Өз ойыңның жаршысы бол!

0
872

Пікірсайыс тарихы

Пікірсайыс Ежелгі Грекиядан бастау алады. Алғашқы кезеңде дебат демократияның маңызды элементі болған. Афина азаматтары әртүрлі бағыттағы заңдардың артықшылықтары мен кемшіліктері аясында өз пікірлерімен бөліскен. Оны риториканың бір бөлігі, шешендік өнердің бірі түрі деп қарастыруға болады.

«Дебат» сөзі гректің «талқылау, пікір алмасу» сөзінен шыққан. Брокгауз бен Ефронның энциклопедиялық сөздігінде: «Дебат – бұл өзекті тақырыптар бойынша екі жақтың көпшілікте ұйымдасқан және нақты жүйеленген пікір алмасуы» — деп анықтама берілген. Бүгінде заманауи демократиялық қоғамда пікірсайыс өнері жетістікке жетелейтін білім мен дағдыны алу үшін қолданылады.  Сонымен қатар демократиялы елдерде президент сайлауы  пікірсайыс арқылы өтеді.

Ерекшелігі:

Дебатты диспуттың бір түрі ретінде қарастыруға болады. Бірақ оның бір ерекшелігі – қатысушылар өздерінің көзқарасына бірін-бірі емес, үшінші жақты (төрешіні) сендіруге тырысады. Ойынның мақсаты – көрермендерді және төрешілерді өз көзқарасына сендіру.   Пікірсайыс — аргумент, риторикалық сұрақтар, кейс арқылы маңызды.

Пікірсайыс форматтары:

Пікірсайыстың  фракция санына қарай, ереже мен қағидаларына қарай  бірнеше түрлері бар. Олар: Президент-Демократтық, Линкольн-Дуглас, Карл Поппер, америкалық парламенттік, британдық парламенттік формат. Әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар. Мәселен уақыт регламенті, қатысушы саны, құндылығы, қарсылық түрлері, кейсте де өзегешелік болады.

  1. Пікірсайыс қатысушыларға:

— қоғам өміріне интеллектуалды тұрғыда қатысуға;

— көшбасшы ретінде дамуға;

— білімдері мен қабілеттерін өз беттерінше толықтыруға деген жауапкершілік алуға;

— маңызды заманауи мәселелерді қарастыру, зерттеу және анализ жасауға;

— білімдерді синтездеуге;

— әріптестермен бірігіп жұмыс жасауға;

— әдемі сөз жазу және презентация жасау қабілетін игеруге;

— негізгі оқуда жоғары нәтижелерге жетуге;

— сыни тыңдаушы болуға;

— дұрыс талданған шешімдердерді қабылдауға;

— жаңа таныстарды табуға;

— шынайы фактілермен аргумент құруға;

— өз ойыңды дәлелдей алуға;

— өзіңе деген сенімділік пен батылдықты дамытуға көмектеседі.

 

  1. Пікірсайыс:

— логикалық және критикалық ойлауды;

— өз ойыңды жинақтау қабілетін;

— ауызша сөйлеу дағдысын;

— әртүрлі көзқарастарға деген түсіністік пен эмпатияны;

— өзіңе деген сенімділікті;

— мәселеге аса мән беруді;

— көпшілік алдында сөйлеу стилін  дамытады.

 

Өзіңіздің бойыңызда  «Тұлғалық» қасиеттерді, ораторлық қабілет пен ойлау жүйсін дамытқыңыз келсе, турнирлерге қатысып пікірсайысшы болуға мүмкіндігіңіз бар. Оқушы болсаңыз мектеп лигасында, студент болсаңыз студенттік лигада пікірсайысшы бола аласыз.

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ