Медициналық жедел жәрдем

0
1430
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.

Медициналық жедел жәрдем

Алматы қаласының медициналық жедел жәрдем (МЖЖ) қызметі алғаш рет 1926 жылы Орталық қалалық амбулатория қарамағында құрылған. Оның құрамында 4 медициналық қызметкер, 1 атқосшы, 1 ат және 1 арба болған.

1928 жылдың 5 ақпанында, Жетісу Губерниясының денсаулық сақтау бөлімінің бұйрығына сәйкес, Республика бойынша медициналық жедел жәрдем көрсететін алғашқы мекеме құрылды. Жедел жәрдем бекеті қалалық ауруханаға қарасты орналасты, екі «жедел жәрдем каретасы» болған.

1930 жылы жедел жәрдем жасағы 5 дәрігерден, 4 санитар және 4 жүргізушіден тұрған.

1934 жылы жедел жәрдем жасағы қалалық ауруханаға қарасты медициналық жедел жәрдем Станциясы (МЖЖС) болып өзгертілді, ал 1936 жылы Станцияға қала тұрғындарына кідіртпейтін медициналық көмек көрсету жүктелді.

1937 жылы МЖЖС аймақтық және әкімшілік дербес медициналық мекеме болып еншісін алды.

1951 жыл мен 1974 жылдар арасында, науқастар мен зардап шегушілерге дер кезінде жедел әрі кідіртпейтін көмек көрсету мақсатында қаланың әр аудандарында 9 қосалқы станция ұйымдастырылды. МЖЖС арнайыландырылған бригадаларды құру жиырмасыншы ғасырдың 60 жылдары басталды. Оның себебі науқастар мен зардап шеккендерге сапасы жоғары медициналық көмек көрсету қажеттілігінен туындады.

1986 жылға дейін МЖЖС әрқилы сегіз профилді: кардиологиялық, неврологиялық, шокқақарсы, токсикологиялық, аллергологиялық, гинекологиялық, психиатриялық, реанимациялық  13 арнайыландырылған бригада болған.

1970 жылдан бері Станцияның базасын материалдық-техникалық дамыту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді.

Науқастарды жатқызу үшін кідіртпейтін терапия бөлімшесі бар 50 орындық 2 стационар және 25 орындық токсикологиялық бөлімше ашылды.

1971 жылдың 14 желтоқсанында МЖЖС стационарында кейіннен «Жасанды бүйрек» бөлімшесі аталған, республикалық маңызы бар, Қазақстанда жалғыз «Жедел бүйрек жетіспеушілігі» бөлімшесі ашылды.

1972 жылдан бастап МЖЖС стационары Қазақ КСР Аймақтық патология институты токсикологиялық орталығының клиникалық базасы болып келеді.

1973 жыл 12 мамырда Станция қарамағында қаланың үш ірі ауданына, қалалық №2 және №5 емханаларына бекітілген өнеркәсіптік кәсіпорынға қызмет ететін травматологиялық бекет ашылды.

Ауруханаға жатқызылған науқастар мен зардап шегушілер жайлы мән-жайды реттеп отыру мақсатында 1973 жылдың қазан айында МЖЖС қарасты госпитализация Бөлімі ұйымдастырылды.

Жоспарлы және шұғыл тасымалдауларды жүйеге келтіру үшін 1974 жылы 27 мамырда госпитализация Бөліміне қарасты, әкімшілік корпустың орталық ғимаратында орналасқан тасымалдаумен айналысатын қосалқы станция құрылды (№9).

1976 жылы қалалық медициналық жедел жәрдем станциясы №1 қалалық аурухананың стационарымен бірікті, содан кейін қалалық клиникалық медициналық жедел жәрдем ауруханасы (ҚКМЖЖА) болып аталатын болды. ҚКМЖЖА құрамында 80 жылжымалы МЖЖ бригадасы және стационарда 975 орын болатын.

1988 жылы МЖЖ бригадаларының жұмысын қайта ұйымдастыруға байланысты арнайыландырылған бригадаалардың қосалқы станциясы жойылды. Сөйтіп, 1990 жылдан бастапстанцияда жаңа арнайыландырылған МЖЖ желісі қалыптасты. Арнайыландырылған бригаданың жаңа түрі – қарқынды терапия бригадасы құрылды (ҚТБ).

1990 жылы кідіртпейтін психиатриялық көмек бөлімшесін ұйымдастырумен байланысты психикалық денсаулық Орталығына үш психиатриялық бригада берілді.

1992 жылдың қаңтар айында ҚКМЖЖА қайта құрылып екі емдеу-профилактикалық мекеме пайда болды: Медициналық жедел көмек ауруханасы (МЖКА) (бас дәрігері А.Б.Біртанов) және ҚКМЖЖС (бас дәрігері Г.Н.Клименко).

Қазіргі уақытта Алматы қаласы МЖЖС (бас дәрігері – жоғары санатты дәрігер А.А.Берденова) – саны шамамен 1,5 миллион адам болатын қала тұрғындары мен Алматы облысының мекен-жайларына жедел және кідіртпейтін медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін, Республикамыздың бірден-бір ірі медициналық мекемесі.

МЖЖС шамамен 2 мың адам жұмыс істейді.

МЖЖС құрамында бары:

— шақыру орнына бригадалар тез жету мақсатында, қаланың барлық аудандарында 8 қосалқы станция орналасқан;

— Ақпараттық-оперативтік-диспетчерлік бөлім (АОДБ немесе «103»), талдау және статистика қызметі 2000 жылы толығымен автоматтандырылған жұмыс тәртібіне көшті. Қазақстан Республикасында алғаш рет Станция жұмысын автоматтандырудың теңдесі жоқ бағдарламасы жүзеге асты. Дербес компьютерлер мен модемдік байланыстардың базасында «МИСС-103» (жедел жәрдемге арналған медициналық ақпараттық арнайыландырылған жүйе) бағдарламасымен қамтамасыз етілген телекоммуникациялық желі құрылды. Шақыруларды қабылдау үшін оперативтік байланыстың 20 желісі орнатылған («103» телефоны бойынша). МЖЖС барлық құрылымддарымен, ірі медициналық мекемелермен, полициямеен, өрт сөндірушілермен, ТЖ қызметімен тікелей байланыс бар.

— 2000 жылы құрылған Ақпараттық-Аналитикалық бөлім (ААБ) «МИСС-103» жүйесінің үздіксіз жұмысын әрі оны техникалық қамтамасыз етуді атқарады.

— Әрбір көлікте орнатылған VERTEX (Жапония) радиостнациясын техникалық қамтамасыз ететін радиотелефондық байланыс бөлімі. АОДБ және қосалқы станциялар бригадалармен өзара байланыста болулары үшін тікелей-берілетін байланыс жұмыс атқарады.

— ӘШБ, госпитализация бөлімі.

— Статистика кабинеті, архив, қаланың медициналық мекемелеріне МЖЖ бригадалары жеткізге ннауқастар мен зардап шегушілер жайлы тұрғындарға ақпарат беретін әрі тіркейтін, тәулік бойы жұмыс істейтін анықтама үстелі.

— Кітапхана, 300 орындық конференц-ал.

МЖЖ шақыру ережесі 1930 жылдан бастап өзгеріске ұшырап, 6 рет редакцияланды, соның ішінде соңғы екеуі бас дәрігер И.Б.Волковтың кезінде орын алды (1996ж. және 2003ж.).

Қазіргі таңда тұрғындарға медициналық жедел жәрдемді 150 бригада атқарады, соның ішінде 7 реанимациялық, 22 ҚТБ, 24 педиатриялық, 56 дәріерлік, 41 фельдшерлік бригада.

Ауруханаға дейінгі кезеңде уақытылы диагностикалау әрі науқастар мен зардап шегушілерге көмек көрсетуде барлық қажет заттармен жабдықталған.

Дер кезінде көмек көрсету көбінесе санитарлық автотранспортпен қамтамасыз етілу деңгейімен анықталады.

Соңғы онжылда санитарлық автотранспорт паркі мүмкіндігінше жаңартылып отыр, ескі көліктер жаңа үлгідегі «Тойота», «Хюндай», «Газель», «Соболь» көліктеріне ауыстырылуда, реанимобилдердің барлығы европа кластық («Мерседес», «Фольксваген»), барлығы да заманға сай медициналық аппараттармен, құралдармен жабдықталған.

Соңғы 25 жыл бойы арнайы автотранспорт мекемесіне жетекшілік етіп келе жатқан А.А.Дешевыхтың озаттылығының арқасында Станция жұмысының көрсеткіштері тұрақты, көліктердің жұмыс істеуі жақсы жолға қойылған. Құрамында моторлық, агрегаттық, токарлық, теміртүзеулік және электроцехы бар жөндейтін шеберхананың болуына байланысты көліктердің жеткілікті саны әрдайым қызметте табылады.

Жедел жәрдем қаламыздың ең қолжетімді медициналық қызметі болып табылады. Оның қажеттілігін толастамай көбейіп отырған шақырулардың санынан көруге болады (2011 жылы 1000 тұрғынға 451).

Алматы-Туссон әріптестік қарым-қатынас аясында, Америкалық Халықаралық денсаулық сақтау Одағымен бірлесе, Станция қызметкерлері ерекше әдістемемен оқытылатын, МЖЖС базасында 1994 жылдан бері Алматы Республикалық Кідіртпейтін Медицинаның Оқу Орталығы (АРКМОО) жұмыстарын ұтымды атқаруда.

Медициналық жедел жәрдем станциясы АМДБЖ (АРКМОО) институтында дипломнан кейінгі дайындық кезінде дәрігерлерді, медициналық ЖОО (С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, ҚазМИ) және арнайы орта оқу орындарының (Қалалық медициналық колледж, Республикалық медициналық колледж) студенттерін оқыту үшін клиникалық база болып табылады.

Соңғы бірнеше жылда Алматы қаласы МЖЖС дәрігерлері республикалық, халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға белсенді қатысты:

Қазақстанның халықаралық деңгейдегі анестезиологтар конференциясы, Алматы қаласы, Қазақстан, 1998 ж. (8 баяндама);

Екатеринбург қаласы, МЖЖС 75 жылдығына арналған Мерейтойлық ғылыми-практикалық конференция, екатеринбург қаласы, Ресей, 1997 ж.;

«Телемедицина – Орталық Азиядағы кідіртпейтін медицинаға қосымша», Ташкент қаласы, Өзбекстан, 2001 ж. (И.Б.Волков баяндамасы);

Жедел және кідіртпейтін медициналық көмек сауалдары бойынша аймақтық ғылыми-практикалық конференция материалдарына мақалалар жарияланды, Новосибирск қаласы, Ресей, 1998 ж.;

Алматы қаласының МЖЖС Республикамыздағы жедел медициналық көмек қызметінің көшбасшысы болғандықтан «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтауды қайта қалыптастыру жағдайында жедел және кідіртпейтін медициналық көмек қызметінің өзекті мәселелері» тақырыбындағы алғашқы республикалық ғылыми-практикалық конференцияның ұйтқысы әрі ұйымдастырушысы болды, Алматы қаласы, Қазақстан, 1999ж. (14 мақала);

2001 жылы «Жедел және кідіртпейтін медициналық көмек қызметінің өзекті мәселелері және оның даму болашағы» атты екінші ғылыми-практикалық конференция, Астана қаласы, Қазақстан (8 баяндама).

Республикалық арнайыландырылған басылымдарда және халықаралық кәсіптік журналдарда көптеген мақалалар жарық көрді.

МЖЖС интернетке және ондағы сайттарға мақала жариялауға қолжетімді.

МЖЖС материалдық-техникалық базасы және оның техникалық жабдықталуы нығаюда:

Төрт қосалқы станция, соның ішінде №7-1994ж., №3-1996ж., №2-1997ж., №4-2000ж. жаңа тәуір ғимараттарға көшірілді.

№5 және №6 қосалқы станциялардың реконструкциясы және күрделі жөндеулері аяқталды.

Қызметкерлердің жұмыс істеуі мен демалуы үшін барлық қосалқы станцияларда жағдай жасалынған. Тамақ қабылдау үшін арналған тұрмыстық бөлмелер электрбұйымдармен, яғни, электрплиталармен, микротолқынды пештермен, тоңазытқыштармен қамтамасыз етілген.

Әр қосалқы станцияда шақырулар арасында қысқамерзімді тынығу үшін мүмкіндіктер бар, теледидар көруге болады.

2002 жылы «Денсаулық жылы» деп ҚР Президенті жариялаған жылы, қалалық маслихаттың XVII сессиясы қала тұрғындарына жедел және кідіртпейтін медициналық көмек көрсетудің жағдайы және оны жақсарту жолддарының мәселелерін қарастырды (мамыр, 2002ж.); МЖЖС жұмысына қанағаттанарлық деген баға қойып әрі қызметті жетілдіру жайлы бірқатар тапсырмалар қойған, қала тұрғындарына көрсетілетін көмектің сапасын арттыруға, материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған, денсаулық сақтау Департаментінің «МЖЖС жұмысы және оны жақсарту жолдары жайлы» коллегия өтті (маусым, 2002ж.). Барлық   бұл жұмыстың нәтижесі МЖЖС қызметкерлерін әлеуметтік қорғау мен қолдау сауалдары бойынша, Станция жұмысын дамыту мен жақсарту бойынша жақын болашақта нақты іс-шаралар мен әрекеттердің жоспарлары айқындалған, «Алматы қаласы тұрғындарына 2002-2007ж.ж. жедел және кідіртпейтін медициналық көмек көрсетуді дамыту және жетілдіру» аймақтық бағдарламасын қала Әкімі В.В.Храпуновтың бекітуі болды.

Жұмыстарын жақсы жолға қойғандықтан Алматы қалалық МЖЖС «Денсаулық сақтау  74» атты халықаралық көрмесінде 2 дәрежелі құрмет дипломымен марапатталды.

1985 жылы Алматы қаласының ҚКМЖЖА КОКП ОК, КСРО Министрлер Кеңесінің және БЛКЖО ОК өтпелі Қызыл Туымен марапатталды.

Алғашқы жәрдем. Кенеттен қатты ауырғанда, мертігіп, жарақаттанғанда және адамның денсаулығы мен өміріне қатер төнетін басқа да жағдайда дәрігер келгенше, не ауру (жарақаттанған) адамды емдеу мекемелерге жеткізгенше алғашқы қарапайым жәрдем шаралары жасалуға тиіс. Ауырған не жарақаттанған адамдар кейде өзіне-өзі жәрдем жасай алады. Мәселен, егер адамның стенокардия (жүрек демікпесі) ауруы ұстаса, онда ол кенет тоқтай қалып, тілінің астына валидол не нитроглицерин таблеткасын салады, егер уланса ас қазанын шаяды (1 литрдей суды ішіп, көмекейіне саусағын жүгіртіп, бірнеше қайтара құсалы); жарақат түскен жерін жуып, оған дәрі жарады т. б. (Улану, Тағамнан улану, Жарақат мақалаларын қараңыз).

Адам көлденең кездейсоқ жағдайға ұшырағанда, жарақаттанғанда, қан кеткенде, кенеттен есінен тайраңда оған жедел жәрдем көрсетуге тура келеді. Мұндағы ең басты мақсат — жарақаттану зардабын одан әрі өршітпеу: күн өткен адамды (Күн өту мақаласын қара) көлеңкеге апару, ал газдан иіс тигенде — таза ауаға шығару, суға батқанды құтқару (Суга бату мақаласын қараңыз); токқа түскенді одан ажырату (Заңымдану мақаласын қараңыз); өртке шалдыққан адамның киіміндегі отты өшіру т. б. Екінші міндет — қарапайым медициналық дәрідәрмектер мен құр ал-жабдықтарды пайдалана отырып, оқиға болған жерде алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсету. Үшінші міндет — дереу жедел көрсететін дәрігерді шақыру, не жарақаттанған адамды жақын арадағы медициналық мекемелерге жеткізуді ұйымдастыру. Жарақаттанған не ауырған адамды, осы мақсатқа арналмаған транспортпен тасыраңда, оның қорабына қалың етіп шөп, сабан төсеп, зембілді соған жайғастырған жөн. Жәрдем көрсетілетін адамды екі кісі қолын айқастыра ұстап көтеруге де, қолма-қол жасалған зембілге жайғастырыл жеткізуге де болады. Алғашқы дәрігерлік жәрдемнің және одан кейінгі емдеу шараларының ойдағыдай болуының, тіпті әл үстіндегі адамның өмірін сақтауда ең алғашқы көмектің дер кезінде, әрі мұқият атқарылуының айрықліа маңызы бар. Алғашқы жәрдем амалдарын қолданғанда, аурудың немесе жарақаттың жалпы сипаты ескеріледі. Жарақаттанған жағдайда аққан қанды тоқталу шаралары жасалады. Ол үшін қан шыққан жердің жоғарғы жағынан тамырлы, жарақаттың ауыр-жеңілдігіне қарай қысып таңады да, жарақаттың үстіне таза бинтмақта, дәке немесе шүберек қойып бастайды. Содан кейін ол адамды міндетті түрде таяу маңдағы дәрігерлік мекемелерге жеткізеді. Онда жарақаттанған жер дәріленеді, тігіл еді, сіреспе не құтыру ауруына қарсы егіледі. Буыны шыққанда, сүйегі сынғанда, сіңірі үзілгенде не созылғанда адамды қозғалтпай жатқызу керек. Ол үшін мертіккен жерге жұқа тақтай, ағаш қабығын, картон т. б. затты қойып, оны бинтпен, орамалмен, белбеумен, шүберекпел орап тастайды. Егер сүйегі аман болып, сіңірі созылған, үзілген, буыны шыққан жағдайда тек айқастыра таңыл тастаса да болады. Осылайша жәрдем көрсетілген адамды тез арада жарақат емдейтін пунктке не басқа да дәрігерлік мекемеге жеткізеді. Онда жарақат рентгенмен тексеріліп, алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсетіледі. Денені химиялық заттар күйдіргенде және үсікке шалдыққан жағдайда, зақымданған жерді таңар алдында, теріні сутегінің асқын тотығымен, қайнаған таза сумен жуалы, ал күйікті спиртке (араққа) малынған дәкемен таңады. Көзге шөп-шалам түскенде, әсіресе көз жарақаттанғанда кір қолмен, бет орамалмен сүртіл, инфекция жұқтырып алмау керек, бүл жағдайдағы алғашқы жәрдем туралы Көру мақаласынан оқуға болады). Ауру адам кенеттен есінен танғанда, оны бір қырынан не шалқасынан жатқызып, басын бір жағына бұрып қояды (бұлай етпеген жағдайда, ол лоқси қалса, құсығы тыныс жолдарына кетіп, тұншығып өліп кетуі мүмкін), омырауын ағытыл, таза ауа келуін қамтамасыз етеді (терезені ашады т. б.). Аяқ астынан іш бүріп қатты ауырғанда, аурулы жатқызып, ішіне мұз не салқын су басады; мұндайда асқазанды шаюға, іш жүргізетін дәрі-дәрмектер беруге болмайды (Соқырішек мақаласын қараңыз). Үйде, машинада, туристік жорықта жүргенде медициналық жәрдем көрсету үшін аптечка қамдап қойған жөн Үй аптечкасы мақаласын қараңыз), онда семья мүшелерінің, жорыққа қатысқандардың т. б. ескі сырқатына қарай алынған дәрі-дәрмектер де болуы тиіс.

Алғашқы жәрдемнің ең басты шарасы — өміріне қауіп төнген адамды өлімнен арашалау (яғни дәрігерге дейінгі реанимация). Әдетте, адам өлген сәтте, оның әр түрлі органдары мен организміндегі тканьдер тіршілігін сол бойда емес, бірте-бірте тоқтатады, сондықтан оның қызметін, соның ішінде негізгі тіршілік қызметін де — қан айналымы мен тыныс алуын — кейбір жағдайда қалпына келтіруге болады. Тірілту қысқа уақыттың ішінде — клиникалық өлім сәтінде, яғни тыныс алуы мен қан айналысы тоқтаған мезетте, әдетте, 4—5 минут аралығында жүзеге асырылады. Бұдан кейін биологиялық өлім басталады да, адамды тірілту, ақылесін қалпына келтіру өте қиынға түседі (үсік шалғай не суық суға батқандардані басқасы).

Клиникалық өлім мертігуден, уланудан, қатты тоңудан не қатты қызудан, су ға батып тұншығудан, көмейдің ісінуінен, тыныс жолдарына әлдененің тұрып қалуынан, ток соғу салдарынан, тыныс тарылғаннан, кенеттен ұстаған сырқаттан (миокард инфаркті, ми қан айналысының бұзылуы т. б.), басқа да себептерден болуы мүмкін. Демнің бітіп, жүрек қызметінің тоқтағанын дененің «әдеттен тыс» қалпынан — басының түр-әлпетінің, қол-аяғының ұйқыдағы адамға үқсамалтын жансыз қалпынан аңғаруға болады. Мұндайда кеуделе тыныс қозғалысы білінбейді, беті мен мойын терісі бозарып, көгереді, көзінің қарашығы үлкейіп, тамыр соғуы сезілмейді; жүрек соғуы (кеудесіне құлақ тосқанда) естілмейді. Мұндай жағдай адамның көлденең кеселге тап болғанын, немесе кенеттен есінен танғанын көрсетеді. Сондықтан ауру диагнозын анықтауды күтпей-ақ, жедел жәрдем көрсете бастаған дұрыс. Тыныс алуын қалпына келтіру үшін әуелі денесін қысып тұрған киімдерден (галстугін, жағасын, белдігін, көйлекті т. б.) босагады да, тыныс жолдарына ауа еркін келетіндей жағдай жасайды. Сырқаттың аузы-мұрнындағы тыныс алуына бөгет болатын заттарды: сілекей-қақырықты, тамақ қалдығын, қан ұйындысын, тіс протезін т. б. алады. Соңғы кезге дейін қолдан тыныс алдыру (Сильвестр әдісі т. б.) әдісі кеңінен қолданылып келді. Мұндайда қол, иық, кеуде бұлшық еттерін ары-бері қозғалтады. Алайда мұндай әдісте дем ішке тартылғанда небары 300 ем3 ауа енеді, ал адамды тірілту үшін ең кемі 800 ем3 ауа қажет (дені сау адам бірқалыпты тыныс алғанда 600—700 ем3 ауа жұтады). Сондықтан медициналық аспаптар мен құралдар болмаған жағдайда қолдан дем алдыру (өкпеге ауа жіберу) үшін ең дұрысы аузына, не мұрнына тікелей ауызбен ауа жіберу әдісін қолданған жөн. Ауызбен ауа жіберу жансызданған адамды тірілтуге толық жеткілікті, өйткені үрленген ауа құрамында 16% оттегі (ал атмосфера ауасында 21%) болады. Зардап шегуші адамның басын неғұрлым шалқайтып ұстап, иегін жоғары котеріп үрлеген жөн, сонда үрленген ауа асқазанға емес, өкпеге барады; ол үшін нықтық астына биіктетіңкіреп жастық не бүктеген киім қояды. Жәрдем көрсетуші адам бір қолымен оның мұрнын қысып, екінші қолымен иегінен тартып аузын ашады (ашылған ауызға дәке не бинт ұстаған жөн), сонан соң демді ішке тартып алып, сырқаттың аузына аузын жапсырыл, дәке арқылы бар күшімен үрлейді, содан кейін басын көтеріп, оның «дем шығаруын» күтеді. Әдетте оның «дем шығаруы» өте баяу өтеді (ауаны мұрнынан жіберген жағдайда сырқаттың аузын алақанымен жабады, не саусағьщен төменгі ерінді жоғарғысына жансыра қысады. Ауа жіберуді минутына 12—15 рет қайталайды. Алғашында ішке ауа жібергенде, ол өкпеге оңай үрленеді, бірақ кейіннен сырқаттың өкпесіне ауа еніп, ол керілген сайын ауаның енуі қиындай түседі. Қолдан тыныс алдыруды ойдағыдай жүргізген жағдайда — ауа үрленген кезде жәрдем көрсетілген адамның кеудесі кеңи бастағандығын байқауға болады.

Жүрек мүлде тоқтал қалғанда және оның жиырылып-cозылу қызметі бұзылғанда жүрек сыртына массаж жасалады. Алайдажүрек ырғағы әдеттегідей естілмесе де, уақытты өткізбей, дереу жүрек тұсына массаж жасау қажет. Өкпені қолдан желдету қанның оттегімен қанығуына мүмкіндік береді, сондықтан да жүрекке массаж жасаудың ең басты міндеті — организмде қанның жүруін қамтамасыз етіп, адамның ең маңызды тіршілік органдарына оттегін жеткізу, соның нәтижесінде дербес жүрек қызметі мен тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Жүрек тұсына массаж былай жасалады. Жәрдем етуші адам сырқаттың жүрек тұсындағы төс сүйекті алақанымен күрт басады, сонда тоқтаған жүрек төс сүйек пен омыртқа аралығына қысылып, оның көлемі кішірейеді де, қолқа мен өкпе артериясындағы қан сығылып шығады. Алақанды босатқанда төс сүйек жазылып, жүрек өз көлемін қалпына келтіреді, тамырдан келген қан оған қайтадан құйылады. Жүректің жиырылып-созылуы осылайша қамтамасыз етіледі де, мұның өзі оның кәдімгі насос секілді жұмыс істеуіне және қанның айналуына мүмкіндік береді Жәрдем көрсетілуші адам қатты орынға (еденге, жерге, жауырын, тұсына дейін орындық қойылған кереуетке т. б.) жатқызылады. Төс сүйекті қос қолдан салмақ сала (егер адам еденде жатса тізерлеп отырады; ал биік төсекте жатса — аяғының астына биіктеу нәрсе қояды) нығыздап басады.

Төс сүйекті секунд сайын басып-босату және 4—5 секунд сайын 1 рет ауызға-ауызды тақап ауа үрлеу (яғни төс сүйекті 5 рет сыққан сайын 1 рет немесе 10—12 сығудан кейін 2 рет) тиімді нәтиже береді, соның нәтижесінде сырқаттың көз шарасы кішірейт, күре тамыры соғуы байқалып, терінің көгергені тарай бастайды. Адамды тірілту шараларын ол өз бетінше тыныс алып, жүрегі соға бастағанға дейін жасайды, мұның өзі қан айналысын жақсарта түседі (күре тамырлық соғуы біліне бастайды). Жүрекке массаж жасау мен қолдан тыныс алдыру едәуір күш-жұмсауды қажет ететіндіктен, оны 3 адам кезектесіп атқаруы тиіс. Кеудені басып, жүректі сығумен бір мезетте өкпеге ауа үрле уге болмайды, ондайда өкпе жыртылып кетуі мүмкін. Жас адамға қарағанда ересек адамның сүйегі морт сынғыш келетіндіктен, массаж жасаған кезде кеудені тым қатты баспаған жөн.

Ауру адамның қан айналысын қалпына келтіріп, тыныс алуын қолдан қамтамасыз ету оның жүрегінің өз бетінше соғуы мен тыныс алуын қалпына келтірмегеннің өзінде де, клиникалық өлім күйін ұзартыл, биологиялық өлім күйіне жібермеуге, сөйтіп жедел жәрдем бригадаларының дер кезінде тиімді әрекет жасауына мүмкіндік береді.

Жедел медициналық  көмек көрсету тәртібі.

Жедел медициналық көмек ұйымы (станция, бөлімше) (бұдан әрі — ЖМКҰ) тәулік бойы ересектер мен балаларға науқастың және/немесе айналасындағылардың өміріне қауіп төнген жағдайда, бақытсыздық жағдайларда,  жіті ауыр сырқаттарда, оқиға болған орындада, басқа жерге орын ауыстырса да жедел медициналық көмек көрсететін медициналық ұйым болып табылады.

Ірі қалалар мен аудан орталықтарында  ЖМКҰ құрамында кіші станциялар ұйымдастырылады. Кіші станцияларға қызмет көрсету аудандары денсаулық сақтау  басқармасының жергілікті органдарымен  шұғыл және жедел медициналық  станцияның  бас дәрігерінің ұсынуы бойынша  бекітіледі. Кіші станциялар 15 минуттық көлікпен жете алатын есеппен ұйымдастырылады. Кіші станцияларға  қызмет көрсету аймақтары халықтың санын, тығыз орналасуын және жас мөлшерінің құрамын, құрылыс ерекшеліктерін, ауданда  өндіріс орындарының, ірі ауыл шаруашылық кешендерінің, көліктік желілерінің бар болуын және  жағдайын, қозғалыс қарқындылығын және өңірдің басқа да  ерекшеліктерін есепке ала отырып белгіленеді.

ЖМКҰ жедел медициналық  көмек көрсету жедел медициналық көмек жылжымалы бригадаларымен (бұдан әрі- ЖМК бригадасы) (фельдшерлік, дәрігерлік, мамандандырылған) – штат нормативтеріне сәйкес ұйымдастырылған ЖМКҰ функциональдық бірліктерімен жүзеге асырылады.

ЖМК фельдшерлік жылжымалы бригадасы құрамына фельдшер, («емдеу ісі» мамандығы бойынша дипломы бар, нақты мамандық бойынша жеке тұлғаға медициналық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін құжат маман сертификаты (бұдан әрі — сертификат) бар орта медициналық білімі бар маман.

ЖМК дәрігерлік жылжымалы бригадасы құрамына дәрігер (жоғары медициналық білім, «емдеу ісі» немесе «педиатрия» мамандығы бойынша дипломы, «жедел медициналық көмек» мамандығы бойынша сертификаты бар маман), фельдшер (орта медициналық білімі, «емдеу ісі» мамандығы бойынша дипломы, сертификаты бар маман), санитар және жүргізуші кіреді.

Қалалар мен аудан орталықтарында қызмет көрсетілетін қала немесе  аудан халқының  санына байланысты мамандандырылған бригадалар ұйымдастырылады:

70 мыңнан аса тұрғын — интенсивті терапия бригадалары, сондай- ақ балаларға медициналық көмек көрсететін бригадалар;

100 мыңнан аса тұрғын – тар бейінді  мамандандырылған бригадалар (кардиологиялық, неврологиялық, акушериялық-гинекологиялық, реанимациялық, психиатриялық және басқалар).

ЖМК мамандандырылған жылжымалы бригада құрамына  дәрігер (жоғары медициналық білімі, «емдеу ісі» немесе «педиатрия» мамандығы бойынша дипломы, «жедел медициналық көмек» мамандығы бойынша дәрігер сертификаты бар және мамандандырылған бригада бейіні бойынша маманданымы бар маман), фелдьшер (орта медициналық  білімі, «емдеу ісі» мамандығы бойынша дипломы, сертификаты бар маман), санитар және жүргізуші кіреді.

ЖМКҰ  шақырту түскен кезде мынадай  мәлімет жазып алынады:

науқастың тегі, аты, әкесінің аты, жасы және жынысы.

науқастың жағдайы туралы қысқаша, келеңсіз жағдайдың немесе ауру жөнінде мәлімет;

нақты мекен – жайы және телефоны, кіре беріс есігінің коды,

сондай-ақ   науқас жатқан орынға жететін жол туралы мәлімет.

Түскен шақырту сипаты, ауру бейіні бойынша өңделеді және ЖМК жылжымалы бригадысына жеткізіледі. Жылжымалы бригадалар:

ЖМК көрсету үшін және бақытсыз жағдайларда, жарақаттарда және улануларда науқастарды тасымалдау үшін;

ауруларда, оның ішінде психикалық, науқастың және оның айналасындағы тұлғалардың өміріне және денсаулығына қауіп төндірітен ауруларда;

босану кезінде және жүктілік ағымы асқынған жағдайларда;

шұғыл медициналық көмекті талап ететін науқастарды ауруханаға

тасымалдау үшін, оның ішінде алғашқы медико-санитариялық көмек ұйымының мамандарын шақырту бойынша бағытталады.

ЖМК бригадаларының шығу регламенті- осы Ережеге қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес шақырту жеделдігі дәрежесінің  тізімімен анықталады:

1-3 жеделділік дәрежесі — 5 минутқа дейін;

4-5 жеделділік дәрежесі — 20 минутқа дейін;

6 жеделділік дәрежесі — 30 минутқа дейін.

Жіті терапия мен мамандандырылған бригадалардың бағыты дәрігерлерді және орта медициналық қызметкерлерді шақыртумен қатар, тұрғындардың шақыртуларымен де жүзеге асады; алайда бұл жағдайда интенсивті терапия мен мамандандырылған  бригаданы шақырған медициналық қызметкерлер шақырылған бригада келгенше қажетті медициналық  көмекті көрсетуге міндетті.

Зардап шегушілер мен науқастар емдеуге жатқызу (ургенттік клиникалар) тәртібін регламенттейтін денсаулық сақтау басқармаларының жергілікті органдарының бұйрығына сәйкес емдеу мекемелеріне  қаралу үшін жеткізілуі  тиіс; қажет болған жағдайда өмірлік көрсеткіштері бойынша алдын-ала хабарлаудан соң жақын орналасқан денсаулық сақтау ұйымына жеткізу жүзеге асырылады.

ЖМК бригадасының стационардағы қабылдау бөлімінде болу уақыты (жауапты кезекші дәрігерге жәбірленуші немесе науқасты беру уақыты) ЖМЖ бригадасымен науқасты алып келу уақыты мен қабылдау бөлімшесі дәрігерінің науқасты қабылдап алуы уақытын шақырту картасына белгілеу уақытымен қоса алғанда 10 минуттан аспауы тиіс.

Өміріне қауіп төндіретін аурумен пациентті немесе кәмелетке толмаған тұлғаны жедел стационарлық көмек  көрсететін  денсаулық сақтау ұйымына  тасымалдауда ЖМКҰ санитариялық автокөлігіне  туысының (1 адамнан артық емес) бірге келуіне рұқсат етіледі.

«Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттарының нысандарын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығына сәйкес емдеуге жатқызуға көрсеткіштер жоқ болса немесе ауру емдеуге жатқызудан  бас тартса учаскелік дәрігерге белгіленген нысанды дабыл парағы ресімделеді.

ЖМКҰ халық жеке жүгінгенде немесе телефон арқылы станцияның (бөлімшенің) медициналық қызметкерлерімен медициналық көмек көрсетілген  аурулардың немесе  бақытсыз жағдайларда  зардап шеккендердің  қай жерде екендігі туралы тәулік бойы  ауызша анықтамалар береді;  жедел қызмет көрсету талап етілмейтін жағдайларда, ЖМКҰ ауысымының аға дәрігері  пациентке медициналық көмек алу үшін жүгінуге медициналық ұйымның   координаттарды (мекен-жайын, телефонын) ұсынады.

Төтенше жағдайлар кезінде ЖМКҰ:

апат медицинасы аймақтық орталығының нұсқауы бойынша әрекет етеді;

ЖМЖ бригадаларын төтенше жағдай аймағына төтенше жағдайлар зардаптарын жою  жұмысының жоспарына сәйкес бағыттайды;

төтенше жағдайларды жою кезіндегі емдеу-эвакуациялық іс-шараларды жүргізеді;

қажетті санитариялық-гигиеналық және індетке қарсы іс-шараларды бекітілген тәртіпте өтуін қамтамасыз етеді.

ЖМКҰ:

сот- медециналық қорытынды;

масаю жағдайы мен психобелсенді заттар қолдану деректерін белгілеу үшін медициналық куәландыру қорытындысын;

осы Ережелермен белгіленген жағдайлардан басқа пациенттер мен олардың туыстарына басқа да жазбаша анықтамалар мен  қорытындылар береді.

ЖМКҰ мынадай жағдайларда қызмет көрсетпейді:

шұғыл және жедел медициналық көмекті талап  етпейтін кезде;

алғашқы медико-санитариялық жәрдем көрсететін ұйымның жұмыс уақытында өміріне қауіп төндірмейтін жағдайларда медициналық  жәрдем талап етушілерге;

медициналық ұйымдармен тағайындалған  диагностикалық және емдік  емшараларды жүргізу қажет болғанда;

шұғыл емдеуге жатқызуды  қажет етпейтін жәбірленушілерді, науқастарды және жүктілерді тасымалдау;

сот-наркологиялық, сот-медициналық, сот-психиатриялық сараптаманы жүргізу.

медициналық ұйымдарда консультативті көмек көрсету;

стационардан науқастарды үйлеріне жеткізу;

өлім актісін құру және куәландыру.

ЖМКҰ шақыртуларды санитариялық авиация нысанында медициналық жәрдем көрсететін ұйымдарға мынадай  жағдайларда жеткізеді:

мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасының жергілікті органдарымен (қалалардың, елді мекендердің әкімшілік шекаралары) анықталған қызмет көрсету аймақтарынан тыс жерлердегі науқастарға, жүктілерге және жәбірленушілерге;

жедел және консультативтік-диагностикалық мамандандырылған және  жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету  қажет болған;

шұғыл жағдайларда (қала сыртындағы автомагистральдағы жол көлік оқиғаларында, төтенше жағдайларда және т.б.) көрсетілетін медициналық жәрдем әсерін арттыру мақсатында.

ЖМКҰ қызмет көрсететін көлік тану белгілермен (жарқыл шамшырақ, дыбыс дабылы және басқалар) жарақтануы тиіс.

Санитариялық автокөлік жоспарлы санитариялық өңдеуден өтуі тиіс. Жұқпалы ауруларды тасымалдау кезіндеа санитариялық көлікті науқасты қабылдаған медициналық  ұйым міндетті түрде дезинфекция жасауы тиіс.

ЖМКҰ 100 мың тұрғынға 2 тіркелмелі қалалық телефон байланысымен, бірақ 2-ден аз болмауы тиіс (оның ішінде емдеу-профилактикалық мекемелері, Ішкі істер министрлігінің  қызметтері, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі), қалааралық байланыс телефонымен, сонымен қатар шақыртудағы көшпелі бригадаларымен радио байланыспен қамтамасыз етіледі.

Жедел және шұғыл медициналық көмек барлық станциялары автоматтандырылған басқару жүйесімен (АБЖ) жарақтануы тиіс.

ЖМКҰ қызметіне халық ұялы немесе қалалық телефондар арқылы байланыса алады.ЖМКҰ және оның  бөлімшелерінде шұғыл медециналық көмек көрсету өздері келген жәбірленушілермен науқастарға көрсетіледі. Қажетті көрсеткіштер бойынша стационардың орнын басушы (үйдегі стационар) ұйымдастырылады.

«Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6173 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі №238 бұйрығына сәйкес ЖМКҰ штаттары жауапты облыстық денсаулық сақтау органдарымен бекітілген штаттық нормативтермен типтік нормативтерге сәйкес белгіленеді.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ