Тыныс алу мүшелерінің аурулары. Тыныс алу мүшелерінің ауруларының себептері мен алдын алу жолдары

0
4576
Гомотетия және оның қасиеттері
Сабақтың тақырыбы:

Тыныс алу мүшелерінің аурулары. Тыныс алу мүшелерінің ауруларының себептері мен алдын алу жолдары (өкпе обыры, астма, бронхит, туберкулез, тұмау).

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:   

СЫНЫП:  7

 

Қатысқан оқушылар  саны:

 

Қатыспаған оқушылар саны: 0
Сабақ негізделген оқу мақсаттары — тыныс алу мүшелерінің ауруларының себептері мен алдын алу жолдарын түсіндіру

Сабақ  нәтижесі:

 

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды.  Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен  жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды.

Бағалау критерийі
            Тақырыптың маңызын түсіндіреді.Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында  тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Тілдік құзіреттілік

 

Өкпе обыры, бронõы демікпесі, бронõит, тұмау.

Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Музыка, қазақ тілі.
Алдыңғы оқу

Тынысалу мүшелері.

Адамның тынысалу жолдарының құрылысы мен газалмасу мүшелері.

Сабақтың жоспары
Жоспарланғануақыт Сабақ барысы : Бағалау түрлері
Басталуы

5  минут

Ұйымдастыру кезеңі  2 минут

Топтарға бөлу.

Тірек сөздер  бойынша топқа  бөліну.

Оқушыларға буын қиындыларын беремін. Буын  қиындыларын құрастырғанда тақырыпқа сай сөздер шығуы керек.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:  3 минут

«Сәлемдесу» жаттығуы
Мақсаты: қатысушылармен сәлемдесу, топқа энергия беру;
Жаттығу барысы:
Қатысушыларға шеңбер құрып тұруға және 4 топқа бөліну ұсынылады: «европалықтар», «жапондықтар» , «африкандықтар» және «италиандықтар». Кеійін әрбір қатысушы шеңбер бойымен жүріп, «өз амандасу тәсілімен» барлығымен сәлемдеседі: «европалықтар» қолдарын қысады, «жапондықтар» бастарын иеді, «африкандықтар» мұрындарымен, «италиандықтар» құшақтасады.

 

1-топ

2-топ

3-топ

 

 

Әрбір қатысушы әр түрлі рольдерді болуы үшін, жаттығуды қайталауға болады.

 

Жаңа білім

10 минут

 

 

 

 

 

Білу және түсіну

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

Өкпе обыры (рак). Дамыған елдерде өлім-жітім себептерінің ішінде бірінші орында жүрек-қан тамырлары аурулары, инфаркт,  инсульт т.б. аурулар тұр.

Екінші орынды онкологиялық аурулар алады. Онкологиялық аурудың ішінде өкпе обыры бірінші орында тұр. Демек, бұл ауру онкологиялық аурулардың ішінде ең қиын емделетін ауру болып табылады. Өкпе обырын тудыратын негізгі төрт себеп бар:

1)         темекіні шегу – темекі түтінінің канцерогенді өнімдерінің (бен- зопирен, палладио, висмут) өкпеге түсуі;

2)         қоршаған ортадан радиоактивті заттардың өкпеге түсуі. Бұл радиоактивті зақымдалған аймаққа, ядролық сынақ не жарылыс болған жерге, радиоактивті элемент кені бар орынға барған кезде болуы мүмкін;

3)         автомобиль пайдаланған газының құрамында болатын зиянды заттармен (негізінен ауыр металдармен) тыныс алу;

4)         зиянды өндіріс қалдықтарының ауадан өкпеге  түсуі.

Өкпе обырының туындау себебінің бірі – темекі шегу. Бұл ауру- мен ауыратын адамдардың 70%-дан астамы белсенді не енжар темекі шеккен. 20 жылдай бұрын бұл қауіпті аурумен, негізінен ер адамдар ауырған. Бірақ әр 10 жыл сайын ол ауру әйелдер арасында 10%-ға  артып отыр. Осындай статистикаға сәйкес көптеген өркениетті елдердің үкіметі темекі шегу сияқты зиянды әдетпен күрес жүргізіп  келеді. Өкпе обыры мен тыныс алу мүшелерінің басқа аурулардың алдын алу үшін бірнеше қарапайым ережені сақтау  керек:

темекі шекпеу керек және темекі түтіні бар үй-жайда болмау қажет;

магистральды жолдан алыс жермен күн сайын жаяу жүру керек, жолда машина көп болса, автомобильдің терзесін жауып қою  керек;

зиянды немесе радиоактивті шығарындылар тасталған жерден аулақ  жүру қажет;

толыққанды тамақтанып, дәрумендерді уақытында пайдаланып, көкөністер мен жеміс-жидектер жеу  керек;

спортпен айналысу керек;

жылына бір рет профилактикалық медициналық қараудан өту керек.

 «Еркін микрафон» әдісі (Микрафонды бір-біріне беру арқылы әрқайсысы жауаптарын айтады.)

1.         Тыныс алу мүшелерінің ауруларын атаңдар. Статистика бойынша, қайсысы ең қауіпті болып табылады?

2.         Өкпе обырын тудыратын себептерді атаңдар.

 

Оқулық.

Кеспе мәтіндер.

Микрафон

Ортасы

10 минут

 

 

 

 

 

 

Қолдану

Бронхы демікпесі (астма) – бронхылардың күрт тарылуынан (спазм) байқалатын созылмалы қабыну. Бұл аурудың сырттай белгілері: тоқтамай жөтеліп, кейде тұншығып қалу (тарылған бронхылар оттекті өкпеге жеткізбейді). Ұстамаға (приступ) әртүрлі факторлар себеп болуы мүмкін.  Ол: өткір иіс, ауада шаң-тозаң болу, жануар жүні, тыныс алу мүшелерінің жұқпалы аурулары, күйзеліс, аллергия тудыратын медициналық препарат- ты пайдалану, суықта ауыр дене жүктемесі, атмосфералық қысымның күрт ауытқуы.

Өкпе обырынан айырмашылығы бронхы демікпесі тұқым қуалауы мүмкін және қандай да бір тітіркендіргішке аллергиялық реакция болуы мүмкін. Демікпенің алдын алу үшін жоғарыда аталған ережеден басқа, тітіркендіргіштер әсерінен қашу керек.

Ағзаны шынықтыру – суық тиіп ауыратын ауруларға қарсы тұрудың артуы. Үйді таза ұстау керек. Өз уақытында медициналық тексеруден өтіп, ұстаманың алдын алу үшін емделу  керек.

Бронхит – ауру тудыратын микроағзалардың әсерінен бронхының (көбінесе жоғары тыныс жолдарының) қабынуы. Бронхит кезінде адам жөтеледі. Брон- хит көбінесе суық тию және респираторлық аурулар салдарынан туындайды. Басқа да жұқпалы суық тию аурулары сияқты бронхиттің алдын алуға болады.

Тұмaу – ауа-тамшысы жолмен тыныс алу мүшелері арқылы берілетін вирустық жұқпалы аурулар. Тұмау көбінесе жоғары тыныс алу жолдары жұмысының бұзылуынан, жалпы ағзаның әлсіреуінен және бүкіл ағзаның улануынан байқалады. Тұмау – вирустық инфекция. Тыныс алу мүшесінің респираторлық инфекциясының (суық тию аурулары деп аталатын) қоздырғыштарын анықтау өте қиын. Мұндай инфекциялар кешенді сипатқа ие.

Вирустың қауіптілігі – олар өте тез көбейеді. Бірінші сағаттың ішінде дене температурасы көтеріліп, вирустардың тіршілік әрекеті нәтижесінде түзілген удан ағза күшті улануы мүмкін. Ағзаның улану қаупін төмендету үшін көп сұйықтық ішу   керек.

Инфекцияның алдын алу үшін тыныс алу мүшелерін қорғау құралдарын пай- далану қажет. Бұл – дәкетаңғыш, әртүрлі дәрі-дәрмектер: оксолин жақпамайы (мазь), интерферон ерітіндісі, виролиз, ИРС-19 т. б. препараттар. Туберкулез – бактерия – туберкулез таяқшасы (кох таяқшасы) тудыратын өкпе ауруы. Туберкулез кезінде ағза әлсірейді. Ең басты сатысында адамда әлсіздік, салмақ жоғалту, тәбеті болмау, түнде терлеу белгілері байқалады. Кештеу сатысында адам жөтеледі.

Туберкулез – өлім тудыратын қауіпті ин- фекция, дер кезінде емдесе адам толық айығып кетеді.

Туберкулез кезінде  ең басты шарт – дер кезінде дәрігерге қаралып емделу керек. Туберкулездің алдын алу ережесі өкпе обыры мен тұмау ауруларының алдын алу шарала- ры сияқты. Тұмауда, бронхит пен туберкулез де ауа-тамшылы жолмен (ауру адам жөтелгенде, түшкіргенде немесе ауыратын адамның затын пайдаланған кезде) ауру адамнан сау адамға жұғады. Ал бактерия – туберкулез таяқшасы қараңғы, ылғал жерде 3 айға дейін тіршілік қабілетін сақтайды. Сондықтан жеке гигиена ережелерін сақтау өте маңызды. Бөлмелерді ылғал шүберекпен сүртіп, желдету керек, кілемді, көрпе-төсекті күнге жайып алу қажет және т.б.

ТВ шоу

(Теледидарға арналған бағдарлама дайындайды. Әр топ бірлесе отырып сұраққа айғақтар мен дәлелдер табады.  Жиналған мәліметтерді білетін бір оқушы  ортаға шығып, журналист сұрақтарына жауап береді.)

Талдау

Ортақ тапсырма: «Стоп-кадр» әдісі

1.            Тыныс алу мүшелері гигиенасы ережелерін сақтау  керек.

2.         Темекі шегу салдарынан денсаулығын жою адамның өзіне байланысты екенін түсіндіріңдер.

 

Дәлелдер мен айғақтар жинайды. Ортаға шығып айтып береді.

 

Оқулықтағы мәтінді оқып алады.Суреттер.

 

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Синтез

1.         Тыныс алу мүшелерінің саулығын сақтау үшін гигиена ережелерін тал- дап, түсіндіріңдер.

2.         Темекі шегуге қарсы мемлекет қандай шаралар қолданатынын талдаңдар. Ол үшін әртүрлі ақпарат көздерін  пайдаланыңдар.

3.         Тыныс алу мүшелері ауруларының сызбасын құрастырыңдар. Оған аурудың «сыртқы» (өмір сүру салты) және ішкі (тұқымқуалаушылық) себептері, оның алдын алу тәсілдері белгілерін көрсетіңдер.

4.         Тыныс алу мүшелерінің ауруларын қандай симптомдары бойынша айыруға болады? Қандай ауру симптомдары ұқсайды? Себебі неде?

 

 

Сызылған дайын кластерлер

 

 

Бағалау

5 минут

 

Кері байланыс

3 минут

Бағалау парақшасы  Дұрыс жауапқа 5 балл

Рефлексия

«Бір ауыз сөз»

Оқушылар стикерге сабақ туралы бір ауыз сөз жазып, оны тақтаға жапсырады.Өз ойларын түсіндіріп береді. Стикерлерге сабақты бағалайтын келесі сөздерді жазуға болады.  (Ұнады,қажет,пайдалы, білдім, үйрендім,қызықты, ұмтылдым,есте сақтадым)

 

Бағалау парақшасы

 

Түрлі –түсті стикерлер

Қосымша ақпарат

Саралау – Сізқосымша

Көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау — Оқушылардың

Үйренгенін тексеруді

Қалай жоспарлайсыз?

Пəн аралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

Қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайыма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағыахуал

Қандай болды?

Мен жоспарлаған

Саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

Уақыт ішінде

үлгердімбе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?

 

 

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

Келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

Жетілдіруге көмектесетін не білдім?


ПІКІР ҚАЛДЫРУ