Ұлылықтың бастауы – Ұлы далам

0
4440

Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бейбіт заманда өмір сүріп
жатырған біздер, өте бақытты халықпыз. Жерұйығында шалғынын суарып,
жылқы басына иелік етіп, дәстүрлі кәсібін жалғай, даңқты ел болып, қазіргі
таңда «Ұлы дала» ізгі бастауын дамытып келеміз. Қасық қаны қалғанша
қыршын болған сонау ата-баба қалап кеткен елді мекенді одан әрі
ұластырып, тек биіктетер біздің еншімізде. Туған жерді сөз еткенде, жүрек
елжіреп, бойыма ерек сезім дари түседі. Махаббатымның зорлығы соншалық,
жерімді өзге ұлтқа беруге қимаймын. Ұлы даланың баласы болу кімге де
болмасын зор қуаныш екендігі сөзсіз.

Бүгінгі Қазақстан халқы – бақытты қоғамда өмір сүріп отыр. Біз –
бақытты елміз. Өйткені, біз – болашағымызға кәміл сенеміз. Біздің
жастарымыздың озық білім алып, ғылыммен айналысуына барлық
мүмкіндіктер берілген. Біз барлығымыз – бақытты мемлекеттің
азаматтарымыз, ата-бабаларымыздан мұра болған «Ұлы Дала елінің»
перзентіміз. Терең мазмұнға ие осы құндылықтарды біз кейінгі ұрпақтың
жүрегіне жеткізіп, ой-санасына сіңіруіміз қажет. Мемлекет ұстанған оңтайлы
саясат барша қазақстандықтардың, әсіресе, ауыл жастарының келешегіне
үміт пен сенім ұялатты. Қазіргі уақытта ауыл жастары заманауи озық
біліммен қаруланып, еліміздегі жоғары оқу орындарымен қатар, шетелдің
беделді университеттерінде білім алу мүмкіндігіне ие болуда. Туған
тамырынан нәр алған осы жастардың легіне біз дұрыс бағыттағы білім мен
тәрбие бере алсақ, олар келешекте біздің ұлттық потенциалымыздың негізгі
көрсеткіші болатыны даусыз. Сондықтан, ауылда туып, ата-баба салтынан
ажырамай, дәстүрімізді дәріптеп, құндылықтарымызды бойына сіңіріп өскен
ұрпақтың болашағын қамтамасыз ету елдік мақсат болып отырғаны даусыз.
«Елім» деп еміренер , «жұртым» деп жаға жыртар патриоттар
көбейсін!Сонда ғана ұлылықтың бастауы ұлы дала төсінде береке, бірлік,
ынтымақ, бейбітшілік орнайды және де лайым солай солай болғай!


ПІКІР ҚАЛДЫРУ