Латын Америкасы елдері

0
1952
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.

Латынамерикалық отарлардың әлеуметтік-экономикалық дамуы. Латын Америкасының ұлғайып келе жатқан экономикалық әлеуеті мен халықаралық аренада елеулі саяси салмағы бар. Ол жаңадан қалыптасып жатқан дүниежүзілік қалыптың, саяси және экономикалық мегаблоктардың иіріміне белсенді түрде атсалысуда. Соңғы үш жылда бұл өңірге АҚШ, Қытай және Ресей секілді алпауыт елдердің, тіпті төңірегінен дау арылмай келе жатқан Иранның да басшысы ат басын тіреді. Мұның бәрі Қазақстанның сыртқы саясат басымдылықтарында аталған өңірге ерекше назар аудару қажеттігін көрсетсе керек. Осыны қаперге алсақ, бұл сапар еліміздің сыртқы саясаты мен экономикалық мүдделерін «жаңа құрлықта» ілгерілетудегі маңызды қадамдардың бірі болары анық.
Латын Америкасындағы ірі мемлекет – Бразилияның үлесіне әлемдік жалпы жиынтық өнімнің 8 пайызына дейін тиесілі. Ол қазіргі заманғы геосаяси жағдайларға бейімделудің жолын іздестіре отырып, әлемнің басқа да бөліктерінде белсенді әрекет етіп жатқан ықпалдастық құрылымдармен, өз өңірлерінде көш басын ұстаған мемлекеттермен тығыз қарым-қатынас орнатуға ұмтылуда. Бразилияның 2006 жылдың тамыз айында Астанада өз елшілігін ашуы, арнайы тапсырмалар жөніндегі елшісін жіберуі соның бір көрінісі болса керек.
Мұның сыртында Бразилия мен Латын Америкасындағы өзге мемлекеттердің әлемдік ірі алпауыт топтармен қарым-қатынасты оңтайлы құра білетін, өңірде дербес орталық ретінде әрекет ете алатын экономикалық және саяси одақ құруға негіз қалап жатқандығы да назар аудартады. Осы ұмтылыстың ауанында әлемдік форумдар мен өңірлік, субөңірлік халықаралық ұйымдардың жұмысына толыққанды қатысатын Латын Америкасы елдерінің көпжақты дипломатиясының мәні мен салмағы айтарлықтай өсетіндігін де болжауға болады.
Көпжақты форматта Бразилия мен Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтары ұқсас. Олардың негізгілері мынадай болып келеді: ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, аумақтық тұтастықты сақтау және нығайту, әлемдік қауымдастық алдында берік әрі беделді орынды иелену, өңірлік қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру, БҰҰ Жарғысының қағидалары мен халықаралық құқыққа негізделген, қалыпты және демократиялық әлемдік тәртіпті қалыптастырудың жалпы үдерістеріне ат салысу, сыртқы сауданы ырықтандыру және халықаралық институттардың ауқымында әлемдік қаржы-экономикалық жүйе қызметінің қазіргі заманғы қағидаларын әзірлеуге қатысу. Мұндай сәйкестік көпжақты дипломатия саласындағы ынтымақтастықтың болашақ бағыттарын айқындары сөзсіз.
Латын Америкасы бүгінгі таңда экономикалық мегатоптардың көкжиегіне тартылуда. Мәселен, қазір Латын Америкасы елдері мен АҚШ арасында осы өңірдегі елдердің басым көпшілігін ықпалдастыратын, еркін сауда аймағын құру туралы ұйғарым бар. Бұл ниет жүзеге асса, әрі қарай кеден және валюта одағының да құрылуы әбден мүмкін.
Дей тұрғанымен, панамерикалық еркін сауда аймағын құру жобасы кейбір дуалы ауыздардың айтуынша, Латын Америкасы елдерінің бар мұқтажын өтей алмайды. Сондықтан ұзақмерзімді болашақта олар төрткүл дүниенің өзге де өңірлерімен өзара тиімді ынтымақтастықтар орнатуға ұмтылатын болады. Ал бұл үдерістің басында қай ел тұратынына келсек, оған кезінде айтылған АҚШ президенті Р.Никсонның «Бразилия қайда барса, Латын Америкасы түгелдей сонда барады» деген сөзіммен жауап беруге болатын сияқты.
Жалпы, Бразилия мен сол өңірдегі елдер Қазақстанға экономикалық жағынан тартымды көрінетіні жасырын емес. Бразилия бүгінде өнеркәсібі дамыған елдердің ондығына кіреді. Оның қазіргі машина-техникалық өнімдерінің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 60 пайызды құрайды. Бұл – біздің іргедегі көршіміз Ресейдің дәл осындай көрсеткішінен артық деген сөз. Екінші жағынан, бір-бірін толықтырушы салаларға ие Бразилия өңірде өзгелерге қарағанда, өзінің экономикалық дербестігімен де ерекшеленеді. Сыртқы экономикалық ахуал жағымсыз сипат алған жағдайда ішкі проблемаларын да өз күшімен шешуге қауқары жетеді. Сөйте тұра, бұл ел АҚШ-пен және Еуропа Одағымен, сондай-ақ Ресей және Қытаймен байланыстарын жолға қоя отырып, өзінің сыртқы қарым-қатынастағы еріктілігін (теңгерімін) де сақтауға тырысуда. Мұның сыртында, Латын Америкасы елдерінің әлеуметтік-экономикалық даму тәжірибесі де көңіл аударарлық. Мұндағы бірқатар елдер, реформалардың екінші кезеңін бастап, кем-кетігін түзеуге кіріскен. Осының бәрін жинақтай келе, Елбасының Бразилияға сапарында мынандай мәселелер талқыланатын болады: саяси ықпалдастық (соның ішінде Латын Америкасымен белсенді әрекеттестік, Орталық Азиядағы интеграциялық үрдістер, дінаралық сұхбаттың дамуына Қазақстанның үлесі), халықаралық қауіпсіздік саласындағы серіктестік (жаппай қырып-жою қаруларын таратпау, халықаралық лаңкестікке, есірткілердің заңсыз айналымына және басқа да бүгінгі күннің қауіп-қатерлеріне қарсы күрес), сауда-экономикалық ынтымақтастық, отандық ғылыми ауқымды, экспортқа бағытталған өнеркәсіп пен ақпараттық саланы дамыту үшін жаңа технологияларды тарту.
Сапар аясында Елбасының Бразилия президенті Л.И.Лула да Силвамен, БФР Парламенті Сенатының төрағасы Р.Калейроспен, Өкілдер палатасының төрағасы А.Чинаглиамен, Федералдық Жоғарғы Сотының төрайымы Э.Нортфлитпен кездесулері жоспарланған.
Сонымен қатар Мемлекет Басшысының Бразилия іскер қауымымен келіссөздерінде энергетика, өндіруші өнеркәсіп, жаңа технологиялар салаларындағы ынтымақтастықты дамыту және өнеркәсіптің түрлі тармақтарында бірлескен кәсіпорындар құру мәселелері талқыланады деп күтілуде.
Бұл сапар Қазақстан мен Латын Америкасы арасындағы серіктестікті дамытып, осы болашағы зор өңірдегі біздің елдің мүдделерін ілгерілетуде маңызды мәнге ие болмақ.

Латын Америкасы деп ХV және ХМІ ғасырлардың соңында испандықтар мен португалдықтар жаулап алған Американың оңтүстігін, орталығын және солтүстігінің бір бөлігін атайды. Американың осы бөлігінің тұрғындары негізінен испан, португал тілдерінде сөйлейді және католик дінін ұстанады. Латын Америкасының ағылшын тілді және протестант дініндегі басқа америкалық бөліктен  (АҚШ және Канада) айырмашылығы да осында.

ХVІ ғаысрда Американы испандық және португалдық жаулау нәтижесінде еуропалықтар үндіс халықтарына өз үстемдігін орнатты. Конкиста қатыгездікпен жүргізілді. Конкистадорлар үндістерге католик дінін зорлықпен қабылдатты, олардың храмдарын жойды, абыздарын қуғындады. Кез келген қарсылық аяусыз жазаланды. Жаулап алынған аумақтар испандық және португалдық мемлекеттердің иеліктері Испандық Америка деп аталды.

Үндістер корольдің бодандары деп жарияланды. Оларды құлдыққа айналдыруға тыйым салынды. Үндістердің басым көпшілігі король билігінде болды. Қалған бөлігі испандық дворяндарға феодалдық тәуелділікте болды. Бұл үндістерді помещиктер құл ретінде пайдаланды.

Испандық Американың аумағы төрт вице-корольдікке (Жаңа Испания, Жаңа Гренада, Перу және Ла-Плата) бөлінді, олар провинцияларға –генерал-капитандықтарға бөлінді. Әкімшілікті және әскерді Испания королінің өкілі – вице-корольдер басқарды. Шенеуніктер мен офицерлер испандықтар болды. Олар тұрғындардың басым бөлігін құрады.

Креолдар – еуропалықтардың ұрпақтары, тұрғындардың азшылық бөлігін құрады. Жоғары лауазымдарға олардың қолдары жетпеді. Креолдар діни қызметшілер, адвокаттар, кеме иелері, көпестер, әскери адамдар болды.

Испандық Американың тәуелді тұрғындар бөлігін үндістер, негр-құлдар және аралас нәсіл өкілдері – негрлер мен еуропалықтардың некелерінен туған ұрпақтары – мулаттар, негрлер мен үндістердің некелерінен туған –самбо құрады.

1500 жылы Оңтүстік Американың шығыс бөлігін ашқан португалдықтар өздері «пау-бразиль» деп атайтын бағалы ағаш түрлерін тасып шығарумен ғана шектелді. Осыдан Оңтүстік Американың португалдық бөлігі Бразилия деген атауға ие болды. Еуропалықтардың Бразилия аумағын игеруі ХVІІ ғасырдан басталды. Отаршылдар қант құрағын өсіретін плантациямен айналыса бастады. Бразилия Португалияның маңызды отарына айналды.

Португалдықтар Африкадан негрлерді әкеле бастады. ХІХ ғасырдың басында Бразилия Латын Америксындағы ірі құл сату орталығы  болды.

Испандық  Американың және Бразилияның тұрғындары ХІХ ғасырдың басындағы өздерінің құқықсыз саяси және экономикалық жағдайына қарсылық білдірді. АҚШ-тың тәуелсіздігін жариялауы, француз төңкерісі экономикалық және саяси бостандықтар үшін күресуге негіз салды. Латын Америкасы халықтарының отарлық тәуелділіктен азаттық алу үшін күресі басталды.

Тәуелсіз  мемлекеттердің құрылуы. Испандықтардың ескі отаршылдық тәртіпті қалпына келтіруі отар тұрғындарын қайта күреске шығарды. 1810 жылы мамырда Буэнос-Айресте  басталған көтеріліс 1816 жылы жаңа тәуелсіз мемлекет – Біріккен Ла-Плата провинциялары республикасының құрылуына дейін жалғасты. Мұнда генерал Хосе Сан-Мартин басқаратын Анд әскері құрылды. Бұл әскер Ла-Платаны Чилиден бөліп тұрған Анды тауынан өтіп, испан әскерлерін талқандады. 1818 жылы ақпанда Чили тәуелсіздігін жариялады.

Венесуэланың тәуелсіздігі үшін күресті Симон Боливар жалғастырды. Гаити үкіметінің қолдауына ие болған ол еуропалықтардан да  көмек сұрады. Азат етуші әскер құрамына ағылшындар, ирландықтар, италиялықтар, немістер, поляктар кірді.

1816 жылы желтоқсанда Боливар отансүйгіштер отрядымен Венесуэла жағалауына келді.

Басқа да материалдар Мұғалімдерге Ашық сабақтар Сабақ Жспарлары Оқушыларға Рефераттар ҰБТ Шығармалар СӨЖ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ