«Теңге — мемлекет келбеті» ашық сабақ сценарийі

0
1378
Иллюстрация: Freepik.com
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті оқырман қауым! «Теңге – мемлекет

келбеті» атты сұрақ-жауап сағатын бастаймыз.

Біздің бүгінгі іс-шарамыз Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күніне арналады. 1993 жылдың дәл осы күні, яғни 15-ші қарашада «Теңге» ҚР Ұлттық валютасы болып бекітілді.

Тәуелсіз елдің тәуелсіздігін не білдіреді?

Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі -ұлттық валюта. Ол — Республика көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша — асыл қазына, халық байлығы.

«Теңге» болмаған уақытта адамдар сауда-саттықтарын қалай жүргізген деп ойлайсыздар?

Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Теңге атауы орта ғасырлардан бастау алады.VIII-IX ғасырларда әр билеушінің өз руының рәміздері бейнеленген теңгелері айналымда жүрді. XIV ғасырдың аяғында Қазақстан аумағында Әмір Темірдің мәнеті айналыста болса,
XVI- XVIІІ ғасырларда мыс тиындар қолданыста жүрген. Оны Орта Азия мемлекеттерімен және Ресеймен болған сауда-саттық байланыстар дәлелдейді.

«Теңге» сөзі қалай пайда болған деп ойлайсыздар?

Қазақтың «тәнге» деген ақша атауынын орыстың «деньги» деген сөзі шыққан. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған.

*        *        *

Добрый день, уважаемые участники мероприятия, уважаемые гости!

Наше сегодняшнее мероприятие посвящается ко Дню национальной Валюты Республики Казахстан. 15 ноября 1993 года признан как день введения в тенге в экономику страны, а 12 ноября 1993 года Президент РК подписал Указ «О введении национальной валюты РК». Кроме того, этот день официально признан Днем Финансиста Республики Казахстан

 

БЕЙНЕБАЯН Құрметті көрермен, енді теңгенің айналымға келу тарихымен танысайық, алдарыңызда бейнебаян.

*        *        *

Уважаемые зрители, предлагаю посмотреть видеоролик который оповествует вам об истории создания нашей Национальной валюты.

 

1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
Теңге өмірге оңайлықпен келген жоқ. Елбасымыз өз теңгемізді шығаруға қаржыгерлерге арнайы тапсырма берді. Ұлттық валютамыздың өз дизайні, өз идеясы болуы керектігін қатаң тапсырылды. Қазақстан аймағында ерте кезенде қандай ақша болғанын, тарихта бұл жөнінде қандай деректер бары іздестірілді.

1992 жылы тамыздың 27-сі күні Ұлттық банк басқармасы теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Абайдың бейнелері басылды. Екінші бетінде ою-өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған. Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Ғабжәлеловтер Англияға аттанды.

1993 жылдың күзінде Қазақстан ТМД елдерінің ең соңында рубль аймағынан шықты.

Теңге Ұлыбританияның әлемге әйгілі әрі ең көне «Харрисон және оның ұлдары» деп аталатын банкноттық фабрикасында басылып шықты.

Теңгенің 16-ға жуық құпия қорғанысы белгісі бар. Қазақстан теңгесі қазіргі ақша жасау технологиясының соңғы жетістіктеріне сүйеніп жасалған. Құпия белгіні үкінің көзімен қарасаңыз да, байқай алмайсыз.

1993 жылы қарашаның 12-сі күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» жарлыққа қол қойды. Арада үш күн өткен соң, 15 қараша күні таңертеңгі сағат 8-ден басталып, 20 қарашада сағат 20-да аяқталып тәуелсіз Қазақстан Республикасының өз валютасы қаржы нарығында айналымға енгізіп, елдің қолына тиіп, ел мәре-сәре болысты. Өйткені төл теңгеміз тәуелсіздігіміздің басты белгісі еді.

 

Сонымен           ВИКТОРИНА          

Сұрақтар

1.     Как называется наука о монетах и других денежных знаках? (Нумизматика)

2.     Достоинством каких купюр в настоящий момент на территории Казахстана имеют хождение денежные знаки? (200, 500, 1000, 2000, 5000, 10 000, 20 000)

3.     Назовите банкноту, на которой изображен Абай (…)

4.     Специальное финансовое учреждение для осуществления самых разных денежных операций. (банк).

5.     Жеке есепшоты бар төлем-қағаз. (карточка)

6.     Ақша беретін құрылғы. (Банкомат)

7.     Төлемді растайтын қағаз. (Чек)

8.     Ұлы тұлғалары бар

Керек құнды кағаздар (теңге)

Мақалдар

Мың… болғанша

Бір ақылды басын болсын (сом)

 

Айрықша белгісі

Әлемнің тынысы

Байлықтың белгісі (ақша)

 

Базарда бәрі бар,

… ешкім бермейді. (ақшасыз)

 

Тиыннан … құралады. (теңге)

 

… тиынна өсер.

Жылқы құлыннан өсер. (теңге)

 

… кетуге тырысады,

Есеп ұстауға тырысады. (Ақша)

 

«Әр елде — өз валютасы»

Қырғызстанда -/сом/

Ресейде -/рубль/

Германияда — /марка/

Америкада — / доллар/

Ұлыбританияда -/фунт/

Украинада — /гривна/
Қытайда — / юань/

Тәжікстанда — /манат/

Өзбекстанда — /сум

Түркияда -/ лира /

Латвияда — / лат /

Кореяда — / йена

Жүргізуші:

Түсің біліп, санын тап

200 теңге

Түсі: сарғылт жасыл бет жағында «Астана — Бәйтерек» монументі бейнеленген. Сырт жағында Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында ҚазақстанРеспубликасы Көлік және коммуникация министрлігінің үйі бейнеленген.

500 теңге:

Түсі: Көкшіл сұр «Бәйтерек» монументінің сол жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы бейнеленген.

Банкнотаның төменгі жағында ашық алақан бейнесі бар.

1000 теңге:

Түсі: сарғыш қоңыр. Негізгі бейнесі: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында Президент мәдени орталығының үйі, артқы жағында таулар бейнеленген.

2000 теңге:

Түсі: қою және ашық жасыл. Негізгі бейнесі: Қазақстан картасының контуры алдыңғы жағында Алматы қаласындағы Абай атындағы опера театры, артқы жағында тау, өзені бейнеленген.

5000 теңге:

Түсі: күңгәрт қызыл. Негізгі бейнесі: Қазақстан картасының контуры, Алматы қаласында орналасқан Тәуелсіздік монументінің төбесі, артқа көріністе Іле Алатауының таулары бейнеленген.

10000 теңге:

Түсі: күлгін көк. Негізгі бейнесі: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында Қазақстан Республикасы Президентінің, артқы жағында канюндар.

Жүргізуші:

1-жағдай Сен анаңмен бірге базарға денешынықтыру сабағына аяқ киім алуға бардың. Аралап жүріп 300 теңге тұратын машинаны ұнатып қалдың. Сен машинаны алғың келді. Ал анаңда бары 600теңге ғана… Сенің әрекетің….

2-жағдай Биылғы оқу жылында ана тілі оқулығы жетіспейді. Базардағы оқулық бағасы 450 теңге. Анаң таныстардан ескі, мұқабасы жыртық кітап тауып берді. Сенің іс әрекетің…..

3-жағдай Мұғалім бүгін сағат екіде цирк болатынын айтты. Билет бағасы 100 теңге. Сондай — ақ ағылшын кітабын алуың керек. Ол 130 теңге. Қайсысын таңдайсың? Әрекетің…..

 

  ИТОГИ ВИКТОРИНЫ/ФАНФАРЫ/
Жүргізуші: Приветствую тебя, мой Казахстан!

Страна степей, лесов и гор высоких!

Ты — Родина моя, ты — мой Отан!

Где дышится приятно и свободно.

 

Тудым, өстім Отан үшін,

Отанымды сүйем жастан.

Отан үшін — қуат күшім

Жыр жазамын бір тынбастан.

Отан — қуат, нәр береді

Отан – ұран, Отан- түым,

Отан мәңгі гүлденеді.

— дей келе, «Ұлттық теңге – мемлекет келбеті» атты ұлттық валютамыздың 25-жылдығына арналған танымдық сағатымызды аяқтаймыз.  Назарларыңызға рахмет!

На этом мы заканчиваем наш познавательный час посвященный к 25 летию тенге. Спасибо за внимание!

 

Басқа материалдар:

  1. Математиканы түсінуге көмектесетін ТОП 7 кітап
  2. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  3. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  4. SMM маманы деген кім?
  5. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  6. Web-дизайнер деген кім?
  7. Таргетологтың қызметі қандай?
  8. Контекстолог деген кім
  9. Копирайтер деген қандай мамандық?
  10. Контекстолог деген кім?
  11. Оқушы мен студентке арналған ең пайдалы 10 қолданба
  12. ҰБТ-да төмен нәтиже көрсетудің себебі қандай?
  13. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  14. Жетістікке жетелейтін 19 әдет
  15. Адам миы туралы қызықты 30 мәлімет

ПІКІР ҚАЛДЫРУ