Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіндегі педагогика және психология

0
1845

Аңдатпа

Мақалада Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің білім беру саласындағы орны, тарихы сонымен қатар, жеткен жетістіктері баяндалады. Университеттің оқытушылық құрамы мен оқу процессі жайлы сөз етіліп, философия және саясаттану факультетіне ерекше тоқталып өтілген.

Тірек сөздер: Әл-Фараби университеті, факультет, философия және саясаттану факультеті, педагогика және психология мамандығы, жетістіктер, рейтинг.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің тарихы сонау 30-жылдардан бастау алады. Ең алғаш 1933 жылы университеттің құру жайлы Қаулы қабылданып, 1934 жылы ашылу салтанаты болған. Университеттегі ең алғашқы факультеттің бірі – биология және физика-математика факултеті құрылып, онда 54 студент білім ала бастаған.

Университет жоғары білім беру сапасымен ерекшеленеді. 2012 жылғы әлемдік үздік 390-шы университет. Сонымен қатар, 72 ірі компания жетекшілері мен кадр бөлімі мамандары арасында жүргізген сауалнама негізінде жасалған «Рейтинг.kz» зерттеу орталығы жүргізген зерттеудің қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – 41,7 пайыз жинап, 5-орында тұр [1].

Ал, университеттің ресми парақшасында «Жаһандық ең танымал және беделді Quacquarelli Symonds (QS) рейтингтік агенттігі әлемнің жоғары оқу орындары бойынша зерттеудің биылғы жылғы нәтижелерін жариялады. QS аналитикалық есебінде атап өтілгендей, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 42 орынға ілгерілеп, жаһандық рейтингте 165-орынды иеленді және «әлемнің ең үздік 200 университеттерінің қатарына енген алғашқы қазақстандық жоғары оқу орны болды. Посткеңестік елдерден тек екі университет қана осы топқа еніп отыр – М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» [2]- деп, хабарлайды.

Университетің соңғы жылдары жеткен жетістігінің бірі – «Бес жұлдыз» басымдық белгісін иеленуі. Британдық QS компаниясы жүргізген зерттеулердің нәтижесінде университеттің ғылымдағы жетістіктері, оқу процесіні, зерттеулер мен инновациялық жаңалықтары, жұмысқа

орналастыру мүмкіндіктерін үздік деп бағаланып, осындай «Бес жұлдыз» белгісіне ие болған. Аталған университет жетістіктері оқу орнының оқу процесінің дұрыс ұйымдастырылғандығының, сапалы білім беру жолға қойылғандығының, инновациялық технологиялар кеңінен енгізілгендігінің дәлелі болмақ.

З.Қабдолов, Қ. Сәтбаев, Ә. Марғұлан, М.Әуезов, Ә. Кекілбаев, Ә. Нұршайықов, Қ.Мызалиев, М.Мағауин, Д.Исабеков, т.б. сияқты әдебиет әлемінің майталмандары мен көрнекті ғалымдар, мәдениет қайраткерлері білім алып шыққан білім ордасында қазіргі кезде 37 мамандық бойынша мамандар дайындайды, 2000-нан астам білікті оқытушылар жұмыс жасайды, оның ішінде 1000-нан астамы ғылым докторы мен кандидаттары, 100 академик және 50-ден аса философия докторы бар.

Жалпы университетте 13 факультет бар:

  1.  Биология және биотехнология факультеті;
  2.  Журналистика факультеті;
  3.  География және табиғатты пайдалану факультеті;
  4.  Физика-техникалық факультеті;
  5.  Механика-математика факультеті;
  6.  Халықаралық қатынастар факультеті;
  7.  Шығыстану факултеті;
  8.  Заң факультеті;
  9.  Философия және саясаттану факультеті;
  10.  Химия және химиялық технология факультеті;
  11.  Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті;
  12.  Тарих, археология және этнология факультеті;
  13.  Экономика және бизнес жоғарғы мектебі.

Осының ішінде «Философия және саясаттану» факультеті 1947 жылы құрылды. Факультеттің алғашқы түлектері — ҚР ҰҒА Академигі, философия ғылымының докторы Әбділдин Ж.М., философия ғылымының докторы, профессор Қасымжанов А.Х., ҚР ҰҒА Академигі, экономика ғылымының докторлары Әубәкіров Я.Ә., Сағадиев Қ,А., философия ғылымының докторлары, профессор Әженов М.М., профессор Темірбеков С.Т. және басқалары. Қазақстанның психология, философия және саясаттану ғылымдарының негізін салушылар Т.Т. Тәжібаев., А.Х. Қасымжанов., Т.К. Мұстафиннің есімдері факультет тарихында алтын әріптермен жазылды. Факультеттегі үш аудитория осы ерекше ғалым-педагогтардың атында. Факультеттің дамуына ерекше үлес қосқан профессорлардың қатарына Аитов Н.А., Рахматуллин К.Х., Орынбеков М.С жатқызуға болады [3].

Бұл факультеттің құрамына кіретін педагогика және психология мамандығы бойынша білікті мамандар дайындалады. Оқыту екі тілде – қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Оқу мерзімі 4 жыл, күндізгі бөлімде. Оқуды аяқтаған соң студентке «Педагогика және психология бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі. Студент ары қарай университетте магистр дәрежесін алу үшін сынақ тапсырып, оқуын жалғастыра алады.

Жалпы қоғамда бұл мамандықтың маңызы зор екені белгілі. Маман иесі жалпы орта мектептерде, жекеменшік мектептерде, лицейде, колледжде, балабақшалар мен түзету мекмелерінде, әкімшілікте, аудандық, облыстық білім беру департаменттерінде жұмыс жасай алады. Бұл мамандық бойынша кәсіби іс-әрекеттер бағыты төмендегідей [2]:

  1.  оқушылар мен студенттік топты ұйымдастыру;
  2.  оқушылар тұлғасын қалыптастыру және дамыту;
  3.  көпшілік пен жұмыс берушілер байланысын орнату;
  4.  оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу;
  5.  жаңа педагогикалық технологияларды ендіру;
  6.  кәсіби біліктілік пен ғылыми-теориялық білімді жетілдіру;
  7.  психодиагностикалық жұмыс;
  8.  психологиялық кеңес;
  9.  психотерапия;
  10.  психокоррекция;
  11.  психопрофилактика.

Аталған кәсіби іс-әрекет бағыттары студенттік білікті де шебер маман болып жоғары оқу орнын бітіруге бағытталған оқу үрдісінің бағдары. Университет Педагогикалық және психологиялық пәндерді оқытуда студенттердің теориялық білім алуына ғана бағытталмай, практика жүзінде жүзеге асыруын қамтамасыз етуде. Нағыз маман теория мен практиканы ұштастыра білген маман екені белгілі. Сондықтан да, факультетте шет ел білім беру жүйесіндегі психологиялық және педагогикалық әдіс-тәсілдер мен тәжірибиелерге сүйеніп оқу процессі ұйымдастырылған.

Қорыта келе, білім деген теңізге терең бойлау үшін оқытушының бағыт-бағдары маңызды болып табылады десек, сол білімді тәжірибеде қолданып, теориясын сіңіретін орын жоғары оқу орыны екені мәлім. Сондай оқу орындарының бірі – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Оқыту үрдісі — озық, оқытушылық құрамы — сапалы білім ордасы, болашақта да талай атақты ғалымдар, мәдениет қайраткерлерін шығаратындығына сенімдіміз.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. https://www.azattyq.org/a/kazakhstan_university_rating/24632207.html

2. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ресми сайты //https://www.kaznu.kz/kz/14948/page/

3. https://kk.wikipedia.org/wik//

Қожаназарова Бибіфатима Сарниязқызы
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық
университетінің Педагогика және психология
мамандығының 1-курс магистранты

Ғылыми жетекшісі: пед.ғ.к., доцент м.а.
Әрінова Бақыт Айтуовна


ПІКІР ҚАЛДЫРУ