Жылы сүт — жақсы ұйықтататын дәрі!

0
843

Ұйықтар алдында 1 шыны жылы сүт ішсеңіз тез-ақ ұйытап кетесіз. Өйткені оның құрамында триптофан бар. Жылы сүт — мелатонин өндірісін реттейтін кальцийге, пайдалы дәрумендер мен минералдарға  өте бай.

Триптофан деген не?

Бұл маңызды амин қышқылдарының тобына кіреді. Табиғатта 300-ден астам амин қышқылдары белгілі. Әрқайсысының өзіндік маңыздылығы бар. Триптофон әр түрлі функцияларды атқарады. Мәселен ақуыз, мелатонин, қуатты вазоконстриктор және нейротрансмиттер болып табылатын серотонин  синтезіне қатысады. Бүгінде оның кейбір патологиялары, мысалы ұйқының бұзылуы, күйзелісті емдеуге арналған тағамдық қоспа ретінде қолданады.  Триптофан амин қышқылының метаболизмінде туа біткен ақауларға байланысты кейбір аурулары бар. Осы амин қышқылының жетіспеушілігінен ақыл-ойдың артта қалуы және пеллагра тәрізді терінің бұзылуымен сипатталатын «Хартнуп» рецессивті тұқым қуалайтын аурууын айтуға болады.  https://kk.warbletoncouncil.org/triptofano-16856

Қазақтың ұлттық сүт тағамдары

Халқымыздың ерте кезден келе жатқан ұлттық тағамдарының ішіндегі сүт тағамдарының алар орны ерекше. Төрт түлік малдың аттарына қарай түйе сүті, ешкі сүті, сиыр сүті, түйе сүті, бие сүті деп бөлінеді. Әр сүттің өзіндік қасиеті, дәмі, пайдасы бар. Жылқы сүтінен қымыз, түйе сүтінен шұбат, сиры-ешкі сүтінен уыз, сары май, қаймақ, айран, қатық, қорықтық, құрт, ірімшік, сүзбе, іркіт, шалап жасайды. Сүт өнімдерін ұзақ сақталуында, тойымды жасалуында өзіндік әдіс-тәсілдері болған. Бұл ұлттық тағам түрі — ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан құнды тағамдарының бірі.

Неге сүт ішу керек:

  1. Сүйекке пайдалы

Остеопороз сияқты жағымсыз ауру туралы естіген шығарсыз. Кальций, фосфор және D дәрумені сүйектер үшін өте маңызды. Кальцийдің орташа тәуліктік мөлшерін алу үшін күніне үш шыны сүт жеткілікті. Кальций басқа сүт өнімдерінде де кездеседі: айран, йогурт, сүзбе, ірімшіктің кейбір түрлері және т.б.

 

  1. Салмақты бір қалыпта ұстауға көмектеседі.

Күніне кальцийді жеткілікті мөлшерде алу остеопороздың алдын алып қана қоймай, артық салмақтан арылуға көмектеседі. Салмақ жоғалту үшін, кальциймен бірге ақуыздың жеткілікті мөлшерін тұтынуыңыз керек (ол сүтте бар).

  1. Күйзеліс кезінде көмектеседі

Қарбалас, күйзелісті күннің соңында 1 шыны жылы сүт  шаршауды жеңілдетуге көмектеседі.

  1. Бұлшықеттің өсуіне көмектеседі

Сүт спортпен шұғылданатындар үшін және бұлшықет массасын арттырғысы келетіндер үшін өте қажет (оның құрамында ақуыз мөлшері көп).

  1. Денсаулыққа пайдалы

Құрамында кальций, фосфор, магний, калий, А, Д және В дәрумендерінің, сондай-ақ басқа да пайдалы микроэлементтер кездеседі. Сүт тағамынан барлық қажетті қоректік заттарды алуға болады.

  1. Тері мен шашқа пайдалы

Кальций, фосфор, D дәрумені және басқа да пайдалы микроэлементтердің болуына байланысты сүтті үнемі тұтыну жалпы денсаулыққа ғана емес, сыртқы келбетке — теріге, тырнаққа, шашқа да пайдалы.

  1. Суық тиген кезде пайдалы

Тамақ ауырған кезде  бір стақан ыстық сүт (әсіресе бал мен май қосылған) ең таптырмас дәрі болып табылады.

  1. Жақсы ұйықтауға көмектеседі

Егер ұйқыда жатып кенеттен оянып кетсеңіз, бір шай қасық бал қосылған жылы сүт ішіңіз. Зерттеу нәтижесі бойынша бұндай құрам жақсы ұйықтауға өз септігін тиігізіп, демалу сапасын жақсартады.

 

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ