Көп тіл білу — келешектің кепілі

0
2899

Өркениетті ел болу үшін өзінің даму жолында ұлт болсын, мемлекет
болсын рухани жағынан жаңғыруды жадынан шығармауы тиіс. Бұл ұлт
ретінде ұмытылмаудың кепілі. Елбасы әрдайым ел ертеңі мен болашағы үшін
ұлттық құндылықтардың маңызы жоғары екенін естен шығармау керектігін
ескертіп отырады.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы бүгінімізді бүтіндеп,
ертеңімізге деген нық сенім ұялататын батыл бастамалардың алғышарттары
десек болады. Бұл бағдарлама болашаққа бағдар жасай отырып, өткенімізге
көз жүгіртіп, рухани құндылықтарды ұмытпай, ұлттық сана-сезім негізінде
келешекте бірегей интеллектуалды қоғам құруға бағытталады. Рухани
байлықтың бастауы-тіл. Тілдік білім беруді дамытуда, сондай-ақ өскелең
ұрпақты рухани бай, бәсекеге қабілетті, білікті маман етіп дайындауда
еліміздегі жоғарғы оқу орындарының маңызы зор. Бүгінгі таңда Әл-Фараби
атындағы Қазақ Ұлттық университетінде тілдік білім беруді дамыту сондай-
ақ, оны жұзеге асыруда әлемдік стандарттарға сай жүйелі түрде нәтижелі
шаралар атқарылуда. Оның бір айқын мысалы ҚазҰУ-дың барлық
факультетінде шет тілін тереңдете оқытуға көшуі, сонымен қатар ҚР
Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тілдердің үштұғырлылығын дамыту туралы
тапсырмасын жүзеге асыруда үш тілді білетін жоғары білікті мамандар
даярлауды басты назарға алып отыр. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 12
тілдік кафедра жұмыс істейді. Ондағы оқытушы профессорлар өздерінің
жоғарғы кәсіби біліктілігімен ерекшеленеді сондай-ақ, оннан аса тілдік
бағыттағы мамандар даярлайтын бірегей білім ордасы болып отыр. Бұл
университетте тілдік білім берудің сапасын қамтамасыз ету мен Әл-фараби
атындағы ҚазҰУ тілектерінің бәсекеге қабілеттілігін аруттыруға негізделген.
Әл-фараби атындағы ҚазҰУ көпжылдық тәжірбиесі бар, кәсіби білікті
ғылыми-оқытушылық құрамға ие. Сондай-ақ, университет оқытушыларының
жаңа ұрпақ кітап топтамаларын шығарғанын айта кеткен жөн болар. Бұл
оқулықтар бүкіл еліміз бойынша білім беру мекемелерінде кеңінен
қолданылуда. Студенттер кейбір жаратылыстану бағыты бойынша және
техникалық пәндерді ағылшын тілінде оқуда. Сондай-ақ шет тілін өз бетімен
меңгеруге, шет елде арнайы жобамен білім алуға мүмкіндіктер жасалынған.
Оқытушылар да ұдайы өз біліктіліктерін арттырып отырады. Осыған
байланысты, шет елдегі білім ордаларының оқытушыларымен тәжірбие
алмасуды қолға алған. Университетте бұгінгі таңда шет елден келіп оқитын
студенттер қатары артуда. Мұның бәрі университет көлемінде шет тілді
меңгерту үшін жасалған шаралардың жүйелі жүріп жатқандығының көрінісі.

Осыған қарамастан, мемлекеттік тіл де назардан тыс қалған жоқ.
Мемлекеттік тілдің рөлін күшейту үшін «Ана тілі -аруы», «Тіл тағылымы»,
«Ана тілім-ардағым» т.б. университет көлеміндегі шаралар
ұйымдастырылады және оған жыл сайын студенттердің қызығушылығы
артып келеді. Өзге ұлт өкілдері арасында да мемлекеттік тілді насихаттау
үшін жиі шаралар ұйымдастырылып тұрады. Мәселен, «Мемлекеттік
тіл:бүгіні мен болашағы», «Мемлекеттік тіл –менің тілім», «Жыр
мүшәйрасы», «Қазақстан халықтары күндері» және т.б.
Шет елден келген студенттер мен өзге ұлт өкілдерін қазақ тілін меңгеруге
ынталандыру шаралары жүргізіледі. Қазақ тілін еркін меңгерген жағдайда
арнайы сертификаттар табысталады. Әлемдік стандарттарға сай тіл үйрету
бағдарламалары қолға алынған. Бұл шаралар қазақ тілінің коммуникативтік
рөлін арттыруға бағытталған.
Еліміздегі жетекші білім ордасы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық
Университеті жоғарғы оқу орындарына ұсынылатын талаптарға сай, тілдік
білім беруде және оны меңгертуде, мемлекеттік тілдің рөлін арттыруда
айқын нәтижелі жұмыстар атқаруда. Өз ұлтың ұмытылмау үшін өз ана
тіліңнің абыройы асқақ болуы керек, ал өркениетке бет бұрған даму жолында
шет тілін білу-заман талабы.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биология және биотехнология факультетінің
Биофизика және биомедицина кафедрасының аға оқытушысы, б.ғ.к. Г.Қ. Атанбаева
Биотехнология кафедрасының оқытушысы А.Ж. Жүнісжан, доцент Ерназарова Г.И.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ