Математикадан «Ғажайыптар әлемі» сайысы

0
1760
Иллюстрация: Freepik.com

Тақырыбы:  «Ғажайыптар әлемі»

Мақсаты:   Оқушылардың        ойлау         қабілеттерін       дамыта      отырып  ,  шапшаңдыққа,         білімді,    дарынды,    озық     болуға      тәрбиелеу.

1-жүргізуші:

Уа  жараңдар,   жараңдар!
Бәрің     бері    қараңдар
Бүгінгі    ойын    төрінде
МИФ    теңізі    елінде
МИФ     теңізі    тілінде
Жылдам    шешіп   жарысып,
Сұрақ     пенен       есепті
Көңілді   ойын    жасайық
Асықпайық,  сапайық
Математика   еліне
Батыл   қадам    жасайық,
Осылайша   шабытпен,
Ойынымызды    бастайық!

2-жүргізуші:

Бүгінгі   күн   сайыста
Ешкімнен   сен    қалыспа,
Білімі   кімнің   көп   болса,
Сол   озады   сайыста-деп   бүгінгі    өткелі        отырған  «Ғажайыптар     әлемі»    атты    сайысымызды     бастаймыз.

1-жүргізуші:  Сайысқа        қатысушы    топтарды    сіздердің    қошеметеріңізбен     ортаға шақырайық!

2-жүргізуші:   Топтардың    жұмысын   бағалау   үшін    әділ   қазылар   таныстырайық:

Шын   жүйрік    шабысына   танылады
Нақты   білім,   терең   ой   сыналды.
Баға   берер   әділқазы    ортамызда
Сіздерге     құрметпен     қол  соғылды.

1-жүргізуші:

2030-дың    біз   барысымыз.
Болашаққа  бастайды   әр   ісіміз
Егемен елімізді көркейтетін,
Білім шыңына  шығу парызымыз

Сайыстың  барысы:

1.Топтардың  таныстыруы

2.Логикалық  есептер

3.Мақал-мәтелдер  сайысы

4.Есепке  кім жүйрік?

5.Кім  көп  біледі?

6.Кім  жылдам?

7.Қорытынды. ( капитандар  сайысы)

1-жүргізуші:

Жан достарым мұны жақсы ұғайық
Математика ғылымы құрметтеуге лайық.
Дүниедегі құбылыстың мәніне,
Табиғаттың,қозғалыстың бәрін де,
Мүмкін емес есептерсіз түсіну
Есебіңіз дүние кілті әлі де.
Олай болса бірінші бөлімді бастауға рұқсат етіңіздер.

1- бөлім.Таныстыру.

(топ эмблемасы,таныстыруы,топ атын жасау шеберлігі ескеріледі.)

2-жүргізуші:

Қиындықтан ешқашан біз қашпаймыз.
Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз
Қиялдарға самғап ұшқан құстармыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.Келесі кезекте әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтсек.

2-бөлім.Логикалық есептерді шешу.

Әрбір топ үлестірмелі кеспе қағаз таңдап алады.Ондағы есепті шығарып,жауабын айтады.

1-топқа сұрақ

  1. 7 жұмыртқаның бағасы 7 теңге болса,100 жұмыртқаның бағасы қанша теңге?  (100)

2. 1  т темір ауыр ма,әлде 1000кг мақта ауыр ма?  (Бірдей)

3..Сандар қатарындағы келесі санды тап?  20,21,23,24,26,27.. (29)

  1. . «6 аяқ,2 арқа,1 бас».Бұл не?(Орындықта отырған адам)
  2. «Спутник»жер шарын 103 минутта айналып өтті,ол неше сағат,неше минутта айналып өтті? (1сағ,43минут)

2-топқа сұрақ

1.«Термометр»көрсетіп тұр.Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? (3)

2.Көшеде екі әкесі,екі баласы және атасы немересімен қыдырып жүр.Көшеде неше адам жүр.(3)

3.Үстел үстінде төрт стақан шие тұр.Марат 1стақан шиені  жеп қойды. жеп қойды.Неше стақан қалды?(4стақан)

4.Жыл 12 айдың ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады.Ал 28 саны қай айда кездеседі?(барлық айда)

5.Ағаш басында 7шымшық отыр.Оған тағы бесеуі қосылды.Бір кезде ұры мысық келіп,біреуін ұстап жеп қойды?(ешқандай)

2-жүргізуші:

Ал,балалар,балалар
Мақал-мәтел айтайық.
Қиындыққа қайыспай
Асулардан өтейік-дей келе,

3-бөлім

Мақал-мәтелдер сайысына кезек берейік.Бұл бөлімде берілген мақалдағы нүктенің орнына сан қойып,мақалды толық оқу керек.

1.Ер…рет өледі,қорқақ…рет өледі.

2 …рет өлшеп,..рет кес.

  1. ..құзғын таласса,..,қарғаға жем болар.
  2. ..кісі қазған құдықтан, ..кісі су ішеді.

5.Жақсыны .. жыл жетелесең адам болар,

Жаманды … жыл жетелесең надан болар.

Олай болса 3 бөлімде аяқталады.Келесі бқлімге өтпес бұрын ұпайлар санын біліп алайық.

1-жүргізуші:

Өмірде ойлап тұрсаң,бәрі де-есеп.
Ауырсаң,ішетұғын дәрі де-есеп.
Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз ау,
Дүниенің бар тұлғасы есеп десек.

4-бөлім. Есепке кім жүйрік?

Әрбір топ интерактивті тақтада берілген есептерді шығарады.Бір топқа екі есептен шығару керек.

5-бөлім.Кім көп біледі?

1.Үшбұрыштар теңдігінің неше белгісі бар.(3)

2.Бір бұрышы 90 градустан үлкен үшбұрыш.(доғал үшбұрыш)

3.Негіздері бірдей сандардың дәреже к өрсеткіштері көбейту амалында  қалай  орындалалды?.(қосылады)

4.Кері  сандардың  көбейтіндісі  нешеге  тең?  (1)

5.Ең үлкен үш таңбалы сан  (100)

2-топқа

  1. Кез келген санның нөл  дәрежесі  (1)

2.Дәлелдеуді  қажет  ететін  сөйлем  (теорема)

3.Бұрышты  қақ  бөлетін  сәуле  (биссектрисса)

4.Сыбайлас бұрыштардың  қосындысы  неге  тең?  (180)

5.360  санын   10 есе кеміт  (36)

6-бөлім.  Кім  жылдам?  Математикалық  терминдер  жазу.

Қорытынды.  Капитандар  сайысы

1-ден  100-ге  дейінгі  сандар  арасынан  3-ке  бөлінетін  сандарды  атау.

Сайысымыздың  соңғы  сәті  таяп  қалды,
Ал,қазір әділқазылар сөз алды.
Сайысымызды   жеңімпазын  анықтап,
Мадақтап ,мақтау  қағазын  тапсырады.

Дереккөз: matematik.kz

Басқа материалдар:

  1. «Физика» декадасына арналған «ХХI-ші ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалдық сайысы
  2. «Білімді информатик» сайысы
  3. Жасанды интеллект деген не?
  4. Информатика пәніне қатысты глоссарий
  5. Бұлттық технологиялар туралы толық мәлімет
  6. «Заман шындығы» бөлімі бойынша қазақ әдебиетінен тест тапсырмасы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ