«Ұлы даланың жеті қыры» туралы шығарма

0
12707

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын Ұлы даланың жеті қырын атап көрсетті. Көтерілген мәселелер жан-жақты ой елегінен өткізіп, терең зерделеуді талап етеді. Олар:

1.Атқа міну мәдениеті

2.Ұлы даладағы ежелгі металлургия

3.Аң стилі

4.Алтын адам

5.Түркі әлемінің бесігі

6.Ұлы Жібек жолы

7.Қазақстан-алма мен қызғалдақтың отаны

Тамыры сонау Сақтардан бастау алатын Ұлы даланың рухты ұрпақтары мынау дүние ғаламда талай соғыстарды басынан өткеріп, талай қанқұйлы жаулармен текетіреске түсті. Қаншама ғасырлар өтті, қаншама ұрпақтар жаңарды, бірақ, мақсат пен мүдде өзгермеді. Ол өзгермейтін мәңгілік мүдде мен мақсат мынау ұлан-байтақ қасиетті жерді қорғау еді. Жылқыны қолға үйрету біздің жерімізден бастау алғанын әлем мойындады. Соның арқасында ауыздық, шалбар ойлап табылды. Ол заманда атқа міну қазіргі кездегі зымыранмен ғарышқа ұшқандай жаңалық еді.

Жылқы малы Қазақ халқы үшін қасиетті болған. Мінсе көлік, жесе ет, ішсе сусын, Батыр бабаларымыз ұлан-байтақ қасиетті жерімізді қорғап, сақтап бізге жеткізді. Қазақстан аумағында тау-кен ісі – металлургия қола дәуірінен бастап дамыды. Осы кездегі кен орындарының көпшілігі ерте темір ғасырында да кен өндіруді тоқтатқан жоқ. Ежелгі металлургия орталықтары Орталық және Шығыс Қазақстанда болды.

Темір өндірісі біздің заманымызға дейін жетінші ғасырда пайда болған. Ерте темір ғасыры кезеңінде Қазақстандағы тайпалар темір өндіруді игерді. Шеберлер құю технологиясының түрлі әдіс-тәсілдерін меңгеріп, техникалық өңдеу арқылы бұйымдарға кез келген пішін бере алды. Жыртқыш аңдардың бейнелері салынған ат әбзелдері, таналар мен тоғалар құюшы шеберлердің қолымен жасалған.

Б.з.б 8 ғасырдан бастап Еуразия далалы аймақтар өңірінде аңдарды бейнелеу — аңдық стиль пайда болды. Оның негізгі тақырыбы — аңдарды және аңыздағы ғажайыптарды бейнелеу. «Аң стилі» өнері сәндік сипатта қолданылды. Әр түрлі бейнелермен қола қазандар, құрбандық заттары, қару-жарақтар, ат әбзелдері мен киімдер әшекейленді. Қар барысы-Қазақстан символдарының бірі. Көк туымыздағы Қыран құсты, елтаңбамыздағы пырақты мысал қылсақ та болады. Есік обасынан табылған алтын адам біздің елімізде мықты өнер мен мәдениет болғанының дәлелі.

Қазіргі кезге дейін бұдан басқа тағы екі «Алтын адамның» табылған. Екінші «Алтын адам» 1999 жылы Атырау облысының Аралтөбе қорғанынан табылған. Олжаны қазу жұмыстарын тарих ғылымдарының кандидаты Зейнолла Самашев жүргізген. Біздің дәуірімізге дейінгі III ғасырға жататын осынау алтынмен көмкерілген жанды оның болат семсеріне қарап, ғалымдар сарматттардың көсемі деген қорытындыға келген екен. Ал, үшінші «Алтын адам» 2003 жылы табылған.

Профессор, тарих ғылымдарының докторы Әбдеш Төлеубаев бастаған археологтар қауымы бұл олжаны Шығыс Қазақстан облысының Шілікті жазығынан қазып алған. Ғалымдардың паймдауынша, бұл «Алтын адам» біздің дәуірімізге дейінгі VII-VIII ғасырларда өмір сүрген. Мекен еткен жеріне және үстіндегі құйма алтыннан жасалған аң- құс белгілеріне қарағанда сақ патшасына келетін бұл олжа әлі де зерттелу үстінде. Ұлан байтақ жері бар Қазақстан жерінде әлі қанша «Алтын адам» жатқаны белгісіз. Оны зерттеу уақыттың еншісінде. Елімізді түркі әлемінің қара шаңырағы деп аитсақ та болады.

Біз әлемдік қоғамдастық лайықты түрде таныған өзіміздің қазақстандық жолымызды бастадық. Қазақстан өзінің оң жетістіктерін, өзінің ілгері басуын жыл сайын әлемге паш етуде. Әлем елдері ішінде елдік пен бірлікті ту еткен Қазақстанның даму үрдісі көптеген көршілес елдерге үлгі-өнеге. Себебі, қазақстандық қоғамның басты байлығы – тұрақтылық пен этносаралық татулық болып табылады.

Осы мақсатпен 1995 жылы 1 наурызда Қазақстан Республикасыны Президентінің Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Ассамблея мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган.1996 жылдан бері жыл сайын Қазақстан Республикасында 1 мамыр мерекесі Қазақстан халқының бірлігі күні ретінде аталып өтеді.Бұл мереке бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық үлгісі болып табылады.

 

Куаныш Егембердиев

Түркістан облысы, Шардара ауданы, Ұзын ата жалпы орта мектебі тарих пәні мұғалімі

«Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында дөңгелек үстел

Басқа материалдар


ПІКІР ҚАЛДЫРУ