«Ұлы даланың жеті қыры мен тарихы» атты республикалық оқушылар олимпиадасы өтуде

0
359

ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері, үздік қазақ тілді білім сайты атанған Qaztest.kz онлайн олимпиада ұйымдастыру комитеті Тәуелсіздік күні қарсаңында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылы 21 қарашасында жариялаған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын жас ұрпақтың бойына сіңіру мақсатында «Ұлы даланың жеті қыры мен тарихы» атты республикалық қашықтық олимпиадасын өткізеді.

Тест сұрақтары Елбасы мақаласында қамтылған мәдени мұралар мен тарихи құндылықтар  және Қазақстан тарихы пәні бойынша беріледі. Олимпиадаға 6-11 сынып оқушылары қатыса алады.

Олимпиада қазақ тілінде  qaztest.kz сайтында өтеді.

Олимпиада бір кезеңнен тұрады. Олимпиада 3 желтоқсан мен 23 желтоқсан аралығында өтеді. Қорытындысы: 25 желтоқсан күні анықталады.

Олимпиада жүлдегерлері І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.

Республика бойынша ең жоғары ұпай алған 25 оқушы «Қазақстан үміті» төсбелгісімен және 25 ұпай алған қатысушылар «Үздік оқушы» дипломымен марапатталады.

Олимпиада туралы толық ақпаратты +7(727) 229-63-69; +77009785922;

+77759988387 телефондары арқылы білуіңізге болады.

 

«Ұлы даланың жеті қыры және тарихы» атты олимпиаданың

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ

 1.      Жалпы ереже

1.1.             Qaztest.kz қашықтық олимпиадасының осы Ережесі (әрі қарай – Ереже) олимпиадаларды ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды (әрі қарай – Қашықтық олимпиада); 

1.2.             Қашықтық олимпиада жайлы мәліметтер және қорытынды нәтиже qaztest.kz және Martebe.kz сайттарында жарияланады.

1.3.             Олимпиада 3 желтоқсан мен 23 желтоқсан аралығында qaztest.kz сайтында онлайн өткізіледі;

1.4.             Олимпиадаға жалпы білім беретін мектептердің 6-11 сынып оқушылары қатыса алады;

1.5.             Тапсырмалар Ұйымдастырушылармен бекітіледі.

1.6.             Қашықтық олимпиадаға қатысу – ақылы,  қатысу ерікті негізде жүзеге асырылады.

 2.      Республикалық олимпиаданың мақсаты мен міндеттері:

2.1.             Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында жазылған тарихи және мәдени құндылықтарды оқушылар бойына сіңіру;

2.2.             Оқушы жастардың тарихи санасын қалыптастыру;

2.3.             Зияткерлік байқауларға қатысуды ынталандыру.

 3.      Республикалық олимпиаданы өткізілуі мен тәртібі:

3.1.             Олимпиада тапсырмалары 25 сұрақтан тұрады.

3.2.             Олимпиадаға қатысу жеке немесе координатордың ұйымдастыруымен қатыстырылады;

3.3.             Бір адам ең көбі 3 рет тест тапсырады. Ең жоғарғы нәтижесі есепке алынады;

3.4.             Тестке қатысу жеке немесе координатордың ұйымдастыруымен жүзеге асады;

3.5.             Тестілеуден өту үшін қатысушыға 50 минут уақыт беріледі. Уақыт біткеннен кейін автоматты түрде тестілеу аяқталады.

3.6.             Олимпиадаға төлем жасағаннан кейін ғана қатысу мүмкіндігі ашылады;

3.7.             Тестілеудің нәтижесін қатысушы  тестті орындағаннан кейін бірден біле алады;

3.8.             Қатысушылардың марапаттары автоматты түрде электронды почтасына жіберіледі және жеке кабинетіндегі «Сертификат-Диплом» бөлімінде сақталады.

 4.      Олимпиада қатысушыларына қойылатын талаптар:

4.1.             Қатысушы ешкімнің көмегінсіз тапсырмаларды өзі орындауы тиіс;

4.2.             Олимпиада барысында кері батырмасын басуға және басқа бетке ауысуға болмайды;

4.3.             Уақытында енгізілмеген тапсырмалар үшін төлемдер қайтарылмайды;

4.4.             Қате енгізілген мәліметтер үшін (қала, мектеп атауы, жетекшінің аты-жөні т.б.) олимпиада ұйымдастыру комитеті жауап бермейді;

4.5.             Координатор бір немесе бірнеше адамды қатыстыра алады;

4.6.             Тест нәтижелері қайта қарауға жатпайды және аппеляциялық комиссия құрылмайды;

4.7.             Олимпиадаға байланысты сұрақтар qaztest.kz@mail.ru  почтасына қабылданады.

ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСТЫ ҚОСЫМША АҚПАРАТТАР

Олимпиадаға қатысу бағасы:  бір реттік тест – 500 теңге, екі реттік мүмкіндік – 900 теңге. Толық ақпарат сайттың «Видеонұсқау» бөлімінде көрсетілген.

ОЛИМПИАДАНЫҢ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ

Тесттен өткеннен кейін барлық қатысушыларға сертификат беріледі. Олимпиаданың жалпы қорытынды нәтижесі сайтта жарияланады. 17 ұпайдан жоғары ұпай алған қатысушыларға І,ІІ,ІІІ дәрежелі диплом беріледі.

Орын ұпайлары:

І орын – 25-23 ұпай

ІІ орын – 22-20 ұпай

ІІІ орын – 19-17  ұпай

Қатысушылардың І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдары олимпиада барысында парақшасында сақталады және электронды түрде почтасына жіберіледі. Олимпиадада уақыт жағынан ең жоғары нәтиже көрсеткен 25 оқушыға  «Қазақстан үміті» төсбелгісі беріледі (Төсбелгіге бір ұжымнан 3 қатысушы ғана енгізіледі). Қорытынды нәтиже, яғни төсбелгі иегерлері сайтта 25 желтоқсан күні жарияланады.

Ескерту! Қатысушылардың жинаған ұпайы тең болған жағдайда тесттен өткен уақыты есепке алынады.

15-тен көп оқушыны қатыстыруды ұйымдастырған ұйымдастырушы координаторға алғыс хат беріледі. Координатор алғыс хатын алу үшін қатысушылардың тізімін qaztest.kz@mail.ru почтасына олимпиаданың соңғы күніне дейін жолдауы керек.

АЛҒЫС ХАТ АЛУҒА ӨТІНІШ ҮЛГІСІ

Мектеп атауы, мекен-жайы, индексі және байланыс нөмірі
Реті Қатысушылардың аты-жөні Сайтқа тіркелген почтасы (қатесіз болуы міндетті) Координатордың аты-жөні, телефоны
1.

 

Ескерту! Координаторға берілетін алғыс хат үшін өтініш хаты жіберілмеген жағдайда марапаттар жіберілмейді.

 ТӨЛЕМ ЖАСАУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Төлемдер QIWI және 24 касса терминалдары арқылы  (Білім беру қызметтері→qaztest.kz) және кез келген банк картасымен интернет банкинг арқылы онлайн жүзеге асырылады. Терминалдар арқылы және онлайн төлем жасаған қатысушылар түбіртек жіберуінің қажеті жоқ. Олардың төлемі жеке парақшасына бірден түседі. «Сатып алу» батырмасын басу арқылы тестті сатып алады.  Төлем жасау туралы түсіндірме сайттың «Бейне нұсқау» бөлімінде көрсетілген.

 

ҚАТЫСУШЫЛАР САНЫ КӨП БОЛСА, ОСЫ ТӨЛЕМ ЖАСАУ ТҮРІН ТАҢДАҢЫЗ!

Егер қатысушылар саны көп болса, барлық қатысушыларды бір жауапты маман «Координатор» болып, барлығын жеке парақшасында тіркеп, ұйымдастыра алады. Толық нұсқаулық «Видеонұсқау» бөлімінде көрсетілген.

Ауылдық жерлерден қатысушылар немесе ұжым болып қатысушылар Қазпочта және Халық банктері арқылы төлем жасай алады. Қазпочта немесе Халық банк бөлімшесіне барып, төмендегі реквизитті көрсету арқылы төлем жасайсыз. Егер бірнеше қатысушы қатысатын болса, барлығы бірге төлеуге болады.

Біздің реквизит

Төлем аударылатын мекеме атауы: «SKILLS ACADEMY» ЖШС

БИН/ИИН: 161240000269

Банк атауы: «Банк Kassa Nova» АҚ;

БИК: KSNVKZKA

KZ55551A127001275KZT

Кбе 17

Код 19

КНП 861

Төлем мақсаты: Qaztest.kz олимпиадасына қатысу үшін.

Ескерту! Төлемді халық банктен және казпочтадан жасай аласыздар.

Төлем барысында Кбе және КНП дұрыс болуын қадағалаңыз!

 

Қосымша реквизит:

Каспий голд:  5169 4931 3102 2470; ЖСН (ИИН): 870327401578 Акгуль Зариповна (Тел: 87759988387). Каспи арқылы аударым жасағанда түбіртекке қатысушының аты-жөні жазылу керек. Жуық арада каспи қосымшаға қызметтерімізді қостыру жоспарлануда.

Төлем жасалғанын растайтын квитанцияны qaztest.kz@mail.ru почтасына «Төлем квитанциясы» деп және үлгі бойынша өтінішті толтырып жіберу керек. Өтініште жазылған почталар qaztest.kz сайтында тіркелген болуы міндетті. 

ТӨЛЕМ ТҮБІРТЕГІН ЖІБЕРУШІЛЕР ҮШІН ӨТІНІШ ҮЛГІСІ

Қатысушының аты-жөні Сайтқа тіркелген почтасы (қатесіз болуы міндетті) Төлем құны мен тест саны (1 реттік тест, 2 реттік тест)
     

Өтініш жазу тек реквизит арқылы және каспи аударым арқылы төлеген қатысушыларға міндетті. Терминал арқылы немесе онлайн төлеген қатысушылар өтініш жібермейді. Өтініш пен төлем түбіртегін жібергеннен кейін сайт модераторлары тестті қосып беретін болады.

Жұмыс уақытында онлайн чатқа және qaztest.kz@mail.ru почтасына хат жазу арқылы жылдам жауап аласыз.

Жұмыс уақыты: таңертеңгі 9:00 ден 18:00-ге дейін. Түскі үзіліс 13:00 ден 14:00 ге дейін.
Қосымша ақпарат алу телефоны: +7 700 978 59 22; +7 775 998 83 87; +7 727 978 59 22

 

ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУ

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ