Ұлттық сахналық өнер саласы

0
520

1961 жылы Халықаралық театр институты ІХ конгресімен 27 наурыз — Дүниежүзілік театр күні болып бекітілді. Атаулы мейрам  ІТІ Орталықтармен және халықаралық театр қоғамдастықтарымен атап өтіледі. Дүниежүзілік театр күніне арналған алғашқы халықаралық үндеуді 1962 жылы француз жазушысы және суретшісі Жан Кокто жазды.

Ең алғашқы театрлық қойылым Мысырда, біздің дәуірімізге дейінгі 2500 жылы қойылды. Оның сюжеттік желісі мысыр аңызының образы – Осирис құдайының хикаялары енген.

«Театр» сөзі көне грек тілінен бастау алады. Theatron — «тамашалайтын орын» деген мағынаны білдіреді. Театрда  дәстүрлі комедия және трагедия жанрында қойылымдар қойылып, сюжеттік жанрларды бейнелейтін маскалар символға айналған.

Халықаралық театр күні —  сахна шеберлері мен барлық театр қызметкерлерінің халықаралық кәсіби мерекесі ғана емес, бұл мереке — миллиондаған көрермендердің мерекесі. Шәкен Айманов айтқандай «театр – адамның өзін-өзі сахнадан көріп, өзін-өзі түсінетін орын».

 

Театр — тәрбие ордасы 

Халқымыздың кәсіби театр өнері ежелден келе жатқан әдет-ғұрыптан, халық ауыз әдебиетінен, тұрмыс-салттан, төл шығармалардан бастау алады. Қазақ өнерінің қара шаңырағына айналған Қазақтың Мемлекеттік М. Әуезов атындағы академиялық драма театры алғаш рет Қызылорда қаласында 1926 жылы қаңтар айында ашты. https://abai.kz/post/18513 Театр шымылдығы ресми түрде 1926 ж. 10 қаңтарда Қ. Кемеңгеровтің «Алтын сақинасымен» ашылып, 13 қаңтарда М. Әуезовтің «Еңлік-Кебек» трагедиясы қойылды. Бүгінде елімізде 65-ке жуық театр бар. 

«Театр — сымбатты өнердің ішіндегі ең зор өнердің бірі». (Мұқтар Әуезов) Қандай туынды болсын, шығарма болсын оның негізгі мақсаты – тәрбие. Рухани құндылықты, тәрбиені, ой-сананы, мінез-құлықты қалыптастырушы мектеп – театр. Сюжеттік қойылымдар – сол мектептің маңызды құралы.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ