М.Мақатаев оқуларының марапаты қалай жүзеге асырылады?!

6
3128

«SKILLS ACADEMY» мекемесі мен martebe.kz білім порталы біріге отырып республикалық жалпы білім беретін мекеме оқушылары арасында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын насихаттау мақсатында  ұйымдастырған «ҚАРА ӨЛЕҢНІҢ ҚҰЛАГЕРІ» атты ІІ республикалық оқушылар байқауы өз мәресіне жетті

«ҚАРА ӨЛЕҢНІҢ ҚҰЛАГЕРІ» БАЙҚАУЫ — АҚЫН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН НАСИХАТТАЙТЫН ЕҢ АУҚЫМДЫ ЖОБА

Байқауға еліміздің барлық өңірлерінен оқушылар қатысты. Бұл байқаудың Мұқағали Мақатаев шығармашылығын насихаттайтын Республикамыздағы ең ауқымды жобаға айналғанына қуаныштымыз. Қатысушылардың басым көпшілігі (80 пайызы) мәнерлеп оқу сайысына қатысты. Барлық қатысушылардың еңбегін ескеріп әділ қазылар барлығы 90-нан астам ақынның жас ізбасарларына «Мұқағали мұрагері» төсбелгісі тағайындалды. Номинация иегерлеріне ақынның кітабы табысталады.

«МҰҚАҒАЛИ МҰРАГЕРІ» ТӨСБЕЛГІСІ — ЛАЙЫҚТЫЛАРҒА ТАБЫСТАЛАДЫ

Сайыс ережесі бойынша орын алған қатысушыларға ақын атындағы төсбелгісі тағайындалады. Төсбелгі тағудың жауапкершілігін сезініп, лайықты делінген таңдаулы оқушыларға төсбелгі тағайындалды. Оны иеленген оқушылар төсбелгінің жауапкершілігін сезініп, мақтанышпен тағып жүрсе деген ойымыз бар.

Барлық орын алған қатысушыларға дипломы мен «Мұқағали мұрагері» төсбелгісі казпочта арқылы жеткізіледі.

ЫНТАЛАНДЫРУ АЛҒАН ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ТІЗІМІ БӨЛЕК ЖАРИЯЛАНАДЫ

Қалған қатысушылар да құр қол қалмайды. Көркем сөз номинациясы бойынша жоғары ұпай алып, сайтқа жарияланбаған кей қатысушыларға ынталандыру ретінде ДИПЛОМ тағайындалады. Яғни, ақынның өлеңін нақышына келтіріп орындаған оқушылардың кейбірі диплом алатын болады.

АҚЫН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІНІҢ АРАСЫНДА ДА КЕҢІНЕН ТАРАҒАН

Ия, байқау барысында осыған көз жеткіздік. Еліміздің батыс және солтүстік өңірлерінен қатысқан өзге ұлт өкілдері өлеңдерін өте жоғары деңгейде оқып, ақын шығармаларының өміршеңдігін көрсетті. Өзге ұлт өкілдерінің арасынан байқауға оқушылар қатыстырып, жоғары деңгейде дайындаған жетекшілерге ерекше алғыс білдіреміз.

БАРЛЫҚ ҚАТЫСУШАЛАР МАҚТАУ ҚАҒАЗЫН АЛАДЫ

«Тізімде жоқпыз, біз ешнәрсе алмаймыз ба?» деген сұрақтар жиі қойылады. Сайтқа тек жеңімпаздардың тізімі жарияланды. Барлық қатысушылар мен дайындаған жетекшілері мақтау қағазымен марапатталады.

Марапаттар алдағы аптадан бастап өтініште жазылған электронды почтаға жіберіле бастайды. Ал орын алған қатысушылар казпочта арқылы алатын болады. 


6 ПІКІРЛЕР

  1. менің балам 1-орын алды. диплом да төсбелгі де куәлік те қаз почта арқылы келе ме ? әлде диплом эл түрде келе ма

  2. Барлығы бірге казпочта арқылы өтініште жазылған мекен-жайға жіберіледі.

  3. Рахмет сайт ұжымына. Осындай сайыстар жиі-жиі өтсе. Менің балам ІІІ орын алды. Төс белгі алама?

  4. Сәлеметсіздер ме? Бұл байқау жыл сайын өткізіле ме? Осы тектес байқау тағы да ұйымдастырылса екен. Сіздерге рахмет .

ПІКІР ҚАЛДЫРУ