Мұғалімдерге арналған Е. Бекмаханов атындағы тарих олимпиадасы басталды

3
2414

ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері, үздік қазақ тілді білім сайты – Qaztest.kz онлайн олимпиада ұйымдастыру комитеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-мен жасалған меморандум аясында қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚазКСР ҒА-ның корреспондент-мүшесі Ермұхан Бекмахановтың 105 жылдығына орай мұғалімдер арасында  Қазақстан тарихы пәнінен дәстүрлі ІІ республикалық қашықтық олимпиадасын (бұдан әрі Олимпиада) өткізеді.

Олимпиаданың мақсаты: Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру, оларды қолдау, ынталандыру және үздік тарихшыларды марапаттау.

Олимпиада qaztest.kz сайтында өтеді.

Олимпиада бір кезеңнен тұрады. Олимпиада 11 ақпан мен 6 наурыз аралығында өтеді. Қорытындысы: 11 наурыз күні жарияланады.

Олимпиада жүлдегерлеріне І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар беріледі.

Е. Бекмахановтың 105 жылдығына орай өткізілетін олимпиадада Республика бойынша ең жоғары ұпай алған 40 мұғалім «Ермұхан Бекмаханов» медалімен және 25 ұпай алған қатысушылар «Құрмет грамотасымен» марапатталады.

Олимпиада туралы толық ақпаратты +7(727) 229-63-69; +7700 978 59 22; +7775 998 83 87 телефондары арқылы білуіңізге болады.

Е.Б. Бекмаханов атындағы дәстүрлі ІІ Республикалық Қазақстан тарихы пәнінен қашықтық олимпиадасының

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ

 1.      Жалпы ереже

1.1. Qaztest.kz қашықтық олимпиадасының осы Ережесі (әрі қарай – Ереже) олимпиадаларды ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды (әрі қарай – Қашықтық олимпиада); 

1.2. Қашықтық олимпиада жайлы мәліметтер және қорытынды нәтиже qaztest.kz сайтында 11 наурыз жарияланады. 

1.3. Олимпиада 11 ақпан мен 6 наурыз аралығында qaztest.kz сайтында онлайн өткізіледі; 

1.4. Олимпиадаға жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері қатыса алады; 

1.5. Тапсырмалар ұйымдастырушылармен бекітіледі. 

1.6. Олимпиада барысында сыбайлас жемқорлыққа және қандай да бір заң бұзушылықтарға тыйым салынады;  

1.7. Қашықтық олимпиадаға қатысу – ақылы,  қатысу ерікті негізде жүзеге асырылады.  

 2.      Республикалық олимпиаданың мақсаты мен міндеттері:

2.1. Қазақтаннан шыққан тұңғыш тарих ғылымдарының докторы, профессор Ермұхан Бекмахановтың есімі мен тарихи мұрасын насихаттау;

2.2. Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру және оларды қолдау, ынталандыру;

2.3. Республикамыздағы үздік тарихшы ұстаздарды анықтап, оларды марапаттау.

 3. Республикалық олимпиаданы өткізілуі мен тәртібі:

3.1. Олимпиада тапсырмалары 25 сұрақтан тұрады.

3.2. Тест нұсқалары екінші рет қайталанбайды;

3.3. Олимпиадаға қатысу жеке немесе координатордың ұйымдастыруымен қатыстырылады;

3.4. Бір адам ең көбі 3 рет тест тапсырады. Ең жоғарғы нәтижесі есепке алынады;

3.5. Тестілеуден өту үшін қатысушыға 50 минут уақыт беріледі. Жалпы тестті бастағаннан кейінгі жалғастыру уақыты 24 сағат (1440 минут) ішінде;

3.6. Тестті жауып алу немесе интернет үзіліп кету мәселелері орын алған жағдайда 24 сағат ішінде «Менің нәтижелерім» бөлімінен келген жерден жалғастыра алады;

3.7. Уақыт біткеннен кейін автоматты түрде тестілеу аяқталады.

3.8. Олимпиадаға төлем жасағаннан кейін ғана қатысу мүмкіндігі ашылады;

3.9. Тестілеудің нәтижесін қатысушы  тестті орындағаннан кейін бірден біле алады;

3.10. Қатысушылардың марапаттары автоматты түрде электронды почтасына жіберіледі және жеке кабинетіндегі «Сертификат-Диплом» бөлімінде сақталады.

 4.      Олимпиада қатысушыларына қойылатын талаптар:

4.1. Қатысушы ешкімнің көмегінсіз тапсырмаларды өзі орындауы тиіс;

4.2. Олимпиада барысында кері батырмасын басуға және басқа бетке ауысуға болмайды;

4.3. Уақытында енгізілмеген тапсырмалар үшін төлемдер қайтарылмайды;

4.4. Қате енгізілген мәліметтер үшін (қала, мектеп атауы, жетекшінің аты-жөні т.б.) олимпиада ұйымдастыру комитеті жауап бермейді;

4.5. Координатор бір немесе бірнеше адамды қатыстыра алады;

4.6. Тест нәтижелері қайта қарауға жатпайды және аппеляциялық комиссия құрылмайды;

4.7. Олимпиадаға байланысты сұрақтар qaztest.kz@mail.ru  почтасына қабылданады.

ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСТЫ ҚОСЫМША АҚПАРАТТАР

Олимпиадаға қатысу бағасы:  бір реттік тест – 600 теңге, екі реттік мүмкіндік – 1000 теңге. Толық ақпарат сайттың «Видеонұсқау» бөлімінде көрсетілген.

ОЛИМПИАДАНЫҢ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ

Тесттен өткеннен кейін барлық қатысушыларға сертификат беріледі. Олимпиаданың жалпы қорытынды нәтижесі сайтта жарияланады. 17 ұпайдан жоғары ұпай алған қатысушыларға І,ІІ,ІІІ дәрежелі диплом беріледі.

Орын ұпайлары:

І орын – 25-23 ұпай

ІІ орын – 22-20 ұпай

ІІІ орын – 19-17  ұпай

Қатысушылардың І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдары олимпиада барысында парақшасында сақталады және электронды түрде почтасына жіберіледі. Олимпиадада уақыт жағынан ең жоғары нәтиже көрсеткен 40 мұғалімге «Ермұхан Бекмаханов» медалі беріледі (Медальға бір ұжымнан 3 қатысушы ғана енгізіледі). 25 ұпай алған қатысушыларға «Құрмет грамотасы»беріледі. Қорытынды нәтиже, яғни «Е.Бекмаханоы медалінің» иегерлері сайтта 11 наурыз күні жарияланады.

Ескерту! Медаль иегерлерін анықтауда қатысушылардың жинаған ұпайы тең болған жағдайда тесттен өткен уақыт жылдамдығы есепке алынады. Ұйымдастырушылар комитеті тест нәтижесі бойынша қорытынды жариялайды.

ТӨЛЕМ ЖАСАУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Төлемдер Kaspi.kz қосымшасы (Платежи – qaztest), QIWI және 24 касса терминалдары арқылы  (Білім беру қызметтері→qaztest.kz) және кез келген банк картасымен интернет банкинг арқылы онлайн жүзеге асырылады. Каспи, терминалдар арқылы және онлайн төлем жасаған қатысушылар түбіртек жіберуінің қажеті жоқ. Олардың төлемі жеке парақшасына бірден түседі. «Сатып алу» батырмасын басу арқылы тестті сатып алады.  Төлем жасау туралы түсіндірме сайттың «Бейне нұсқау» бөлімінде көрсетілген.

ҚАТЫСУШЫЛАР САНЫ КӨП БОЛСА, ОСЫ ТӨЛЕМ ЖАСАУ ТҮРІН ТАҢДАҢЫЗ!

Егер қатысушылар саны көп болса, барлық қатысушыларды бір жауапты маман «Координатор» болып, барлығын жеке парақшасында тіркеп, ұйымдастыра алады. Толық нұсқаулық «Видеонұсқау» бөлімінде көрсетілген.

Ауылдық жерлерден қатысушылар немесе ұжым болып қатысушылар Қазпочта және Халық банктері арқылы төлем жасай алады. Қазпочта немесе Халық банк бөлімшесіне барып, төмендегі реквизитті көрсету арқылы төлем жасайсыз. Егер бірнеше қатысушы қатысатын болса, барлығы бірге төлеуге болады.

Біздің реквизит

Төлем аударылатын мекеме атауы: «SKILLS ACADEMY» ЖШС

БИН/ИИН: 161240000269

Банк атауы: «Банк Kassa Nova» АҚ;

БИК: KSNVKZKA

KZ55551A127001275KZT

Кбе 17

Код 19

КНП 861

Төлем мақсаты: Qaztest.kz олимпиадасына қатысу үшін.

Ескерту! Төлемді халық банктен және казпочтадан жасай аласыздар.

Төлем барысында Кбе және КНП дұрыс болуын қадағалаңыз!

 ТӨЛЕМ ТҮБІРТЕГІН ЖІБЕРУШІЛЕР ҮШІН ӨТІНІШ ҮЛГІСІ

Қатысушының аты-жөні  Сайтқа тіркелген почтасы (қатесіз болуы міндетті) Төлем құны мен тест саны (1 реттік тест, 2 реттік тест)
     

Өтініш жазу тек реквизит арқылы төлеген қатысушыларға міндетті. Терминал арқылы немесе онлайн төлеген қатысушылар өтініш жібермейді. Өтініш пен төлем түбіртегін жібергеннен кейін сайт модераторлары тестті жұмыс уақытында қосып береді.

Жұмыс уақытында онлайн чатқа және qaztest.kz@mail.ru почтасына хат жазу арқылы жылдам жауап аласыз.

 Жұмыс уақыты: Таңертеңгі 9:00 ден кешкі 18:00-ге дейін. Сенбі, жексенбі – демалыс.

Түскі үзіліс 13:00 ден 14:00-ге дейін.

Түскі үзіліс уақытында және жұмыс уақыты аяқталған соң телефонға және эл.почтаға жауап берілмейді.
Қосымша ақпарат алу телефоны: +7 (727)229 63 69; +7 700 978 59 22; +7 775 998 83 87


3 ПІКІРЛЕР

  1. Сәлеметсіз бе. Менің аты- жөнім Имангалиева Маржан Дуйсеновна. Алматы облысы , Ескелді ауданы ,Т.Рүстембеков атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімімін.Е.Бекмахановатындағы Республикалық «Қазақстан тарихы» олимпиадасынана 2-ші рет өзім және оқушыларым қатысып отырмыз. Биылғы олимпиадаға қатысқан өзім де , оқушыларым да жүлделі орын алдық. Бірақ , мен пароль мен логиндерін ұмытып қалып ,дипломдарды ала алмай отырмын . Өтініш ; Дипломдарды алуыма көмектесіңіздер.

  2. Сәлеметсізбе! Бұл мәселеңіз бойынша qaztest.kz@mail.ru почтасына хат жазыңыз. Біз сізге міндетті түрде көмектесіп, дипломдарыңызды жіберіп береміз.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ