Мұғалжар тауына  физикалық – географиялық сипаттама.

0
11003
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.

Мұғалжар тауы —  Оралдың оңтүстік жалғасы, Ақтөбе облысы аумағында. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 400 км-ге созылып жатыр. Ені 200 км-дей. Орташа биіктігі 300 м, ең биік жері — Үлкен Боқтыбай тауы (657 м). Солтүстігінде жіңішке бұйрат түрінде басталып, әрі қарай бір-біріне жарыса орналасқан екі қатар тізбекке бөлінеді.

Жоспар:

Кіріспе

І  Тарау Мұғалжар тауына  физикалық – географиялық сипаттама.

1.1.Мұғалжар тауының жер бедерінің ерекшелігі

1.2. Мұғалжар тауының геологиялық құрылымы және пайдалы қазбалар

ІІ  Тарау  Мұғалжар тауының топырағы, өсімдік және жануарлар дүниесі

2.1. Мұғалжар тауының климаты және ішкі сулары

2.2. Мұғалжар тауының табиғат зоналары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

Кіріспе

Мұғалжар тауы —  Оралдың оңтүстік жалғасы, Ақтөбе облысы аумағында. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 400 км-ге созылып жатыр. Ені 200 км-дей. Орташа биіктігі 300 м, ең биік жері — Үлкен Боқтыбай тауы (657 м). Солтүстігінде жіңішке бұйрат түрінде басталып, әрі қарай бір-біріне жарыса орналасқан екі қатар тізбекке бөлінеді. Олардын арасын беті сәл белесті ойыс бөледі (ені 15 — 20 км). Жоталар кей жерлерде бір-бірімен төбелер жүйесі арқылы жалғасады. Аралық өңірде девон мен тас көмір дәуірінің құмтас пен әктас жыныстары таралған. Жоталар кембрийге дейінгі және палеозойлық кварцит, кристалдық тақтатас, гнейс, гранит, т.б. жыныстардан құралған. Батыс Мұғалжар, немесе Бас жота бір-бірімен тіркесіп, меридиан бағытында созылатын жеке қырқалар тізбегін түзеді. Онтүстік  бөлігі биік жөне қатты тілімденген. Шығыс  Мұғалжар тауы аласа, төбесі тегіс шоқылар тізбегі түрінде. Солтүстік бөлігі айқын тау сипатында, оңтүстікке қарай бірте-бірте аласара береді де маңайындағы жазықтан аз-ақ көтеріліп тұратын аласа төбеге айналып кетеді. Мұғалжар тауының 48° с. е. маңында аяқталады, одан оңтүстікте абстракциялық биіктігі 250 м-ден аспайды. Мұғалжар  тауының Ырғыз өзені салалары арасындағы суайрықты құрайды. Солтүстікке қарай Ор өзені ағып шығады. Климаты тым континентті, кысы суық, қар жамылғысы жұқа. Қаңтардың ортасында температурасы -15 — 18°С. Жазы ыстық, құрғақ, шідденің орташа температурасы 21 — 25°С.  Жылдық жауын-шашын мөлшері  200 — 250 мм. Солтүстік бөлігінің қиыршықты тастақ даласында боз, бетеге, сұлыбас өскен. Оңтүстікке  қарай астық тұқымдасты жусанды шөлейтке ауысады (бетеге, жусан, т.б.). Жыраларда анда-санда қайың, көктерек, тал, мойыл кездеседі. Қатты тау жыныстары жер бетіне шығып жататындықтан өңір егін егуге қолайсыз. Егіншілікке пайдалануға жарамды жерлер тек аңғарларда ғана кездеседі. Жер асты суының қоры мол. Мұғалжар тауының қойнауында мыс, никель, марганец, сирек металдардың, фосфорит және тас көмірдің кен орындары барланған. Олардың кейбіреулері (никель, фосфорит, т.б.) өндірілуде.

І  Тарау Мұғалжар тауына  физикалық – географиялық сипаттама.

1.1.Мұғалжар тауының жер бедерінің ерекшелігі

Мұғалжар тауларында шикізаттың мол кездесуі ежелгі адамдарға түрлі еңбек құралдарын жасауына, ал плейстоцендегі табиғи жағдайлар тұз андарын көп аулауына мол мүмкіндік туғызды. Мұалжар тауында ашель заманына тән шапқылар, тасбақа пішіндес өзектастар, қырғыштар жиі кездеседі. Бұл Мұғалжар тауының  басқа өңірдегі палеолиттік кешендерден өзгеше екендігін көрсетеді. Сондай-ақ олардың Қаратау, Маңғыстау мен Сарыарқа өңірлеріндегі палеолиттік ескерткіштермен техникалық және типологиялық жағынан аз да болса байланысы бар екендігі аңғарылады. Әсіресе мұндағы Мұғалжар 3 — 6 ескерткіштерінен алынған, ашель дәуірінен бастап кейінгі (жоғары) палеолитке дейінгі аралықты камтитын тас құралдар Қазақстандагы палеолиттік ескерткіштердің хронологиясын, кезеңдестірілуін және корреляциясын анықтауда негізгі мағлұмат көздерінің бірі болып табылады.

Мұғалжар тауының жер бедерінің ерекшелігі қазіргі жер бедері жердің ішкі және сыртқы күштерінің әрекеті нәтижесінде қалыптасып отыр. Ішкі, сыртқы күштер әрекеті әлі тоқтаған жоқ. Ішкі күштердің әрекеті кейінгі тау түзілу процестері, биік таулы аудандардың шетінде болатын көтерілулер мен төмен түсулерден байқалады. Жер қойнауында тоқтаусыз жүріп жатқан қозғалыстарды тектоникалық қозғалыстар деп атайды. Жаңа тектоникалық қозғалыстар кайнозой эрасының неоген және төрттік (антропоген) дәуірлерін қамтиды. Бұл қозғалыстардың нәтижесінде Қазақстанның таулары жаңғырып, қатпарлы-жақпарлы тауларға айналды. Тау жасалу процесі қазір де жүріп жатыр. Бұған тау бөктерлерін терең тілімделген жас өзен аңғарларының болуы айғақ, сондай-ақ Қазақстанның биік таулы жүйелеріне тән ірілі-ұсақты жер сілкінулер де тектоникалық қозғалыстардың болып жатқанын дәлелдейді. Жер сілкіну процестерін сейсмология ғылымы зерттейді. Жер сілкіну — аса қауіпті апат әкелетін табиғат құбылыстарының бірі. Жер шарындағы сейсмикалық аспаптардың (сейсмограф) тіркеуі бойынша тәулік сайын орта есеппен 200-ден астам, ал бір жылда 100 мыңға жуық жер сілкінісі болып тұрады. Бірақ олардың бәрі апатты емес. Жер сілкіну — жер асты дүмпу күштерінің әсерінен жер беті қыртысының тербелуі. Жер сілкіну жер бетіндегі біліну, сезілу күшіне сәйкес халықаралық кесте (МЗК-64) бойынша 12 балға ажыратылады. 1964 жылы үш сейсмолог ғалым    фамилияларының бас әріптерінен құралған кесте қабылданды. ТМД аумағында қолданылатын осы кесте бойынша 1 балл мен 4 балға дейінгі аралықта жер сілкіну күшін жан-жануарлар мен адамдар сезеді. Ал 4 пен 9 балға дейінгі аралықта құрылыс орындарының қирауы байқалады.

1.2 Мұғалжар тауының геологиялық құрылымы және пайдалы қазбалары

Мұғалжар металлогения аймағы —  Мұғалжар өңірінде кентасты және бейкентасты кендер орналасқан аймақ. Ақтөбе облысы жерінде Орал металлоген белдеудің оңтүстік жалғасы болып саналады. Соңғы геологиялық — геофизикалық деректер бойыніпа байкал қатпарлығы кезіндс Орталық Орал терең жарылысы Орал тауын батыс және шығыс бөліктерге бөлген. Кембрийге дейінгі кезеңнен бастап осы бөліктердің әрқайсысы түрліше геотектоникалық режимде дамыған. Оралдың миогеосин – клинальдық батыс бөлігі Шығыс Еуропа платформасымен байланысты болып, онымен бірге архей-том протерозойлық іргетас құрады. Оралдың эвгеосинклинальдык шығыс бөлігі байкал, каледон, герцин қатпарлықтарына ұшырады. Бұл қатпарлықтар күшті магматизмнің дамуына және көптеген эндогендік кентастардың қалыптасу процестеріне қолайлы әсерін тигізді. Нәтижесінде Мұғалжардың эигеосинклинальдық бөлігі батыстан шығысқа қарай синклино-рийлік Сакмар, антиклинорийлік Ор-Елек, синклинорийлік Жасыл тасты, антиклинорийлік Шығыс Мұғалжар, синклинорийлік Ырғыз құрылымдық формацияларына (металден, белдемдерге) бөлінді. Аталған белдемдер бір-бірімен терең жарылыстар арқылы ұштасады. Антиклинорийлік және синклинорийлік белдемдерде байқалған алмасулар жер қыртысының жақпарлы-блокты құрылысының тікелей көрсеткіші ретінде танылады. Синклинорийлік белдемдерде қара металдар, мыс, алтын; антиклинорийлік белдемдерде сирек металдар мен алтын кендері басым келеді. Шығыс Мұғалжар белдемінің кембрийге дейінгі метаморфтық кешендерінде кездесетін ан тофиллит-асбестің, фафиттің, мускониттің, тау хрусталінің кендері амсолиболиттік фацияның аймақтық метаморфизмімен байланысады.

Мұғалжар мыс кенді белдеуі – Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданыңда орналасқан кенді өңір. Мұғалжар атырабында көптеген мыс кентастар белгілерінің бар екендігі ертеден белгілі. Аралша, Авангард, т.б. мыс-колчеданды кентастар кендерінің ашылуы Мұғалжарды жаңа мысты аймиқ қатарына жатқызды. Ең басты кендер негізінен Тагил-Магнитогор белдемінің (Оралдың бас мыс-колчедан белдеуі) оңтүстік жалғасы саналатын жасыл тасты синклинорийлік белдемнің солтүстігінде орналаскан. Колчедандық кендер мен кентастар белгілері, базальтоидтық вулканизмнің бастапқы сатылары кеңінен тараған және олардың әр түрлі жынысгары бір-бірінен күрт өзгеше келетін немесе тетелес жіктелген формациялар құрайтын геосинклинальдық ойпңдарда (синклинорийлерде) орналасқан. Жанартау-тектік формациялар ішіндегі кендер субмеридиандық және көлденең жарылыстар белдемдерінің қиылысқан немесе бір-біріне түйіскен жеке телімдерінде (кентас түйіндерінде) шоғырланған. Мұндай түйіндер вулканиттердің көмейлік және субжанартаулық фациялардың дамуымен сипатталады. Синклинорийлік құрылымдардың геотектоникалық дамуымен байланысты эффузиялық магматизмнің солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа қарай жылжуы силурдан (Сакмара белдемі) карбонға (Ырғыз белдемі) дейін, жасы әр түрлі колчедандык кендердің пайда болуына қолайлы жағдай жасады. Колчедандық кентас жаралуымен тығыз байланысты аймақтық жасыл тастық метаморфизм күшінің төмендеуі де осы бағытта байқалады. Осы белдемді солтүстікке қарай Ортаңғы Ор, Біршоғыр, Сакмара белдемін Кеңтоғай, Қосестек, Қарғалы, Ырғыз белдемін Қиялыкөл-Қарақұм, Бақсай сияқты кенді аудандарға бөлуге болады.

Мұғалжар сирек металдар белдеуі  — Актөбе облысының Мұғалжар тауындағы сирек металдардың кендері орналасқан алқап. Сирек металдардың кентастануы негізінен кембрийге дейінгі ме-таморфтық кешендерінен (гнейс, амфиболит, кристалдық тақтатас) құралған және Шығыс Мұғалжар металлоген, белдемінде шоғырланған. Мұнда кембрийге дейінгі ультраметаморфизмімен палеозойдың орогендік граниттік магматизмімен байланысты мигматиттер, граниттік 597 гнейстер, граниттер кең тараған. Сирек жер элементтерінің акцессорлық кентастануы (монацит, циркон, ру-тил, т.б.) кембрийге дейінгі гранитоидтармен бір кеңістікте топтасқан. Бұл кентастанудан қорымды кендер, кентас белгілері қалыптасады. Бұлардың ішіңде герциннің екі сатылы фанитоидтық магматизмімен генетикалық байланыста болатын сирек металл және сирек жер элементтерінің кентастануы ерекше орын алады. Лейкократтық граниттердің ірі батолит интрузиялары герцин магматизмінің бірінші сатысымен байланыста келеді. Молибден-вольфрам-висмут кентастануы (Итастыбұлақ, Ақпан, Борлы, т.б.) осы интрузияларда орналасқан. Сирек металл кентастануының пегматиттік және пневматолиттік-гидротермальдық типтері бар. Ырғыз бойының сирек металды пегматиттері танталит-колумбиттік формацияға жатады. Пегматитті аландар Талдысай массивінің фаниттерімен қиылған, амфиболиттер мен гнейстерден құралған ан-тиклинальдық құрылымдарда орналасқан. Пневматолиттік-гидротермальдық тип фейзендік (Шығыс), альбититтік (Борсықбай, Әйке, Қарасып, т.б.), циркон-монациттік (Шідер, Отешәлі, Белқопа), кварц-молибденит-серицитгік кентасты формацияларды Итасты-бұлақ, Қарабұлақ біріктіреді.

Мұғалжар шыңы құмдарының кені. — Батыс Мұғалжар бойында, Ор-Елек (Сакмара-Оралтау) көтерілімінің оңтүстік пен Ор ойпаңында кездесетін құмды алқап. Құм кендері палеоген мен миоценнің континентгік шөгінділеріңде шоғырланған. Ірілері — Батыс Мұғалжар алды ойпаңындағы Мұғалжар мен Айрық арасында саз қабатшалары мен линалары бар ақ түсті кварц құмының қалыңдығы   25  м-ге жетеді.

Құмдағы кварц түйірлерінің мөлшері 95%. Қоспа ретінде магнетит, лимонит, турмалин, хлорит, циркон, лейкоксен, кальцит кездессді. Құмда 91,6 — 99,0% SіО„ 0,4% Ғе20„ 2,52% СаО, 0.26 — 3,72% А1203 + Ті02, 0,77% МgО бар. Қалындығы  4 — 4,5 м-ге жететін Айрық кенінің құмы жоғарғы эоцен жыныстарында ұшырасады. Ор-Елек көтеріліміндегі эоценмен жасты Қараағаш кенінің құмы жақсы іріктелген, құрамында 96,28% SіО2, 0,33% Ғе,О3, 1,26% А12О3  бар. Ор ойысындағы Мамыт кені эоценнің сексеуіл свитасы шөгінділерінде түзілген. Құмы сұр, ашық сары, ұсақ түйірлі; арасында каолин саздары мен кварцит линзалары болады. Бұл кеннің құрамында 96,3 — 97,3% SіО2, 0,33% Ғе2О„ 1,28 — 1,50% А12О3  бар. Аталған кендердің құрамы терезе шынысы мен шыны ыдыс жасауға жарамды.

ІІ  Тарау  Мұғалжар тауының топырағы, өсімдік жануарлар дүниесі

2.1. Мұғалжар тауының климаты және ішкі сулары

Мұғалжар желі  — Мұғалжар тауы атырабындағы дауылды жел. Мұғалжар желінің әсері Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында және Ақтобе облысында жерінің оңтүстігінде байқалады. Жел осы өңірге солтүстік батыс және батыстан келетін циклонға Арал теңізінің солтүстік — шығыс жағалауындағы ойпат ауасының сорылып тартылуынан және өте кең аймақтағы орографиялық элементтердің әсерінен кейде күшті дауылға айналады. Шығыс, оңтүстік — шығыс бағытта соғатын желдің жылдамдығы 20 — 30 м/с, кейде 50 м/с-ка жетеді. Мұндай жел жылына 30 шақты рет қайталанады. Көбіне Қазақстан жеріне Сібір антициклоны (каңтар наурыз және қараша — желтоқсан айларында) қарлы боран әкеледі, ал көктемде жауын-шашынның  көбірек түсуіне әсер етеді.

Мұғалжар тауы —  Оралдың оңтүстік жалғасы, Ақтөбе облысы аумағында. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 400 км-ге созылып жатыр. Ені 200 км-дей. Орташа биіктігі 300 м, ең биік жері — Үлкен Боқтыбай тауы (657 м). Солтүстігінде жіңішке бұйрат түрінде басталып, әрі қарай бір-біріне жарыса орналасқан екі қатар тізбекке бөлінеді. Олардын арасын беті сәл белесті ойыс бөледі (ені 15 — 20 км). Жоталар кей жерлерде бір-бірімен төбелер жүйесі арқылы жалғасады. Аралық өңірде девон мен тас көмір дәуірінің құмтас пен әктас жыныстары таралған. Жоталар кембрийге дейінгі және палеозойлық кварцит, кристалдық тақтатас, гнейс, гранит, т.б. жыныстардан құралған. Батыс Мүғалжар, немесе Бас жота бір-бірімен тіркесіп, меридиан бағытында созылатын жеке қырқалар тізбегін түзеді. Онтүстік  бөлігі биік жөне қатты тілімденген. Шығыс  Мұғалжар тауы аласа, төбесі тегіс шоқылар тізбегі түрінде. Солтүстік бөлігі айқын тау сипатында, оңтүстікке қарай бірте-бірте аласара береді де маңайындағы жазықтан аз-ақ көтеріліп тұратын аласа төбеге айналып кетеді. Мұғалжар тауының 48° с. е. маңында аяқталады, одан оңтүстікте абстракциялық биіктігі 250 м-ден аспайды. Мұғалжар  тауының Ырғыз өзені салалары арасындағы суайрықты құрайды. Солтүстікке қарай Ор өзені ағып шығады. Климаты тым континентті, кысы суық, қар жамылғысы жұқа. Қаңтардың ортасында температурасы -15 — 18°С. Жазы ыстық, құрғақ, шідденің орташа температурасы 21 — 25°С.  Жылдық жауын-шашын мөлшері  200 — 250 мм. Солтүстік бөлігінің қиыршықты тастақ даласында боз, бетеге, сұлыбас өскен. Оңтүстікке  қарай астық тұқымдасты жусанды шөлейтке ауысады (бетеге, жусан, т.б.). Жыраларда анда-санда қайың, көктерек, тал, мойыл кездеседі. Қатты тау жыныстары жер бетіне шығып жататындықтан өңір егін егуге қолайсыз. Егіншілікке пайдалануға жарамды жерлер тек аңғарларда ғана кездеседі. Жер асты суының қоры мол. Мұғалжар тауының қойнауында мыс, никель, марганец, сирек металдардың, фосфорит және тас көмірдің кен орындары барланған. Олардың кейбіреулері (никель, фосфорит, т.б.) өндірілуде.

Мұғалжар тауында өзен, көл, мұздықтар мен жер асты суының таралуы және олардың деңгейлік ерекшеліктері ең алдымен климат факторларына, жер бетіне түсетін жылу мен ылғаддың арақатынасына тәуелді. Су қорларының ішінде, әсіресе, өзен және көл ағындарының маңызы аса күшті. Бірақ көпшілік өзен-көлдердің деңгейлері үнемі күрт ауытқып отырады: кей жылдары су мөлшері қалыпты орташа деңгейден 2—4 есе артық болса, қуаң жылдары көптеген айдындар мүлдем құрғап қалады. Аридтік аймақта жайласқан Қазақстанның маңызды табиғи қорларының бірі — жер асты суы. Су қорлары кең-байтақ аумакта біркелкі таралмаған.

2.2  Мұғалжар тауының табиғат зоналары

Мұғалжар тауының дала зонасы орманды даланың оңтүстігінде рес-публика жер көлемінің 20%-нен астамын алып жатыр. Дала зонасына Батыс Сибирь ойпатының оңтүстік ше-ті, Торғай үстіртінің солтүстігі, Мұғалжар бүтіндей дерлік, Жалпы Сырттың етегі, Каспий бойы ойпаты-ның солтүстік шеті, Сарыарңаның солтүстігі және ор-талығының біраз бөлігі кіреді. Бұл зона екі подзонаға бөлінеді: 1) оңтүстік (гумусі аз) қара топырақты, бозды-әр түрлі шөпті дала, 2) қоңыр-каштан топырақты, бозды-бетегелі дала.

Бозды-әр түрлі шөпті дала дала зонасының солтүстік жартысын алып жатады. Мұнда алдыңғы зонаға қарағанда климат өте континентті келеді. Орташа жылдық атмосфералық жауын-шашынның мөлшері 250—300 мм, жазы біршама ыстық, июльдегі орташа температурасы 20—22°. Қысы қатты.

Далада қара және қоңыр сарғылт топырақ тараған. Ойыс жерлерде, әсіресе қазан шұңқырларда, тұзды топырақтар кездеседі. Тұздану үлкен ала-құлалықты тудырады. Атмосфералық жауын-шашынның азая беруіне, буланудың көбеюіне және температура амплитуда-сының өсе беруіне байланысты сортаңдар оңтүстікке және шығысқа қарай арта береді.

Өсімдік жамылғысы әр түрлі шөпті-дақылды формациядан құралады. Дала зонасы шөп өсімдіктеріне бай, мұнда боз, бетеге, атқонақ, еркек шөп, кермек (қаңбақ) басым.

Ойпаңдарда және ылғалды жерлерде мынадай өсімдіктер тараған: жатаған жоңышқа, сибирь анары, жібек тәріздес жусан, дала қарабасы. Бозды-бетегелі дала дала зонасының оңтүстік бөлігін алып жатады. Мұнда климат анағұрлым құрғақ. Сондықтан бұл подзонаны кейде құрғаң дала деп те атайды. Оның копшілік жерінде жылына 250—275 мм ғана жауын-шашын түседі. Жауын-шашынның макси-мумы алдыңғы подзонаға қарағанда ертерек түседі. Июльдегі орташа температура 22—24°, қысы қатал, қары аз болады.

Мұғалжар тауының топырақ жамылғысы қоңыр-каштан топырақ, гу-мус горизонтының қалыңдығы 35—45 см. Бұл топырақтардың карбонаттығы жоғары. Ойпаңдар мен ылғалды жерлерде олар бірсыпыра тұзды болып келеді де сортаңдар мен және сормен кезектесіп отырады. Сортаңды жерлер тыңайтқыш қолдануды қажет етеді.  Мұғалжар тауының өсімдік жамылғысы негізінен бозды-бетегелі формациядан тұрады, олар: шашақты боз, жіңішке жапырақты боз, бетеге және сұлы өлең шөп, бандалы т. б.

Мұғалжар тауының дала өсімдіктерінің ішінде шай қурай, шай шөп, түйін шөп, итмұрын сияқты дәрі-дәрмектік өсімдіктер де өседі.

Қорытынды.

Қорыта айтқанда, Мұғалжар тауы Орал тауының оңтүстігінде Қазақстан жеріндегі табиғи жалғасы болып табылады. Мұғалжар тауының Орал тауынан айырмасы, оның шығыс беткейі көлбеу, батыс беткейі тік болып келеді. Мұғалжар солтүстіктен оңтүстікке қарай 200 км-ге созылған. Бір-біріне параллель жатқан Батыс және Шығыс жоталары арасында ені 15-20 км толқынды жазық орналасқан. Оның кейбір жерлерінде ұсақшоқылар да бар. Мұғалжар оңтүстікте төбелері тегіс аласа қырқаларға және жеке-дара тұрған Шошқакөл таулы бұйратына жалғасады. Сарыарқа сияқты Мұғалжар да — шөгінді және магмалық жыныс-тардан түзілген ежелгі таулы өлке. Ең биік жері -Үлкен Боқтыбай (657 м).

Мұғалжар тауының даланың жануарлар дүниесі өз алдына ерекше. Далада ашық кеңістікте өмір сүруге бейімделген әр түр-лі жануарлар өмір сүреді. Олардың түстері өмір сүре-тін жерінің түсіне ұқсас және олар жылдам жүгіреді немесе тез ұшады, жылдың ңолайсыз мезгілінде ұзаң ұйқыға кетеді. Мұғалжар тауының дала сүт қоректілеріне саршұнаң, қосаяң, суыр, са-сық күзен, дала тынгңандары жатады. Бұл кеміргіш-тер егінге көп зиян келтіреді. Саршұнақтар ін қазып топырағын сыртқа шығарып, үйіп тастап, жер бетін өзгертіп қалың томпешіктер пайда етеді. Ең ірі деген жануарлардан борсық, қасқыр, түлкі, тұяқтылардан бұрын үйір-үйір болып жүрген бөкендер кездеседі. Мұғалжар тауының құстардан дуадақ, безгелдек, көптеген дала торғайлары, тырна, балшықшы, боз торғайлар бар. Жыртқыш құстардан дала бүркіті мен ңұладыны, көзқұйрық кездеседі.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.В. П. Горощенко., И.А. Степанов «Табиғаттанудан сабақ беру методикасы»  Алматы, 1981жыл.

  1. «СССР физикалық географиясы» Алматы, 1986ж

3.Б. Асубаев, Г. Сулейменова, К, Ысқақова., С. Көбенкулова «Қазақстанның физикалық географиясы оқыту әдістемесі» А —  2004ж

  1. Власова Т.В. «Материктердің физикалық географиясы» А, 1984.
  2. Бейсенова Ә «Қазақстан табиғатын зерттеу және физикалық географиялық идеяларының дамуы» Алматы, 1990ж.
  3. «География және табиғат» 2003 №6
  4. В.П. Максаковский «География» Алматы 1997 жыл.
  5. «Қазақ Совет Энциклопедиясы» Алматы  1974  жыл.
  6. «Материктермен елдерде» Алматы  1983  жыл.
  7. «Материктер» Ақназаров Х. Алматы 1989  жыл.
  8. Колесник С.В. «Жалпы  жертанудың  негіздері»   Алматы – 1952ж.
  9. Мұқашев Ж.М. «Жалпы жертану»  Алматы – 2002ж.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ