М.Мақатаев өлеңдеріндегі лексикалық анафора мен эпифора

0
5666

Мұқағалидың шығармашылығының ең биік шыңы — оның лирикасында. Ақынның терең де мазмұнды, көркем суретті, фәлсафалық ойға толы, сиқырлы ұйқаспен жазылған лирикалық туындылары халықтың көпшілігіне қатты ұнайды және сүйеді.

Мазмұны

  1. Кіріспе

І Тарау. М.Мақатаев өлеңдеріндегі лексикалық анафора мен эпифора.

1.1. Көп мағыналы сөздер мен омонимдердің қолданылу ерекшеліктері.

1.2. Анафора мен эпифораның лексикалық синоним сөздерде қолданылуы.

Қорытынды 

Пайдаланылған  әдебиеттер тізімі

 

КІРІСПЕ

М.Мақатаев өз шығармашылығының алғашқы кезеңінде-ақ тамаша өлеңдерімен, жырларымен қазақ халқына танымал болды.

Мұқағалидың шығармашылығының ең биік шыңы — оның лирикасында. Ақынның терең де мазмұнды, көркем суретті, фәлсафалық ойға толы, сиқырлы ұйқаспен жазылған лирикалық туындылары халықтың көпшілігіне қатты ұнайды және сүйеді.

З.Ахметов сөзімен айтқанда: «Поэзия — сөз өнері, көркемдік шеберліктің теңдесі жоқ озық үлгісі. Поэзияда тек тіл мен сөз ғана көркем емес, ой да көркем, бейнелі. Өлең тіліне көркемдік сипат дарытатын, қуат беретін сол ой-сезім теренділігі, өткірлігі, әсерлілігі. Поэзия өмір шындығын асқан ойшылдықпен, ерекше сезімталдықпен ашып көрсетеді, бейнелеп суреттейді десек, тіл, сөз  әлгі ақындық, көркем ой-сезімді жеткізудің құралы ғана.»

Ақын өз жүрегінің лүпілі, жырлары арқылы жалпыға тән ой-сезімді білдірген. Ал сол сезім-ой өлең құрылысындағы, бейнелеу, қайталау, теңеу, метафора, анафора және эпифора сияқты көріктеуіш құралдар арқылы беріледі. Мұнда сөз бейнелері мен ақындық толғаныс-тебіреністер арқылы жан сырлары, жүрек лүпілдері айтылады.

I Тарау. М.Мақатаевтың өлеңдеріндегі лексикалык, анафора мен эпифора

Лексикалық анафора мен эпифора М.Мақатаевтың өлеңдерінде ерекше орын алады. Лексикалық анафора мен эпифора — қайталама түрлерінің ішіндегі ең толымдысы, қызмет ауқымы орасан кең болып келетіні және әдеби тілдің стиль түрлерінің барлығында дерлік қолданылатыны. Өлеңнің мазмұнын аша түсетін, әр түрлі сипаттағы іс-әрекеттерді бір арнаға жинақтайтын, ең алдымен бір жайтқа ерекше назар аудартуды көздейтін лексикалық анафора мен эпифора поэтикалық мәтіндерде жиі қолданылады. Лексикалық қайталамалар қазақ тіл білімінде қалған қайталама түріне қарағанда көбірек зерттелген түрі болып саналады.

Көркем мәтінде қолданылатын лексикалық анафора мен эпифора шартты түрде үшке топтастырылады:

  1. көркем мәтінде таза стильдік қызмет атқаратын лексикалық анафора мен эпифоралар;
  2. көркем мәтінде аралас қызмет (стильдік  және   мәтін түзушілік) атқаратын      лексикалық анафора мен эпифоралар;
  3. көркем мәтінде құрылымдық-композициялық (мәтін түзу және мәтін   дамыту)   қызмет   атқаратын   лексикалық  анафора мен эпифоралар.

Лексикалық анафора мен эпифоралардың қайталама ретінде сан алуан түрлері бар. Мысалы: дистантты, контактілі (редупликациялық), сатылы (ступенчатый), коп сатылы (многоступенчатый), саңылаулы (сквозноіі), тұйықты (замкнутый), семантикалық (семантический), күшейткіштік (усилительный) қайталамалар болып келеді.

Жалпы айтқанда, «лексика — белгілі бір тілдегі сөздік құрамы, яғни омоним, синоним, антоним, фразеологизм сөздерінің жиынтығы».[ 10,200] Сондықтан біздің  басты мақсатымыз — омонимдер, синонимдер, антонимдер, фразеологизмдер арасындағы лексикалық анафора мен эпифораларды тауып, талдау жасау, оларды қайталама түрі ретінде анықтау, омонимдік, синонимдік, фразеологиялық, антонимдік анафора мен эпифоралардың қолданылу ерекшеліктерін айқындау. 

1.1.   Көп мағыналы сөздер мен омонимдердің  ,қолданылу ерекшелігі

Тіл — көркем шығарманың ең бірінші элементі. «Қалың көпшілік дұрыс бағалап жүргендей, кез келген көркем шығарма өзінше бір өмір деп қабылданатын  болса, өмірде тіл арқылы қарым-қатынастың болмағы — табиғи құбылыс». Бұл рас. Кез келген халықтың байлығы — оның тілінде. «Сөз — ойдың сәулесі» — деп жазған В.Г.Белинский.  Сөз затты немесе құбылысты атайды, ұғымды білдіреді. Қандай да бір көркем шығарманың көркі, шұрайы сол шығарманың тілі арқылы көрінеді, тілі арқылы бағаланады.

Ақын қаламынан туған образды, соны тіркестерде сөз де тіптен тың, мағыналық жаңа реңке ие болуы мүмкін. Яғни, сөздердің реңін кіргізіп, ажарлап көркемдік жасап үйлесімге келтіретін тіл байлығының көріктеу құралдары, тәсілдері бар. Омоним, көп мағыналы сөз, антоним, фразеологизм сияқты экспрессивтік-эмоционалдық сөздер — М.Мақатаев шеберлігінің негізгі арқауы, өлендерінің тілін танытудың ең бір өзекті тұсы болып саналады.

Көп мағыналы сөздер — тіліміздің байлығының көрсеткіші. Көркем шығармада көп мағыналы сөз өте көп қолданыста жүреді. Суреткер көркемдік үшін ойын айқын жеткізуде стильдік бояуы бар көп мағыналы сөздерді қолданып, контекст ішінде бір сөздің бірнеше мағынасын ашып береді. Ақын өлеңдерінен сөздің негізгі мағынасынан басқа туынды мағынасында жұмсалған коннотативтік қызметін /қосымша мағыналық реңктердің/ айқын көруімізге болады. Сонымен әр түрлі мағынасы бар сөз көп мағыналы сөз екені бізге мәлім. Полисемия — барлық тіддерде қолданылатын
құбылыс. Бір сөзге бірнеше мағына беру арқылы берілген сөздер ақын лирикасында кең орын алады. Көп мағыналы сөз тек тілдік құбылыс қана емес, көркем дүниедегі бейне сырын ашудың көрсеткіші.

Омонимия мен полисемияны бір-бірінен ажырата білу керек. Омонимдердің полисемиямен бір ұқсастығы бар: омонимдер де, полисемия да бірдей дыбысталып, айтылады, жазылады. Омонимдердің полисемиядан басты бір айырмашылығы: омонимдер бірдей дыбысталып, айтылып, бірдей жазылса да, мағыналары әр түрлі болады да, мағыналар арасында байланыс болмайды. Ал полисемия, яғни көп мағыналы сөз, бірдей дыбысталып, бірдей жазыла отырып, мағыналары жағынан жақын, байланысты болып келеді. Мәселен, адамның басы, таудың басы, жұмыстың басы деген сөз тіркестерінде келген бас сөзі көп мағыналы сөз, өйткені бұлардың арасьшда мағыналық байланыс бар. Ал, аяғыңды бас, жұмыстың басы деген сөз тіркестерінде келген бас сөзі омонимдер. Бұлардың мағыналары арасында байланыс жоқ. Көп мағыналы сөзде мағыналық бірлік болса, ал омоним сыртқы тұлғасымен ғана ұқсас болып келеді. Ш.Бектұров   пен М.Серғалиев «Қазақ тілі» еңбегінде омонимдер мен көп мағыналы сөздерді былай ажыратады: «Сөздің көп мағыналығы мағыналары жағынан бір-біріне жақын болса, сөздің көп мағыналығы, ал сөздер мағыналық жағынан бір-бірінен қашық болса, онда оның омоним болғаны».

Ә.Хасенов «Тіл білімі» атты еңбегінде: «Омонимдер мен полисемияның ұқсастығы — екеуінің бірдей дыбысталатындығы, айырмашылығы — омонимдер мағынасы жағынан басқа-басқа болады, полисемияға жататын сөздер мағыналары жағынан жақын болып келеді,» — деп анықтама береді.

Т.Қордабаев,    І. Кеңесбаев   сияқты   ғалымдардың   еңбектері бойынша омонимдерді мағыналары мен тұлғаларына қарай:

а)  лексикалық (толық) омонимдер;

ә) лексика-грамматикалык, (жартылай) омонимдер;

б) аралас   (көп   компонентті) омонимдер деп үш топқа бөлінеді.

Лексикалық омонимдер бір ғана сөз табына қатысты болады да, барлық жағдайда бірыңғай тұлғаға ие болып тұрады. Ал лексика-грамматикалық омонимдер әр сөз табына қатысты болады, осыған орай, олар бір тұлғасында бір-бірімен сәйкес келіп, басқа тұлғаларында ажырасып кетеді. Аралас омонимдік қатар лексикалық омонимдерді де, лексика-грамматикалық омонимдерді де қамтиды.

Сондай-ақ құрамына қарай түбір және туынды омонимдер болып келеді.

Біздің жұмысымыздың осы тарауға қойылған мақсаты -М.Мақатаевтың өлеңдеріндегі жай омонимдерді тауып талдау жасау ғана емес, омонимдер мен көп мағыналы сөздердің лексикалық анафора мен эпифора қайталамаларының мәнін ашу, қолданылу міндеттерін анықтау, сонымен қатар, ақын тіліндегі көп мағыналы сөз бен омонимдердің қайталануы өлеңнің көркемдігіне, мазмұнына, мәнеріне қандай әсер еткендігін айқындау.

Мұқағалидың өлеңдеріндегі өте жиі қолданылған, көп мағыналы сөздердің бірі — ақ сөзі. Бұл сөзді автор әр түрлі мағынада жұмсайды, бір өлеңнің немесе шумақтың ішінде бірнеше рет қайталап, жаңа бояу, жаңа реңктер береді.

Ғ.Мұсабаев өзінің «Қазіргі қазақ тілі» еңбегінде кейбір сөздердің метафоралық мағыналарының ауыспалы немесе тұрақты мағынаға айналатынын, сөйтіп лексикалық омонимдік қатар құрайтынын айтқан болатын. Бұл ойды төмендегі көрсетілген мысалдар арқылы дәлелдеуге болады.

«Ақ» атауының: «таза, пәк, кіршіксіз, адал, әділ, әдемі, сұлу, айқын, асыл, ардақты» т.б. осы сияқты өзара сәйкес, мәндес ұғымдарды білдіруінен де анық көруге болады.

Мұқағали жырларында «ақ» сөзі мынадай тура және ауыспалы мағынада сөз тіркестерінде кездеседі: ақ бастау, ақ жан, ақ жалын,  ақ кимешек,  ақ қар,  ақ бала,  ақ улпа,   аққа оранган

көшелер,    ақ мамық,  ақ туман, ақ тау,  ақ сәуле, ақ таң,  ақ шымылдық, ақ нөсер, ақ бұлт, ақ тас, ақ аспан, ақ үміт, ақ қайын, ақ көңіл, ақ жүз, ақ гүл, ақ түтек, ақ сай, ақ қырау, ақ тозаң т.б.

Ақынның «Естелік» деген өлеңінде «ақ» сөзі тура мағынада, сындық қызметте жүмсалған.

Ауылдың жаны — ақ бастау,

 Ақ бастау бар да, жу бетің.

 Ақ бастау түбі — ақ таста, Айнымас сенен суретің.

Мұнда автор «ақ» сөзін бір шумақта бірнеше рет қайталайды, кейіпкер өз бетін ақ бастауда жуғанда өзінің өтіп кеткен жастық шағын еске алады. Бұл жерде «ақ» сөзі таза, күнәсіз, тамаша, керемет балалық шақтың күндерін, зымырап ұшып кететін қарқынды сәттерін, бақытты кездерін сипаттауда қолданылған. Нәресте кез өтсе де, бірақ кез келген адамның есінде ол туралы естелік қалады. «Ақ бастау» сөз тіркесі лексикалық анафора жасайды. Сондай-ақ «бастау» деген сөз омоним болады. «Бастау» сөзінің бірнеше мағынасы бар. Мысалы, «бір істің бастауы», «кірісу», «сөз бастауы», «жалыға бастау» т.б. Ал мына өлеңде «бастау» сөзі «бұлақ, қайнар» мағынасында берілген.

Ал «Арманың бар ма?» деген өлеңінде ақын «ақ тауларды, ақ бұлттарды, ақ нөсерлерді» тірі жанмен салыстырып, олардан арманын сұрады.

Армандап Адам сұрады.

Ақ таулар — іштен тынады,

Азан сап тұрып ақ бұлттар,

Ағылда — тегіл жылады.

Ақ нөсер, бар ма арманың?…

Акынның сұрағына «ақ таулар» үндемеді, «ақ бұлттар» «ақ нөсермен» жылады. Мұнда «ақ» сөзінің тура мағынасы берілгенмен, ауыспалы мағынасын айқындауға болады. «Ақ нөсер» сөз тіркесі бір қалыпты, бірыңғай, ұзаққа созылған, ұдайы қайталанып тұратын құбылыс сипаты ретінде пайдаланылған. «Ақ тау» сөз тіркесі «кең, ұшы-қиыры жоқ, шексіз» мағынасында жұмсалған. Ал «ақ бұлт» «аппақ, қардай ақ, таза» мәнін береді. Өлеңде автор «ақ» сөзін қайталап, ардақты, таза, асыл арманды суреттеу үшін шебер қолданды.

М.Мақатаевтың өлеңдеріндегі түсті білдіретін көп мағыналы сөздердің қайталануы өте маңызды бейнелі компонент. Лексикалык бірліктердің қайталануы мәтіндегі эмоционалдық айшықты сөздердің тойымдылығын, бейнелі айбындылығын көтереді. Мысалы, «Жаздың таңы» өлеңінде «ақ» сөзінің анафоралық қайталануы басты рөл атқарады, автор осы түсті аяулы және нәзік таңның түсімен байланыстырып отырады.

Ақ тауға асылғанда ақ таң келіп,

Ашылған ак, шымылдық мақпал дерлік.

Ақ сәуле үяма кеп үйығанда,

Ақ таңға қанатымды қаққам келіп.

Бұл өлеңде автор «ақ» көп мағыналы сөзін 8 рет қайталайды. Осы бір-ақ омоним сөзі арқылы Мұқағали жаздың таңының сұлулығын, қайталанбас көрінісін сипаттайды. Келесі үш жолда: «Ақ таудың  бөлеп мен бесігіне, ақ таңның сүтіменен асыраған, Күн — менің  асыл анам, асыл анам», — деп, автор «ақ таң» сөз тіркесін, «күн» сөзін асыл ана бейнесімен салыстырып отырады, «ақ тау» оны  бесігіне бөлеп, «ақ таңның сүтіменен» асырайды.

Анафора қолданылуымен бірге өленде тұйықты қайталама кездесіп отырады. Бұл жердегі «ақ таң»  сөзі қайталанып отыратын сөздердің қатарында бастамасы және аяқталуы ретінде беріледі. «Ақ таң» сөзінің мағынасы өлеңнің негізгі  тақырыбы, автор ақ таңның келгендігін сипаттайды.

Өлеңнің бірыңғай дауысты «А» дыбысынан басталуы да сондай мәнерлі. Бұл ассонанс қайталаманың түрі стилистикалық тәсіл ретінде өлеңге ерекше экспрессивтік-эмоционалдық әсер  береді.

Лексикалық анафора мен эпифораны белгілі бір өлеңде анықтау, айқындау ретінде пайдалануға болады, ол арқылы автор поэтикалық мәтіндегі авторлық ойды сергіте алады, баяндау жүйелілігін жүзеге асырады. Сондықтан өлеңде түстің реңін, қоршаған ортадағы кездесетін құбылыстардың қыр-сырларын бір тұтастыққа біріктіреді және бір табиғат суретінің сипаттамасын көрсетеді. Мысалы, автор «Қар жауып тұр» өлеңінде «ақ аспан», «ақ мамық», «аққа оранған көшелер, ағаштар», «ақ тұманға оранған қала», «ақ қыс» деген сөз тіркестерінде «ақ» сөзін қайталап, мәтінде автордың сөздеріне бейнелілік, әсерлілік енгізіп, қар басқынын нақты, көлемді, толық суреттейді.

Заңды ғой,

Заңды бәрі, талас барма,

Аққа оранған көшелер, ағаштар да.

Бар табиғат өзара жарасқан ба?

Ақ мамықтар ұшып жүр ақ аспанда.

Қала жатыр оранып ақ тұманға,

(Сірә, дала кіршіксіз, ақ бұдан да).

Мұнда ақ сөзі «таза, кіршіксіз, жаңа, аппақ, ашық» деген мағынада қолданылып тұр.

Мұқағали поэтикасында түс — заттардың, нәрселердің шынайы өңдерін суреттеумен қатар, ақынның сол нәрселерге көңіл-күйін, ойын, яғни эмоциялық бағасын білдіру үшін құрал ретінде қолданылады, белгілі бір нәрсе жайындағы жеке пікірді,  субъективтік пайымдауды білдіреді. Мысалы, «Сағындым ғой дедімау, жаным» жырының «Сол менің ақ, жанымның ақ жалыны» деген өлең жолында ақ сөзі — адал, күнәсіз, әділетті, арамдығы жоқ мағынасында жұмсалып тұр.

Анафоралық және эпифоралық қайталамалар лирикалық кейіпкердің көңілі мен ой дүниесінің диалектикасын сипаттайтын поэтикалық әңгімелеуді ашу, айқындау үшін мүмкіндік туғызады. Мысалы, Мұқағалидың төмендегі өлеңінде «ақ кимешек» қайталанылатын анафоралық сөз тіркесі символға айналдырылған. Автор «ақ кимешекті» көргенде, өзінің ардақты, сүйікті әжесінің бейнесін көреді, таныс дауыс, таныс сөз есіне түседі. Мұнда «ақ» -қасиетті аналарымыз бен аруларымыздың басына салатын жаулығының түсі екені айтылған.

Әже, сен бірге жүрсің менімен,

Өліге мен өзіңді телімегем.

Ақ кишешек киген бір кемпір көрсем,

Ак  кимешек астынан сені көрем.

…. Ақ  кимешек көрінсе, сені көрем,

Ақ кимешек жоғалса,…

Нені көрем???

Сөйтіп ақын өлендерінде ақ сөзінің мағынасы әр алуан екендігін және өте көп ұшырасатындығын айқын көреміз. Қайталанатын көп мағыналы сөз де түрлі реңкте жұмсалып өлеңнің қуатын арттырып, әрлендіре түседі. Ақ сөзі — адалдықты, тазалықты, әділеттілікті, күнәсіздікті суреттеудегі пайдаланылатын бейнелі сөз. Ақ сөзі табиғат, құбылыс атауларының бәрімен тіркесіп, ауыспалы мағынада қолданылып тұр. Адам мен табиғат тұтастықта жырланғандықтан, сиқырлы сөздерді ұтымды қолданудағы тапқырлық десек те болады. Ақ аспан, ақ қар, ақ таң, ақ бұлт, ақ тау, ақ бастау, ақ тас, ақ нөсер, ақ тұман және т.б. тіркестер бірнеше рет қайталанады.

Түр-түс атауларының ішінде мағынасының ең кең дамығаны қазақ тілінде «ақ» сөзінің антонимі — қара сөзі. Оның себебі, біріншіден, табиғатының кең түрде қабылдануына, көрнекілігіне және басқа түр-түс атауларымен тіркесе қолданылуына, яғни аралас түр-түсті білдіруге бейімділігіне байланысты болса, екіншіден, оның табиғат пен қоғамдық өмірдегі құбылыстардың көбісінің түр-түс, бейне, қайғы-қасірет, қаралы сәт, көңілсіздік т.б. осы сияқты күңгірт жақтарына қатыстығына байланысты. Осылардың негізінде қазақ тілінде: қара қазақ, қара су, қара ниет, қара қобыз, қара шаңырақ, қара жұлдыз, қара орман, қара жорға, қара күз, қара бас, қара.жау, қара түнек, қара қайғы, қара уайым, қара шалғын т.б. осы сияқты 30-дан астам туынды мағыналардың қалыптасқандығын көреміз. Сонымен бірге қара өлең, қара шал, қара шаңырақ, қара домбыра т.б. қазаққа қасиетті, берекелі мағыналарды біддіре алады.

Бұл сөз тіркестері — тура және ауыспалы мағынада беріліп, өлеңнің    эмоционалдық-экспрессивтік    әсерін    күшейтіп    тұрған мағыналы, образды сөз тіркестер.

«Қара» сөзі көбінде сындық мағынада қолданылып, зат есімді анықтайды.

Мысалы:

Қап-қара ғажап сиқырлы

Қашпаңдар қара бояудан!

Қандырып уыз-ұйқымды,

Қап-қара түннен оянғам.

Кап-қара түнді көрдім де,

Жап-жарық таңға кездестім.

Қарасыз, сірә, мен мүлде,

Аппақтың нарқын сезбеспін.

Қап-қара көзді бір қыз бар,

Қашпаңдар қара бояудан !

Аспанда қара жұлдыздар

Кап-қара түнде оянған.

Мына өлеңде автор қара сөзін 11 рет қайталап, өлеңге айрықша нәр беріп, стильдік бояуын нақтылайды. Өлеңнің бірыңғай дауыссыз қатаң «қ» дыбысынан басталуы, яғни аллитерация тәсілін қолданылуы ерекше эмоциялық әсерге ие етеді. Шумақтың екеуінде «қап-қара» секілді күшейткіш шырайда түрған сөз қара өлеңнің салмағын мығымдай түседі. Бүл жерде «қашпандар қара бояудан»өлең жолы, «қап-қара» сөзі лексикалық анафораға айналған. Поэтикалық мәтіннің мазмұнына қара түстің реңктері әсер етіп, өлеңді қара түске бояйды. Қара түс өлеңнің басынан аяғына дейін доминант түс ретінде қолданылған. Өлең «қара» сөзімен басталып, «қара» сөзімен аяқталады. Қара түс — әр түрлі киындықтардың түсі, адам өміріндегі бүкіл қарама-қайшылықтың белгісі. Ақын осындай қайшылықты сөздерді қолдану арқылы өмірде кездесетін келеңсіз жайттарды сипаттап жеткізуге тырысқан. Адамның рухани сезімдерін осы сөздерді қолдану арқылы сездірген.

Бұл жерде автор анафорамен бірге сақина қайталаманың түрін қолданады. «Қашпаңдар қара бояудан» деген қайталанып отыратын сөйлемнің мағынасы поэтикалык мәтіннің ішінде ашыла түседі, дамытып отырғаннан кейін,   өлеңнің   аяғында   басқаша   естіледі,   жаңа   мағыналық реңктерді қабылдап, ұран, насихат сияқты айтылады.

Көп мағыналы сөздер, омонимдердің қайталамаларын ақын қолданарында талғампаздық көрсете отырып, орынды жерінде жақсы пайдаланғанын көреміз. Қара сөзінің қайталануына тағы бір мысал келтірейік:

Жетелеп сонау жылдар қара шалды,

Қарасазда жүруші ең, қара шалғы,

Қара шалғын ішінде қарт пен сенің,

Талай-талай көріп ем тамашаңды,

Қалыпсың ғой қаңырап, қара шалғы.

Бұл үзінді Мұқағалидың «Қара шалғы» дейтін өлеңінен, осы лирикаға Н.Үркімбаева: «Әдетте, қара бояу хақында жағымсыздық ұғымы қалыптасқан. Ал сол қара бояуға ерекше сәуле құйып, құбылтып әкеп, үлкен арнаға салып жіберген де Мұқағали. Мысалы, жоғарғы шумақтағы қара шал — қарапайым еңбек адамы көргенінен түйгені көп, бір өзі шежіре-дастан, әрі бір шаңырақтың ұйтқысы, береке басы. Қара шалғын — кәдімгі түгін тартсаң май шығатын құйқалы өріс, оты қалың өңір. Сол өңірде, шаруақор қара шалдың қолында «қаншама аласұрған», «қаншама рет қапырық күн өткеріп, түн жамылып, қаншама таң асырған» қара шалғы жай ғана еңбек құралы қалпында қалмай, «Сонау жылдар қара шалды қара шалғын ішінде жетелеп» жүрген жырдың негізгі лейтмотиві.

Қазақтың «қара шаңырақ», «қара қазан» сияқты берекелі ұғымдары қатарында «қара шал», «қара шалғын», «қара шалғы» да оқырман танымына жаңа ою-айшықтарымен ой қосатын жанды, қимыл, суреттерге айналған» [15,51] — деп өте дұрыс құнды тұжырым жасаған. Бұдан да басқа Мұқағали шығармашылығы жайында пікір айтқан белгілі ақын О.Асқарды оқиық: «Поэзия сәулесі шарпығанда қандай сөз болса да құлпыра түседі».

Ақынның «Қара суық» өлеңінің атауында қара сөзі «күшті, екпінді, тегеурінді, катты» суық, ызғар деген мағынада беріледі. Әдетте сондай мағынада «қара боран, қара жел, қара жауын» туралы айтылады. Мұқағали «жол», «су» сөздеріне «қара» деген эпитетті қойып, оларды лексикалық анафораға айналдырып, өлеңге ерекше мағыналық реңк үстейді.

Анау үй мен мынау үй қатынаған,

Қара жолдың қақ төсі қақыраған.

Қара суға қақ тұрған майысқақ мұз,

Шертіп қалсаң, быт-шыт боп шатынаған.

.. Ақынның «Өміріме» өлеңінде мынадай жолдар бар: «Қара аспаннан жалт еткен бір жасыным бар деуші едім. Қара көздің мөлт еткен бір жасымын ба деуші едім. Қара қарға ғұмырымен неге мені өлшедің?». Мұнда суреткер «қара аспан, қара көз, қара қарға ғұмыры» сөз тіркестерін қолданып, адам өміріндегі көңілсіздікті,  жабырқаулықты, жайсыздықты көрсетеді. «Қара қарға ғұмырымен неге мені өлшедің?» жолы арқылы ақын өз өмірін қарқылдап ұшатын   қара   қарғаның   түсімен   салыстырып   отырады.   Ақын адамның басындағы күнделікті өмір ағынында өтіп жатқан көріністі қара сөзімен суреттейді.

Немесе, «Сезігу» өлеңінде «Қара түнек қайта тұр оралғалы, қапамен ой жіберсем туған айға» деген екі жолда да, «қара» — адам жанының жабырқаған сәтін, көңілінің жадаулығын көрсетеді. Келесі өлең жолдарында: «Қара баста қайғының бұлты тұр, қабыл алсаң, қанеки жауайын», — деп, «қара» — басына қайғы орнады деген мағынада жұмсалып тұрған тіркес.

Ал төмендегі берілген өлеңде қара сөзін омограф ретінде көруге болады. Ғалым Ә.Хасенов мұндайды орфографиялық омоним деп атайды. «Омографтар — біркелкі жазылып, екпіннің әр түрлі түсуіне байланысты түрліше айтылатын сөздер. Мысалы: алма-зат  есім, алма-болымсыз етістік.» [14,169]

Тура қара көзіме, тура қара,

Тура қара көзіме, тура қара,

Ашық айтқан сөзімді бұрмалама

Тура қара көзіме, тура қара,

Арамдығың бұғынып тұр ма, бала?!

Мұнда қара сөзі — бұйрық райдың түрінде тұрған етістік, оны автор бірнеше рет қайталап, контактілі түрде қолданып, контактілі қайталамаға айналдырып тұрады. А.Қ.Утанова осы жайында:»Контактілі қайталамалар — лексикалық қайталамалардың позициялық түрі. Мұнда редупликат пен редупликатор тығыз байланыста орналасқан. Контактілі қайталамалардың негізгі қолданылатын жері — сөйлем, әрі кеткенде қатарлас орналасқан  сөйлемдер жігі», — деп айтқан.[16,15]

Аулақ, аулақ,

Аулақ менің жанымнан!

Қара уайым қара шәлі жамылған.

«Қара» — бұл жерде мұң-зарды көрсету мағынасында жұмсалып тұр. Бұралаң-бұралаң жолы бар өмір соқпағында адам басынан небір қиындықтар өтіп жатады. Мұқағалидың жеке басында сондай сәттер басымдау болды, сондықтан өмір шындығы өлеңде айқын суреттеледі.

Ақын «қара» сөзін қайталау арқылы поэтикалық мәтіннің реңдік бейнесін толық ашады, автордың эмоционалдық-бағалық бағдарлауларын күшейтіп отырады.

Енжарлық, көңілсіздік езілемін,

Қалғандай қара жаяу сезінемін.

/Түс/

«Қара жаяу» — ақынның жалғыздығын, өмірден тарығуын, зарығуын, қиналған бір сәтін көрсетеді.

Қазақтың ежелгі сөз ұйқасы, өлеңнің бастапқы қалпы, байырғы   өлең   —   қара   өлең.   Қазақ   халқының   фольклорындағы тақпақ, бір ауыз өлендерінің көбі осы ұйқаспен құрылған. Мұқағали осы ұйқас жайында былай айтқан: «Қазақтың қара өлеңі — құдіретім, онда бір сұмдық сыр бар естімеген». «Қара» бұл жерде «жай, қарапайым» мағынасында жұмсалған. Қара өлең ауыз әдебиетіне жатады. Оның иесі, авторы — халық. Сәбиді ана бесік жырымен тербетеді. Бала халықтан «Қара өлеңді» тыңдай жүріп ержетеді. «Жат жерді жастанғанда жазатайым, қанымен жазды, мүмкін, ағатайым… Қасиетіңнен қара өлең, айналайын, қазақтың дәл өзіндей қарапайым». Иә, қарапайым қара өлеңнің қүдіретті мағынасын, терең сырын білем деп ақын көп ізденді, көп толғанды, қазақтың қара өлеңінің одан әрі мәңгі өмір сүруін армандады.

Жоғарыда келтірілген өлең үзінділерінде қара сөзі лексикалық анафора мен эпифора және аллитерация тәсілінде қолданылған. Ойды өрбіту негізінде үстемелетіп, одан сайын асырмалатып суреттеу басым. Мәтін ішінде қара сөзін құбылтып түрлендіре отырып, бір ойды әр түрлі мағынамен беріп, сырлы да сиқырлы сөздер тізбегін тізіп, қазақтың қара өлеңінің қүдіретін биіктете түседі.

М.Мақатаевтың тілінде көп мағыналы сөздердің бірі — күн сөзі көп қолданылатынына көз жеткізуге болады. Түсіндірме сөздікте күн сөзінің бірнеше мағынасы көрсетілген. Мысалы, күн -мезгіл, уақыт ретінде немесе күн — өмір сүру мағынасында қолданылады. Мұқағали өлеңдеріндегі күн — символ (астарлы) сөз. З.Ахметов «Символ дегеніміз — балама бейне. Оған негізгі ойды, айтқалы отырған нәрсені, құбылысты, сол балама бейне, сурет арқылы тұспалдап көрсету тән» [1,87] — дейді. Символ — идеяның заттық нысаны, астарлы образы. Символ — поэтикалық образ. Мысалы, «Несіне асығады?!» өлеңінде Мұқағали күн сөзін астарлап, бейнелеп суреттейді. Күн «өмір сүру, тіршілік ету» мағынасында қолданылады, зымырап өтіп жатқан уақыттың көрінісін көрсетеді. Уақыт объективті категория секілді және өмір ағымының эмоциялық түйсігін беріп отыратын бейне сияқты көрсету үшін автор күн сөзін қайталап, яғни күшейткіштік (усилительный) қайталама ретінде қолданды. Соңғы шумақта «күнді» — тез өтетін уақыт бөлігі (жақсылық), ал «түнді» — ұзақ созылатын, керегі жоқ уақыт бөлігі (жамандық) ретінде бейнелейді.

Күн қайда асығады?!

Нендей күш күннің нұрын жасырады?!

Қызарып соңғы сәуле шашырады,

Күн түйе алмай барады шашын әлі.

Жетпедім ұшығына күнде ойланып,

Жер қайда асығады күнді айналып?!

Тірлікте қара түннің керегі не,

Кетпей ме онан дағы күнге айналып.

«Жарқырап шығып» өлеңінде мынадай жолдар бар: «Өмірім менің, Күнменен бірге жылжыған! Өте бер жайлап, несіне саған қынжылам. Ашылып күнмен, күнменен бірге тұнжырап, күнменен күліп, жыласа, бірге тұр жылап». Бұл жерде «күн» — жарық, ашық, қуанышты, көңілді оқиғаларға толы өмірлік болмыстың символын білдіреді, бұл оқиғалар өмір жолының межесін құрайды. Мұқағали күн сөзін адамның өмірімен, уақыт барысымен, күндердің ағымымен теңейді, ақынның өмірі «күнменен бірге жылжиды, күнменен бірге ашылады, тұнжырайды, күледі, жылайды». Бұл өлеңде автор «күн» сөзін 9 рет қайталау арқылы, уақыт пен өмір арасындағы байланысты күшейтеді, уақыт желісін жеделдетіп, үдетіп отырады.

Ей, менің өмірімнің күншуағы!

Көлеңкесіз осылай тұршы кәні.

… Талма түсті тайдыра көрмегейсің,

Ей, жарық күншуағым,

Күншуағым!

/Күншуағым/

Күншуақ — өтіп кеткен жастық шақ, адам өмірінің қайтып келмейтін бір кезеңі деген мағынада жұмсалған. Автор «күншуақ» сөзін лексикалық эпифораға айналдырып, ашық күндер туралы, өткен жастық шақ жайында естеліктерді сипаттайды.

Қандай бақыт!

Жарқырап күн тұрғаны.

Күн астында дүние құлпырғаны.

Күннің нұрын құшақтап, үлестіріп,

Бір ұрпаққа, бір ұрпақ ұмтылғаны.

«Күн» — қызу, жарық беретін планета үғымында. Күннің нұры — шашырап тұрған сәуле, яғни бүкіл тіршілікті қыздырып, жарқыратып тұрған планета. Автор «күн астында», «күннің нұры» сөз тіркестерін өлеңде стильдік қызмет атқаратын лексикалық анафораға айналдырады.

Қалт-құлт етіп, мейлі мен күн кешейін,

 Күн кешейін, еліммен бірге өсейін.

«Күн кешті» — өмір сүрді, тіршілік етті мағынасында жұмсалып, екі жолда да қайталанып өлеңнің әсерін күшейтіп тұр.

Күміс жалды күн дейтін көлікпенен,

Көріп келем өмірді, көріп келем.

/Күміс жалды күн/

Ақын күн сөзін соны эпитет тіркеспен жұмсап, айтар ойының нәрін мәнерлей түседі. Күміс жалды күн — жаңа тіркес. Жал сөзі әдетте атқа   байланысты   айтылатынын   ескерсек,   бұнда   күн   сөзімен тіркесіп әдемі үйлесім тапқан.

Қайдан білсін, келе алмай күйім бүгін,

Сансыратып кеткенін құйын-күнім.

/Қайдан білсін/

«Құйын-күн» — бұл жерде адамның көңіліндегі мазасыздықты білдіріп, құбылмалы, дауыл соққандай өтіп жатқан адам өмірін суреттейді.

Қош енді, қош боп күрең күн!

Күрең мұң саған жібердім.

/Күрең күз/

«Күрең күн» — адамның өмірінің бір кезеңіндегі жайсыздық, көңілсіздік мағынасында келтірілгендіктен, ақынның сондай мазасыз күнмен қоштасуын сеземіз.

Беу, менің есіл күндерім,

Білмедім есім кіргенін…

Қош енді, ескі күндерім!

Келе ғой, есті күндерім!!!

Осы шағын шумақта «күн» сөзін үстемелетіп жұмсап мағыналық сырын аша түседі. «Күн» — уақыт, мезгіл мағынасындағы лексикалық эпифораға айналған көп мағыналы сөз. Есіл, ескі, есті сын есімдері арқылы күн сөзінің қызметі айқын көрінген. Есіл күн — мәнсіз-мағынасыз өтіп жатқан уақыт, ескі күн — өмірдің бір кезеңі, есті күн — келер күннен үміт, жақсылық күту мағынасында жұмсалған сөз тіркестері.

Мұқағали өзінің лирикасында бір сөзді бірнеше рет қолдану арқылы өлеңнің эстетикалық-эмоциялық мәнерін, экспрессивтік бояуын әрлендіреді. Ақынның тағы бір «Өледі кімдер, туады кімдер» өлеңінде анафора мен эпифораның қолданылуын айқын көруге болады. Мысалы:

Өледі кімдер, туады кімдер,

Батады күндер, шығады кундер.

Семеді гүлдер, өседі гүлдер,

Келеді күндер, көшеді күндер.

Өмірде қымбат асылдар — күндер,

Өмірде қрілы ғасырлар — күндер.

Өмірге керек бақыттар — күндер,

Өткізген сәтті уақыттар — күндер.

Өмірдің мәңгі қосағы — күндер,

Өмірді мәңгі тосады күндер.

Күндер….

Кундер…

Мұнда Мұқағали Мақатаев «күндер», «өмір» сөздерін қайталау арқылы өлеңнің эмоционалдық қуатын күшейтеді, тындаушысын негізгі мақсатына жетелейді. Өмір қас-қағым сәт. Осы сәт қайта оралмайды. Әр жанға өлшеніп берілген өмір бар, сол өмірдің қай жерден басталып, қай жерден аяқталатынын ешкім де білмейді. Сондықтан ақын өмірдің әр күнін, әр сәтін жоғары бағалауға шақырады. Біз үшін негізгі мақсат — өмірдің мәні мен мағынасында!

Сөйтіп ақында күн сөзінің сан алуан стильдік астары бар. Мұқағали өлеңдеріндегі күрең күн, күміс жалды күн, құйын күн, ескі күн, есіл күн, есті күн, өткен күн, асыгып баратын күн, санаулы күн, ауыр күн, шуақты күн, жарық күн, сұлу күн, бозбала күн, бекер күн, және т.б. сөз тіркестері арқылы басынан өтіп жатқан толассыз, тоқтаусыз, қызық та қуанышты, кейде мұңды, азапты, қайғылы күндерді суреттеген. Күн — планета ретінде, күннің нұры, күннің жылуы, күннің қызуы, күннің сәулесі секілді жалпы тілдік қолданыстағы тіркестер де көп.

«Күн» сөзінің белгілі бір ұғымды білдіретін астарлы, көп мағыналы сөз екенін білдік, көбінде жаңа сөз жасалып қана қоймай түрленіп отырады. Жасалу формасы әр түрлі күн сөзі көпшілік өлеңдерінде қайталанады. Ақын күнге құштар. «Күн» атты бүкіл әлемді жылытатын, дүниені тірілтетін нұрлы алып планетадан жылылық, мейірімділік, тазалық күтеді.

Алдыңғы берілген күн сөзінің мысалдарымен қатар көп мағыналы жан зат есімінің бір өлеңдегі қайталануына көңіл аударып көрейік.

Қайдасың, қайдасың, менің ерке жан серігім?

Жабырқау жандырсаңшы жан сенімін.

Қайдасың, тәтті қиял ой шумағы,

Бассаңшы қасіретін жан шерінің!

Мұнда «жан» сөзі 3 рет қайталанған. Жан сөзінің бірінші қолданыстағы ұғымы адам, дос, жан серігі тәріздес мағынада алынған да, екінші жан сөзі өзінің тура ұғымында жұмсалып тұр. Одан соңғы, яғни ең кейінгі жолдағы «жан шері» — көңіл, ақыл-ой, сана деген мәнді аңғартады, жаным жара, көңілім қаяу, уайымдымын, мұңдымын деген тәрізді мазмұнда айтылып тұр.

Жоғарыдағы бір шумақта үш рет қолданылған жан есімінің мағыналық сипаты әр түрлі, яғни стильдік қолданылуы жағынан өзара бір емес. Сөздің көп мағыналығы мен стилистиканың бір-біріне қатысы деген мәселе міне осы тұрғыда аңғарылады.

Кейде лексикалық қайталамалар өлеңнің мән-мағынасын, мазмұнын айқындауда басты рөл атқарады. Мысалы, төмендегі берілген өлеңнің «аңса жаным», «сағым, жаным», «жақсыдан жайлап ескен жан самалын» сөз формалары автордың негізгі ойын анықтайды, осы сөз тіркестерінің әрбір қайталануы авторлық әңгімелеудің нақты сатысын, дәрежесін көрсетеді. Мұндай лексикалық қайталаманы — сатылы (ступенчатый) қайталама деп атайды.

«Жан» — бұл жерде тірі адам мәнінде алынған. Бұл сөзді осылайша қайталап қолданудың нәтижесінде оның стильдік қызметі, мағыналық аясы кейде сәл өзгере түседі. Сөйтіп стильдік қолданылу ерекшелігіне қарай көп мағыналығы барынша айқын көрінеді. «Жаным» сөзі лексикалық эпифораға айналған.

Мен аңсаймын.

Сен-дағы аңса, жаным,

Жақсыдан жайлап ескен жан салмалын.

Аңса, жаным,

Зарығып шарша, жаным,

Қалса да қанша ғүмыр, қанша амалың.

Аңса, жаным!

Мен сағынам.

Сен дағы сағын, жаным,..

Жақсыдан жайлап ескен жан самалын,

Жабықпай аңса, жаным,

Аңса, жаным!

«Жанымда менің» өлеңінде дауыссыз дыбыстар тіркес күйінде абсолют позицияда қайталанып келеді. Бұл қолданысты дыбыстық анафора деп атайды. Бұл жерде жан — дыбыстық анафора өлең мәтініне ырғақтық мән беріп, ұйқас қызметін атқарып тұр. Дыбыстық анафораның озық үлгілерін М.Шаханов, Ү.Есдәулет, Ж.Әбдірәшев сияқты ақындар өлеқдерінен кездестіруге де болады.

Жанымда менің

    Жасырын жатқан вулкан бар,

Жалынын атпай,

Жасырын ғана бұрқанған.

Жайғасып алып,

Жанымда менің

Атылмай жатқан жасым бар.

«Жан» сөзі ниет, ықылас, көңіл мәнін аңғартады. Бұл өлеңнің тағы бір.. ерекшелігі. Мұнда «саңылаулы қайталама», яғни орыс ғалымдарының айтуынша, «сквозной повтор» кездеседі. Саңылаулы қайталама алғашқы және соңғы жолдарды бір тұтастыққа тұтастыратын сөз және сөз тіркестерінің қайталануы арқылы мәтіннің бүкіл бөлімін қамтиды.

«Жанымда менің жасырын жатқан вулкан бар», «Жанымда менің атылмай жатқан жасын бар» өлең жолдары мәтіннің идеясын білдіреді, өлеңнің басында және соңында қайталанады. «Жанымда менің» сөз тіркесі авторлық ой-пікірді қалыптастырып, өлеңнің мазмұнын аша түседі. «Жанымда менің»сөз тіркесі мен  «жасырын» сөзі анафораға айналған.

Сонымен біз «жан» көп мағыналы сөзі ақын өлеңдерінде бірнеше мағынада жұмсалғанын байқадық. Ақын жан сөзін кейде тура, кейде ауыспалы мағынада қолданып, адам, көңіл, сана, ниет, ықылас сияқты ұғымдарды білдіреді.

М.Мақатаевтың жырларында тілдің лексикасын саны емес, мағынасы жағынан ұлғайтатын, көбейтетін, кеңейтетін омонимдердің қолданылуына, қайталануына назар аударайық. Мысалы:

Осы бір көктемді көгерген,

                                     Жүз жылдан кейін кеп көрер ме ем!

Осы бір қызғалдақ жас гүлді

Жүз жылдан кейін кеп терер ме ем!

немесе:

Жандарды жылы жүзді ұнатамын,

Барлығы баласындай бір атаның.

Жүзіңнен, жаным, неге мұң атады,

Жаным-ау, қайтсем сені жұбатамын?

Осы шумақтың екеуінде «жүз» түбір омонимі қайталанылып отырады. Бірақ алдыңғы шумақтағы жүз — сан есім, кейінгі жүз —бет, ажар, түр, өң мағынасында қолданылып тұрған зат есім.

М.Мақатаевтың лирикалық өлеңдерін оқу үстінде жаңа оралым, тың тіркестер іздеп жүрміз. Ақын өзінің сол жайсаң да сезімтал, шымыр да шынайы болмысын өлеңге өзгепше түр іздемей-ақ жеткізе алады. Қарапайым тілде ұғысу қазіргі көркемөнердің өзгеше бір белесіне айналғандай. Ол көркем өнер жүгі жеңілдеді деген сөз емес, керісінше, көркемдеу құралдары нәзіктене түсті деген сөз. Сондықтан да өлендерінен артық-кем өлшем, басы артық сөз, «бөтен қылықты» іздесеңіз, таппайсыз. Мысалы, «Басыма менің бақ қондың» өлеңінде:

Орынсыз ойнап, күлгенде,

Опық жеп талай жүргенде,

Басыма менің Бақ қондың,

Байқаусыз шақта, бірдемде

Боларын   бұлай білгем бе?!

Ақыры мына, Бақ, қондың,

 Баянсыз емес, нақ қондың.

Бақ қонды дағы тап болдым.

Мұнда ақынның сезім-күйі бірінші орынға шыға алғандықтан, өленде лирикалық сипат басым болып тұр. Бірінші, екінші жолда ақынның өкінішін көреміз, үшінші жолда автордың айрықша сезімі, құштарлығы оянады. Өлеңнің әсерлілігі де, ақынның құштарлығымен өзектес. Сезім динамикасын дәл бейнелеп, сезімді осынша жеткізе алу, өте-мөте Мұқағалиға тән қасиет.

«Бақ» сөзі — бақыт, қуаныш, шаттық мағынасында жұмсалған. «Бақ қонды» тіркесі өлең жолында бірнеше рет қайталанып, лексикалық эпифора жасайды. Ал, «Анау — аспан, мынау — бақ, аспанда бұлт, бақ жадау… Бақты кезіп тал-қайың, жалаңаяқ жылап жүр» деген өлең жолдарында «бақ» — ақ қармен жамылған, қараусыз қалған қысқы бақ мағынасында қолданылады. Бұлар да омоним сөздер.

Тағы бір «жас» туынды омоним сөзінің қолданылуына мысал келтірейік.

Көзіңнің жасын көрмесем екен мен сенің,

Көзіңнің жасын көрсетпе маған, еңселім.

/Көрмесем екен/ немесе:

… Жаралы жас жүректің толқынынан,

Еседі бетті аймалап нәзік леп.

Жас жүрек, асықпаған, жиі соқпа,

Өмірдің тайғанында тұрған жоқ па?

Бұл өлеңнің алғашқы екі жолында жас сөзі — адам жылаған кездегі жас мағынасында қолданылып тұрған анафоралық сөз. Екінші жолдағы жас — адамның жасына байланысты метафоралық мағынада жұмсалады.

Омонимдік қайталамалар өлеңнің әсемдігі, әсерлігімен қатар, өлеңнің композициялық құрылысында да ерекше қызмет жасайды. Мысалы:

Жастық маған от берді жалындат деп,

Жастық маған оқ берді жауыңды ат деп.

Жастық мені жалтарпай шыңға айдады,

Жастық менің жаныма жыр байлады.

Жастық мені шындады, шынықтырды,

Жастық, шіркін өмірді шын ұқтырды.

Бұл мысал Мұқағалидың «Жастық» атты өлеңінен алынған. Ақынның осы өлеңінде негізгі нысана айтар ой, ақындық идея тек жастыққа қаратылып, жастық сөзінің мағынасын күшейте түсу үшін, әр тармақтың басынан бастап әр қырынан келген. Міне, сол үшін де бұл шумақта анафоралық қайталама жасалып, «жастық» сөзінің мағынасын, мәнін айтар идеясына сәйкес бірте-бірте дамытып әкеліп, шумақтың соңғы жолында тұжырымды түйін жасайды. Сондықтан да мұны әдепкі қайталаудың үлгісіне жатқызамыз.

Ал келесі өлеңінде әуендік қайталама үлгісін көруге болады.

Жаңадан өскен жас қайың,

Қорексіз шөлдеп налып тұр.

Күтпесе егер жастайын,

Өсуден мәңгі қалып тұр.

Бұл жерде «жас қайың» сөз тіркесі мен «жастайын» сөзі эмоционалды дыбысталып, эвфониялық әуезділігі жағынан үйлесімдік жасайды.

Сөйтіп М.Мақатаевтъщ өлендеріңде тура және ауыспалы мағынада беріліп, өлеңнің эмоциялық-экспрессивтік әсерін күшейтіп тұрған көп мағыналы, омоним сөз тіркестері көп колданылған.

Көп мағыналы сөз, омоним тек тілдік құбылыс қана емес,көркем дүниенің бейне сырын ашудағы көрсеткіш екендігінбайқаймыз. Ақын тіліндегі көп мағыналы сөздер, түбір мен туынды омонимдердің арасындағы кайталану, лексикалық анафора мен эпифора, сатылы, контактілі, дистантты, тұйықты, сақина,саңылаулы, симплока, күшейткіштік, семантикалық қайталамалардың түрлері, әуендік қайталама, дыбыстық анафораның қолданылуы өлеңнің көркемдігіне, мазмұнына, мәнеріне, әсеріне қызмет етеді.

  • Анафора мен эпифораның лексикалық синоним сөздерде қолданылуы.

Әрбір тілдің кемеліне келіп жетілгендігінің белгісі оиың бай синонимикасы арқылы да білінеді. Қазақ тілі лексикалық синонимдерге өте бай. Бір ұғымды білдіру үшін кейде 20-30 синоним сөздер қолданылады. Ана тілінің синонимдік байлығын білу арқылы ғана көңілдегі көрікті ойды барлық реңктерімен өз мәнінде дәл және анық етіп шеберлікпен жеткізуге мүмкіндік аламыз. Ғалым Ә.Болғанбаевтың айтуынша: «Синонимдер дегеніміз — әр түрлі айтылғанымен, мағынасы жақын, бірақ әрқайсысының өздеріне тән не мағыналық, не стильдік, не эмоциялық сәл ерекшеліктері бар бір сөз табынан болған сөздер». [17,23]

«Синонимия — ұлттық тілдің айқындылығын, дәлдігін, икемділігін, бейнелегіштік күшін көрсететін тілдік құбылыс. Тілдегі синонимдерді пайдаланып, керегіне жаратпайтын ақын-жазушы жоқ. Синонимдерді қайталау — автор тілін әсерлендірудің тұрақты тәсілі. Сөздердін, мағынасы мен эксирссиясын күшейтіп, көркем дәлдік жасау тәсілі болады. Көркем шығармаларда бір кезде синоиимдер жинақтык ұғым, бейнелілік машнасын бере тіркессе (қайғы — мұң, қалжың — тәлкек), енді бір кездс дәл керек мағыналық қырды, белгіні дәлдеу, күшейту үшін қайталанады.» [6,82]

Синонимдер — ойды қайталамаудың негізі ғана емес, суреткердің көркемдеу құралы. Синонимдер көркем әдебиет тілінде өте көп қолданылып, суреткер ойын терең де мағыналы сөздер арқылы жеткізеді. Тұлғалары бөлек, мағыналары жақын болып табылатын синонимдер — поэзия тілінің ең бір қажетті құралы. Ақын көкірегінде сайрап тұрған шындықты шынайы, көркем етіп жеткізу үшін қажет сөзді талғап, таңдап, орынды қолдана білсе, ол оның шеберлігінің бір қыры.[2,22]

Синонимдср мынадай бслгілсрінс қарай топтастырылады: 1. Сөздің дыбысталуында аз да болса, тұлғалық өзгешелігі болуы қажет. 2. Сөздер бір ғана сөз табына қатысты болуы қажет. 3. Сөздер бір ғана ұғымды білдіруі тиіс, Бұл үш белгі — сөздерді синоним деи танудағы басты шарттар. [18,104]

Синонимдерің мағынаналарын ажыратқанда мынадай мәселелерге коңіл аударылады:   Синонимдср градация жолымен өзгеріп отырады.Мәселен, аяз сөзіне қарағанда оның синонимдік сыңары үскірік сөзінің мағыналық салмағы күтірек екендігін сезуге болады.   Синонимдердің  біреуінің  мағынасы   екіншісінен  кеңірек болады. Мәселен, соғыс деген сөздің мағынасы ұрыс деген сөзден кең т.б.

Синонимдердің стильдік мәні неше алуан функционалдық сипатта қолданылуымен тығыз байланысты. Тіліміздегі синонимдердің мынадай реңктері байқалады:

І.Қадір тұтып сыйлағандықты білдіретін реңктер. Мәселен, отағасы үй иесі сөзінен, науқас ауру сөзінен, қаза өлім сөзінен, перзент бала сөзінен жоғарылау.

2.Поэтикалық реңктер. Асқар деген сөздің биік деген сөзге қарағанда реңкі басым. Сол сияқты қол әскер сөзінен, мәртебе атақ сөзінен, қаһарман кейіпкер сөзінен жиірек қолданылады.

З.Кекесін-мысқыл мәніндегі реңктер. Біреудің істеген ісі, қылығы басқа бір адамға ұнамағанда айтылады. Мәселен, қожаңдау, кісілік көрсету деудің орнына қодыраңдау, жеңілтектену деудің орнына тұштаңдау деп кекетіп айтады.

4.Салтанат құру мәніндегі реңктер. Жүлде сөзі бәйге сөзінен асқақ, мерекелеу тойлау сөзінен көтеріңкі.[17,37]

Синонимдердің грамматикалық табиғатына келсек, қазак тілінде синоним кездеспейтін бірде-бір сөз табы жоқ. Барлық сөз табынан синонимдер табылады. Алайда сан мөлшері жағынан келгенде әр сөз табының синонимге молшылығы әр түрлі. Кейбір сөз табы синонимге өте бай (етістік, зат есім, сын есім), екінші бір сөз табының синонимі соншалықты кедей (сан есім).

Тілдегі синонимдер үш түрге бөлінеді:

  1. Мағыналық синонимдер;
  2. Стилъдік синонимдер;
  3. Мағыналық-стилъдік синонимдер. ,

Бұлардың әрқайсысының өзіне тән реңкі бар. Жалпылама қолданыла беретін синонимдер мағыналық синонимдер деп аталады. Бұлар әрбір жеке қолданыстағы сөздердің мағынасын, жалпы ойды анық, әрі дәлме-дәл нақтылы түрде жеткізу үшін қолданылады. Мәселен, абырой бедел — қадір деген сөздердің жалпы мағынасы адамдардың қызмет бабында, я өмір сүрген ортасында құрметке бөленуін, ілтипатқа ие болуын білдіреді.

Стильдік синонимдер деп мағына жағынан ұқсас тең бола отырып, бір-бірінен стильдік бояуы арқылы өзгешеленетін мәндес сөздердің тобын айтамыз. Мысалы: үлкен — дөкей, өкпелеу -бұртию т.б.

Синонимдердің әрі мағыналық, әрі стильдік белгілері арқылы ерекшеленетін түрлерін мағыналық-стильдік синонимдер деп атаймыз. Мысалы: тақия — төбетей — кепеш, мақтаншақ — бөспе т.б. [17,260]

М.Мақатаев   лирикасындағы   синонимдер   сөз   табының барлық түрінен жасалған. Соның ішінде етістік синонимдер қимыл-әрекетті суреттеуде жұмсалған көріктеу құралы болып табылады. Адамның жеке басындағы әр түрлі қасиеттерді көрсетуде зат есім синонимдер ұтымды берілген.

Біздің мақсатымыз — ақын тіліндегі синонимдердің санын анықтау емес, оның қолдану, қайталану мүмкіншілігін, мағыналығын, тіркесімділігін, оралымдылығын, стильдік бояуын, бейне ашудағы қызмет дәрежесін дәл тауып, нақтылай жеткізіп бере алуымызда. Енді ақын өлеңдеріндегі синонимдерге мысал келтірейік:

Жөн болмас, сірә, өмірмен ұстасқаным,

Бір ғұмыр дүниенің құшпас бәрін.

Күнің шығып келеді, ей, Болашақ!

Бесінге ауып барады түскі аспаным.

Бұл шумақта «өмір — ғұмыр», «дүние — күн» сөздері мағыналық синонимдерге жатады. Бұл синонимдер өлеңнің ішіндегі басқа шумақтарында да кездеседі. Бұл төртеуі тұтастай алғанда өлеңге ерекше мағына үстеп қана қоймай, ақын тілінің байлығын, жан-жақтылығын таныта түседі. Осы синонимдер ойды дәл жеткізу үшін берілген.

ҚОРЫТЫНДЫ

Мұқағали лирикасы тілінде омоним, көп мағыналы сөздерден жасалған анафоралық және эпифоралық қайталамалар өлеңге ерекше сипат, жаңа мағыналық реңк беріп, өлеңнің көркемдігіне, мазмұнына үлкен әсер еткендігі айқындалады. М.Мақатаев көбінесе омоним, көп мағыналы сөздерді ауыспалы, астарлы мағынада қолданып, олардың қызметін мәтін ішінде айқындай түседі. Ақын тілінде ақ, қара, күн, жан сияқты қайталанатып көп мағыналы сөздер әр түрлі реңкте жұмсалып, өлеңнің қуатын арттырып, әрлендіре түседі. Мысалы, «күн» көп мағаналы есім сөзіне талдау жасау барысында ақынның өленді сөйлемдерінде бірнеше мағынада жұмсалғанын байқадық. «Күн» сөзі арқылы жасалған жаңа, соны тіркесімдер де бар. Мысалы, күміс жалды күн, құйын күн, күрең күн, есіл күн, ескі күн, есті күн және т.б. ақын басынан өтіп жатқан толассыз, тоқтаусыз, қызық та қуанышты, кейде мұнды, қайғылы күндерді суреттеген. Сонымен қатар, ақ аспан, ақ қар, ақ таң, ақ бұлт, ақ тау, ақ бастау, ақ нөсер, ақ тұман сияқты тіркестер бірнеше рет қайталанады. Жүз, бақ, жас омонимдерінен жасалған анафора мен эпифоралар әсерінен, контактілі, дистантты, сатылы, саңылаулы, күшейткіштік, әуендік, тұйықты қайталамалардың түрлерінен өлеңнің мәнерлілігі, ой өрнегі ажарлана түседі.

Көркем мәтін ішінде синонимдердің қайталануы ақынның айтар ойына ерекше әуез беріп, шығарманың тіл шұрайын келтіріп тұрғанын байқадық. Өлеңнің мазмұнын дәл ашып, ойды тереңдетіп беруде мағыналық синонимдер мен стильдік синонимдерден жасалған анафора мен эпифора өлеңнің әуезділігін, әсерлілігін күшейте түседі. Ақын лирикасындағы синонимдер сөз табының барлық түрінен жасалған. Сондай-ақ етістік синонимдер/сену-нану-көну, қуану-шаттану/ қимыл-әрекетті суреттеуде жұмсалған. Адамның жеке басындағы әр түрлі қасиеттерді көрсетуде зат есім синонимдер /мұң-зар-қайғы/ ұтымды берілген. Сонымен бірге персондық зат есім синонимдер/дос-бауыр-құрбы/ қолданылады. Суреткер мағыналық /жер-өлке, Отан-ел/, стильдік /шындық-ақиқат/ синонимдерді тек бейне үшін ғана емес, өлеңнің экспрессивтік-эмоционалдық бояуын айқындата түсу үшін. таңдап қолдана білді.

Поэтикалық мәтінде синонимдердің екеуін, кейде төрт-бесеуін қатар келтірудің үлкен стильдік мәні бар. Мұқағали лексикалық синонимдерді еркін меңгеріп, орнымен жұмсап, бір синоним сөзді өлеңнің ішінде қайталап, контактілі, күшейткіштік, параллельді анафора немесе эпифоралардың түрлерін қолдану арқылы поэтикалық сөз өрнегінде сұлу да көркем бейне жасайды, окырманды ойландырады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

  1. Ахметов 3. — Өлең сөздің теориясы. Алматы: Мектеп, 1973. 212 6.
  2. Сыздық Р. Сөз қүдіретті. Алматы: Санат, 1997.-224 б.141
  1. Қабдолов 3. Сөз өнері. — Алматы: Санат, 2002.- 360 б.
  2. Жүмалиев Қ. Әдебиет теориясы. Алматы, 1969. —221 б.
  3. Серғалиев М. Сөз сарасы. АлматыгЖазушы, 1989. — 138.
  4. Шалабаев Б. Көркем проза тілі. Алматы:Білім, 1994.—130.
  5. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М. Қазақ тілінің
    стилистикасы. Алматы, 1974. — 199 б.
  6. Негимов С. Өлең өрімі. Алматы, 1980. — 136.
  7. Мақатаев М. Шығармаларының толық жинағы: Төрт томдық. Қүраст. Орақазын Асқар. — Алматы: Жалын баспасы, 2001.- 448 б. Мысалдар ақьш шығармаларының осы басылымы бойынпіа беріліп аталды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ