Qaztest.kz сайты Kaspi.kz қосымшасына қосылды

0
1792

Құрметті Qaztest.kz сайтының қолданушылары!

Енді олимпиада жарнасын kaspi қосымшасы арқылы төлеу қызметі қосылғанын хабарлаймыз.

Kaspi.kz қосымшасын елімізде 6 миллионнан астам адам қолданады. Біздің қолданушыларымыз үшін де бұл өте тиімді болары сөзсіз.

Енді kaspi арқылы аударым емес, тікелей парақшаңызға төлем жасайсыз. Олимпиадаға қатысу үшін сайтқа тіркелуіңіз міндетті екенін ескертеміз.

Kaspi.kz қосымшасы арқылы қалай төлем жасайды?!

1. Смартфоныңыздағы kaspi.kz қосымшасына кіріп, «Платежи» бөлімінен Qaztest деп біздің сайтты тауып аласыз.

2. E-mail деген жерге сайтқа тіркелген почтаңызды жазып, керекті сумманы енгізесіз. Сайтқа тіркелмеген жағдайда сервис почтаңызды қабылдамайды.

3. Төлемді растау үшін «Подтвердить» батырмасын басасыз.

4. Төлем аударылғаны туралы мәлімет шығады.

5. Төлем жасағаннан кейін түбіртекті бізге жіберуіңіз қажетті емес. Ол парақшаңызға санаулы секундтар ішінде түседі. «Сіздің шотыңыз» деген жерге ақша түскеннен кейін «Сатып алу» батырмасын басып тестке қатыса аласыз.

 

Өздеріңіз көргендей енді kaspi.kz қосымшасы арқылы төлем жасағанда сізге сайт қызметкерлерінің көмегі қажетті емес. Сіз барлығын өзіңіз жасай аласыз.

Сонымен қатар Qiwi, 24 касса, онлайн карта арқылы төлем жасағанда да парақшаңызға салған қаржыңыз санаулы секундтарда түседі. Сіз барлығын өзіңіз жасап, тәуліктің кез-келген уақытында тесттен өте бересіз.

 

Құрметпен Qaztest.kz олимпиада ұйымдастыру комитеті


ПІКІР ҚАЛДЫРУ