Әлем және Қазақстандағы миграция

0
3080
Freepik.com

Заңсыз миграция мәселесі – дүниежүзін алаңдатып отырған маңызды мәселе. «Daily Express» тілшілерінің мәліметінше, Ұлыбританияда туристердің тәртіп бұзуы жиілеген, шетел азаматтары жасаған қылмыс саны былтырғыдан 16%-ке артқан.

Жергілікті полиция қызметкерлерінің ай­туынша, мигранттар жиі қылмыс жасайды. Жалпы алғанда, бұл мемлекетте үш минут сайын өзге ұлт өкілі қамауға алынады. Лондонда, статистика бойынша, әрбір үшінші мигрант тәртіп бұзады. Сол себепті елде криминалды туризм өршіп тұр.

Еуропада Балқан жерінің азаматтары құқық бұзушылардың алдын бастап тұр.
Заңсыз миграция біздің елімізде де әлі күнге дейін шешімін таппаған мәселе болып саналады.

Заңсыз мигранттар санының артуы қылмыстың өсуіне және саяси тұрақтылықтың бұзылуына әкеледі. Мәселен, осы жылдың ортасында  елордада жедел алдын алу шаралары жүргізіліп, көші-қон  заңнамасын бұзған 1033 мигрант анықталды.

Алматыда да  осыған ұқсас іспен мыңдаған мигрант тіркелген. Қазірдің өзінде іздеу салынған азаматтар мен бізге беймәлім қылмыстық жайттар баршылық. Қазақстандағы жұмыс күшінің  біраз бөлігін заңсыз мигранттар құрайды.

Олардың арасында маусымдық жұмыстарды істейтін адамдар басым.  Қазақстандағы криминалдың өршуіне шетелдік жұмыс  күші санының артуы себеп болуы мүмкін.

Егер заңсыз іс-әрекеттерге, тәртіп бұзушыларға тиісті шаралар қолданылмаса, ұлттық қауіпсіздік құлдырайды. Ондай жағдайда елімізде криминалды ортаның пайда болмасына кім кепіл?!

Дайындаған Арай Жұматай

Дереккөз:

  1. Қазақ тілі: жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбының
    жаратылыстану-математикалық бағытына арналған оқулық. / Т.Н.Ермекова, К.Ә.Бертілеуова, Р.Н.Мұнасаева.

Басқа да материал:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ