Тақырыбы: «Микроорганизмдердің прокариотты және эукариотты клеткаларының\r\n\r\nхимиялық құрамының ұқсастығы және айырмашылықтары, кең тараған өкілдері»\r\n\r\n \r\n\r\nЖоспар\r\n\r\n \r\n\r\nІ. Кіріспе\r\n\r\n Прокариот және эукариот клеткаларға жалпы сипаттама\r\n\r\nІІ. Негізгі бөлім\r\n\r\n Прокариот және эукариот клеткалардың химиялық құрамының \r\n\r\n ұқсастықтары мен айырмашылығы\r\n\r\nІІІ. Қорытынды\r\n\r\n Прокариот және эукариот клеткалардың кең тараған өкілдері\r\n\r\nІV. Сұрақтар\r\n
- \r\n
- Пайдаланылған әдебиеттер
\r\n
\r\n \r\n\r\nБір жасушалылар – бүкіл денесі бір ғана жасушадан құралатын организмдер. Қазіргі кезде барлық ағзаларды прокариоттар және эукариоттар деп екіге бөлуге болады. Бұл ұғымдар karion – жаңғақ ядросы деген түсінік беретін грек сөзінен туындаған.\r\n\r\nПрокариот ұғымы “ядроға дейінгі”, ал эукариот – “жақсы немесе анық ядросы бар” дегенді көрсетеді. Пішіні әр түрлі. Біржасушалы клеткалардың арасында денесі өте қарапайым құрылысты (хлорелла, амеба), сондай-ақ күрделі құрылысты (ацетабулярия, инфузория) болып келетіндері де бар. Біржасушалы клеткалар теңізде, өзенде, шалшықты суларда, құрлықта да кездеседі. Олардың арасында басқа жануарларға жем болатын, сондай-ақ адам мен жануарларды ауруға шалдықтыратын түрлері де кездеседі.\r\n\r\n Прокариоттардың мөлшері өте кішкентай, ұзындығы 1—10 мкм. Прокариоттардың эукариоттардан айырмашылығы — олардың айқындалған органоидтері, яғни эндоплазмалық торы, Гольджи жиынтығы, митохондриялары болмайды. Жануарлардың және өсімдіктердің жасушаларында жаксы айқындалған түйіршіктер болады. Олар — нәруыз, май және гликоген сияқты қор заттарынан тұрады. Прокариоттың эукариоттан негізгі айырмашылығы — онда қалыптаскан ядросы жәнехромосомалары болмайды. Прокариот ДНҚ-сының эукариот ДНҚ-сынан айырмашылығы — мұнда ДНҚ-ның сыртын нәруыздар қаптап тұрмайды және пішіні сақина тәріздес болып келеді. Прокариот жасушаларында мембрана құрылымы болады, олар микроорганизмдердің энергетикалық процестеріне қатысады. Мысалы, көк-жасыл балдырлардыңмембрана құрылымында хлорофилл болады және олар фотосинтез процесін жүзеге асырады. Кейбір микроорганизмдерде мембрана құрылымдары аэробты тыныс алу процестеріне катысады. Негізінен, прокариоттар клетканың жай екіге бөлінуі арқылы көбейеді, яғни аналық клетка екі жас клеткаға тікелей бөлінеді. Прокариот клеткаларының эукариот жасушаларынан айырмашылығы – олардың генетикалық материалы – сақиналы ДНҚ құрамына ақуыздар кіретін күрделі хромосомаларға жинақталмаған және де мембранамен қапталмаған. Прокариоттарда белгілі бір қызметтер атқаратын мембраналық құрылымдары болмайды. Бактериялар екіге жай бөліну арқылы көбейеді, сондай-ақ екі клетка арасында генетикалық ақпарат алмастыру түрінде жүретін жыныстық көбеюді байқауға болады. Прокариоттар клеткаларының пішіндеріне сәйкес ұсақ болып келеді. Олардың көлемі шамамен 1-10 мкм. Прокариот клеткаларының құрылымы мен химиялық құрамдарында өздеріне тән ерекшеліктері болады. Цитоплазмалық мембранадан тыс орналасқан құрылымдары (жасуша қабықшасы, капсула, сілемейлі қап, талшықтар, ворсинкалар) көбінесе беттік құрылымдар деп аталады. Цитоплазмалық мембрана мен цитоплазма протопласт деп аталады.\r\n\r\nЭукариоттар (грек. еu – жақсы, толығымен және karyon – ядро) – құрамында ядросы бар организмдер. Эукариоттарға барлық жоғары сатыдағы жануарлар мен өсімдіктер, сондай-ақ бір немесе көп жасушалы балдырлар, саңырауқұлақтар және қарапайымдар жатады. Эукариоттар жасушалары прокариоттармен салыстырғанда күрделі келеді. Эукариот жасушалары көптеген ішкі мембраналармен жеке бөліктерге бөлінеді. Бұл бөліктерде бір мезгілде бір-біріне тәуелсіз әр түрлі химиялық реакциялар жүреді. Бұл жасушаларда ядро мен түрлі органеллалар (митохондрия, рибосома, Гольджи кешені) қызметтері жақсы жіктеледі. Клетка ядросы, митохондриялар, пластидтер цитоплазмадан екі қабат мембрана арқылы шектеледі. Ядрода жасушаның генетикалық материалдары (ДНҚ, онымен байланысқан заттар) шоғырланады. Өсімдік жасушаларының хлоропластары негізінен Күн сәулесін сіңіріп, оны фотосинтез нәтижесінде органикалық заттардың химиялық энергиясына айналдырса, митохондриялар көмірсулар, майлар, белоктар, т.б. органикалық қосылыстарды ыдыратып энергия түзеді. Эукариот жасушалары цитоплазмасының мембраналық жүйесі (эндоплазмалық тор,Гольджи кешені) – жасуша әрекетін қамтамасыз ететін макромолекулаларды түзіп, жинақтайды. Эукариот жасушалары митоз жолымен бөлінеді. Эукариот клеткаларының прокариоттардан негізгі ерекшелігі – олар жеке-жеке компоненттерге бөлшектенген, яғни көптеген мембраналық органеллалары болады. Эукариоттардың ақуызбен байланысқан ДНҚ-ы хромосомаларға жинақталып, қос мембранамен қапталған ядрода орналасады. Эукариот клеткаларының пішіндері прокариоттарға қарағанда ірі келеді. Прокариот пен эукариот клеткаларының негізгі ерекшеліктері төменде нақты көрсетілген.\r\n\r\nӨсімдік және жануар клеткаларының ұқсастықтары:\r\n\r\n— өсімдік және жануар клеткаларының жалпы құрылыстары ортақ, яғни екеуінің де беттік кешені, цитоплазмасы және ядросы бар;\r\n\r\n— мембраналық құрылымдары ортақ;\r\n\r\n— химиялық құрамдары ұқсас;\r\n\r\n— зат пен энергия алмасу үрдістері ұқсас жүреді, цитоплазма мен ядрода жүретін көптеген химиялық үрдістерінің жолы ұқсас, мысалы, ақуыз синтезі, ДНҚ репликациясы және т.б.;\r\n\r\n— клетканың бөлінуі кезінде тұқымқуалаушылық ақпаратын ұрпаққа берулері бірдей;\r\n\r\n— бөліну үрдістері бірдей.\r\n\r\nӨсімдік және жануар клеткаларының айырмашылықтары:\r\n\r\n— өсімдік клеткасының клетка қабықшасы, пластидтер, ірі вакуольдері бар, клетка орталығы жоқ;\r\n\r\n— жануарлар клеткаларында клетка орталығы бар;\r\n\r\n— жануарлар клеткалары қоректенуі гетеротрофты;\r\n\r\n— өсімдік жасушаларының қоректену тәсілі – автотрофты.\r\n\r\nПрокариоттарды, сондай-ақ, бактериялар деп те атайды. Прокариоттарға көк-жасыл балдырлар, актиномицеттер, бактериялар, спирохеттер, микоплазмалар, хламидиялар жатады.\r\n\r\nЭукариоттыларға митоз жолымен бөліне алатын жасыл балдырлар және қарапайымдар жатады, саңырауқұлақтар мен қыналар, өсімдік пен жануарлар жатады. \r\n\r\nСұрақтар:\r\n\r\n \r\n
- \r\n
- Микроорганизмдер ядроға байланысты қалай бөлінеді?
- Эукариот клетка дегеніміз не?
- Прокариот клетка дегеніміз не?
- Прокариот және эукариот клеткалардың қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?
- Прокариот және эукариот клеткалардың қандай өкілдерін білесің?
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n \r\n\r\nПайдаланылған әдебиеттер тізімі:\r\n
- \r\n
- Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл.
- Сартаев А., Гильманов М. С22 Жалпы биология: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006.
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл.
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
- \r\n
- Қасымбаева Т.,»Тіршіліктану»,10-11,2003,50 б.
- Биология: Жалпы білім беретін мектептің, 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, өңделген/ М. Гильманов, А. Соловьева, Л. Әбшенова. — Алматы: Атамұра, 2009.
\r\n
\r\n
\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n