Құқық бұзушылықтың алдын алу басты – міндет (әдістемелік баяндама)

0
7416

Аннотация: Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу — қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі.

Предупреждение преступности среди несовершеннолетних — важныйаспект
профилактикипреступностивобществе.

Prevention of juvenile delinquency is an important aspect of crime prevention in society.

  1. Адам құқықтарын реттейтін халықаралық актілер мен шарттар
  2. Интеллектуалдық меншік құқығы мен авторлық құқық (сабақ жоспары)

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылады. Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастарды қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажет.

Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алуды тікелей не жанама көздейтін құқықтың қайнар көздерінің осылайша көп болуы қоғамдық
қатынастардың кез келген саласында кәмелетке толмағандар тұлғасының дамуын қамтамасыз ететін қолдау жүйесіннің көзделгендігін көрсетеді.

Әсіресе, бұл қауіпті жағдайда тұрған және ерекше қорғау мен қолдауға мұқтаж
жасөспірімдерге қажет. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен оқытуда отбасының маңызы зор. Осыған орай мемлекетіміз отбасының, соның ішінде кеңейтілген отбасының тұтастығын сақтауға аса назар аударып отыр.

Отбасында тұрақтылық пен береке болмаса, осыған байланысты қоғам тарапынан көмек көрсету әрекеттері сәтсіз болған жағдайда, тіршілік етудің балама орындарын пайдалану мүмкіндігін қарастыру қажет. Ол дегеніміз, балаларды тұрақтылығы бар, әрі берекелі отбасы жағдайына мейлінше жақындатылған мекемелерге тәрбиелеуге берілуі тиіс.

Баланың келешегіне кері әсер ететін жағдайларды айтпағанда, олардың ата-анасынан айыруға жол бермейтін ұлттық бағдарлама жасаудың және оны іс жүзіне асыру қажеттігінің мәні зор. Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алудың ең маңызды алғы шарты болып табылатын, отбасындағы берекені сақтаудың негізінде, субъективтік себептерден басқа, өтпелі кезеңнің әлеуметтікэкономикалық жағымсыз құбылыстары жатыр.

Ол ата-анасының материалдық жағдайының нашар болуына байланысты балабақша мен мектептерге бара алмауы нәтижесінде, соңғы жылдары қараусыз, тастанды, үй-жайы жоқ, сөйтіп құқық бұзушылық жасауға баратын балалар саны көбейіп отыр.

Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың және балалардың
қадағалаусыз, ата-анасының қарауынсыз қалуының алдын алу жөніндегі мемлекеттік саясаттың келесі бір бағыты білім беру саласындағы заңнаманы жетілдіру, оның дәл және біркелкі қолданылуына тиісті бақылау және қадағалау жасауды қамтамасыз ету болып табылады.

Мектебімізде осы тақырыптарда көптеген кездесулер, іс-шаралар өткізіледі. Құқық
бұзушылықтың алдын-алу жұмысы бойынша жұмыс жоспары құрылып, жасөспірімдерге дұрыс ақпарат беріп, түсінік жұмыстары жүргізіледі. Мектеп инспекторымен бірге рейд жұмыстары да белсенді атқарылады.

Дегенмен жасөспірімдердің демалыс уақыты кезінде қараусыз қалуы, атаана тарапынан бақылаудың аз болуына байланысты құқық бұзушылықтар болып жатады.
Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуде бұқаралық ақпарат құралдары зор рөл атқарады. Бірақ, бұл істе айтарлықтай кемшіліктер бар екендігі барлығымызға белгілі.

Мысалы: теледидар арқылы адам өлтіру, қатыгездік, қанкұйлы оқиғалар, алдап-арбау, эротикалық мағынадағы журналдар, фото суреттер, жарнамалар. Мұның өзі келешек ұрпақтың мінез-құлқының қалыптасуы мен даму процестеріне зиян келтіретіндігі айтпаса да түсінікті. Мектепте кәмелетке толмағандар жасөспірімдерге үнемі құқық қорғау органдары мамандарымен кездесулер өткізіледі. Мәліметтер беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Жалпы құқық тәртібін бұзуға бейім балалар, қоғамдық тәртіпті бұзған, қылмыс жасап
ішкі істер бөлімдерінде есепте тұрған балалардың басым бөлігі жайсыз отбасылардан шыққан деп айтуға да болмайды. Себебі кейбір ата-аналардың бала тағдырына алаңдамауынан, оларды өз беттерінше қалдырып, мектептен тыс бос уақыттарында немен шұғылданып жүргендерін қадағаламауынан орын алады.

«Ел болам десең, бесігіңді түзе»,- деп ата-бабамыз айтқандай, әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасаса, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың төмендеуіне көп септігін тигізер еді.

Сонымен қатар, әр азаматтың міндеті – заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне
жүктелген міндетін орындау. Заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Заңды білмеу – құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайтынын түсіндіреміз.

Дереккөз: «Ұстаз» ғылыми әдістемелік журналы

Ұқсас материалдар: 

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ