Ұлы далада қарлұқтар билігінің орнауы (756-942 жж.)

0
1194
Иллюстрация: Freepik.com

Сабақтың мақсаты: 
— 6.2.1.3 тарихи оқиғалар мен процестердің сабақтастығын сипаттауда
“Ұлы Дала Елі” ұғымын қолдану

Зерттеу сұрағы:
Қарлұқтардың басқа түркі тайпаларынан ерекшеліктері қандай?

Оқулық:
Ұлы Далада Қарлұқтар билігінің орнауы (756-942 жж.). 36-38 бет.

Ресурстар:
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 5 томдық. — 2 том. —
Алматы: Атамұра, 2010.
2. История Казахстана с древнейших времен до наших дней (Очерк)
Алматы, 1993.
3. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы. 1 кітап. Алматы, 2016

Тірек сөздер:

-“Қарлұқ” этнонимі
— Таң империясы
— Ұйғырлар
— Басмылдар
— Суяб

Көрнекілік:

Оқулықтың 39 бетіндегі Қарлұқ қағанатының картасы. Кітаптар. Суреттер.
Интерактивті тақта. Бағалау парағы.

Мақсатты айқындау:

Қарлұқтардың кімдер екенін анықтап, олардың Жетісуда билікке келу
себебін түсіндіру. Көшпелі қарлұқтарда неліктен қала мәдениеті болғанын
анықтау.

Дамытушылық маңызы — қазіргі қазақтың құрамында және басқа да түркі
тілдес халықтарда қарлұқтардан бастау алатын этникалық құрылымдар бар екенін, яғни қарлұқтар түркі тілдес халықтардың ата-бабаларының қатарына жататынын оқушыларға ұғындыру.

Тәрбиелiк маңызы — оқушылар санасында Қарлұқ қағанаты деген атпен
құрылған мемлекеттің Қазақстан аумағында орналасқанын және оның атабабамыздың ерлік дәстүрі негізінде құрылған мемлекет болып табылатынын айқындау.

Сабақтың деректік материалдары:
Қарлұқтар туралы қытай жылнамасында айтылған деректер.

Сабақтың барысы:

Оқытушы сабақ барысында оқушыларды үш топқа бөледі. Бірінші топ – электронды картаны пайдалана отырып, қарлұқтардың шығыстан батысқа, Жетісуға келген жолдарын сызып көрсетеді. 2-топ қарлұқтардың Қытай мен арабқа байланысты ұстанымын айқындайтын кестені толтырады.

Үшінші топ қарлұқтарда қандай қалалардың дамығанын көрсететін деректерді пайдалана отырып, Қарлұқ қағанаты орналасқан картасына қалаларды белгілейді.

Сабақтың түрі мен әдісі
Аралас. Сұрақ-жауап, баяндау.

Пәнаралық байланыс. География, археология.

Сабаққа қатысты ескертпелер:

Оқушыларға Қарлұқ қағанатының Жетісуда уақытша мемлекет болғанын, қарлұқтардың негізгі бөлігінің кейінірек түрікмен атанып, қазақ жері арқылы
оңтүстікке жылжып, өзбек, қырғыз, түрікпен тәрізді халықтар құрамына кіргенін ұғындыру.

Бағалау мүмкіндіктері:
Мұғалiмнiң алдын ала даярлап әкелген жоспары оқушылар жұмысын ұйымдастыруға негiз болады. Рефлексия. Кері байланыс. Де Бононың 6 қалпағы арқылы қорытындылау.

Оқушы аты-жөні Оқушының өзінің өзіне қойған бағасы Топ басшы-
сының қойған бағасы
Топтық жұмысқа қатысуы Тапсыр-
маларды орындауға қатысуы
Бекіту сұрақтарына жауабы Қорытынды баға

Қосымша тапсырма:

1. Оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
2. Берiлген жоспарды басшылыққа ала отырып, оқушылардың жұмыс
дәптерлерiне әрбiр сұрақтың нақты мазмұнын ашатын қысқаша тезистер
жазғызу.

Бағалауда БББ кестесін стикер тарту арқылы жазғызу.

Дереккөз: Қазақстан тарихы (Орта ғасырлар): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім беретін мектептің 6-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Т. Омарбеков, Г. Хабижанова, Т. Қартаева, М. Ноғайбаева.

Басқа материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ