Корреспонденция жанры, жазу үлгісі.

0
5514

Корресп.-публицистикадағы кең тараған жанр. Бұл жанр баспасөздің пайда болуымен қатар дамыды. XIX ғ.қазақ баспасөзінде корресп.жанрындағы материалдар алғашқы мерзімдік басылымдарда жарық көре бастады. «Дала уәлаяты», «Түркістан уәлаяты», «Қазақ» т.б.газет-журналдарда корресп.жанрындағы материалдар жеке айдар болып қалыптасты. Газетті корресп.-сыз елестету мүмкін емес. бұл жанр мақаламен қатар газетте маңызды рөл атқарады. Корресп.-журн-ң зерттейтін әлеуметтік мәні бар мәселе жайлы туындысы, уақытпен шектелген публ.-ң жанры.

Корресп.-ң ерекш:

— Корресп.-ң мақсаты – болып жатқан оқиға жайлы хабардар ету, жеңіл түрде есеп беру, кейде үгіттеу элементі орын алады;

— Корресп.-ғы шындық бейнесін айқындайтын басты әдісі – болып жатқан оқиғаны бақылау, қосымша ретінде құжаттары зерттеу, сонымен қатар, журн-ғ өзіндік көзқарасы;

— Корресп.-ғы шындық белгілі бір аудиторияны қамтиды;

— Корресп.-да бейнелеу, суреттеу құралдары қолданылады;

Жалпы корресп.-ң міндеттерін былай сипаттауға болады:

— Қазіргі шындықты зерттеудегі заңдылықты анықтау;

— Қоғамда болып жатқан оқиғалармен байланысын анықтау;

— Толық түрдегі нақты құбылыстарын көрсету;

— Тәжірибені белгілі бір тақырып бойынша зерттеу.

Корресп. түрлері:

Ақпараттық корресп. Оқиғаның, не құбылыстың уақыты мен орны байланысқан хабардың мазмұны. Бұл кеңейтілген мақала. Не? Қайда? Қашан? Деген сұрақтарға жауап оқиғаның кейіпкерлері жайлы мәліметтермен, оқиғаға дейінгі және кейінгі мәліметтермен толықтырылады. Басты талап – оқиғаны нақты, байланысқан түрде, дер кезінде жеткізу.

Сараптамалық корресп. Хабар берумен қатар, оған талдау жасайды. Не? Қайда? Қашан? Деген сұрақтарымен қоса не мақсатпен? Қалайша? деген сұрақтарға жауап іздейді.

Суреттеме-корреспонденция. Уақыт және оқиға орнымен шектеледі, автордың бейнелеуі мен суреттеуі арқылы беріледі. Автор материалдың мазмұнына оқиғаға деген көзқарасын білдіруге мүмкіндік алады. Корресп.-ң бұл түрі әдеби тіл мен көркем – публ.-қ тілді пайдалануды талап етеді.

Корресп.-я – нақты материалға құрылған, өзекті тақырыпты арқау ететін, белгілі бір мәселеге талдау жасайтын жанр және өмір шындығының үзіндісі. Корресп.-да мақалаға қарағанда дедукция-бөлшектеу әдісі қолд, яғни мәселе жекеден жалпыға көшіп отырады.

Радиодағы корресп.-я – «өмір бөлігінің» суреттелуі, ол сараптамалық жоспармен маңызды тақырыпты арқау етіп, белгілі бір мәселе туралы деректер нақты, дәл материалдан құралған жанр. Мұнда маңызды рөлді жеделдік, тақырыптың дәлдігі, анық адрес атқарады. Жаңалықтарда журналист әр кезде нақты ақпарат көздеріне сүйенеді. Радиокорресп.-да өткен жағдай жөнінде журналист немесе куәгер болған оқиғалардың ізін суытпай жұмыс атқарады. Радиодағы корресп.-ң түрлері:

1. Радиодағы ақпараттық корресп.-да материалдың кең ауқымда қарастырылуы жағдайға байланысты тақырыптың дамуымен ерекшеленеді.

2. Радиодағы сараптамалық корресп.-да суреттелетіп отырған құбылыстың, оқиғаның себептері ашылады.

3. Радиодағы қойлымдық корресп.-да күнделікті, маңызды жағдайды, деректің сараптамасы мен синтезі негізінде жасалады.

4. Радиодағы ойшыл корресп.-да журналист оқырманмен бірге сараптама жасайды, сәйкестендіреді, теңестіреді, күллі деректер тізімін бағалайды.

Телекорресп-я өзге талдамалы публицистика жанрлары сияқты телевидениеге газет пен радиодан келді. «корресп-я» орнына телевидениеде «бағдарлама» термині кең көлемде қолд. Телевизиялық корресп-я газет-журналдардағы корресп-я мен пробл.мақалалардың экранға көшкен түрі.

Телевизиялық корресп-я авторы – тілші кадрдан тыс қалса да өзінің жанрлық белгілерін жоғалтпайды. Телеэкрандағы корресп-ң екі толыққанды авторы болады. Олар: әдеби қызметкер мен оператор. Мұнда сөзден бөлек, көркемдік бейненің берілуі де маңызды.

6Қазіргі қазақ журналистерінің шығармашылық қолтаңбаларындағы ерекшелік сипаттары.

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ