Ұлттық мұраны дәріптеу- адами құндылықты дамыту

0
1403

Әр өңірдің өзіндік тарихы, ерекшелігі, құпиясы бар. Сондай өңірлердің бірі — Қостанай облысы Таран ауданы Халвай ауылы Қаратомар су қоймасы. Бұл қасиетті мекеннің ашылған және ашылмаған құпиясы әлі көп. Осындай тарихи-мәдени орындар  іспеттес жерге бізде сапармен бардық.

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті археологиялық зертханасының қызметкерлері Шевнина Ирина Викторовна мен Логвин Андрей Викторович  бас болып І курс тарих факультетінің студенттері  және  Аманкелді ауданы Б.Қолдасбаев атындағы   мектептің «Жас археологтар»  клубының жетекшісі А.Ж.Наукенова бастаған  10-11 сынып оқушылары  Таран ауданы Халвай ауылы Қаратомар су қоймасына экскурсияға барды. 

Негізгі мақсат жас ұрпақты елін сүюге, тарихи-мәдени ескерткіштерді сақтауға, археологиялық ескерткіштерді іздеуге, зерттеуге баулу, қазба жұмыстарын жүргізуге деген қызығушылығын арттыру.  Бұл өңірдің ерекше тарихы  бар. Олар тас ғасырының қалдықтары, қола дәуіріндегі қоныстар мен қорымдар, ерте темір ғасырындағы және ортағасыр кезеңіндегі қорған топтары.  

Халвай 3  және Халвай 5 табылған құнды заттар  оқушылар мен студенттерге баға жетпес ақпарат берді.  Олар өздері де археологиялық қазбаларды зерттеу жұмысына аса қызығушылықпен  ат  салысты. Бұл археологиялық зерттеу жұмыстары нәтижелі болды. Бұл жұмыстың нәтижесінде оқушылар  осындай экскурсияға әлі де баратындарын , істерін жалғастыратындарын айтты.

 Бүгінгі таңда мұндай жұмыстардың жастарға берер тәрбиесі мол. Еліміздің баға жетпес тарихының құпиясын біле отырып, құндылықтарымызды  сақтайық! Ұлттық мұраны дәріптеу- адами құндылықты дамыту.

Наукенова Айымкуль


ПІКІР ҚАЛДЫРУ