Таңғажайып мүмкіндіктер орны

0
1160
ҚазҰУ

Биылғы 2021 жылы еліміздегі алғашқы университет — әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың құрылғанына 87 жыл толып отыр.

Жоғары білім беру жүйесінің үнемі авангарды бола отырып, университет дамудың даңқты жолынан өтті және бүгінгі таңда ол беделді халықаралық ғылыми және білім беру қоғамдастықтарында Қазақстанды лайықты түрде көрсетуде.

Университеттің қарқынды дамуы қоғамдағы оң өзгерістермен ғана емес, сонымен қатар көрнекті ғалымдардың, ғылыми мектептердің негізін қалаушылардың қызметімен байланысты. ҚазҰУ-да жоғары ғылыми атақтармен, мемлекеттік сыйлықтармен және үкіметтік марапаттармен марапатталған үздік мамандар тобы бар. Олар көрнекті ғылыми жаңалықтардың авторлары, бірегей технологияларды жасаушылар.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті маңызды ғылыми-зерттеу мекемелерінің бірі болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында көптеген ғылыми және кәсіби салалардағы студенттер мен магистранттар үшін ерекше және көрнекті оқу ордасы. Ол халықаралық оқытушылар мен студенттерді тартуға, жаһандық мәселелер бойынша ғылыми зерттеулер мен оқытуды қолдауға әртүрлі шет елдермен және аймақтармен академиялық байланыс орнатуда.

Университет академиялық бағдарламалардың кең спектрін ұсынады. Жыл сайын ҚазҰУ-дың 2000-нан астам студенттері тілдік дайындықтан, сондай-ақ шетелдік ғылым мен білім беру мекемелерінде оқудан өтеді. Университет жыл сайын 600-ден астам оқытушылар мен әкімшілік қызметкерлерінің шетелдік конференцияларға, шетелдік жоғары оқу орындары мен ұйымдарына (ТМД елдеріне, Еуропаға, Солтүстік және Оңтүстік Америкаға, Таяу Шығысқа және Азияға) іссапарларын ұйымдастырады.

Университет өзінің миссиясын тек білім беру мекемесі ретінде ғана емес, сонымен қатар ғылым жетістіктеріне негізделген жаңа білімді дамытудан танытып келелі. Бұл тәсілмен ғылыми зерттеулерге тек оқытушылар ғана емес, сонымен қатар университеттің студенттері, магистранттары мен докторанттарының көп бөлігі де қатысады. Шындығында, бүгінде ҚазҰУ — инновациялық зерттеу университеті. Сонымен қатар, ҚазҰУ әлемдегі ең озық технологиялық 50 университеттің бірі.

Дәл осы оқу орнының магистранты ретінде, мен университет өз студенттеріне өсіп келе жатқан заманауи әлемді дұрыс оқып үйрену үшін көптеген мүмкіндіктер ұсынады деп үлкен сеніммен айта аламын.

Маханбетияр Ақнұр
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
“Философия және сасаттану” факультеті,
“Педагогика және психология” мамандығының
1 курс магистранты


ПІКІР ҚАЛДЫРУ