Жаңа жылда жаңа жобалар

1
2390

Құрметті Martebe.kz білім порталының оқырмандары!

Сіздерді Жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

2019 жыл еліміз үшін табысты, сәтті жыл болсын! Алдағы жылы «Ұстаз мәртебесі» туралы заң қабылданып, мәртебелі мамандық иелеріне деген сый-құрметтің одан әрі арта берері сөзсіз. Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, шығармашылық табыс тілейміз. Тәуелсіз еліміздің қарыштап дами беруіне бірге қызмет етейік.

2019 жылы SKILLS ACADEMY мекемесінің құрамына кіретін Martebe.kz, Ozattar.kz, Qaztest.kz сайтарының ұжымы сіздерді тың жобаларымен қуантатын болады. Әзірге сайттарымызда олимпиадалар мен байқаулар өтіп жатқан жоқ. Қаңтар айында ұйымдастыратын байқаулар туралы ақпаратты жариялайтын боламыз.

Мекеме ұжымы 10 қаңтарға дейін жаңа жылдық демалысқа шығатындығын мәлімдейміз. Сұрақтарыңыз болса, почтаға жазып қойыңыздар. Міндетті түрде жауап беріледі.

Құрметпен, SKILLS ACADEMY мекемесінің ұжымы


1 ПІКІР

ПІКІР ҚАЛДЫРУ