Әлемдегі ең қымбат сүт

0
3386
Freepik.com

ӘЛЕМДЕГІ «ЕҢ ҚЫМБАТ» СҮТ — ТЫШҚАННЫҢ СҮТІ…

Тышқанның ұрғашысы өз сүтінен адамның ақуызын синтездеп шығарады, ал ол — фармокология саласында бірегей дәрі-дәрмектер жасап шығару үшін қолданылады.Тышқанның сүтінен жасалған дәрілер — науқастарға қан құйып болғаннан кейінгі қанның түзілу үрдісін ынталандыру үшін қолданылады.

Тышқандарды өте шағын түтіктер арқылы арнайы электрондық құрылғылардың көмегімен сауады. 1 литр тышқан сүтін алу үшін шамамен 4000 тышқан сауу қажет. 1 литр тышқан сүтінің нарықтағы бағасы 22 500 АҚШ долларын құрайды.

Сусиырдың сүтінің түсі —  қызғылт боп келеді!Алайда, асықпаңыз, ол олай емес! Сүттің қызғылт көрінуі оның негізгі түсі екендігін білдірмейді. Сүттің қызғылттану себебі: сусиырдың негізгі ақ түсті сүті мен оның тері екеуінің қосылуында! Жалпы сусиырлар өте тершең жануар.

Оған климаттық жағдайлардың да әсері мол. Сондықтан, сусиыр терлегенде оның терінде күннен қорғайтын антимикробтық агенттер қызметін атқарушы «гиппосудорлық қышқыл» бөлініп шығады да, ол сүтке қосылып, біздің көзімізге қызғылт түсті эффект береді.

Керік сүтінің ерекшелігі оның жоғары майлылығында. Керік сүтінің дәмі ешкі сүтіне келеді, ал нәрлілік қасиеттері сиыр сүтінен кем түспейді. Жуырда ғана Израйльдік ғалымдар бірқатар зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сүйеніп керік сүтінің ішуге жарамдылығын дәлелдеп шықты.

Ұлыбритания елінің бірқатар дүкендерінде керік сүті сатылымға қойылған. Сүттің кішкене қорапшасы 5,99 фунт (≈1850 теңге) шамасында тұрады. Оның өндіріс көлемінің де шағын болғандығы себебінен, аталған сүт «аса сұранысқа ие, тапшы өнім» болып табылады.

Ресейдің солтүстігінде балғын сүттің бірден-бір түрі ол — бұғы сүті болып табылады. Ұрғашы бұғы 5-6 айға созылатын лактация кезінде 100 кг сүтке дейін береді. Бұғының сүті құрамы жағынан сиыр сүтінен 3 есе ақуызы көп, 5 есе майлы. Бұл қасиеттер қатал климат жағдайында таптырмас, құнды өнім.

Норвегия мен Финляндия елдерінде арнайы мамандандырылған фермаларда бұғы сүтінен ірімшік өндіріледі, ал тывалықтар мен алтайлықтар —  «сүтті арақ» жасайды. Бұғы сүті түрлі аурулардың алдын алатын, «ерте қарттықпен» күресетін керемет дәрі деп саналады. Бұғы сүті өзінің майлылық ерекшелігімен сиыр сүтінен құндылығы жоғары өнім. Сүт өте қою, ауыз қуыратын дәмі бар, сондықтан оны таза, өңделмеген күйінде іше қою қиынға соғады.

Қасқыр сүтінің ерекшелігі сол оны бөлтіріктері ана сүтін алғашқы кезеңде (шамамен 1-1,5 ай) ғана емеді. Сосын ата-анасы онымен күнделікті «олжасымен» бөлісіп отырады. Адам баласының қасқырдың сүтін тұтынуы жайлы нақты деректерден гөрі ел аузында ол жайлы аңыздар кең таралған.

Мысалы: Римнің негізін қалаушылар: Ромул мен Ремді белгісіз қасқырлар сүт беріп асыраған; Түркілер —  өздерін көкбөріден жаралғанбыз деп сенеді. Дегенмен, қасқырдың сүті ішуге жарамсыз.

Қазақтың ұлттық тағамдарының қатарына кіретін қой сүті. Орталық Азия кең танымал тағамның бір бірі. Қой сүті сұрғылттау ақ болады. Тарихта қой сүті сиыр сүтінен де бұрын пайдаланылған, яғни ол ежелгі тағам саналады.

Ол сиыр сүтімен салыстырғанда, ақуыз бен майға 1,5 есе бай және дәрумендерінің мөлшері де анағұрлым көп. Қой сүті тағамға сауылған қалпында еш өңдеусіз пайдаланыла береді. Қойдың сүті тал түсте оны қосақтап, күніне бір-ақ рет сауылады. Мұның барлығы қой сүтінің құрамының күшті, дертке дауа, денсаулыққа пайдалы екендігін білдірсе керек.

Дереккөз: «Алматы технологиялық университеті» АҚ , Тағам өндірісі факультетінің дәрісі

Басқа  материалдар:

  1. Сүт туралы қызықты фактілер

  2. Адам тамақтануындағы сүт және сүт өнімдерінің рөлі. Сүттің физико-химиялық құрамы.

  3. Ферменттер атаулары және жіктелуі (классификациясы)

  4. Ферменттерді бөліп алу және тазарту

  5. Д витамині (антирахиттық витамин, кальций-феролдар) туралы

  6. Майда еритін витаминдер. А витамині туралы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ