Өсімдіктердегі бөліп шығару өнімдері: тыныс алу мен фотосинтездің бастапқы және соңғы өнімдері.

0
19341
Гомотетия және оның қасиеттері
Сабақтың тақырыбы:

Өсімдіктердегі бөліп шығару өнімдері: тыныс алу мен фотосинтездің бастапқы және соңғы өнімдері.

Зертханалық жұмыс «Өсімдіктердің тынысалу ерекшеліктерін өскіндер мысалында зерттеу»

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:   

СЫНЫП:  7 Қатысқан оқушылар  саны: Қатыспаған оқушылар саны: 0
Сабақ негізделген оқу мақсаттары — өсімдіктердегі бөліп шығару ерекшеліктерін зерттеу

Сабақ  нәтижесі:

 

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды.  Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен  жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды.Тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі Тақырыптың маңызын түсіндіреді.Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында  тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Тілдік құзіреттілік Өсімдік бөлінділерінің ерекшеліктері
Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Музыка, қазақ тілі.
Алдыңғы оқу Бөліп шығарудың тірі ағзалар үшін маңызы. Жануарлардағы бөліп шығару өнімдері. Зат алмасудың соңғы өнімдері.
Сабақтың жоспары
Жоспарланғануақыт Сабақ барысы : Бағалау түрлері

Басталуы

5  минут

Ұйымдастыру кезеңі  2 минут

Топтарға бөлу.

Тірек сөздер  бойынша топқа  бөліну.

Оқушыларға сөздер қиындыларын беремін. Әріп қиындыларда сөздер болу керек.

Оқушылар сол сөздер бойынша топтарға бөлінеді.

 

Психологиялық ахуал қалыптастыру:  3 минут

«Сурете байланысты тілек» тренинг

Оқушыларды шеңберге шақыру,амандасу. Стикерлерге салынған әртүрлі суреттерді ұсыну. Суретті не үшін таңдағанын білу. Оқушылар таңдаған  суретке байланысты тілектер айтады.

 

 

 

1-топ

2-топ

3-топ

 

 

Суреттер

Жаңа білім

10 минут

 

 

 

 

 

Білу және түсіну

Өсімдіктердегі метаболизмнің соңғы өнімдері. Өсімдік ағзасында маңызды екі: тыныс алу және фотосинтез үдерістері жүретінін білесіңдер. Тыныс алу барысында түзілетін заттар фотосинтез кезінде пайдаланылады және керісінше. Жалпы бұл екі үдерісті қайтымды химиялық реакция түрінде былай көрсетуге  болады:

Шын мәнінде бұлай емес! Фотосинтез «тыныс алуға керісінше» болып табылмайды. Фотосинтезге жарық энергиясы қажет. Бұл екі үдеріс жасушаның жеке органоидтерінде жүреді. Фотосинтез хлоро- пласта жүзеге асады. Тыныс алудың негізгі органоидтерімен кейінірек танысасыңдар.

Тыныс алу және фотосинтез үдерістерінде өсімдіктер фотосинтез ба- рысында органикалық заттар түрінде қорға жинаған жарық энергиясы босап шығады да, оны өсімдіктер тыныс алу нәтижесінде пайдаланады. Тіршілік үдерістері үшін қажет энергияны өсімдіктер (жануарлар да) тек органикалық заттардан алады. Оны тікелей жарықтан алу мүмкін емес! Кейбір ұқсастықтарды келтірейік. Көмірдің энергия беретіні белгілі. Көмір пласт немесе қапқа салынған күйінде тұрса, энергия бермейді. Егер көмірді жақса жылу энергиясы түзіледі де, үйді жылытады. Бірақ табиғи көмірден электр энергиясын арнайы жылу электр станцияларында ғана алады. Жарық энергиясынан өсімдіктер нәруыздарға, майлар мен көмірсуларға айналдыруға қажет энергияны алады. Осы органикалық заттардан тыныс алу барысында тіршілікке  қажет  энергия алынады. Фотoсинтездің бастапқы және соңғы өнімдері. Фотосинтездің бастапқы өнімдеріне су ыдырағанда түзілетін оттек пен сутек, жарық хлорофилмен әрекеттескен кезде түзілетін энергияға бай зат  жатады.

Фотосинтездің соңғы өнімі бірінші реттік көмірсу – глюкоза болып табылады. Глюкозадан өсімдік кейін басқа органикалық заттар түзеді. Бұл енді фотосинтез үдерісі емес, биосинтез – тірі ағза ішінде қажет заттарды түзу үдерісі болып саналады. Фотосинтездің бастапқы өнімдерінен өсімдік  тек  оттекті  пайдаланбайды. Ол атмосфераға бөлінеді де, аэробты тыныс алуға мүмкіндік жасайды. Сутек атмосферадағы көмірқышқыл газымен қосылып, соңғы өнім – глю- коза түзіледі. Бұл реакцияларды қамтамасыз етуге жарық хлорофилмен әрекеттескен кезде түзілетін энергияға бай зат  қолданылады. Спортшыларда (жүгіру, шаңғы тебу, жүзу, веложарыс т.б.) сүт қышқылының мөлшері – бұл ағзаның энергетикалық төзімділігінің көрсеткіші. Сүт қышқылының деңгейі неғұрлым төмен болса, тыныс алу және қан тамыр- лары жүйесі жасушаларды оттекпен қамтамасыз етумен соғұрлым жақсы айналысады.

Көптеген микроағзаларда аралық өнімдерге сірке қышқыл, спирт, көмірқышқыл газы жатады. Өсімдік жасушаларында оттексіз тыныс алудың аралық өнімі – пирожүзім қышқылы сүт қышқылына айналуы мүмкін. Белсенді жұмыс істеп жатқан бұлшық ет жасушаларында сүт қышқылы  жинақталады.

Барлық ағзаларда тыныс алудың соңғы өнімдері міндетті түрде су мен көмірқышқыл газы болып табылады. Бірақ нәруыздар оттексіз ыдырауға ұшыраса, онда су мен көмірқышқыл газынан басқа құрамында азот бар қосылыстар түзіледі. Олар ағзадан бауыр және бүйрек арқылы шығарылады.

Өсімдіктердің бөліп шығару ұлпалары. Өсімдіктердің бүйрек сияқты бөліп шығару мүшелері болмаса да, оларда бөліп шығару ұлпалары бар. Ал өсімдіктерге бөліп шығару ұлпалары басқа да әртүрлі мақсат үшін қажет. Мысалы, кейбір өсімдіктер шөпқоректі жануарлар мен жәндіктерден қорғану үшін ащы немесе иісті заттар бөліп шығарады. Басқа өсімдіктер керісінше тозаңдандырғыш жәндіктерді еліктіру үшін тәтті иісі мен дәмі бар заттарды бөледі. Ал басқа бір өсімдіктер қорға жинау үшін заттар түзеді. Бөліп шығару ұлпаларында өсімдіктер түзетін көптеген заттар рөлін ғалымдар анықтаған жоқ, тек әртүрлі болжамдар бар. Мысал ретінде бөліп шығару ұлпаларының үш типін қарастырайық.

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

 

            «Стикердегі диалог» әдісі

(Топ мүшелері сұрақтардың жауабын стикерлерге жазып, қабырғадағы сұрақтар жазылған қағаздарға іледі. кейін пікірлерін қорғайды.)

Топтарға  тапсырма:

1-топ: Тыныс алу және фотосинтез жүретін органоидтерді еске түсіріңдер.

2-топ: Тыныс алу және фотосинтез үдерісінде қандай заттар сіңіріледі және бөлінеді?

3-топ: Фотосинтез үдерісінде түзілген бастапқы және соңғы өнімдердің өсімдіктер үшін қандай биологиялық маңызы бар екенін  түсіндіріңдер.

 

 

Оқулық.

Кеспе мәтіндер.

 

 

Оқулық,қабырғаға ілінген  ватмандар, түрлі-түсті маркерлер.

 

Ортасы

10 минут

 

 

 

 

 

 

Қолдану

Сүтті өзектер – өсімдік сүті деп аталатын зат бөлетін өсімдік ұлпаларының жасушалары. Бұл түрі мен құрылымы шын мәнінде жануар сүтіне ұқсайтын алуан түрлі күрделі заттардың қоспасы. Жануар сүтінен айырмашылығы өсімдік сүтінде алу- ан түрлі күрделі заттар едәуір көп. Сендерге бақбақ сүті таныс шығыр. Бұл заттың дәмі ащы. Ол өсімдікті жануардың жеуінен қорғайды. Кау- чукты гевея және басқа да тропиктік өсімдіктердің сүті латекс, гуттаперча жасау үшін қолданылады. Каучукты өсімдіктерге ұқсас сүті бар Қазақстандағы өсімдіктерге таусағыз, қарасағыз өсімдіктері жатады. Көкнәр сүті есірткілік, ауруды басатын дәрілік заттар алу үшін пайдаланылады. Сүйелшөп (чистотел) сүті де медицинада қолданылады. Амазонка ормандарында өсетін кейбір өсімдіктердің сүтінің қоректік құны зор және құрамы шынында да сиыр сүтіне ұқсайды. Өсімдіктердің алуан түрлерінің қызметі әртүрлі болады.

Бөліп шығару ұлпасының тағы бір түрі – шайыр. Ол кейбір тропиктік өсімдіктерге тән. Біздің елімізде қылқанжапырақты ағаштар сондай қасиетке ие. Шырша, қарағай, балқарағай иісі осы өсімдіктер бөлетін шайыр иісіне ұқсайды. Шайыр паразиттік саңырауқұлақтардан және жануарлардан қорғау үшін қажет сияқты. Қазіргі кезде шайырды жасанды полимер материалымен алмастыруда. Бірақ олар медициналық препараттар өндіруде алмастырыл- майтын зат болып қалуда.

Эфир майлары – өсімдіктер бөлетін иісті заттар. Цитрусты дақылдардың қабықшасы, эвкалипт қабығы, лавр жапырағы т.б. эфир майына бай (72-су- рет). Қалақайда бөліп шығару ұлпасы безді түкшелерінде жинақталатын күйдіргіш сұйықтық бөледі. Ғалымдар эфир майларының өсімдіктерге зиянды жануарлардан қорғауға, пайдалы жануарларды еліктіруге көмектеседі деп болжайды. Бірақ олардың өсімдіктер үшін маңызы толық анықталған    жоқ.

Эфир майлары фармакология, парфюмерия және кулинарияда қолданылады.

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

Ортақ тапсырма:  «Пкірлер» парағы әдісі

Өсімдіктерден алынатын заттардың түзілу және бөліну үдерісін сызба түрінде бейнелеңдер.

Өсімдіктердің бөліп шығару ұлпалары мен жануарлардың бөліп шығару мүшелерінің қызметтері арасында қандай айырмашылық  бар?

Талдау

«Броундық қозғалыс»  Оқушылар сыныпты шарлап, талқыланатын мәселе  бойынша  ақпарат жинап, басқалармен пікірлеседі. Бұл тәсілді қолданғанда оқушыларға партаға отыруға болмайтынын ескерту керек.

 

 

 

«Пкірлер» парағы әдісі, сұрақтар жазылған парақшалар,қалам.

 

 

 

Оқулықтағы мәтінді оқып алады.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Синтез

«Карточкадағы терминдер» әдісі

            Орталық цилиндр құрылысы,тамырдың өткізгіш қызметі,Перицикл мен камбийдің орналасуы,жасуша құрылысының ерекшелігі,тамыр сіңіретін судың қозғалысы. деген сөздер топтарға таратылады.

Тапсырма: Сыныпты аралап жүріп, осы терминді  өзге топтардағы  оқушыларға түсіндіріп береді.

1.      Неліктен “Өсімдік оттек фабрикасы болып табылады” деп айтады?

2.      Өсімдіктер үшін бөліп шығару ұлпаларының қандай маңызы бар? Олар қалыптасса не болар еді?

 

 

Карточкада жазылған терминдер

 

 

Бағалау

 

5 минут

 

 

Кері байланыс

3 минут

Бағалау парақшасы  Дұрыс жауапқа 5 балл.

Рефлексия парағы

 

Сабақтағы жетістіктерім Оның себептері
   

 

Бағалау парақшасы

 

 

 

Қағаз қиындылары.

Қосымша ақпарат

 

Саралау – Сіз қосымша

Көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау — Оқушылардың

Үйренгенін тексеруді

Қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

Қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайыма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағыахуал

Қандай болды?

Мен жоспарлаған

Саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

Уақыт ішінде

үлгердімбе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?

 

 

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

Келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

Жетілдіруге көмектесетін не білдім?


ПІКІР ҚАЛДЫРУ