МҰХИТТАР Дүниежүзілік мұхит

0
14346
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.

МҰХИТТАР

Дүниежүзілік мұхит

Дүниежүзілік мұхиттың жалпы ауданы — 361 млн км,Мұхит  суының  басты        қасиеті-температурасы мен тұздылығы.Терендеген  сайын   мұхит  суының
температурасы төмендей түседі: 3000-4000 м,аралығында +2°-0°.

Дүниежүзілік мұхит суының құрамы: суда еритін тұздар, газдар, органикалык және ерімейтін т.б. заттар.1  литр мұхит суындағы тұздың мөлшері судың тұздылығы деп аталады. Ол промилле арқылы өлшенеді.

Мұхит суының орташа тұздылығы-35 0/о.Дүниежүзілік   мұхиттағы   ең   жоғарғы тұздылық. Қызыл теңізде, 41″/ю.Мұхит     суынын     беткі     температурасы полюстерге қарай төмендей түседі.Дүниежүзілік   мұхит   мұздықтары   бір жылдық,   көп   жылдык,   қалкыма   (айсберг)
больш бөлінеді.

Мұхит пен материк арасындагы өзара байланыс — муссондар болып табылады.Мұхиттың белгілі бір бөліктерін ашып жатқан зор көлемді суды — су массалары деп атайды. Су массалары: экваторлық, тропиктік, қоңыржай, полярлық болып бөлінеді. Мұхит пен материк арасындағы жылу мен ылғал айналасында беткі ағыстар пайда болады.

Мұхиттык ағыстар: Солтүстік пассат ағысы, Гольфетрим,-Солтүстік Атлант ағысы, Канар суық ағысы. Бразилия ағысы, Батыс желдер ағысы, Бенгал ағысы.

Мұхиттағы тіршілік

Мұхиттағы тіршілік аймақтарына судың беткі қабаты мен оны құрайтын су массасы және мұхит түбі жатады. Мұхиттағы тіршілік географиялық ендікке байланысты таралады.

Табиғаты

Мұхиттық аралдардың көбі вулкандық және маржан аралдарына жатады. Жанартаулық аралдардың ең ірісі — Гавай аралдары.Жаңа Зеландия — геосинклинальдық арал.Жана Гвинея, Жаңа Каледония — материктік аралдар.Мұхиттық аралдарда ауа температурасы жыл бойы жоғары, ылғал бір қалыпты түседі. Тропиктерінде тайфундар соғады.Аралда жыртқыштар мен улы жыландар кездеспейді.Аралдар тобы — атоллдар, жанартаулық аралдар, материктік аралдар, маржан рифтері.

Өсімдіктері: саго, пандан, какос пальмасы, казуарина, эвкалипт, акация.

Жануарлары: кенгурулар түрлері, кускус, калталы борсық, ехидна, қазуар, какаду, кесірткелер, жұмсак кұстары, тасбақалар.

Халқы мен елдері

Мұхит аралдарын қоныстанған халықтар негізінен оңтүстік Шығыс Азиядан келгендер.

Халқы: байырғы тұрғындар мен аралас халықтар.

Жаңа Гвинея мен оған таяу аралдарда папуастар тұрады.Жаңа Зеландияда — маори халкы тұрады.

Тынық мұхит

Географиялық орны

Тынық мұхиты — дүние жүзіндегі ең үлкен, ең ежелгі мұхит. Негізі Батыс жарты шарда, экватордың екі жағында орналасқан.Ауданы — 178,6 млн. км!Батысынан шығыска қарай — 19 мың. км-ге жетеді.Солтүстіктен оңтүстікке дейін — 16 мын км.Суынын көлемі 710 млн км.Ен терең жері — Мариана шұңғымасы. (Тынық мұхитында 10 мыңнан астам Арал бар.

Мұхиттағы орташа терендік 4 мың метрге жуық.Орташа температурасы +19° С.

Зерттелуі.

1519-1522 ж.ж. Ф. Магеллан мен С. Элькано Тынық мұхитты ашты.

1648 ж. Семен Дежнев XVII г. А. Тасман мен Д. Кук ХІХг. «Витязь», «Челенджер» ғылыми зерттеу кемелері жинақтаған мәліметтер.

1943 ж. Жак Ив Кусто зерттеулері.

Жер бедері

Тынық мұхит тақтасында орналасқан мұхит табанында шұнғымалар, арал доғалары кездеседі: «Отты шенбер» — аралдар доғасы. Тынық мұхиттын шығысында Шығыс Тынық мұхит су асты жотасы орналасқан.Тынық мұхиттағы ен үлкен жанартаулар тобы — Гавай аралдары.

Климаты

Тынық мұхит полярлық белдеуден басқаларынын бәрін қамтиды. Мұхиттың солтүстігі оңтүстігінен жылырақ келеді. Орталық бөлігінде пассаттар, батыс бөлігінде мусссондар соғады. Мұхиттың батыс бөлігінде кейде тропиктік жойқын дауылдар — тайфундар (күшті жел) соғады. Су бетінің жылдық орташа температурасы: -1° — тан +29″ С, тропиктік аудандарда +19° С. Экватор бойында жылдык жауын-шашын мөлшері 2000 мм.

Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі

Мұхиттағы тіршілік дүниесінін басқалардан айырмашылығы — өте ежелгі және алып түрлері көп кездеседі: Балықтардың ежелгі түрлері, теңіз кірпілері, семсерқұйрык, теңіз мысығы, теңіз кұндызы, теңіз қабыланы, ірі жыртқыш балықтар, ұшкыш балықтар, акуланың түрлері, тридакна, кашалот т.б.

Аустралия жағалауындағы қайрандарда ірі маржандык рифтер кездеседі.

Өсімдіктерінен балдырлар мен теңіз орамжапырақтары және т. б. /

Атлант мухиты

Атлант мұхитының көп бөлігі батыс жартышарда орналасқан, Америка, Еуропа, Африка, Антарктида жағалауларымси шектеледі, солтүстіктен оңтүстікке қарай созылыңқы, солтүстік бөлікте кеңейеді, ал экваторлық ендікте тарылады. Ауданы бойынша тынық мұхиттан кейінгі екінші мұхит. Солтүстік жартышарда оның жағалау сызығы аралдар, бұғаздармен көп тілімденген. Материкке жақын мұхитта аралдар ішкі және шеткі теңіздер көп.

Орташа тереңдігі-З000м. Максимальды-9207м. (Пуэрто-Рико шұңғымасы). Бүкіл мұхиттың түбімен Орта-Атлант тау жотасы созылған, онын үстіңгі бөлігінде 30-дан 6 км-ге дейін маржан аңғарлары орналасқан. Екі жағында, қазаншұңқырлар жатыр. Пайдалы қазбалар: мұнай. газ, фосфориттер. қалайы, алмаз, темір марганецті концентрациялар және т.б.Мұхит жердің барлық климаттық белдеуінде орналасқан. Басым бөлігі 40!С және 42°С арасында, субтропикалық, тропикалық, субэкваторлық және мұхиттың оңтүстік бөлігінің экваторлық климатына тән.

Аса қатаң климат — мұхиттың онтүстік бөлігінде. Атмосфералық циркуляцияның әрекеті пассаттарды экеледі, коныржай ендікте — батыс желдері соғады.

Атлант мұхитының солтүстіктен оңтүстікке қарай созылуы ендікке қарағанда, бойлық бойы су ағынына тән. Сондықтан, Атлант мұхитындағы суық және жылы сулар басқа мұхиттарға қарағанда, бір ендіктен екіншіге белсенді ауысады. Атлант мұхитында 2 айналым тәрізді су беткейінің қозғалысы қалыптасады.Онтүстікке қарағанда мұхиттың солтүстік жартысы жылырақ, температурадағы айырмашылық + 6°С-ге барады. Тынық мұхитқа қарағанда су бетінің орташа температурасы біршама төмен (+16,5°С) салқындау жерін мұзды мұхит және Антарктиданың суы мен мұздықтары тигізеді.Судың тұздылығы жоғары, 37,5%-ға дейін,яғни, ылғалдық салыстырмалы мөлшері көрші материкке кетеді де жылына орташа жауын-шашын мөлшері-790 мм; булану жылына-1040мм. Мұ-хитқа көп өзендер құяды. Қыста коңыржай   белдеудегі    жағалауларда, субполярлық шығанақтар мен теңіздерде мұздар түзіледі. Мұхиттың ерекшелігі — онда айсбергтер мен жүзбелі теңіз мұздары көп, олардың көбі солтүстік мұзды мұхиттан және Антартктида жағалауынан бөлінеді.

Геологиялық жағынан мұхит жас. Организмдердің таралуына су мен ағынның тікелей ауысуы әсер етеді. Солтүстікте жылы ағыспен бірге төменгі ендіктегі көптеген организмдер қосылады. Атлант мұхиты аудан бірлігінле ең өнімді, бірақ онын кейбір аудандарында биологиялық ресурстары азайған,

Үнді мұхиты

Үнді мұхиты Оңтүстік жарты шарда орналасқан және де толығымен шығыста, Африка, Еуразия, Аустралия, Антарктида жағалауларымен шектелген. Жағалау сызығы аз тілімденген. Мұхитта 8 теңіз, үлкен шығанақтар бар. Аралдар аз. Ірі аралдар материктерге жақын орналасқан.

Мұхиттың орташа терендігі шамамен 5700м, максимальды 7450м (шұңғымасы). Жер бедерінің түбі күрделі және әрқилы. Су түбінің көтерілуінде орта — Үнді жота жүйесі анықталады, оған көлденең бұзылымдар, рифтілер жер сілкіну және су асты жанартаулар тән. Тау жоталары арасында көптеген қазаншұңқырлар жатыр. Шельф аз дамыған.Пайдалы қазбалар: мұнай, табиғи газ, темір «арганикты конкреция, қалайы кені, алтын, росфорит.

Мұхиттың көп бөлігі экваторлык, субэкваторлық және тропикалык климат белдеулерінде жатыр. Климаттың ерекшелігі — солтүстік бөлігіндегі муссондар қалдыққа әсер етеді. Оңтүстіктен 10°С қарай онтүстік шығыс пассат басым, оңтүстікке карай ;қоңыржай ендіктегі қатты желдер соғады. экваторлык белдеуде жылдық жауын-шашын мөлшері 3000 мм-ге дейін жетеді. Аравия, Қызыл теңіз жағалауларында, Парсы шығанағында жауын-шашын мөлшері аз.Солтүстік бөліктегі ағынның қалыптасуына маусым бойынша, яғни жүйесінің өзгеруіне жиі ауысапалы муссондар әсер етеді. Оңтүстік бөлікте — Дүние мұхиты ағысының жалпы негізінде су ағыны болып отыр. (Оңтүстік пассат, Мадагаскар, Батыс — Австралияның).

Су беткейіндегі температура шамамен -17°С, бұл оның антарктикалық суымен бұзылуын білдіреді. Солтүстік бөлігі ең жылы, жазда парсы шығанағындағы судың температурасы +3″С-ден + 4’С-ге дейін көтеріледі. Оңтүстік жартышарда ендіктің нығаюына байланысты судың температурасы төмендейді. Су бетінің тұздылығы жоғары, әсіресе Қызыл теңізде — 42 %.

Балық түрлеріне бай және әрқилы сардимелла, анчоус, скумбрия, тунен,ютотеневые, ак каиды балықтар), кит тәрізді балықтар кездеседі. Органикалык дүниесі

Маржан рифтері және шельефтермен бай. Шаян тәрізділер өте көп креветка, лангустгар және т.б.).

Солтүстік Мұзды мұхит

Солтүстік Мұзды мұхит — жердегі мұхиттардын ең кішісі. Мұхит Африканың орталығында орналасқан, барлық жағынан құрлык қоршаған, бұл оның табиғат ерекшелігін білдіреді. Жағалау сызығы көп тілімденген. Мухитта 9 теңіз бар, ең үлкені -Норвег тенізі, ен кішісі — Ақ Теніз. Аралдар мен архипелагтар көп..

Басқа мұхиттармен салыстырғанда Солтүстік Мұзды мұхит онша терең емес. Орташа тереңдігі-113 Ім, максимальды — 5449м. Ауданнын 1 бөлігін шельеф алып жатыр. Мұхит қалаты бірнеше қазанщнкырлар және бөлінген су асты жоталардан тұрады.Пайдалы қазбалар: мұнай, газ, калайы және т.б.

Климаты полярлы жағдай мен ауа массаларынан қалыптасқан.   Орташа ауа температурь қыста — 40°С-ка дейін төмендейді, жазда шамамен 0»С. Жауын — шашын 100-200мм.Атлантиканың солтүстігінен Солтүстік Атлант ағысының жылу су ағыны келеді. Беринг бұғазының суы мұхитта кері бағытта шығыстан батысқа қарай жылжиды, Трансарктикалық ағын кұрайды.Үлкен өзен ағыны температураға, су массасының тұздылығына эсер етеді. Су бетінін температурасы төмен, көп бөлігінің температурасы тұздылығындағы судың қатуына жақын болады. Субполярлы аудаңдарда +5° +8°С. Жыл көлемінде аз жамылғысы сакталады. Жаздағы еруге қарағанда, қыста мұздар көп қалыптасады, ал мұздар Атлант және Тынық мұхитына кетеді. Жазда теңіздер белгілі бір мөлшерде мұздардан босайды.

Мұхиттағы негізгі биомассаларды суық сулы диаталды балдырлар құрайды. Өзен сағасына жақын балдырлар, зоо және фитопланктандар көп. Мұхит перефериінде балықтар (треска, навага және т.б.) суткоректілерден тюлень, белуха, аю кездеседі.

Мұхит суының қозғалысы

Толқындар. Мұхит суы үздіксіз қозғалыста болады. Оны қозғалысқа келтіретін құбылыс -жел. Желдін әсерінен су бетінде толқын пайда болады. Әрбір толқынның жалы және етегі болады. Етегінен жалға дейінгі қашықтык толқын биіктігі деп аталады. Орташа толқыннын биіктігі 4 метрден аспайды, кейде 6-7 м-ге жетеді. Ең күшті дауылды толқын 10-15 м биіктікке жетеді. Толқыннын күші 9 балдық шкаламен анықталады.

Цунами. Жер қойнауынын ішкі процестер әсерінен (жер сілкіну, жанартау атқылау) туатын толқындарды цунами деп атайды.Ашық мұхиттардағы цунамидің орташа биіктігі         1-2 м-ден аспайды. Ең күшті

цунами толқынының биіктігі 20-30 м болады.

Тайфун. Сұрапыл дауыл түрінде соғатын жел.

Мұхит ағыстары

Мұхиттағы су массаларының тұрақты түрде бір бағытта ауысуын мұхит ағыстары деп атайды.Ағыстарға әсер етуші кұбылыс — жел. Олар: Гольфетрим ағысы, Солтүстік Атлант ағысы, Лабрадор ағысы.

Мұхит ағысы материк жағалауының климат қалыптасуына әсер етеді. Олар жылы және суық ауа массаларын әкеледі.

Мұхит баіиыгы.

Мұхит жануарлары мен өсімдіктері.Мұхит тірі ағзаларға өте бай. Мұхит суында 150 мыңнан астам жануар түрі мен 10 мындай түрлі балдырлар кездеседі.Ауа райы деп —атмосфераның төменгі қабатының белгілі бір уақыттағы, белгілі бір жердегі, белгілі бір мерзімдегі жай-күйін айтамыз. Температура, ылғалдылык, атмосфералық қысым — ауа райының негізгі . элементтері. Күйіне қарай тропосферада жел, бұлт, қылау, қырау, қар, бұршақ пайда болып, жауын-шашын түседі.Жер бетінде ауа ауысып отырғанда ауа райы өзгереді:

Кұн сәулесі аз түсетіндіктен, полярлық аймақта күн қатты салқындайды, ал ауа экватор мен тропиктер маңында жақсы қызады. Мұхит үстінде ауа ылғалды да, құрлык үстінде кұрғақ болады.Тропосфераның осындай қасиеті жөніндегі ерекшелік жасайтыи үлкен бөліктерін ауа массалары деп атайды. Әрбір жарты шар ендіктеріне қарай 4 түрлі ауа массаларына ажыратылады.Экватордан басқа осы негізгі ауа массаларының әрқайсысы теңіздік, құрлықтық болып бөлінеді.

Жер осінің — ең кіші кескінін глобустан көруге болады. Жылдың әр мезгілінде күн сәулелері не оңтүстік жарты шарға, не солтүстік жарты шарға көбірек түседі.Маусым — солтүстік жарты шарда ең көп ұзаратын уақыт. Содан кейін күн ұзаруы тоқтап, бірте-бірте қысқарып, тоқырайды. 22 маусым — жазғы күн тоқырауы. Сол кезде күн 23,5° с.е-тегі параллельден түседі, ал 66,5° ендіктен солтүстік полюске дейін полярлық аймақта күн батпайды, полярлық күн болады. Ал онтүстік шарда, керісінше, 66,5° солтүстіктен оңтүстік полюске дейін күн шықпайды — полярлық түн болады. Полярлык күн мен түннін ұзақтығы поляр шеңберінде 1 тәуліктен, ал полюстерде жарты жылға дейін созылады.23 қыркүйекте күн экваторда тас төбеден түседі. Күзгі күннің теңелуі болады.

21 наурызда күн мен түн тенеледі. Бұл -көктемгі күн теңелуі деп аталады.

Солтүстік және оңтүстік жарты шарға күн жылуы мен жарығы тең бөлінеді.23   қыркүйектен   22   желтоқсанға   дейін  оңтүстік  жарты   шарда  күннід  тарауы,  ал солтүстік   жарты   шарда   күннің   қысқаруы
тоқтайды    Бұл   қыскы   күн   тоқырау   деп аталады

Мұхит түбіндегі таулар мен жазықтар

Барлық мұхиттарда мұхит ортасы жоталары деп аталатын су асты таулары бар. Мысалы Тынық мұхитындағы Пасха, Атлант мұхитындағы Әулие Елена, Тристан-да-Кунья аралдары осындай жоталардың үстінде жетады.

Мұхит түбінін ең үлкен бөлігі казаншұнкырларға тиеді. Қазаншұнкырлар-дын бедері жазык болып келеді және бетін шөгінді жыныстар басып жатыр. Мысалы, Үнді мұхитындағы Орталық қазаншұңқыр, Тынық мүхитындағы Солтүстік-Батыс казаншұңқыры.

Мұхит жазықтарына материктік қайраң да жатады. Қайраң дегеніміз — материктің мұхитка өтпелі бөлігі.Материктік кайраңнан мұхит түбіне ауысатын бөлігін матертіктік беткей дейді.Мұхиттардың материктерге жапсарлас еңіріндегі доға тәрізді келген ұзын және енсіз ойыстар шұңғымалар (науалар) деп аталады. Мысалы, Тынык мұхитындағы Мариан шұңғымасы (11022м). Дүниежүзілік мұхит қозғалысына: ағыстар, толқындар, су айналымдары
жатады. Мұхит суы әр жағдайда, әр уақытта өзінің көлемін, орынын
ауыстырып тұрады. Оған себеп — жел және климат. Толқындағы су
көлденең бағытта ешбір араласпастан жоғары-төмен теңселіп тұрады.
Бұл судың тік, яғни тербелмелі қозғалысы. Су түбіндегі жанартаулардың
атқылауынан цунами пайда болады. Цунамидің жылдамдығы ұшақтың
жылдамдығына тең. Сондықтан ол мұхиттағы кемелерді жағаға лақты-
рып жібере алады. Ағыстардың екі түрі бар: жылы ағыс және суық
ағыс. Дүниежүзілік мұхит бөлігінде аралдар, түбектер, шығанақтар, теңіздер, бұғаздар жатады. Дүниежүзілік мұхит бөлігінің ішіндегі ең үлкен арал — Гренландия аралы. Тынық мүхитында аралдар тобы көп, оларды ерекшелігіне байланысты Мелонезия, Микронезия, Полинезия деп бөледі. Одан басқа маржандық аралдар да бар. Дүниежүзіндегі ең үлкен теңіз -Саргасс теңізі. Оның бетін Саргасс балдырлары жауып жатқандықтан, теңіз балдырдың атымен аталған. Дүниежүзіндегі ең лас теңіз — Жерорта теңізі. Теңізде ұсталған балықтың етінде сынап пен қалайы мөлшері көп болған. Оның себебі мүхит пен теңізге төгілген жанармай мен мазут. Дүниежүзіндегі ең үлкен түбек — Арабия. Онда жауын-шашынның жылдық мөлшері 15 мм. ғана, аса құрғақ аптапты түбек. Жер шарындағы теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан теңіз — Өлі теңіз де осы түбекте орналасқан.

Мұхит суының қасиетіне температурасы, тұздылығы, химиялық құрамы жатады. Мұхит суының химиялық құрамы: хлор 88,7%, сульфат 10,8%, карбонат 0,3%, басқа қосылыстар 0,2%. Мұхит суында еріген газдар да кездеседі. Мұхиттар мен теңіздердің суы түзды. Ең тұзды мүхит — Үнді мүхиты, ең тұзды теңіз — Қызыл теңіз. Оның түздылығы 37,7%о, Тұздылық неғүрлым жоғары болса, соғүрлым су аз қатады. Ғалымдар бүкіл дүниежүзіндегі мүхиттар мен теңіздерді кептіргенде жерде қалған түздардан биіктігі 240 метр, қалыңдығы 2 метрге жететін қабырға жасап, оны экватордың бойымен бір шетінен екінші шетіне созуға болатынын дәлелдеген. Жалпы мүхит суының температурасы 17,5° С. Әкватор маңында температура 28-30° С болса, полярлық аймақтарда -1,8° С қүрайды. Мүхит суы — 2°С температурада қатады.

Тірі организмдер бүкіл мүхит қабатында тіршілік етеді. Мүхиттар-дың органикалық дүниесі — бентос, планктон, нектон болып бөлінеді. Өсімдік дүниесінің 15 мың түрі бар. Негізінен, олар фитопланктон жөне фитобентостан түрады. Жануарлар дүниесінің 150 мыңға жуық түрі бар. Оның ішінде моллюскалар — 60 мың, шаянтәрізділер — 20 мың, балықтар — 17 мың, қарапайымдылар — 15 мың, ішек қуыстылардың -9 мыңға жуық түрі мекендейді. Сүтқоректілерден кит тәрізділер мен ескекаяқтылар кездеседі. Түрлердің саны экваторлық аймақтан полюстер-ге жөне тереңдікке қарай кемиді. Мұхиттарды мекендейтін кейбір жануарлар мен өсімдік түрлері азайып немесе тіпті құрып бара жатыр. Сондықтан оларды зерттеу және қорғау жұмыстары дұрыс жолға қойылуы бүгінгі күннің үлкен мәселесі болып отыр.

Теңіздер мен мұхиттарда пайдалы қазбалар кеңінен тараған. Мұхит қайраңынан ең көп өндірілетін мұнай мен газ. Мұнай мен газға Парсы шығанағы, Мексика шығанағы, Солтүстік Мұзды мұхит қайраңы және Каспай теңізі бай. Мұхиттан тас көмір, темір рудасы, қалайы, т.б. өндіріледі. Сондықтан мұхит пен теңіздерді әлі де жақсылап зерттеу қажет. Мұхиттарға саяхат жасаған саяхатшылар: Х.Колумб 1492 жылы Кіші Антил аралын, XVII ғасырда голландық А.Тасман өз атымен аталатын аралды, XVIII ғасырда ағылшын саяхатшысы Д.Кук Жаңа Зеландия аралын, XVIII ғасырда орыс экспедициясы В.Беринг жөне А.Чириков Алеут аралын, 1803 жылы И.Крузенштерн, Ю.Лисянский Тынық Мұхитындағы көптеген жаңа аралдарды ашты.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ