«Жол тəртібін білейік, аман есен жүрейік»

0
3829

Аннотация: Балаларға жол ережелерін үйрету олардың тәрбиесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Кішкентай бала осы ережелерді сақтаудың маңыздылығын түсінуі керек,өйткені оның өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі оған байланысты. Жоба қимылды ойындар,серуен,әңгімелесу арқылы жүзеге асырылады.

Обучение детей правилам дорожого движения-неотъемлемая часть их воспитания. С самых ранних лет маленький ребенок должен понимать важность соблюдения данных
правил,поскольку от этого зависит безопасность его жизни и здоровья
Реализация проекта осуществляется через игровые занятия,различные виды
деятельности:игры,прогулки ,беседы.

Teaching children trafific rules is an integral part of their upbrilging. From an early age ,a small child must understand the importance of following these rules, since the safety of his life and health dependson it.The implementation of the project is carried out through game activities ,walks ,conversations.

Мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру,еске сақтауға үйрету,жол
қауіпсіздігін,өз өмірін сақтай білудің маңызды екенін түсіндіру.

Әдісі-тәсілдері: Ертегі көрінісі, ойындар, жаттаулар, сұрақ-жауаптар, өлеңдер

Тәрбиеші: Жалғайтын достастырып бар әлеммен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтармен,
Тәрбиелік шарамыз басталсын, сәлемменен!

Құрметті қонақтар,бүгінгі «Жол тәртібін білейік,аман-есен жүрейік» атты «Қызғалдақ » ортаңғы тобының ұйымдастырумен өткелі отырған тәрбиелік шарамызға қош келдіңіздер!

Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Біз қазір саяхатқа барамыз.Жол қашық сондықтан, көлікпен баруымыз керек. Мен жұмбақ айтам,соның шешуін тапсаңдар, біз сол көлікпен саяхатқа шығамыз.

Бұл тұлпар су ішпейді, жем жемейді,
Ескеріп ешбір адам емдемейді,
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Киіп ап төрт дөңгелек дөңгелейді .

Тәрбиеші: Енді жол ережелерін есімізге түсірейік.Өйткені,жолда түрлі жол белгілері
кездеседі.(кеуделеріне белгі ілген 5 бала ортаға шығады:бағдаршам ескерту,тыйым,анықтама,көрсеткіш белгілері)

Бағдаршам: Менің атым- бағдаршам
Бар əдемі үш көзім,
Алдамаймын,аңғарсаң,
Ақылдымын тіпті өзім.

Ескерту белгісі: Қызыл шеңбер ішінде
Үшбұрыш боп тұрамын
Қателеспес үшін де,
Көз сал маған,шырағым!
Құрар үйде сауықты,
Жолдан аман келсе адам-
Жолда күткен қауыпты
Ескертемін мен оған.

Тыйым салу белгісі: Болмау үшін қиын күн,
Қажеті бар тыйымның.
Қызыл шеңбер ішінен
«Болмайды!» деп бұйырдым.

Тұрады əркез сапта аман-
Сол тыйымды сақтаған.
Тыйым көрсең,тұра қал-
Əрі қарай аттама!

Анықтама белгісі: Түнде,күндіз,кеште де
Жөн сілтеймін жолға сай-
Аңғармайсың ештеңе
Анықтама болмаса.
Ой-шұңқырды алдағы,
Қалай өту керегін,
Жылдамдықты,ал,көні
Анық айтып берейін!

Көрсеткіш белгісі: Жол созылмақ қаншаға,
Қайда асхана,монша бар,
Қонақүй,бар қай жерде,
Қайда музей,қай көрме…-
Көрсетемін саған дəл,
Не көрсетсем,соған бар!

Арнұр: Шофер біткен бүгінде.
Жол тəртібін біледі
Бағдаршамның түбінде
Ережемен жүреді.

Тәрбиеші:Ал балалар,қане атобусқа жайғасайық.Ал қозғалдық.Сəт сапар!Біз казір қаланың көшесімен келе жатырмыз.Көше қиылыстарының бəрінде бағдаршам тұр екен.Бағдаршамның қай түсі жанған да біздің автобусымыз жүру керек.

Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұк ,уш сөзін
-Тоқта!
-Сақтан!
-Жол ашық!
Жүрме жолға таласып.
Ойын: «Дұрыс-бұрыс» ойыны

Балалар дұрыс жауапқа қолдарын шапалақтайды.
1.Көшеде өткенде солға,оңға қараймын.
2.Көшенің ортасында доп ойнаймын.
3.Жол ережесін сақтаймын.
4.Бағдаршамның сары көзі жанғанда дайындаламын.
5.Жасыл көзі жанғанда жүремін.

Тәрбиешімен бірге қайталап қимылдармен көрсетеді.
Тәрбиеші:Балалар жүргізүші неғып жүрісін баяулатты? Бұл жерде «Абайла» деген белгі бар екен,ал белгінің ішінде неге жануардың суреті тұр?

Ақбота: Бұл «Абайла!», «Жануарлар!» деген белгі.
Жүргізуші байқап жүрмесе,жануарды басып кетуі мүмкін

Тәрбиеші:Əне ,қараңдар Аю мен Қонжық кетіп жатыр.
Көрініс «Аю мен Қонжық»
Аю : Көшеден өтерде əуелі сол жаққа,содан соң оң жағына қарау керек. Əйтпесе,машина басып кетеді.

Қонжық: Жоқ ,мен оңға да ,солға қараймын. Апай бізге көшеден өткенде тура бағдаршамға қараңдар деген.
Аю : Ақымағым-ау,ормандағы жолда қандай бағдаршам болуы Мүмкін? Бағдаршам тек қала көшелерінде болады.

Тәрбиеші: Біз тоқтап ,Қонжыққа бағдаршам жоқ жерде жолдан қалай өту керек екенін түсіндірейік.Қонжық сен бері кел.  Бағдаршам жоқ кезде мынадай белгі салынған жерден өту керек.Бұны «Зебра»- яғни, жолақты белгі салынған жер дейді.

Маржан:Əуелі жолдан өтерде сол жағыңа қарайсын.Жолдың ортасына келгесін,оң жаққа қараймыз.Бұндай белгі бүкіл жерде машиналар жаяуға жол береді.
Қонжық:Рахмет,енді түсіндім.
Аю : Балалар,қонжығыма көмектескендерің ушін сендерге рах мет!Жолдарың болсын!
Тәрбиеші:Балалар,енді бақшаға ораламыз.Қане автобусқа отырайық.
Əн: «Бағдаршам» («байқа!Балалар!»белгісі корінеді).Мынау-не белгі,балалар?
Балалар:Бұл «байқа,бұл жермен балалар жүреді» деген белгі.Тағы қандай жол белгілер бар екенің еске түсірейік

1.Жаяу жүргіншілерге арналған жол.
2.Велосипед жүруге болатын жол.
3.Балалалар жүр дегенде ескерітпе.
4.Велосипедпен жүруге болмайды деген ескертпе.
5.Жаяу жүргіншілердің қозғалысына тиым салынады.

Тәрбиеші:міне,біздер бақшаға да келіп қалдық.
Шуақты өміріміз күндей болып,
Жүректе бүршік атып,гүлдейді үміт.
Арманға сапар тарту мүмкін емес,
Жол жүру ережесін білмей тұрып.

Бүгінгі «Жол тәртібін білейік,аман –есен жүрейік» атты тәрбие сағатымызды аяқталды.
Әрдайым жол тәртібін есте сақтап,көшеде сақ жүрейік!!!

Дереккөз: «Ұстаз» ғылыми әдістемелік журналы

Басқа материалдар:

  1. Көпшілік алдында сөйленетін сөздің ерекшелігі
  2. Пікірталас мәдениетіндегі сөз қолданыстар
  3. Пікір алмасу (дискуссия) дегеніміз не?
  4. Сөзталас дегеніміз не?
  5. Эс­се жә­не оның түр­ле­рі
  6. Ғылыми стильдің тілдік амал-тәсілдері
  7. Шешендік өнер тарихы
  8. Қазақ әдебиеті бойынша тақырыптық тест жинағы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ