Мұхиттар

0
16694
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.

Мұхит (Әлемдік мұхит) — гидросфераның негізгі бөлігі. Мұхит, Дүниежүзілік мұхит (гр. okeanosмұхит, Жерді қоршап жатқан ұлы өзен). Жер шарында төрт мұхит бар: Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік мұзды. Кейбір ғалымдар Антарктида маңы суларын бесінші Оңтүстік мұхиты деп жеке бөледі.

Жоспар: 

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім

Үнді мұхиты

Атлант мұхиты

Солтүстік мұзды мұхиты

Тынық мұхиты

  1. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Мұхиттарға бөлу нұсқалары

Мұхит (Әлемдік мұхит) — гидросфераның негізгі бөлігі. Мұхит, Дүниежүзілік мұхит (гр. okeanosмұхит, Жерді қоршап жатқан ұлы өзен). Жер шарында төрт мұхит бар: Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік мұзды. Кейбір ғалымдар Антарктида маңы суларын бесінші Оңтүстік мұхиты деп жеке бөледі.

Жалпы мәлімет

Мұхит құрлықтар мен аралдарды қоршап жатқан Жердің тұтас су қабаты. Аумағы 361,26 млн. км2, көлемі 1340,74 млн. км3, орташа тереңдігі 3711 м, ең терең жері 11022 м (Тынық мұхиттағы Мариана шұңғымасы). Дүниежүзілік Мұхит құрлықтар арқылы 4 бөлікке бөлінеді: Тынық (50%), Атлант (25%), Үнді (21%) және Солтүстік Мұзды Мұхит (4%). Мұхит Солтүстік жарты шардың 61%-ын, Оңтүстік жарты шардың 81%-ына жуығын алып жатыр. Мұхиттық жарты шардағы судың мөлшері 91%-ды және құрлықтық жарты шардағы мөлшері 53%-ды құрайды. Гидрология режимінде Дүниежүзілік Мұхит жеке мұхиттарға, теңіздерге, шығанақтарға, қойнаулар мен бұғаздарға ажыратылады; сыртқы шекарасы құрлықтың жағалық сызықтарымен айқын кескінделіп, ішкі шекарасы теңіздермен және оның бөліктерімен бөлінеді. Кейбір зерттеушілер Дүниежүзілік Мұхитты Бес Мұхитқа бөледі. Оның шекарасы субтропиктік және субантарктикалық конвергенция сызығы бойымен немесе Ортамұхиттық жоталардың ендік бөлігі бойынша өтеді.

Мұхит түбі бедері және геологиялық құрылысы

Мұхит түбі ауданының басым бөлігі (73,8%-ы) 3 000 – 6 000 м тереңдікте орналасқан. Ол Мұхит қайраңы (шельфi), беткейі, етегі, Мұхит түбі, Мұхит шұңғымасына ажыратылады. Қайраң Мұхиттардың шетін бойлай құрлықтың су астындағы жалғасы ретінде 200 м тереңдікке дейін созылып жатады, ені ондаған метрден бірнеше жүздеген км-ге жетеді. Ол Мұхитқа қарай тік кемер жасап континенттік беткейді құрайды. Қайраң құрлық тұғырының төменгі шегі ретінде 2 000 – 2 400 м тереңдікке дейін таралады. Беткей етегінен абиссаль қазаншұңқырларға қарай ені 200 – 300 км болатын континентті етек жалғасады. Мұхиттардың орта тұсынан әдетте Ортамұхиттық жоталар өтеді. Олардың беткейлері абиссальды Мұхит қазаншұңқырларына ауысады. Ортамұхиттық жоталар ұзындығы 60 000 км болатын біртұтас жүйені құрайды. Жоталардың ені 1 000 км, абиссальды қазаншұңқырлардан 2,5 – 3 км жоғары тұрады. Олардың қырқасы су бетінен орта есеппен 2700 м тереңдікте өтеді. Жоталардың осьтік бөлігінде тереңдігі 1,5 км, ені 20 – 30 км болатын рифті аңғарлар байқалады. Абиссальды қазаншұңқырлардың ені 1000 км-ге жуық, тереңдігі 5 – 6 км болады. Пассивті шеткі белдем Жер қабығының континентті және мұхиттық шекарасын бойлай жатады; ол сейсмикалығы мен жанартаулық процестердің жоқтығымен сипатталады, континенттен әкелінген өте қалың (5 – 7 км) шөгінді қабаттардан тұрады. Активті шеттердің сейсмикалығы жоғары. Оған Мұхит табанын жанартаулық аралдық доғадан бөліп тұратын терең шұңғымалар (тереңд. 7 – 8 км) ұштасқан. Мұхит түбін негізгі екі геологиялық кешен құрайды: беті шөгінді қаптамамен жабылған базальтті және оған жақын магмалық жыныстардан тұратын іргетас жатыр. Мұхиттың геологиялық тарихын зерттеушілер Мұхитты бастапқы, өтпелі және қазіргі даму кезеңдеріне ажыратады. Геологияға дейінгі кезеңді (3,5 млрд. жыл бұрын) қамтыған гипотетик. бастапқы сатысында жер қойнауынан негізгі су массасының шығуы, қышқыл өнімдердің газсыздануы және мұхит түбі жыныстарымен іс-әрекетке түсіп бейтараптануымен байланысты. Өтпелі кезеңнің ұзақтығы 2 млрд. жылды құрайды (3,5 – 1,7 млрд. жыл бұрын). Бұл кезеңде өмір пайда болып дамыды; фотосинтез нәтижесінде оттек бөлініп, мөлшері ұлғайды. Мұхит суының құрамы тұрақталып, тұздылығы шамалы ғана өзгеріске ұшырады. Қазіргі кезең бұдан 1,7 млрд. жыл бұрын басталып, әлі жалғасуда.

Гидрологиясы

Мұхиттардың негізгі гидрологиялық сипаттамасына температура, тұздылық және ағыстың жылдамдығы жатады. Мұхит өте көп мөлшерде күн жылуы мен ылғалды жинақтаушы орасан зор аккумулятор. Мұхит бетінің 1 см қалыңдықтағы суына күн энергиясының 94% жұтылады. Осының нәтижесінде Жер бетіндегі температурасының шұғыл ауытқуы бәсеңдейді және шалғай жатқан аудандар ылғалданып, тіршіліктің дамуына қолайлы жағдай туады.

Температурасы

Мұхиттың беткі суының жылдық орташа температурасы 17,5°С. Ашық Мұхитта температураның жоғарғы көрсеткіші экватор бойында (28°С), ең жоғарғы температура (34°С) тамыз айында Парсы шығанағында тіркелген. Құрлықтың әсерінен су температурасы солтүстік жарты шарда оңтүстік жарты шарға қарағанда жоғары болады, ал экватордан полюстерге қарай біртіндеп –1,5–1,9°С-қа төмендейді. 30° с. е. бойында қыста 17 – 18°С, жазда 25°С; 60° ендікте қыста 0°С-тан төмен, жазда 10°С, полюс маңындағы температура 1,9°С. Мұхиттүбіндегі су температурасы 1,4 – 1,8°С, полюстік аймақтарда 0ӘС-тан төмен болады, ең суық температура –2°С (полюсте мұз астында).

Тұздылығы

Судың химиялық сапасы, физикалық, химиялық қасиеті жағынан бірдей болғанымен оның гидрологиялық, геохимиялық режимі әр түрлі. Мұхит суы концентрациясы 35 г/л болатын тұз ерітіндісінен тұрады, сондықтан орташа тұздылығы S – 35,00ү, максимальды тұзд. 39 – 42ү (тропиктік теңіздерде). Тұз массасының құрамы құрлықтан келетін жауын-шашынмен, атмосферамен алмасу процесі және түпкі шөгінділермен, теңіз организмдерінің өмір 1022 г еріген тұз×сүру қабілетімен реттеліп отырады. Мұхитта барлығы 5 бар. Оның құрамында Na+, Mg2+, K+, Ca2+,Cl-, иондары кездеседі. Мұхит суында атмосферадан келетін және су қабатында пайда болатын түрлі газдардың (О2, СО2 т.б.) ерітінділері де болады.

Мұхит суының химиялық құрамы

Мұхит суының химиялық құрамы: хлор 88,7, сульфат 10,8, карбонат 0,3, басқа қосылыстар 0,2. Мұхит суының орташа тұздылығы S – 35,00‰, максимальды тұздылығы 39 – 42‰ (тропиктік теңіздерде). Тұздылықтың маусымдық ауытқуы 100 – 150 м тереңдікте байқалады. Мұхит суында тұздардан басқа еріген газдар да кездеседі: азот, оттек, көмірқышқылы, т.б. Мұхиттағы тіршіліктің дамуында атмосферадан өтетін және балдырлардың фотосинтезі кезінде түзілетін оттектің маңызы өте зор. Терең қабаттарда оттек мөлшері 2,5 – 3 мг/л-ге дейін кемиді, кейбір аудандарда 0-ге тең болады.

Су айналымы

Мұхиттың 150 – 200 м тереңдіктегі су қабатының айналымы Мұхит бетіндегі басым желдерге тәуелді; ал одан төменгі қабатында тығыздығына байланысты болады. Су айналымының негізгі элементіне субтропиктік ендіктерде антициклондық айналым және жоғарғы ендіктерде циклондық айналым жатады. Оның орталық құрлықтардың батыс жағалауында орналасқан (Гольфстрим,Куросио ағыстары). Антарктикада беткі судың горизонталь жылдамдығы 5 – 10 см/с болатын қуатты циркумполюсті ағыс байқалады, ол теңіз түбіне дейін жетеді. Тереңдеген сайын ағыс жылдамдықтары кеми түседі (тек экватор маңындағы беткі қарсы ағыстан басқа).

Географиялық белдемділігі

Температураның, тұздылықтың, химиялық элементтердің, органикалық дүниенің негізгі таралу заңдылықтары географиялық белдемдердің ауысу шекаралары маңында байқалады. Белдемдер арасындағы шекара, көбінесе, мұхиттық шеп түрінде айқын ажыратылады. Тереңдеген сайын (500 м-ден төмен) белдемдердің саны азайып, білінбей кетеді.

Түпкі шөгінділер

Мұхит түбінде терригенді, биогенді, хемогенді, жанартаутекті және эдафогенді шөгінділер жинақталады. Шөгінділер климаттық, тік, циркумконтинентті және тектоникалық белдемділікпен тарайды. Мұхит түбінің беткі қабатының басым бөлігін (40%-ға дейін) биогенді шөгінділер жауып жатыр. Терригенді шөгінділерге 20%, терең сулы пелаг. саз 26%-ды құрайды, қалғаны – аралас шөгінділер. Терригенді шөгінділердің құрамы алюмосиликатты, сынықты, сынықты-сазды, сазды; ол теңіздерде және мұхиттың континентке таяу ауданында әртүрлі тереңдікте тараған. Биогенді әктасты және шақпақтасты шөгінділер қаңқа қалдықтарынан және планктонды, бентосты организмдердің қабыршағынан түзілген. Хемогенді шөгінділер ашық Мұхиттарда кездеседі, темірмарганецті конкрециялар мен қабықшалардан, смектитті, темірлі шөгінділерден тұрады. Жанартаутекті шөгінділер жер беті және су асты жанартау атқылауларының кесекті өнімдерінен түзілген; ол доғалдық аралдарда кең таралған. Эдафогенді түзілімдер тектоникалық өнімдердің уатылуынан және су түбіндегі байырғы таужыныстардың (базальтты, габброидты, т.б.) су асты шайылуынан пайда болған.[1]

Минералды ресурстары

Мұхит суларында Д.Менделеев кестесінің 70-тен астам элементі еріген күйінде кездеседі; судың 1 км3-інде 36 млн. түрлі заттар бар. Мұхит қойнауында әр түрлі қатты, сұйық, газ тәрізді минералды шикізат қорлары, мұнай мен газ, сирек металдар, қалайы, алтын, алмас шашылымдары, темірмарганецті конкрециялар мен қабықшалар, сульфид, фосфорит және құрылыс материалдары алабы тараған. Мұнай мен газдың қоры 300 – 350 млрд.(қойнау қайраңында 184 млрд. ) деп болжанады. АҚШ жағалауы мен Мексика шығанағында, Солтүстік Парсы шығанағы және оңтүстік-Шығыс Азия, Баренц, Беринг теңіздерінің қайраңдары дүние жүзінің аса ірі мұнайлы-газды аудандары саналады. Мұхит мұнайын 40 шақты ел өндіріп, 40-тай ел барлау жұмыстарымен айналысуда. Теңіздегі элементтер (алтын, платина, алмас, касситерит, циркон, монацит, титан, ильменит, рутил, т.б.) жағалық қайраңда шөгінділердің толқындармен қарқынды шайылуынан қалыптасады. Индонезия, Таиланд, Малайзия жағалауларында қалайы, Аляска және солтүстік Американың Тынықмұхиттық жағалауында алтын, оңтүстік-Батыс Африка (Намибия) жағалауында құрамында алмас бар шөгінділер, сирек металды шашылымдар Австралия, Үндістан, Бразилия жағалауында кездеседі. Дүние жүзінің көптеген елдерінің жағалауларында құрылыс материалдарықұм, қиыршықтас, маржанды әктас, моллюскалар, бақалшақтар өндіріледі.

Органикалық дүниесі

Тірі организмдер бүкіл Мұхит қабаттарында тіршілік етеді. Органикалық дүниесі бентос (түпкі тұрғындар), планктон (пассивті жүзушілер) және нектонға (активті жүзушілер) бөлінеді. Өсімдік дүниесінің 10 мың түрі бар, олар, негізінен, жарық жақсы түсетін 200 – 300 м тереңдіктегі қабаттарда таралған. Жануарлар дүниесі түрлерінің саны 150 мыңдай. Мұхитта планетадағы тіршілік иелерінің 4/5-і мекендейді. Түрлердің саны экваторлық аймақтан полюстерге және тереңдікке қарай кеми береді. Мұхит құрамында белок мөлшері көп азық-түлік өнімдерінің (балық, моллюскілер, бақалшақтар, сүт қоректілер, балдырлар, т.б.) маңызды көзі, ол адамдарға қажетті белоктың 20%-ын береді.

Теңіз – мұхит айдынынан құрлықпен немесе су асты жоталарымен бөлінген және одан гидрологиялық, метеорологиялық, климаттық режимдерімен ерекшеленетін дүниежүзілік мұхит бөлігі. Теңіздің ашық мұхиттан шеткері орналасуы оның климатына әсер етіп, су алмасуын баяулатады. Теңіз құрлықпен неғұрлым тұйықтала түссе, онда оның су режиміндегі мұхиттан айырмашылығы соғұрлым арта түседі. Теңіз деп шартты түрде мұхиттың ашық бөліктері де аталады; мысалы, Атлант мұхитының Саргасс теңізі және Үнді мұхитының Арабия теңізі. Кейбір көлдер – Каспий, Арал, Өлі теңіз – теңіз, ал кейбір теңіздер шығанақ (Мексика, Гудзон, Парсы) болып саналады. Оқшаулануы мен гидрологиялық режимінің ерекшеліктеріне қарай теңіз үш топқа [ішкі (жерорталық теңіздер мен жартылай тұйық теңіздер), шеткі аралдар және аралық теңіздер] бөлінеді. Геологиялық тұрғыдан теңіз палеоген-неоген және антропогенде қалыптасып біткен. Неғұрлым терең теңіздер Жер қыртысының аумақты жарылымдарының орнында (мысалы, Жерорта теңізі) пайда болады. Дүниежүзілік мұхит суының құрлықтың жағалық бөлігін басуынан құрлықтық қайраңда шағын теңіздер қалыптасады. Теңіздің құрлықтан қашық не жақын жатуы климатының континенттілігінің артуына немесе кемуіне және температурасының маусымдық ауытқуына әсер етеді. Географиялық орнына қарай кейбір теңіз суының беткі және терең қабаттары көршілес мұхиттың ашық бөлігіне қарағанда жылырақ (мысалы, Қызыл теңіз), кейбірі суығырақ (мысалы, Охота теңізі) келеді. Теңіз суының тұздылығы тұщы судың кірісі (өзен ағыны, жауын-шашын, мұздың еруі) мен шығысының (булану, мұз қалыптасу) арасындағы айырмашылыққа байланысты ауытқып отырады. Балтық теңізінің ашық бөлігінің тұздылығы – 6,0 – 8,0‰ болса, Қызыл теңізде бұл көрсеткіш 41,5‰-ге дейін көтеріледі. Теңізде температура мен тұздылық көрсеткіштерінің шеткі мөлшерлері таралуына орай суының тығыздығы да дүниежүзілік мұхит үшін шеткі мағыналы көрсеткішке ие болады. Мысалы, Балтық теңізінің г/см3-ге тең. г/см3-ге тең болса, Қызыл теңізде 1,0287 тығыздығы 1,01 Мұхиттың ашық бөлігінен теңіз суы тығыздығының өзгешелігі – буының маусымдық ауытқып отыруында. Мұз қабаты негізінен полюстік және қоңыржай ендік теңіздерінде ғана қалыптасады. Теңіздің органикалық дүниесі мұхиттың ашық бөлігіндегі органикалық дүниеге қарағанда бай және көбіне өзіндік түрлер (эндемиктер) басым тараған.

Халықаралық-құқықтық режим

Теңіз кеңістігін және Дүниежүзілік Мұхитты пайдалану құқығын реттеу, оның байлықтарын пайдалану халықаралық құқық нормасының күрделі жүйесімен және жеке мемлекеттердің заңдарымен анықталады. Оны реттеу үшін 1958 жылы халықаралық теңіздік құқық кодификациясы өткізіліп, Женева конвенциясы қабылданды. Ол бойынша ашық теңіз суы барлық мемлекеттерге ортақ және ешбір мемлекет Мұхит бөліктерін өз биліктеріне бағындыруға құқығы жоқ; ашық теңізде әрбір мемлекеттің кеме қатынасына, балық аулауға еркі бар. Ядролық қару-жарақты сынау, Дүниежүзілік Мұхиттың ластануын болдырмау туралы, аумақтық теңізге және континенттік қайраңға шек қою, т.б. мәселелерге тыйым салатын көптеген халықаралық келісімдер бар. Теңіз құқығы бойынша 1982 жылы қабылданған “Теңіздер хартиясы” аталатын Бөө Конвенциясы жағалаудан бастап, 200 теңіз милін құрайтын экономикалық аймақты белгіледі, жағалаулық мемлекеттер де соның шегінде биологиялық және минералдық шикізат қорларын пайдалануға құқылы. Аумақтық теңіз жағалауындағы мемлекеттер ғылыми зерттеу мәселелерін өз қалаулары бойынша шешеді. Шетелдік кемелер континенттік қайраңда және түбінде зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін жағалаудағы мемлекеттердің келісімін алуы керек. Дүниежүзілік Мұхит байлықтарын игеру маңызды ғаламдық мәселенің бірі саналады. Бұл оның планетадағы температураны реттейтін, оттекті бөліп шығаратын қасиетіне байланысты. Мұхитты игеру минералдық, биологиялық, энергетикалық, көліктік, рекреакциялық, экологиялық, ғылыми-танымдық бағыттарда жүзеге асырылады. ҰТР-ның табыстары Мұхитғы мұнай мен газды, темір-марганец конкрецияларын өндіруді одан әрі арттыру, теңіз суынан сутегі изотопын – дейтерийді шығару, теңіз сулары энергиясын электр энергиясына айналдыратын алып электр ст-ларын салу, теңіз суын тұщыту, оның түбімен кабельді желілер төсеу үшін болашаққа кең жол ашады. Көптеген елдерде (Франция, Норвегия, Ресей) Мұхит суының тасқынын пайдаланатын электр станциялары жұмыс істейді. Мұхит жолдарына бүкіл дүние жүзінде сумен тасымалданатын жүктің 80%-ы келеді.

Мұхит геохимиясы

Мұхит геохимиясыгеохимияның мұхит суындағы және шөгінділеріндегі химиялық элементтердің концентрациясы мен шашырау заңдылықтарын, мұхит суларының тұз массасы құрамының қалыптасуын, мұхиттың химиялық эволюциясын зерттейтін саласы. Негізгі мақсаты мұхит суы құрамындағы элементтерді зерттеу. Мұхит суы құрамы литосфера, биосфера және гидросфера арасындағы элемент алмасу мен ұзақ айналымның бір бөлігі болып қарастырылады. Мұхиттың тұздылығы кембрий дәуірінен бастап қазірге дейін өзгермеген. Бір литрінде 34 – 35 г-дай тұз болады. Қалыңд. ондаған немесе жүздеген метр мұхит суының жоғарғы қабатының тұздылығы біртекті, төменгі қабатында тұздылығы түрліше. Мұхит суының тұздылығы қосылған өзеннен, жалғасқан теңіз суларынан әкелінген шөгінділерден, еріген мұздықтар мен мұзтаулардан ендіктерде жоғары, салқын ағыстар мен °біраз төмендейді, ал буланудан – өседі. Тұздылық шамасы жылы ағыстар мен 20 – 30 экватор аумағында төмен. Мұхит сулары массасындағы элементтердің жинақталуы олардың таралу мөлш. мен қосылыстарының ерігіштігіне байланысты; мұхит суы катиондарының иондық потенциалы төмен, ал аниондарынікі – жоғары келеді. Оңай еритін қосылыстар суды қанықтырады, ал қиын еритіндері мұхит түбіндегі тұнбаларда жиналады. Мұхит сулары массасындағы түпкі шөгінділер, құрамы әр түрлі ерітінділер, органик. заттар, газдар арасында тепе-теңдік орнаған. Мұхит сулары негізгі, түптік, лайлық болып ажыратылады. Түптік суларда оттек аз, бірақ көмірқышқыл газы, метан, күкіртті сутек мол. Кремний, аллюминий, темір, т.б. жер қыртысында көп таралған элементтер мұхит суларында өте аз, ал хлор мен бром көп. Жер қыртысына қарағанда мұхит суында бор 260, хлор 670, күкірт 290 есе жоғары. Мұхит суындағы бос күйдегі оттек организм түрлерінің таралуын, тотығу, тотықсыздану реакцияларын реттейді, геохимиялық процестерді түсінуге мүмкіндік береді. Катиондарының қосындысы Cl–, сияқты күшті қышқыл аниондарының қосындысынан артық болуынан “сілтілік қор” құрылады. Мұхит тереңінде тотықсыздану реакциясы басым болады. Көміртегі (ІV) оксиді және сульфаттарды ажыратушы бактериялардың қатысуымен органик. заттардағы күкірт қышқылы тұздарының ыдырауынан күкіртсутек (H2S) түзіледі. H2S газы тірі организмдерге зиянды әсер етеді. Мыс., Қара теңіз суының терең қабаттарындағы H2S мол болғандықтан Каспий теңізіне қарағанда органикалық дүниесі тапшы. температура төмендеген сайын СО2-ның ерігіштігі артатындықтан, карбонатты шөгінділер жылы суларда жиылады, ал суық суларда олар тұнбайды. Жер қыртысындағы бромның 75%-ы мұхит суларында. P, N, Sі сияқты элементтер геохимиясы үшін организмдердің тіршілік әрекетінің мәні зор.

 Мұхиттағы белдемдер

Мұхиттағы дивергенция белдемі – Дүниежүзілік Мұхиттың беткі ағыстарының таралу аймағы. Су бетіндегі жел ағыстарының жылдамдығының және су тығыздығының бір қалыпты таралмауы салдарынан қалыптасады. Циклондық циркуляция аймағында, жел және су ағыстарының қарама-қарсы бағытқа шұғыл өзгеру аудандарында анық байқалады. Тереңнен көтерілетін ағыстар әсерінен Мұхиттағы дивергенция белдемінде жоғарғы қабат сулары қоректік заттары мол қабаттармен байытылып (биологиялық өнімділіктің жоғарылауына әсер етеді) отырады; бұл белдемдер – балық кәсіпшілігіне өнімді мол беретін аудан. Дивергенцияның тұрақты белдемдері мұхиттардың қоңыржай және субтропиктік ендіктерінің шығыс бөліктері болып есептеледі;

Мұхиттағы конвергенция белдемі – Дүниежүзілік мұхит суының беткі қабаттарының араласу аймағы. Мұхит бетіндегі ауа ағыстары мен су тығыздықтарының біркелкі таралмауларынан дамиды. Негізінен жылы және суық сулардың тоғысқан жерлерінде қалыптасады. Конвергенциялық белдемде су тығыздығының қалыпты жағдайларда таралмауы салдарынан беткі қабаттарда антициклондық және циклондық ағыс айналыстары дамиды. Антициклондық айналыста судың қарқынды араласуы мен төмен қарай ығысуы қалыптасса, циклондық айналыстарда мұхит бетіне шығатын тереңнен көтерілу ағыстары дамиды. Осыған байланысты бұл белдемде жоғарғы биологиялық өнімділік жағдайлары қалыптасады. Дүниежүзілік мұхитты негізгі 4 тұрақты конвергенц. белдемге ажыратуға болады: солтүстік, оңтүстік субполюстік және солтүстік, оңтүстік субтропиктік белдемдер. Мұхиттағы конвергенция белдемі мұхит табиғатының маңызды элементі, себебі төмен ығысатын сулар мұхиттың терең қабатын жылытады және оттекпен байытып отырады. Мұхиттағы конвергенция белдемінде 100 – 150 м-ден астам тереңдіктегі су қабаттарының барлық негізгі гидролог. белгілері қалыптасады. Мұхиттағы конвергенция белдемі неғұрлым жоғары ендіктерде орналасса, судың температурасы соғұрлым төмендеп, тұнатын судың тығыздығы жоғарылайды, ол мұхиттың терең қабаттарын қамтиды;

Мұхиттану

Мұхиттану , океанология – Дүниежүзілік мұхиттағы табиғи процестерді зерттейтін ғылым. Мұхиттану Дүниежүзілік мұхитты гидросфераның бір бөлігі ретінде әрі физиялық, химиялық, геологиялық, биологиялық т.б. процестер бір-бірімен өзара күрделі байланыста өтіп жататын атмосферамен, литосферамен, құрылықтық ағын сулармен әрекеттесетін біртұтас планетааралық табиғи нысан ретінде қарастырады. Мұхиттанудың басты мәселесі – мұхит табиғаты заңдылықтарының біртұтастығын анықтау. Оны танудың методол. негізі – мұхит суындағы, сондай-ақ сулар мен оларға шектесіп жатқан орта арасындағы трансформацияны, энергия және зат алмасуды зерттейді. Мұхиттану судың тереңдігін, температурасын, тұздылығын, ағысын, толқынын, түсін және мөлдірлігін, мұхит суы құрамындағы химиялық заттар мен олардың қосылыстарының мөлшерін, әр түрлі биологиялық және басқа да көрсеткіштерді өлшеудің нақты мәліметтеріне, физиканың, математиканың, химияның, биологияның теориялық тұжырымдарына сүйенеді, жүйелі талдау әдісін қолданады, электронды-есептеу техникасын пайдаланады. Мұхиттанудың маңызды қолданбалы мәселесі – халық шаруашылығының теңіздік салаларын ғылымның соңғы жетістіктерімен қамтамасыз ету, мұхиттың астында және үстінде жүзетін кемелердің қауіпсіздігіне кепілдік беру, судың және мұхит түбінің биологиялық шикізат қорларын пайдалану, ауа райын болжауды жетілдірудің әдістері, т.б. Мұхиттану бірнеше бағытты біріктіретін кешенді ғылым, оның әрқайсысы мұхит табиғатының белгілі бір құбылыстарын зерттейді. Мұхит пен теңіз суларындағы физикалық процестерді мұхит пен атмосфераның өзара әсерлесу заңдылықтарын қарастырады. Химиялық мұхиттану (мұхит химиясы) Дүниежүзілік мұхит суының химиялық қасиетін, құрамын, физикалық-химиялық процестерін зерттейді. Мұхит геологиясы (теңіз геологиясы) Дүниежүзілік мұхит түбі мен қойнауындағы өтетін геологиялық, геофизикалық, геохимиялық процестерді және сонымен байланысты мұхит пен теңіздегі кен байлықтарының пайда болуының заңдылықтарын, мұхит пен теңіздің жағалық белдемінің геологиясы мен геоморфологиясын зерттейді. биологиялық Мұхиттану (мұхит биологиясы) мұхит пен теңіздің жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, онда өтетін биологиялық процестерді қарастырады.

Мұхит ластануы

Мұхит ластануы, Дүниежүзілік мұхиттың ластануы – адамдардың әрекеті нәтижесінде мұхит (теңіз) суларындағы табиғи процестердің бұзылуы. Ластаушы заттардың өте көп мөлшерде жиналуы салдарынан жылдан-жылға мұхиттың өзін-өзі тазарту мүмкіншілігінің төмендеуі – онда тіршілік ететін организмдердің құрып кетуіне немесе шектен тыс көбеюіне алып келеді. Мысалы, теңіз жұлдызының (Asteroіdea) тым көбейіп кетуінен Австралия жағалауындағы Үлкен Барьерлі рифтің түбінде “тікенді шеңбер” қалыптасуда. Сондай-ақ Дүниежүзілік мұхиттың, әсіресе мұнай өнімдерімен ластануы әлемдік мұхит пен атмосфера арасындағы газ алмасу процесіне кері ықпал етеді, соның салдарынан Жер атмосферасындағы газ қоспаларының концентрациясы үздіксіз артуда; жағалауға жақын және атыраулық аймақтарды қоса есептегендегі теңіздік ортаға заттардың немесе энергияның тікелей не жанама жолмен түсуі теңіз биотасының дамуына кедергі келтіріп, судың сапасын нашарлатады. Бұл жағдай тірі организмдер мен адамның денсаулығына қауіп төндіреді.

Мұхит шарасы

Мұхит шарасы – Дүниежүзілік мұхит түбі бедерінің және геологиялық құрылымының басты элементтерінің бірі. Мұхиттың абиссаль белдемін қамтиды, жер бетінің ең төменгі гипсометрлік деңгейін (орташа тереңдігі – 4000 м, ең терең жері – 7000 м) алып жатыр. Мұхит шарасының аум. 185 млн. км2-ден астам; бұл – Дүниежүзілік мұхит түбінің 50%-ы. Мұхит шарасы бедерінің аса ірі элементі – мұхит шұңғымасы (орташа тереңдігі 5000 м). Шұңғыма түбінің 80%-ы – төбелі, абиссаль бедерлі аймақ, қалған бөлігі – құрлықтар етегіне ұласатын, тегіс және көлбеулене келген абиссаль жазықтар. Мұхит шарасының жоталық жер бедері негізінен күмбез тәріздес, мұхит көтерілімдерінен құралады. Кейбір су астындағы жоталардан жанартаулар тізбегі кездеседі. Тропиктік айдындардағы мұхит жоталарының шыңдарына теңіз маржандары шоғырланады да, бірте-бірте шағын аралдарға айналады. Көлемді аймақты қамтитын, беті тегістелген көтерілімдер мұхиттық үстірт, терең сулы науаларды қоршап жатқан өңірлер шеткі жондар деп аталады. Мұхит шарасы бедерінен жер қабығының мыңдаған км-ге созылған ірі жарылыстарын (мысалы, Тынық мұхиттың солтүстік-шығыс шұңғымасындағы субендіктік жарылыстар жүйесі) байқауға болады;[2]

Мұхиттар

Атлант мұхитыЖер шарындағы аумағы жөнінен Тынық мұхиттан кейінгі екінші мұхит. Оны ежелгі гректер Африканың солтүстік-батысындағы Атлас (Атлант) тауына байланысты атаған.

Жалпы мәлімет

Шығысында Еуропа мен Африканың, батысында Солтүстік және Оңтүстік Американың, оңтүстігінде Антарктиданың аралығында орналасқан. Солтүстігінде Дейвис, Дат бұғаздарымен және Солтүстік Мұзды мұхитпен, оңтүстік-шығысында Африка мен Антарктида аралығында Үнді мұхитымен, оңтүстік-батысында Дрейк бұғазы арқылы Тынық мұхитпен жалғасады. Мұхит солтүстіктен оңтүстікке қарай 15 мың км шамасында екі жарты шарға созыла орналасқан. Ені басқа бөліктеріне қарағанда экватор маңында 2830 км-ге дейін тарылады. Мұхиттың теңіздермен қоса есептегендегі жалпы аумағы 91.6 млн. км2, орташа тереңдігі 3597 м, суының көлемі 329.7 млн. км3. Солтүстік жарты шардағы жағалауы қатты тілімделген. Теңіздері (Балтық, Солтүстік, Жерорта, Кариб, т.б.) мен ірі шығанақтары (Бискай, Гвинея, т.б.) түгелдей дерлік осы бөлікте. Оңтүстік жарты шардағы жағалауы аз тілімделген (Антарктида маңындағы Уэдделл т.). Атлант мұхитында басқа мұхиттармен салыстырғанда аралдар аз. Iрі аралдары (Ұлыбритания, Ирландия, Ньюфаундленд, Υлкен Антиль, Кіші Антиль, Канар, Жасыл Мүйіс, Фолкленд аралдары) мұхиттың жағалауларына таяу орналасқан. Орталық бөлігіндегі аралдар (Азор, Әулие Елена, Тристан-да-Кунья, т.б.) ұсақ және олар жанартау әрекетінен пайда болған. Мұхиттың түбі Орта Атлант су асты жотасымен бөлінген. Оның жекелеген шыңдары (Буве, Тристан-да-Кунья, Көкке ұшу, Сан-Паулу, Азор) жанартау аралдары түрінде су бетіне шығып тұр. Мұхиттың шығысында Батыс Еуропа, Канар, Жасыл Мүйіс, Гвинея, Ангола, Кап, Агульяс, батысында Солтүстік Америка, Гвиана, Бразилия, Аргентина, оңтүстігінде Африка-Антарктида қазан-шұңқырлары бар. Олардың тереңдігі 3000 метрден 7300 метрге жетеді. Терең шұңғымалар арал доғаларын жиектей орналасқан (ең тереңі Пуэрто-Рико шұңғымасы, 8742 м) және олар бір-бірінен су астындағы үстірттермен, қыраттармен, жоталармен бөлінген. Мұхиттың шеттері құрлықтық беткеймен көмкерілген. Мұхит түбінің үштен екі бөлігін әктастан тұратын органикалық шөгінділер жауып жатыр. Терең қазаншұңқырларының түбі қызыл саздан, ал жанартау аралдарының төңірегі жанартаулық шөгінділерден түзілген.

Арктика мен Антарктида аймақтарын қоспағандағы Атлант мұхиты.

 Климаты

Атлант мұхиты барлық климат белдеулерінде орналасқан. Сондықтан оның жеке бөліктерінде климат жағдайының бір-бірінен өте үлкен өзгешелігі бар. Мұхиттың үстінде Исландия және Антарктика минимумдары мен Солтүстік Атлант және Оңтүстік Атлант максимумдары қалыптасады. Оларды бір-бірінен экватор маңындағы қысымы төмен белдем бөлім тұр. Бұл климаттық белдеулер көршілес құрлықтартардың үстіндегі қысым орталықтарымен әрекеттесе отырып, екі жарты шардың қоңыржай, субтропиктік және тропиктік ендіктерінде солтүстік-шығыс желдердің (пассаттардың) басым болуына әсер етеді. Жазда (Солтүстік жарты шарда тамыз, Оңтүстік жарты шарда ақпан айында) экватор маңындағы ауа температурасы 26-28۫С. 60۫ солтүстік ендікте – 8-12۫С, ал 60۫ оңтүстік ендікте 0-12۫С. Қыста (Солтүстік жарты шарда ақпан, Оңтүстік жарты шарда тамыз айында) экваторда 25۫С, 60۫ солтүстік ендікте 8-12۫С-қа, ал 60۫ оңтүстік ендікте – 8-10۫С-қа дейін өзгеріп отырады. Ең қиыр солтүстік-батысында және оңтүстікте температура -25۫С-қа дейін төмендейді. Жылдық орташа жауын-шашын экваторда 2000мм-ден асады, қоңыржай ендіктерде 1000-1500 мм, ал мұхиттың шығыс субтропиктік бөліктерінде және Антарктика маңында 100 мм-ден аспайды.

Гидрологиялық тәртібі

Атмосфера айналымы ықпалымен мұхиттың солтүстік және оңтүстік бөліктерінде теңіз ағысының негізгі екі жүйесі қалыптасқан. Бұл ағыстар пассат желдерінің әсерінен пайда болады. Солтүстік Пассат, Голфстрим, Солтүстік Атлант жылы ағыстары мен Канар суық ағысы солтүстік теңіз ағысының айналым жүйесін құрайды. Оңтүстік Пассат пен Бразилия жылы ағыстары және Батыс Желдер мен Бенгал суық ағыстары оңтүстік теңіз ағысының айналым жүйесіне кіреді. Бұлардан басқа Солтүстік Американың шығыс жағалауын бойлап Лабрадор, ал Оңтүстік Американың шығыс жағалауымен Фолкленд суық ағыстары ағады. Бұл ағыстар мұхит суының температурасы мен тұздылығына (орташа тұздылығы 35.4%) әсерін тигізеді. Мұхит суының деңгейі Айдың тартылу әсерінен жарты тәулік сайын өзгеріп отырады. Ашық мұхитта судың көтерілу биіктігі 1 метрге дейін, ал Солтүстік Америкадағы Фанди шығанағы жағалауында 18 метрге дейін жетеді. Мұхиттың солтүстік қоңыржай ендіктеріндегі ішкі теңіздер де ғана мұз қатады. Мұхитқа солтүстіктен теңіз мұзы мен мұзтаулар (айсберг), негізінен, Солтүстік Мұзды мұхиттан келсе, оңтүстік бөлігінде Антарктида және Уэдделл т-нде түзіледі.

Жай күндегі Атлант мұхитының Ирландия батыс жағалауынан көрінісі

Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі

Мұхит түбінде, негізінен, жасыл және қызыл қоңыр балдырлар өседі. Фито-планктон бір жасушалы ұсақ балдырлардан тұрады. Зоо-планктонды, көбінесе, шаян тәрізділер құрайды. Олардың ішінде киттің негізгі қорегі – криль Антарктида жағалауында өте көп. Суық және қоңыржай белдеуінде сүт қоректілерден – кит пен жарғақаяқтылар, балықтардан – майшабақ, нәлім және қамбала кездеседі. Тропиктік белдеуде кашалот, теңіз тасбақасы, акула, ұшқыш балықтар, краб, медуза, радиолярийлер тараған. Құстардан фрегат, альбатрос, пингвин, т.б. мекендейді.

Зерттеу тарихы

3 кезеңге бөлінеді.

Бүгінгі Атлант мұхитын құрған Pangaea бөліну анимасиясы

  • Ежелгі дәуірден 18 ғ. ортасына дейінгі 1-кезеңде, көптеген саяхатшылар,. теңізшілер (финикиялықтар, карвагендіктер, Б.Диаш, Васко-да-Гама, Христофор Колумб, Дж.Кабот, Фернан Магеллан, Дж. Дейвис, Г. Гудзон, Баффин, т.б.) мұхиттың шекарасын, мөлшерін, құрлықпен ара қатынасын анықтаумен айналысты.
  • 2-кезеңде (17491872) мұхит суының температурасы, ағыстар, тереңдіктер, т.б. мұхит өлшемдері анықталды (Г. Эллис, Дж. Кук, О. Соссюр, И.Ф. Крузенштерн, Э. Ленц, т.б.).
  • 3-кезеңде (1872 жылдан бүгінге дейін) арнайы жабдықталған кемелермен кешенді мұхиттық зерттеулер жүргізілді (“Челленджер”, 1872-76; “Витязь” 1986-89; ”Метеор”, 1925-38; “Дискавери-11”, 1931-ден қазірге дейін; “Атлантис” 1933 жылдан қазірге дейін; Халықаралық геофизикалық экспедициялар, 1957-58; “Калипсо” 1952 жылдан қазірег дейін). Мұхит дүние жүзінде ауланатын балықтың 40%-ын береді. Негізгі кәсіптік балықтар: майшабақ пен нәлім. Оңтүстігінде кит ауланады. Мұхиттың үлесіне дүние жүзі мұхиттық жүк айналымының жартысынан көбі тиеді. Аса ірі порттары: Роттердам, Марсель, Гавр, Антверпен, Лондон, Ливерпуль, Генуя, Гамбург, Санкт-Петербор, Нью-Йорк, Хьюстон, Филаделфия, Балтимор, Буэнос-Айрес, Рио-де-Жанейро, Кейптаун, Дакар, Абиджан, т.б.

Үнді мұхиты

Үнді мұхитыЖер шарындағы аумағы жөнінен Тынық және Атлант мұхиттарынан кейінгі үшінші мұхит. Көпшілік бөлігі оңтүстік жарты шарда, Азия, Африка, Австралия және Антарктида құрлықтарының аралығында. Үнді мұхиты планетада ерекше орын алады: оның көп бөлігі оңтүстік жарты шарда орналасқан.Жердің су бөлігінің 20% алып жатыр. Мұхит солтүстігінде Еуразиямен шектеседі.Мұхиттың жағасы аз тілімденген.Солтүстігінде Бенгал және Парсы шығанақтары,Арабия теңізі құрлыққа бойлай еніп жатады.Аралдары біршама аз.Мұхиттың шекарасында ғана ірі аралдар бар. Еуропалықтар Үнді мұхиты арқылы XV ғасырда ғана тұрақты жүзе бастады.Мұхитта жүзу маршруттарының сипаттамасын тұңғыш рет арабтар жасаған.География ғылымы үшін Үнді мұхиты жөніндегі мәліметтер Васко да Гаманың жүзген уақытынан (1497-1499 жж)бері жинала бастады. XVIII ғасырдың соңында ағылшынның теңізінде жүзушісі Джеймс Кук бұл мұхиттың тереңдігін алғаш рет өлшеген. XIX ғасырдың соңында мұххитты комплексті зерттеу жұмысы басталады.Әрине мұның бәрі дұрыс болып табылады!

Жалпы мәлімет

Атлант мұхитымен Ине мүйісінің  ш.б.) меридианымен Африкадан Антарктидаға өтетін сызықпен шектеседі. Тынық мұхитпен арадағы шекара°(20 Малакка  ш.б.)¢18°түбегінен басталып (98 Суматра, Ява, Сумба, Тимор, Танимбар және Чут аралдары арқылы Жаңа Гвинеяға, онан әрі Австралияға  ш.б.),¢03° о.е., 142¢05°(11 Тасман аралдарына  ш.б.¢55°өтеді. Тасманиядан Антарктидаға дейінгі шекара 146 меридианымен белгіленеді. Аудандық теңіздерімен қоса есептегенде 76,17 млн. км2, суының көлемі 282,6 млн. км3, орташа тереңдігі 3711 м, ең терең жері 7729 м (Зонд шұңғымасы).

Жағалауы

Солтүстік-батысы мен шығысына негізгі, солтүстік-шығысына аккумулятивті жаға типі тән. Антарктидаға қараған жағаларын қайраң мұздығы басқан. Ірі теңіздер мен ірі шығанақтар түгелдей дерлік солтүстік және солтүстік-шығыс бөліктерінде (Қызыл, Арабия, Андаман, Тимор, Арафур теңіздері, Аден, Парсы, Оман, Бенгал шығанақтары). Оңтүстік бөлігінде Карпентария, Үлкен Австралия, Сент-Винсент, т.б. шығанақтар бар.

Аралдары

Шығу тегі құрлықпен байланысты аралдар (ірілері: Мадагаскар, Шри-Ланка және Сокотра, ұсақтары: Занзибар, Мафия, Пемба, т.б.) жағаға жақын орналасқан. Мұхиттың батыс бөлігінде жанартаулық шағын аралдар көп (Крозе, Принц Эдуард, Комор, Амирант, Сейшель, Маскарен т.б.). Үндістан түбегінен оңтүстік-батысқа қарай дүние жүзіндегі ең ұзын Мальдив және Лаккадив маржан аралдар тізбегі солтүстіктен оңтүстікке қарай 1600 км-ден аса қашықтыққа созылған. Тропиктік ендіктерде басқа да көптеген маржан аралдар (Чагос, Кокос, Андаман, т.б.) таралған. Аралдардан басқа тереңдігі бірнеше ондаған метрге ғана жететін тайыз банктер кездеседі (Сая-де-Малья, Назарет, Кампече, т.б.).

Үнді мұхиты солтүстігіндегі Лакшадуип үнді аралдары

Түпкі жер бедері мен шөгінділері

Үнді мұхитының орташа тереңдігі Тынық және Атлант мұхиттарындағыдай, бірақ абсолюттік тереңдігі жөнінен (7729 м) олардан көп кейін тұр. Түрлі тереңдіктердің үлесі төмендегідей: Құрлықтық қайраң енсіз (100 км-ден аспайды), тереңдігі 50 — 200 м, тек Антарктида жағалауында ғана 300 — 500 м-ге дейін барады. Құрлықтық беткейді кей жерлерде өзен аңғарларының (Инд, Ганг, Брахмапутра, Замбези, т.б.) су астындағы жалғасы және терең каньондар тілімдеген. Мұхит ортасы жотасы айқын көрінеді, бірақ орта тұсынан батысқа қарай ығыса орналасқан. Ол Арабия-Үнді және Батыс Үнді су асты жотасынан құралған. Мұхит ортасы жотасынан оңтүстік-шығысқа Орталық Үнді және Австралия-Антарктида, оңтүстік-батысқа Африка-Антарктида су асты жоталары тарайды. Мұхиттың дәл ортасын бойлап меридиан бағытында 5000 км-ге Шығыс Үнді су асты жотасы созылып жатыр. Су асты жоталары мен қыраттары мұхит шарасын қазаншұңқырларға бөледі. Бастылары: Сомали, Орталық және Батыс Австралия, Африка-Антарктида, Австралия-Антарктида. Солтүстік-шығысында мұхит түбінің өтпелі белдемінде, Зонд топаралы тізбегіне іргелес Зонд шұңғымасы өтеді (тереңд. 7729 м). Қазаншұңқырлардың түбі құрлыққа таяу бөлігінде аккумулятивтік жазықты құрап, мұхиттың орт. бөлігінде төбелі жазық түрінде көрінеді. Мұхит шарасында жанартаулар көп таралған, олар кей жерлерде ірі массив түрінде шоғырланады немесе тізбек түзеді. Құрлықтық беткейдің етегінде жиналған терригендік шөгінділер қалыңд. 3 — 4 км-ге дейін баратын қабаттар құрайды. Мұхиттың неғұрлым терең орта тұсында тұнған қызыл саздың қалыңд. 100 м-ден аспайды. Мұхит түбін негізінен фораминифера, диатом және маржан шөгінділері басып жатыр. Пайдалы қазбалардан құрлықтық қайраңда мұнай мен газдың аса бай қоры шоғырланған (Парсы шығанағы мұнайлы-газды алабы). Риф белдемдерінде металл кендері шоғырланған (хром, темір, марганец, мыс кендері).

Климаты

Климат жағдайлары негізінен оңтүстік жарты шарда орналасуымен байланысты. Мұхит солтүстік жарты шарда Шаян тропигіне дейін ғана созылады. Сондықтан термик. экватор оңтүстік жарты шарға ығыса орналасқан. Солтүстік шағын бөлігіне муссондық климат тән. Бұл бөлігінде жазда экваторлық оңтүстік-батыс, қыста тропиктік солтүстік-шығыс ауа ағындары басым. Оңтүстік үлкен °бөлігінде ауа массаларының циркуляциясы белдем бойынша өзгереді. 8 — 10 о. е-тен оңт-ке қарай субтропиктік тұрақты жоғары қысым аймағының әсерінен ауа айналымы тұрақты жүреді: тропиктік және субтропиктік ендіктерде оңтүстік-шығыс пассат желдері, ал қоңыржай ендіктерде батыс желдері басым. Қоңыржай ендіктерде тропиктік дауыл — тайфун жиі қайталанады. Тамыздағы ауаның орташа температурасы солтүстік бөлігінде С-тан°С, оңтүстік бөлігінде — тропиктік ендіктерде 20 — 25°25 — 27  және одан да төмен. Жылдық жауын-шашын°оңтүстік поляр шеңберіне таяу 0 экватор маңында 2000 — 3000 мм. Арабия т-нің шығысы мен Бенгал шығанағында 3000 мм-ден астам, Арабия түбегіне жақын маңда 100 мм-ден кем. Оңтүстік жарты шардағы субтропиктік ендіктерде 500 — 1000 мм, қоңыржай ендіктерде 1000 мм-ден Антарктида жағалауында 250 мм-ге дейін азаяды.

Гидрологиялық режимі

Үнді мұхитында Тынық және Атлант мұхиттарындағыдай бір-біріне параллель тұрақты 2 пассат ағысы түзілмейді. Солтүстік пассат ағысының орнын муссондық ағыс алады. Оның бағыты муссондық желдерге сәйкес маусым бойынша өзгереді. Оңтүстік пассат ағысы Австралияның батыс жағынан басталады. Оңтүстік жарты шардағы пассат желі мұхиттың беткі қабатындағы жылы суды батысқа қарай айдайды, оның орнына төменгі терең қабаттан салқын су көтеріледі. Ол құрлықтың жағалауын бойлап, солт-ке қарай өтетін Батыс Австралия ағысына бастама береді. Оңтүстік пассат ағысы Африка жағалауына жеткеннен кейін құрлыққа тіреліп, екі тармаққа бөлінеді: солт-ке қарай Сомали ағысы, оңт-ке қарай Мозамбик-Ине мүйісі жылы ағыстары кетеді. Қыста Оңтүстік пассат және муссондық ағыстарға қарама-қарсы батыстан шығысқа қарай пассатаралық қарсы ағыс таралады. Оңтүстік қоңыржай белдеуде мұхитты Батыс желдері салқын ағысы батыстан шығысқа қарай қиып өтеді. Судың беткі қабатының темп-расы С шамасында. Солтүстік жарты шардың жаз°экватор маңында жыл бойы 26 — 28 С-қа дейін көтеріледі.°айларында мұхиттың солтүстік бөлігінде 27 — 28  о.е-тен оңт-ке қарай°С, 55° о.е-те 3 — 5°С, 50° о.е-те 16 — 20°30 С-тан төмен түседі. Солттүстік жарты шардың қысында мұхиттың°–1 С,° о.е-те 5 — 9°С, 50° о.е-те 21 — 25°С, 30°солтүстік бөлігінде 23 — 25 -тан төмен. Бүкіл су қабатының орташа° о.е-тен оңтүстікке қарай 0°60 тұздылығы жөнінен Атлант мұхитынан кейінгі екінші орында (34,76‰). Беткі қабаттың тұздылығы жеке аудандарда 32 — 36,5‰ аралығында. Ең жоғарғы тұздылық Парсы шығанағында (37 — 39‰) және Қызыл теңізде (41‰). Судың ең жоғ. тығыздығы (1027 кг/м3) антарктик. ендіктерде, ең төменгі тығыздық (1018 — 1022 кг/м3) — Бенгал шығанағы мен мұхиттың солтүстік-шығыс бөлігінде. Толысу толқынының биіктігі ашық мұхитта 0,5 — 1,6 м, шығанақтарда 5 — 7 м (Камбей шығанағында 11,9 м). Судың температурасы жыл бойы төмен болатын арктикалық ендіктерде мұз пайда болады. Желмен және теңіз ағыстарымен  о.е-ке дейін таралады. Мұзтаулар°ыққан мұз бен мұзтаулар солт. 55  ш.б-та көптеп кездеседі.°әсіресе 40 — 80

===Өсімдіктері мен жануарлар әлемі=== Үнді мұхит тропиктік және оңтүстік қоңыржай белдеулерді алып жатыр. Тропиктік белдеудің тайыз сулы бөлігінде 6 және 8 сәулелі маржандар көп. Маржан құрылыстарында түрлі омыртқасыздардың аса бай фаунасының өкілдері: губкалар, құрттар, крабтар, ұлулар, т.б. мекендейді. Жағалаудың көп жерін мангр тоғайлары алып жатыр. Қоңыржай белдеудегі теңіз жағалауларындағы жағажайлар мен жартастарда қызыл және қоңыр балдырлар қаптап өседі, омыртқасыздардың түрі көп. Ашық мұхиттағы судың беткі қабатында диатом балдырлары өрбиді. Мұхит жануарларының негізгі массасын конепода шаяндары құрайды (түрі 100-ден астам). Басқа омыртқасыздардан қанат аяқты ұлулар, медузалар, т.б. жаппай тараған. Балықтардан ұшар балық, тунец, желкен балық көп, түрлі акулалар, теңіз жыландары, теңіз тасбақасы, ірі теңіз сүтқоректілері (кит, ескек аяқтылар), құстардан альбатрос, фрегат пингвиннің бірнеше түрі тіршілік етеді.

Басты порттары

Үнді мұхит алабында негізінен дамушы және орташа дамыған елдер орналасқан. Олар теңіз жолымен сыртқа шикізат пен азық-түлік шығарады да, шеттен өнеркәсіп өнімдерін әкеледі. Экспорт тауарларының ішінде шикі мұнай мен мұнай өнімдері басты орын алады. Аса ірі порттары: Аден (Йемен), Бомбей, Мадрас (Үндістан), Карачи (Пәкстан), Читтагонг (Бангладеш), Коломбо (Шри-Ланка), Рас-Таннура (Сауд Арабиясы), Харк, Бендер-Махшехр (Иран), Басра, Фао (Ирак), Мина-Әл-Ахмади (Кувейт), Дар-Эс-Салам (Танзания), Фримантал (Австралия), Дурбан (ОАР), Янгон (Мяньма), Могадишо (Сомали), т.б.

Тынық мұхит

Тынық мұхит (Ұлы мұхит, Ұлы Оңтүстік теңіз) — Жер бетіндегі ең үлкен мұхит. Жер шарының көпшілік бөлігін су басып жатқанын көреміз. Ол дүниежүзілік мұхит деп аталады. Дүниежүзілік мұхиттың үлесіне бүкіл жер бетінің 3/4 бөлігі немесе 361 млн км2 тиеді. Дүниежүзілік мұхит бөлек — бөлек аттары бар жеке мұхиттардан тұрады, бірақ олардың бәрі бір — біріне жалғасып жатыр. Дүниежүзілік мұхит төрт бөліктен тұрады. Тынық мұхит — жер шарындағы ең үлкен 178,620 млн км² (180 млн км2) әрі ең терең мұхит. Көлемі жағынан қалған үш мұхитқа пара-пар. 1520-1521 жылдары Ф.Магеллан дүниежүзін айналу саяхаты кезінде осы мұхитты алғаш жүзіп өтті. Жүзу кезінде ешқандай дауылға ұшырамағандықтан, саяхатшылар оған «Тынық мұхит» деген ат берді. Тынық мұхитта бүкіл дүниежүзілік мұхиттың ең терең жері — Мариан шұңғымасы бар, оның тереңдігі 11022 м. Тынық мұхит Солтүстік және Оңтүстік Американың батыс жаға-лауларынан бастап Еуразияның шығыс бөлігіне және Аустралия мен Антарктидаға дейінгі аумақты алып жатыр. Атлант мұхиты Тынық мұхиттан екі есе кіші (92 млн км2). Солтүстік және Оңтүстік Американың шығысынан бастап Еуразия мен Африканың батысына және Антарктидаға дейін барады.

Солтүстік Мұзды Мұхит– Жер шарындағы аумағы жөнінен ең кіші мұхит. Ауд. 14,75 млн. км2, суының көл. 18 млн. км3. Орташа тереңд. 1220 м, ең терең жері – 5527 м. С.м.м-тың орта тұсында Солт. полюс орналасқан. Барлық жағынан дерлік Еуразия мен Солт. Америка құрлықтарының солт. ш Мұзды мұхит (кейде Солтүстік Мұзды мұхит, не Арктика мұхиты) — солтүстік жарты шарындағы полюсқа жақын су өңірі, бес мұхиттың ең кішісі. Мұзды мұхиттың және төңірегінің батиметриялық/топографикалық картасыБойлық-ені: 90° N 0° E

Мұзды мұхиттың және төңірегінің батиметриялық/топографикалық картасы

Пайдаланылған әдебиеттер 

  1. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 жыл
  2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: «Мектеп» баспасы», 2003 жыл
  3. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 256 бет
  4. www.google.kz, kk.wikpedia.org

ПІКІР ҚАЛДЫРУ