. Оның өңірі мен етегі өрнектеліп, кестеленеді. Қыз балалардың көкірекшесіне теңгелер, маржан сияқты әшекей заттар қадалады. Ыңғайлы, ықшам көкірекшені, көбінесе, балалар жейденің , көйлектің сыртынан киеді.

Қамзол — шапанға қарағанда ықшам, қысқа, көбінесе, жеңсіз немесе қысқа жеңді болып келетін әйелдің сырт киімі. Салтанаттарға киілетін камзолждар аса қымбат маталардан белі қыналып, өңірі мен етегі түрлі өрнектермен кестеленіп тігіледі.

Бөрік — жеткіншіктерден бастап, ересек адамдарға дейін киетін бас киім. Ол етегін айналдыра қымбат тері жапсырылып, дөңгеленген пішінде тігіледі. Пошымына, тігілген материалына қарай шошақ бөрік, үкілі бөрік, камшат бөрік сияқты түрлерге бөлінеді.

Тақия. Қазақта тақияның түрі өте көп. Соның ішінде аса сәндісі, көркемі — бүлдіршін қыздар киетін үкілі тақия. Ол биіктігі 10-15 см мөлшерінде дөңгеленіп тігіліп, жалпақ төбесіне үкі тағылатын жеңіл бас киім. Айнала жиегіне ою салынып, түрлі асыл тастармен безендіріледі. Оны жас қыздар ұзатылғанға дейін киеді. Ұзатылған қыз қыз-ғұмырдың белгісі — тақиясымен «сыңсу» айтып қоштасады.

Малақай — ерлердің салқында киетін бас киімі. Оны құндыз, бұлғын, сусар, жанат, түлкі, қарсақ, суыр т.б. аңдар мен құлын, бұзаудың терісінен, қозы мен лақтың елтірісінен тігеді. Малақай  маңдайдан, екі құлағы мен төбесінен және артқы құлағынан тұрады. Малақай тіккенде теріге өлшеп пішілген астарға мақта не жүн тартып, екінші бетіне шүберек салып сыриды. Мұның сыртынан терімен тыстап, астары мен тері тысын бір-біріне тігіп жапсырады. Тігіп болған соң қалыпқа кигізіп көреді. Малақай- әрі жылы, әрі сыпайы бас киім. Оны әйелдер де киеді.

Пайдаланылған әдебиет:
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы. Құрастырған: Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т

Басқа да ақпараттар:

  1. Қазақтың ұлттық киімдері

  2. Ұстаның құрал-жабдықтары. Көрік, төс, қысқаш деген не?

  3. Ұсталық өнер. Темірді балқыту әдісі

  4. Ағаш өңдеуге арналған құрал-саймандар

  5. Тері өңдеу шеберлігі. Аң мен мал терісін илеу

  6. Ағаш өңдеу шеберлігі және оның түрлері

  7. Адамның іс-қимылына байланысты тыйымдар

  8. Ағаш желімі және оны күйдіріп әшекейлеу


ПІКІР ҚАЛДЫРУ