«Мақта қызбен мысық» ертегісі (сабақ жоспары)

0
2513

Аннотация: Ертегілер туралы білімдерін күшейту. Сөйлеу мәдениетін, еркін сөйлеп, өз
ойларын дұрыс жеткізу. Баланың сөздік қорын дамыту, сөз өнеріне деген құрмет. Балаларды еңбекке, татулыққа тәрбиелеу.

Усилить знание сказок. Культура речи, свободное владение и правильное выражение идей. Развитие словарного запаса ребенка, уважение к искусству речи. Обучение детей работе и миру.

Көрнекіліктері: Ортада үстел үстінде ыдыстар, қатық, сыпырғыш, маскалар, ағаш, тауық маскасы, тышқан киімі, шелек, мысық киімі, дүкен, сиыр киімі, мейіз, тары, қайшы.

Сөздік жұмыс: Мейіз, дән, мысық, ағаш, тышқан, сиыр, тауық, жұмыртқа, жапырақ

Қостілділік:
1. Жапырақ — листья
2. Жұмыртқа — яйцо
3. Сиыр — корова
4. Мысық — кошка

Білім беру саласы: Қатынас, шығармашылық

Ұйымдастыру оқу іс әрекеті: Тіл дамыту, көркем әдебиет, жапсыру

Ерте, ерте, ертеде,
Ешкі құйрығы келтеде,
Мақта қыз бен мысық дос болыпты.
Мақта қыз бен мысық екеуі дос болып жүреді.

Анарбек Кәусар:
Бір күні Мақта қыз үстел үстін реттейді. Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да мысықты шақырады. Мысық, келмейді. Қыз:
— Келмесең келме! – деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң, мысық келіп:
— Неге шақырдың? – деп сұрайды. Мақта қыз айтпайды. Сонан соң мысық:
— Ендеше қатығыңды төгем! – дейді.

Мақта қыз: Анарбек Кәусар:
Данара:
— Мен құйрығыңды кесіп аламын! – дейді.
Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады. Мысық:
— Апа, апа, құйрығымды берші! – дейді.
Анарбек Кәусар:

Мақта қыз:
— Менің қатығымды төле! – дейді. Мысық сиырға барады.
— Сиыр, маған қатық берші! – дейді.

Сиыр: Айсұлтан:
— Менің қарным ашып тұр. Маған жапырақ әкеліп берші! – дейді.
Мысық ағашқа барып:
— Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші! – дейді.

Ағаш: Диас:
— Мен шөлдеп тұрмын. Су әкелсең, жапырақ беремін, – дейді. Мысық суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көреді.
— Қыздар, қыздар, маған су беріңіздерші! – дейді.

Қыздар оған: Асмира,Айзара:
— Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз, – дейді. Мысық дүкенге барады.
— Әй, дүкенші, маған сағыз берші! – дейді.

Дүкенші: Малика:
— Маған жұмыртқа бер, – дейді. Мысық тауыққа барады.
— Тауық, тауық, маған жұмыртқа берші! – дейді.

Тауықтар: Томирис:
— Бізге дән әкеліп берсең, біз саған жұмыртқа береміз, – дейді.

Мысық: «Енді не қыламын?» – деп, бара жатса, бір ін қазып жатқан тышқанды көреді. Мысық тышқанды бас салады.
— Жаныңның барында айт! Үйіңде не бар? – дейді.

Тышқан қорыққанынан: Ляйсана:
— Үйімде бір табақ тарым бар, – дейді.
Мысық: Данара:
— Маған бір уыс тары бер, – дейді.

Тышқан үйіне барып, бір уыс тары әкеліп береді; мысық тарыны апарып тауыққа береді, тауық жұмыртқа береді; жұмыртқаны апарып дүкеншіге береді; дүкенші сағыз береді; сағызды апарып қыздарға береді, қыздар су береді; суды апарып ағашқа береді; ағаш жапырағын береді; жапырақты апарып сиырға береді, сиыр қатық береді; қатықты апарып Мақта қызға береді, Мақта қыз мысықтың құйрығын береді.

Қорытынды: Мақта қыз, қатығын, мысық құйрығын қайтарып алып, екеуі тату-тәтті
өмір сүрген екен. Балалардың менің ертегімді тыңдай отырып ертегісі
кейіпкерлерін жақсы сомдағандарың үшін көп-көп рахмет!

Балаларымыздың өнерлерін тамашалаған ата-аналарға да рахмет. Келесі ертегіні
тыңдағанға дейін қош сау болыңдар!

Дереккөз: «Ұстаз» ғылыми әдістемелік журналы

Басқа материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ