Мамандық таңдауда жауапкершілік сезімі мен қызығушылығын тәрбиелеу

0
2397

Мамандықтар әлемінде

(педагог-психолог Каршалова Асель Сарваровна)

Мақсаты:

1) Оқушыларды саналы түрде кәсіп таңдауға дайындау;

2) Жасөспірімдердің қай мамандықта өздерін жүзеге асыратындығын анықтау.

Міндеттері:

1. Мамандық таңдауда жауапкершілік сезімі мен қызығушылығын тәрбиелеу;

2. Мамандық таңдауда жасөспірімдерге өзекті «ақпараттық алаңың» қалыптастыру.

Қажетті құрал-жабдық: арнайы дайындалған презентация, Іп sert карточкалары,, алаң жаттығуы (жапырақ, гүл, жеміс), кілегей

Ұзақтығы: 40 минут

Өту барысы:

1. Кім білетінін тап 5 мин

Постижер – табиғи (кәдімгі) шаштардан парик жасайтын адам. Бір парик жасау үшін 1 ай уақыт өтеді. Өте ауыр еңбек.

Пицейоло – аспаз, пицца жасау маманы.

Ремюор – күнделікті шарап бөтелкесін аударып отыратын адам, яғни тұмбасы қақпағында болу үшін.

Дизайнер – киім немесе интерьер дизайнері болады, яғни үлгісін жасаушы адамды айтады.

Веб-мастер — веб –сайттарды құратын адамды айтады. Немесе интернеттегі әртүрлі қызметтерді орнататын адамды айтады.

Фандрайзер – қайырымдылық немес коммерциялық емемс ұйымдарға құралдарды, қаражаттарды табатын маманды айтады.

Балалар барлық бұл сөздерге ортақ қандай анықтама беруге болады? «Мамандықтар»

Иә, жақсы ендеше біздің бүгінгі тақырыбымыз «Мамандық таңдау» болады, тақырыпты ашу. 2 мин

Мамандық дегеніміз не?

1. Бұл кәсіби одақ. Барлық адамдарды біріктіретін кәсіп. Бір кәсіптегі адамдардың қызығушылықтарында, білімінде, дағдыларында, өмір сүруінде ұқсастықтар болады.

2. «Кәсіп» – сөзінің тағы бір мағынасы — белгілі бір адамдарға тән білім, іскерлік және дағдылар жүйесі. Мысалы: «Ол кәсіпті меңгерді», «Оның кәсібі бар» деп айтып жатамыз.

3. Кәсіп деп, сонымен қатар, қызмет түрлерін де айтады (жұмыс сияқты).

4. Және де адамдардың өмір сүріп, дамуына мүмкіндік беретін, оның өз армандарын ары қарай дамытуына күш қуат беретін және қоғамға қажетті қосымшаны айтамыз. Американдық кәсіптер сөздігінің мәліметтері бойынша, 1965 жылы 22 қызмет саласы бойынша 114 топқа бөлінген 35,5 мың мамандық түрі болған екен.

Сонымен қатар «Мамандық» деген түсінік бар. Мағына жағынан бұл «Кәсіп» сөзінің мағынасына ұқсас. Мысалы, жалпы мұғалім деген болмайды. Нақты матаматика немесе география мұғалімі болады. Басқа да мамандықтар, мысалы, дәрігер- педиатр, хирург, тіс дәрігері. Заңгер- адвокат, прокурор, нотариус. анықтайды (егер Сіз мамандығыңыз бойынша, сонымен қатар мемлекеттік мекемеде жұмыс істеген жағдайда).

Мамандандыру – бұл көрсетілген мамандық шеңберінде адамның өз саласындағы кәсіби ісінде қолдануға бағытталған білім, іскерлік және дағдылар жиынтығы.

2. Топтық жұмыс 5 мин

1 топ. «Әрдайым қажет мамандықтар» қандай адами мінез құлық ерекшеліктері бар

2 топ. «Ең батыл мамандықтар» қандай қасиеттермен ерекшеленеді.

3 топ. «Ең беделді мамандықтар»

Мамандықтар тізімі:

Қажет мамандықтар: дәрігер, мұғалім, құрылысшы, көлік жүргізуші, шаштараз, аспаз, мал өсіруші, есепші, слесаро, су құбыршысы т.б.

Ең батыл мамандықтар: каскадер, өрт сөндіруші, су асты –морягі, ұшқыш, космонавт, альпинист, шахташы, әскери адам т.б.

Ең беделді мамандықтар: заңгер, экономист, менеджер, топ-сәнгер, теле жүргізуші, журналист, ІТ маманы т.б.

3. Презентация «Қажетті мамандықтар». Арнайы ақпаратпен таныстыру.

4. Іп sert «Қалаймын, қолымнан келеді, қажет»

Әрбір оқушы өзінің қалауын, мүмкіндігін жазып қажетті өзіне тән мамандықты таңдап алып шығуға мүмкіндік жасау.

5. Рефлексия «алаң»

Оқушылар өз қалауы бойынша жапырақ, гүл немесе жемісті алып өз ұсынысын, пікірін немесе тілегін жазып алаңға жабыстырады. Жапырақ таңдағандар өзінің таңдау пәнің анықтамаған оқушылар, гүл пән таңдап, мамандық таңдамаған оқушылар, жеміс болашақ мамандығын таңдаған оқушылар. Психолог түйіндеме шығарады.

 

Мамандықтар туралы өзге де материалдар
  1. Еліміздегі жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғары мамандықтар
  2. Әлемдегі ең керекті мамандық (Ұстаз туралы шығарма)
  3. Болашақта әлем елдері қажет ететін 10 мамандық
  4. Қандай мамандықтарға грантқа түсуге мүмкіндік бар
  5. Дипломсыз істеуге болатын мамандықтар
  6. Ең көп таңдалатын мамандықтар
  7. Талапкерге кеңес. Биология, география, химия пәнін таңдаған түлектерге арналған мамандықтар тізімі
  8. Талапкерге кеңес. Әдебиет таңдаған түлектерге қандай мамандықтар бар
  9. ҰБТ мен КТ бейінді пәндері көрсетілген жоғары білімнің мамандықтар тізбесінің жобасы
  10. Мамандықты дұрыс таңдай біліңіз…

ПІКІР ҚАЛДЫРУ