Күз тақырыбындағы қызықты әңгіме

0
7098

 

Күз… Қыркүйектің алғашқы күндері еді. Таң да атты. Таңертең ерте тұрып алған Сая мектепке бармақшы. Ол сабағын қайталау үшін ертерек тұрады. Кітаптың бетін ашып, тыпыршыған дауыстан Саяның сіңлісі Еркежан оянып кетті. Кенет Еркежанның:

-Мен де мектепке барам, сабақ оқимын, — деп еркелей дауыстаған үні шықты. Сая оған:

-Сен әлі кішкентайсың, саған мектепке баруға әлі ерте, ал мен сабақ оқимын, мазамды алмашы?! Одан да көрпенің астында жата бермейсің бе? Қарашы, күз келді, күн суытты. Мектепке барғанша жаурап қаласың. Одан да ұйықта,- деді Сая ренжи сөйлеп.

Еркежан Саяның жанына сәл ждақындап, кітап – дәптерлерін түрткілей бастады. Сая Еркежанның қолын итеріп жіберді де, өзі кітап-дәптерлерін сөмкесіне салып, мектепке дайындала бастады. Еркежан мен Саяның анасы да оянды. Ол Саяға :

  • Сабақтарыңды қайталадың ба,-деді.Сая «иа» деп жауап берді.Еркежан анасы Самалдың жанына жүгіріп барып:
  • Мама, мен неге сабаққа бармаймын? – деді.
  • Себебі сен әлі кішкентайсың, қызым, сәл өсіңкіреген соң сен де мектепке барып әріп жазып үйренесің, жарай ма?- деді Самал анасы Еркежанға.
  • Сая терезеге үңіліп қарады да:
  • Охо, апа, сыныптастарым кетіп барады, мен де кеттім,- деп асығыс мектепке қарай жөнелді.

Уақыт зымырап, біраздан соң Сая да мектептен келді. Тамақтанып алды да сабақ оқуға кірісті. Қазақ тілі сабағынан «Күз — береке бастауы» атты шығарма жазып келіңдер депті. Ол ойланып отырып, қағазға әуелі күздің суретін салып, содан соң оны сипаттап жаза бастады:

Алтын күз келді. Бұрынғыдай күн де шығырайып тұрмайды, құстар да көрінбейді. Тек торғайлар мен қарғалар ғана шиқылдап жем теріп жүр… Күз басталса сабақ оқу, мектепке бару да басталады. Балалар ақ-қара киініп алып, мектепке асығыс кетіп барады. Айнала сап-сары. Құдды бір алтын төбеден жауып тұрғандай. Ағаштар қурап, жапырақтары сарғыш түске еніп тұр. Қыс түскенше егінді де жиып алу қажет. Күз- жеміс-жидектің нағыз піскен уақыты. Әсіресе, алма күзде ерекше дәмді болады. Алма бағына барсаң, алма иісі мұрын жарардай болып тұрады. Ондағы қызыл алмаларды қалай үзіп алып қалтаңа салғаныңды байқамай қаласың. Сен алманың иісіне-ақ тойып қаласың. «Қыстың қамын жазда ойла» деген қысқа азықты  тіпті жануарлар да жинай бастады. Жан-жануарлар қысқы ұйқыға да кірісіп жатыр. Күз осындай әсем келбетімен, қыңыр мінезімен маған ұнайды.

Кенет Саяның ойын  Еркежан  бұзып жіберді. Сая оған мән бермей терезеден күз мезгіліне қарап тұрды…

 

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы

Қ.И.Сәтбаев атындағы  №216  орта мектеп оқушысы

Қуандық Жанель 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ