МАТЕМАТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ МОДЕЛЬ ТҮРІНДЕ КОМПЬЮТЕРДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА КЕЗДЕСЕТІН ШЕКТЕУЛЕР

0
1212

ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА
ТҮРЛІ-ТЕХНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІН
МАТЕМАТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ МОДЕЛЬ ТҮРІНДЕ КОМПЬЮТЕРДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА КЕЗДЕСЕТІН ШЕКТЕУЛЕР

Адилжанова С.А., Тюлепбердинова Г.А.

Математика және информатика пәндерінің аймағында оқылатын пәндер бойынша білім алушының кейбір бөлімдерді толықтай түсінуі қиындықтар туғызып жатады. Оқу әдебиеттеріндегі сәйкес материалдар толықтай түсіндірілмей, үстіртін аталып өтіп жатады. Негізінде бұл бөлімдер математика мен ақпараттық технологиялар арасындағы пәндер және олар компьютерде жүзеге асыруды қажет етеді. Сондықтан әртүрлі әдістер қарастырылып, қиындықтарды шешу үшін арнайы әдістеме жасалынады: басқа ғылыми пәндерге көңіл аудару, математика негізіне және ғылыми философиясына көңіл аудару, математиканың, информатиканың, техниканың, даму тарихына көңіл аудару қарастырылады.

Математика ғылым және оны оқыту әдістемесі ретінде бірнеше мың жылдан бері белгілі. Ал информатика ғылым және оны оқыту әдістемесі ретінде бірнеше он жылдықтардан ғана бар. Бастапқыда тек математика ғана информатиканың теориялық негізі болды, бірақ кейіннен бұл ғылымдардың бірнеше он жыл бір-бірінен тәуелсіз дамуы жетістіктермен қатар жаңа қиындықтар да туындатуда. Программалаудағы арнайы математикалық қолданбалы программалар пакетінің қателіктері ондаған жылдар бойы үлкен қиындықтармен жойылуда. Себебі кейінгі жылдары математик пен программист бір-бірін жақсы түсінбейді. Себебі мамандандырылған терминдер қиылысы өте аз.

Қазіргі таңда жоғарғы оқу орындарында математика мен информатика пәндерінен беретін оқытушылар бір-бірін ауыстыра алмайды немесе ондай жағдай кемде-кем десек болады. Оның себебі, білім алудың мазмұны мен әртүрлі әдістемемен оқытудың салдары болар. Қарапайым мысалды қарастырайық, Математика маманының көзқарасымен қарасақ, қателігі бар теорема пайдаланылмайды және ол теорема емес. Ал қателіктері бар бағдарламалық қамтыма бар және оны пайдалана береміз. Олай болса информатиканы тура ғылымдар қатарына жатқыза аламыз ба, деген сұрақ туындайды.

Бағдарламаны тестілеу және қателіктерін табу – информатика құрамындағы арнайы пән. Бағдарламашы-тестерлер деген ерекше мамандықтар да бар. Информатика ғылым ретінде оларды қамтымаларымен қамтиды, бірақ ол қамтымалар қателіктерді табамыз деп кепілдік бере алмайды. Қателерді табу — бұл өнер! «Демек» термині математикалық логикада бір мағынаға ие, ал, саяси ғылымда, бірнеше түрге ерекшеленеді. Ол осы ғылымдардың парадигмалары әртүрлі екенін білдіреді. Математика дәл ғылым, ал саяси ғылым — гуманитарлық ғылым. Мәселен, математиканы

және информатиканы оқыған кезде кейде басқа ғылыми пәндерге ауысу керек, пәнаралық тәсіл қажет. Қазіргі уақытта «алгоритм» информатика негізі болса және сол «алгоритмдер теориясы» математикада пайдаланатын нұсқасын қарасақ әртүрлі терминдер болып табылады.

Сондықтан да, математиканы және информатиканы зерттеуде кейде техникалық шектеулерге көбірек көңіл бөлу керек. Әйтпесе, студенттер зерттелген материалды толық түсінбеуі мүмкін. Жоғарыда аталған басқа оқу әдістеріне де қатысты. Ал «толық емес түсіну» дегеніміз не? Математикалық парадигма тұрғысынан — бұл жай ғана түсініксіздік. Кеңірек қарасақ, бұл, оқу материалдарының бір бөлігін қабылдау логикада ғана емес, басқа да қағидаларға негізделген, мысалы, кейбір эвристикалық принциптер, түйсік.

Қорытындылай келе, біздің мақалада математика және информатика пәндерінен басқа, тағы бір қарастыру қажет фигурант — мұғалім. Мысалы, химия өнеркәсіп бар, онымен миллиондаған адам байланысты және химия,

ғылым ретінде. Химия өнеркәсібі және химия ғылымы бірдей емес, бірақ қоғамға екіуі де қажет. Ұқсас, бірақ бірдей емес, білім беру саласы бар және педагогика ғылым ретінде. Дәл солай қоғамға екеуі де қажет. Педагогика ғылым ретінде [1, 3, 8] экспериментсіз және статистикалық зерттеусіз жұмыс істей алады. Бірақ математик-статистик, IT саласындағы маман және ғалым-педагогтың құзыреттілігі әртүрлі болады, тек соңғы математикалық статистика мен IT-да оқыту тәжірибесі жоқ болса. Бұл тұрғыдан математика және информатика мұғалімдерінде маңызды артықшылық бар


ПІКІР ҚАЛДЫРУ