Махмұт Қашқаридың өмірі, қоғамдық қызметі мен шығармашылығы

0
14974
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.

Орта ғасырдың әдебиет ескерткіштерін зерттеп, бірнеше кітап жазған ғалым Х.Сүйіншәлиев «Диуани луғат-ит түрк» еңбегін көне түркі поэзиясының  тұңғыш  жинағы деп таныды. Бұл еңбектің авторы Махмұд Ибн әл-Хусайн ибн Мухаммед әл- Қашқари Орта Азияның түркі тайпаларынан шыққан, орта ғасыр  ғалымы.

ЖОСПАР

Кіріспе

І. ТАРАУ

  1. Махмұт Қашқаридың өмірі, қоғамдық қызметі мен шығармашылығы
  2. Түрік сөздігінің сипаты, танымдық мәні

ІІ. ТАРАУ

Диуани  лұғат-ит түрктегі әдебиет үлгілері.

  1. Диуани лұғат –ит  түрктегі  өлең-жырлар.
  2. Орта ғасыр түркі шешендігі (мақал -мәтелдер  мен   нақыл сөздер)
  3. Жинақтағы аңыз-әңгімелер

ІІІ. ТАРАУ

Сөздіктегі ауыз әдебиеті үлгілерінің көне дәуірдегі әдебиетпен сабақтастығы

ҚОРЫТЫНДЫ

 

КІРІСПЕ

Орта ғасырдың әдебиет ескерткіштерін зерттеп, бірнеше кітап жазған ғалым Х.Сүйіншәлиев «Диуани луғат-ит түрк» еңбегін көне түркі поэзиясының  тұңғыш  жинағы деп таныды. Бұл еңбектің авторы Махмұд Ибн әл-Хусайн ибн Мухаммед әл- Қашқари Орта Азияның түркі тайпаларынан шыққан, орта ғасыр  ғалымы.

Бұл еңбек ХІ ғасыр ескерткіші саналғанымен, одан ерте кезеңдегі түркілер өмірінен көркемдік таным жүйесінен жан-жақты мағлұмат беретін құнды  жәдігерліктің әдебиет тарихындағы орны мен халқымыздың рухани, мәдени өмірінің даму жолындағы үлесі айқындайды.

Сөздіктегі көркем  туындыларды зерттеу үстінде біз бұл шығармаларды  өзінше бөлек дара  нәрселер емес, өзіне дейінгі және кейінгі шығармалар мен сюжеттерге, өлең өрнктеріне  іштей байланысы бар екенін анықтай бастадық. Ең алдымен, сөздіктегі өсиет, бата, мақал-мәтел шешендік үлгілері қазіргі кездің өзінде көп өзгеріссіз қолданылып келе жатқаны мәлім. Ал өлең жырлар түркі елінің ең көне ортақ мұрасы. Орхон-Енесей-Талас жазуындағы  «Күлтегін» ескерткіштеріменде  жалғасып, өзіндік тілі, өлең құрылысы  жағынан «Құтадғу білік», «Хихмет» сияқты түтас туындыларға ұштасып, қазақ ауыз әдебиеті үлгілеріне  ұқсасып келетіні ойландырар жайлар. Ондағы көптеген ғашықтық лирика ларда қызықтырар дерек.

ТҮРІК СӨЗДІГІНІҢ СИПАТЫ, ТАНЫМДЫҚ МӘНІ.

М.Қашқари өз еңбегін классикалық араб тілінде жазып, араб филологиясының лингвистикалық терминдерін қолдаған.

Автордың «Диуануды» жазудағы ең басты мақсаты – көптеген зерттеулер мен мамандардың пікірі бойынша Бағдат билеушілердің Селжүктердің оғыздардың, жалпылай алғанда түркілердің тілімен таныстыру қажеттілігінен туған деп санайды. Бұл еңбекте сонымен қатар тек тілге ғана байланысты емес, біздің объектімізге айналып отырған ауыз әдебиетінің өрнектері, мақал- мәтел маржандары, түркі халықтарының орналасқан аймақтары олардың әдет ғұрпы, салт-саналарына байланысты мәлімет беру көзделген сияқты.

Еңбектің автор жазған данасы жоғалып кеткен, кейінрек жасалған оның бір ғана көшірмесі 1915 жылы Стамбулда көше кезіп, ескі құсқа заттар сатып жүрген саудагердің арабасынан табылған. Түркияның «Стамбул» кітапханасында сақтаулы тур. «Диуани лұғат-ит түркі ( 3 томнан тұрады). Мазмұнына қарай екі бөлімге бөлінеді: Кіріспе және Түсіндірме сөздік. Бірінше бөлім тарихи-филологиялық мәселелерге арналған, екінші бөлім фонетика мен графика туралы мәліметтер береді де, сөздің лексикалық және грамматикалық аспектілерін зерттейді. М.Қашқари өз еңбегін лингвистикалық ізденіс түрінде жазған, сөздік іспеттес етіп құрастырған. Ол  былай деп жазған: «Бұл кітапта мен сөздерді буын құрамындағы әріптердің өзара орналасу тәртібіне қарай түздім, ақыл айтатын айшықты сөздермен өрнектедім, ұйқасын тапқан жолдармен, мақал-мәтелдермен, өлеңдермен және кәдімгі қара сөздермен нақыштадым….

Ол бұл еңбегін сегіз кітапқа жіктеген. Алғашқы кітапты Тәңірінің жөнімен әліптен бастадым дейді. Әліптен басталатын кітабын «Хамза» кітабы деп атаған. Екінші «Сәлім кітабы» үшінші «Музоаф кітабы» яғни бір әріпті қайталанған сөздер кітабы; төртінші «мысал кітабы»; Бесінші «Үш әріпті кіпат», Алтыншы «төрт әріпті кітап», Жетінші «мұрын дыбысты әріптер кітабы»,  «ғунналылар» деп аталады, сегізіншісі «екі сүкіндікпен қатар келген сөздер кітабы» Бұл кітаптарда әуелі есімдерді  саны етістіктерді түзіп отырады.

ХІ ғасырдағы түркі тайпаларының тарихы мен этнографиясы, территориясы мен географиялқ жағдайы, тілі мен әдебиеті жайында жазылған М.Қашқаридың жалғыз дана еңбегі осы күнгі түркі тілдас халықтарының әр алуан тарихи мәселелерін оқып-біліп, зерттеп тану үшін қазір ғылыми жұртшылықтың назарын өзіне қатты аударып отыр.

Сөздіктің зерттелу тарихы жүзілік түріктану ғылымында өте қысқа болғанымен ол туралы жазылған еңбектердің библиографиялық көрсеткіші өте көп.

Соңғы жылдары  қазақ әдебиетінің көне тарихы негізделіп, орта ғасыр түркі әдеби ескерткіштері шұғыл зерттеле бастады.

«Диуани лұғат-ит түркті» зерттер насихаттаған белгілі ғалымдар  көп.  Олардың ішінде В.В.Бартольд, АН. Кононов, Н.А.Баскаков, А.Н.Самойлович, К.Броккельман, Б.Аталай, С.Е.Малов, И.В.Стеблева сияқты шетел ғылымдарымен қатар Н.Т.Сауранбаев, С.А.аманжолов, А.Н.Ысқаков, Ә.Құрышжанов, Ә.Ибатов, Н.Келімбетов сияқты қазақ ғалымдары.

Неміс ғылымы К.Броккельман 1919 жылдан бастап зерттеу  мақалалалын жазып, жүйелі жариялайды. Ал, 1928 жылы жинақтың әліпбесінің ретімен түзілген немісше индекс сөздігін жариялайды.

М.Қашқаридың ұлы қызметі мен еңбегінің жемісін танып, болашақ ұрпақ игілігіне айналдыруда түрік ғалымын Б.Атайладың  да  сіңірген еңбегі зор.

Бұл шығарманың кейбір тұстарын қазақ тілінде сөйлетуге ақын Ф.Оңғарсыноватың да еңбегі атап айтқан жөн.

1990 жылдардан бастап  ғасырлық ескерткіштерді кәзіргі қазақ тіліне аудару мәселесімен шұғылданушылар көбейіп келеді. Солардың бірі-Асқар Егеубай.

Асқар Егеубайдың «Құлабыз» атты еңбегінің мәні «Құлабыз» ежелгі түркі сөзі. Қарахандар әулеті дәуірлеп тұрған кездегі ұлы әдеби мұраларда кездеседі. Мағынасы кәдімгі  құбыланамаға, компосқа саяды. Жол  сілтеуші, бағдаршы мәнін де білдіреді. Яғни «Құлабыз» ІХ-Х ғасырдан жаткен жәдігер.

Қайдан шақтық, қайда барамыз?

Біздің ата-бабаларымыздың қандай болғанын, түрік жұртының мінез-құлқы, қасиеті баяндап беретін баға жетпес асыл құлабыздың бірі «Түрк сөздігі»

Жинақта автор  арнайы тәртіппен 6800 түркі сөздерін топтастырған М.Қашқари «ең таза тіл-тек қана бір тілді біліп,  парсылармен араласпайтын, жат-жұртқа барып келіп қарым-қатынас жасамайтын адамдардың тілі»- деп бағалай отырып, түркі тілдерде  шұбарлық жоқтығын жоғары бағалаған. «Диуани» сөзі «кітап» деген мағананы білдіріп, басқа да жинақтарға қолданылған. «Диуани»- түркі тілдерінің салыстырмалы сөздегі-филологиялық зерттеу.Онда түркі елдердің тілдері тұңғыш рет ғылыми жүйеге түседі. Жеке сөздердің мағынасы мен этимологиясы түсіндіріледі. Бұл кітап үлкен көлемді  үш том.І томы 436 бет. ІІ  томы 294 бет, ІІІ томы 333 беттен тұрады. (А.Егеубайдың аудармасы бойынша)

Ең маңыздысы – біздің жыл  санауымыздан бұрын  қадым замандарға жасалған сақтар мен ғұндар дәуірінде және түркі қағанаты тұсында өмірге келген тұрмыс- салт жырларының  үлгілерін, мақал-мәтелдерді шешендік сөздерді М.Қашқари өз «Сөздігіне» мысал ретінде енгізген. Жинақта 238 өлең –жыр, 270  шақты мақал-мәтел, жүздеген қанатты сөздер, афоризмдер, әңгімелер келтірілген. Әр түрлі тайпалардың тілдеріне арабша түсінік берген, дәл фактілермен айқын көрсеткен.

«Бұл кітапты тек сөздік деп қана ұғыну жеткіліксіз «Диуани»-сөздік қана емес, ол сонымен бірге ХІ ғасырдағы Орта Азия тайпалар жайлаған өлке халықтарының тарихы мен ол халықтарының әдебиет үлгілерінен мәлімет беріліп тұңғыш әдеби жинақ. [2.12]

М.Қашқаридың «Үш томдық сөздігін» қазіргі қазақ тілінде сөйлескен ғалым Асқар Егеубай бұл еңбектің мәдениетіміздің тіліміздің, әдебиет пен  өнеріміздің, қала берді ұлт, ұлыс ретіндегі талысу жолдарымыздың бедерлі белгілерін тума қасиеттерін сақтаған рухани қазына өзегі екенін орынды атап көрсетті. «Мен бұл кітапты хикмат сөздер,  сежілер, мақал-мәтелдер, өлең-жырлар, режез және несір, көркем қара сөз, секілді әдеби сөздермен безендіріп, мақсус әліппесі ретімен түзіп шықтым»,- деген пікірін келтіреді де «сежі,режез» деген араб әдебиетінің теориясынан алынған атауларға түсінік береді: «сеже»- ішкі ырғаққа, бай ұйқасқа негізделген қарасөз, қысқа хикаялар екен де, «режез»- ішкі  бітімі жағынан сежеден туындап күрделене түскен өлең түзілімі екен. Қашқаридың осы айтқандарына қарап, оны сөздері-тізіп беруді ғана мақсат етпей, көркем туынды жасауды мақсат еткенін аңғарамыз. Осыдан мынандай ой туюге болады: М.Қашқаридың қазақ тарихындағы басқа би- шешендер сияқты тіл мен қаруды қатар меңгерген, жауынгер әрі өзі шешен деп  таныған қызыл сөз иесі екенін мойындаймыз.

Қашқари еңбегін  қазіргі заманда  тек қана тіл  мамандары оқып, зерттеп қоймай, сонымен қатар, әдебиетші, тарихшы, этнографтар мен географтардың да  үңіле қарап, жете зерттеп  жүргені кездейсоқ жай емес.

Қашқари еңбегінің әдеби маңызы жайлы неміс оқымысты М.Хартман: «Диуани лұғат-ит түрк»- халықтық әдебиеттің үлгісі, соның негізінде құрылған» дейді де, содан екі жыл бұрын жазылған «Құдатғу білікті» (Бақыттылық жайлы ілім) сарай әдебиетінің нұсқасы деп табады. Бұл «Диуани лұғат-ит түрк» түркі халықтарының ескі әдебиетінің тарихында аса сирек кездесетін әдебиет үлгісі екендігін анық танытатын  ғалымның пікірі.

М.Қашқари еңбегінде жоғарыда көрсетілгендей, сол заманғы түркі тайпалары жайында мәлімет беріледі. Ол мәліметтер қай халықтың қандай тілде сөйлейтіні жайында ғана емес, орналасу тәртібі, қай тайпаның қандай келгендігі, қандай территорияны мекендейтіні, әдет ғұрыптық ерекшіліктері және т.б. болып келеді. Осыған байланысты Қашқари өмір сүрген дәуірдің кейбір тарихи жағдайларын еске түсіре кеткен жөн.

Махмұт Қашқари ХІ ғасырда өмір сүріп, еңбек етті. Бұл дәуір тарихта  Қараханидтер мемлекеті деген атпен белгілі.

М.Қашқаридың өзі де осы Қараханид  патшалығы  әмірілерінің біріне жақындығы барын айтады. Х ғасырда басқа тайпалар арасында үстемділік алған Қарлұқ тайпалары ондағы  Жетісу өңірінде негізгі түрік халықтарынан шыққан қараханидтер, яғни Илекхан династиясының бастауымен өздерінің қуатты мемлекетін құрады.  Қараханидтер мемлекеті тарихта түрік халықтары арасындағы алғашқы мұсылман династиясының бірі еді. Мемлекеттің орталығы әуелі  Баласағұнда (қырғыстанның Тоқтақ қаласы) кейін Қашқари қаласына ауысады. Қараханидтер мемлекеттің нағыз дәуірлеген кезі Х-ХІ ғасырлар болса керек.

«Түрік тілдері сөздерінің сөздігі» ең алдымен лексикографиялық мұра есебінде көңіл аударады. Қашқари сөздерді реттеп беруде өзіне тән тәсіл қолданады. Ол ең  әуелі аз әріптерден құралатын сөздерді береді  де, одан әрі әріптің соңына қарай дамытып  отырады. Онда антоним мен синоним сөздер, ононим сөздер мен метафоралар, диалектілік сөздер бас- басына ажыратылып,  түсіндіріліп отырады. Ал, мұндай жүйеге келтіру байқампаздық Қашқари заманындағы лингвистика үшін аса бір ірі табыс еді.

Махмұт Қашқари еңбегінің мазмұнына зер сала отырып оның тек жетік лексикограф қана болмай, түрік тілдерінің фонетикалық заңдылықтарын де жетік білгендігін байқаймыз. Сонымен бірге грамматикаға да үлкен мәні берген.

Автор  бұл еңбегінде түркі тілдерінің алғашқы классификациясын береді. Түрік тайпаларын екі топқа (солтүстік және оңтүстік) бөліп қарауы- түркология тарихындағы алғашқы класификация еді. Бұл классификацияда Қашқари қолданған географилық принцип біздің заманымыздағы басқа да классификацияларды қолдау тапты. Сондай-ақ Қашқари көрсетіп кеткен кейбір диалектік айырмашылықтар да кейін түркі тілдерін топқа бөлуде басты принцип болып қалды.

М.Қашқари еңбегін өзбек тіліне аударған түрколог С.М.Муталибов аудармашының алғы сөзі: «мен бұл еңбекте қыпшақ тіліне табан тіредім. Өйткені түркі тайпалары арасында ерте қолданылған тілдің бірі сол қыпшақ тілі болған.  Қыпшақтардың өте кәрі тайпа екендігі, олардың алғашқы түркі тайпалардың құрылуына уйытқы болғандығы түркі  тілдер тарихынан жақсы  байқалады»-деп жазған.

М.Қашқари  еңбегін соңғы кезде дейін зерттеушілер тек сөздік деп қарап келді. Бұл бір жақты баға. Ол тек сөздік қана емес, соған қоса әдеби мәні бар шығарма. Онда түркі елінің ауыз әдебиет үлгілері, эпос  жырлары бойынша мол жинақталған. «М.Қашқаридың «Түрік тілдер диуаны»- халық сөздерінің (өлеңдерінің) мол қоймасы…. Онда үш жүзге тарта халық өлеңдерінің төрт жолды шумағы, көптеген мақал-мәтелдер бар. Бұларды автор араб тілінде дәлелдеп аударған, кейбірін кеңінен түсіндірген деп С.Е.Малов әлдеқашан орында ескерген.

Ұйғыр халқының зиялылары ежелгі түрік жазбаларының  қай-қайсына да ізгі құштарлықпен қарап   түсінуге болатын жақсы қасиет. Ұйғыр тіліндегі аудармасы қытайда 1981 жылы жарық көрді, үш том. Онда ұйғыр  аудармашылары Б.Аталай мен С.Муталлибов аудармаларына ғылыми сыни көзқараспен қарап,  дұрыс тұстарын қолдап, қателіктерін түзете отырып жазыпты. Мұндай  сүйекті ірі дүниелерді игергенде  түрлі көзқарастардың болуы заңды.

ІІ ТАРАУ 

ДИУАНИ  ЛҰҒАТ-ИТ ТҮРКТЕГІ» ӘДЕБИЕТ ҮЛГІЛЕРІ.

  1. «Диуани лұғат-ит түрктегі» өлең жырлар.

М.Қашқари «Диуани»  жинағындағы өлең-жырлар мазмұны бойынша түрлі мәселелерге арналған. Оларды жеке-жеке тақырыптары бойынша былай бөлеміз:

  1. Ерлік жырлары
  2. Ғашықтық жырлары
  3. Табиғат жырлары
  4. Тұрмыс- салт жырлары
  5. Аңшылық, еңбек туралы өлең-жырлар
  6. Диуани лұғат-ит-түрктегі ерлік жырлары 

«Түрік сөздігіндегі» өлеңдердің үлкен тобы өзара өзектесіп, өзінше бөлек тұтас бір шығарманың мазсұнын беріп жатқандықтан, оны түркі елінің ерлік күрестерін баяндайтын каһармандық көне жырлардың бірінен санау орынды [3..38]

Бұл жинақта көне түрік ұлыстарының ерлік  жорықтарда көптеген жеңістерге ие болғандығын баян етеді. Шығарма мазмұнында жеке адамдарды немесе батыр, хандарды дәріптеуден гөрі жалпы халық күшін немесе белгісіз батыр тұлғасын дәріптеу басым. Эпоста түркілердің бірнеше  жорықтарын бейнелейтін жырлардан үзінділер жарияланған. Ең алдымен таңғұттарға қарсы күрестері, сондағы Қатутсини мен лирикалық кейіпкерлердің ерліктері баяндалады. Таңғұттарда алдауға дейін барып, Қатунсиниді жарақаттағанын, сөтсе де сазайларын тартып, бас июге, тізе бүгуге мәжбүр болғандығын айтады.

Таңғұттар қатты жорғалап

Білімнен басын қорғалап.

Дұшпанның қылқан мойнынан,

Қызыл су ақты сорғалап.

Ары қарай ұйғырлармен күрескенін жырға қосады. Мұнда «Түркі елінің қолы тасқын судай ағып, құстай ұшып, қара жерді шыңдатып, қандалатып желдей есті» деген сөздермен бейнелеген.

Ерлікті  мадақтауда Иабукулармен ұрыс баяндалады. Иабаку батыры Будрач қол жиып, Ертістегі Илескенмен шарт жасап, анттасып, қол бастап түркілерді  шаппақшы болған. Оларға қарсы күресте лирикалық кейіпкер қол жиып Будрачтың қанын төгеді.

Жырда былай көрсеткен:

Ертістің суын жайлаған,

Найзасын жауға қайраған.

Түйресе тау да теңселер,

Имектер біздің өңшең ер!

Қан тілеп келген жат қуды,

Жаншитын енді сәт туды.

Тарағайласып  тобырлар,

Жігіттер, атқа қоныңдар!

Және  де жинақта « алпауып» деген сөздің мағынасын беру үшін Будрач жайлы

-Будрач тағы құтырды,

Алпауытын таңдады.

Қосынан қайта  қайырды,

Келешек үшін топтанып» [5.174-175]

Сөйтіп мұндай каһармандық

өлең жырларда батырдың күш-қуаты ерлігі, соғыс өнеріне жетік екендігі көрсетіледі. Қан майдандағы шайқас эпизодының мына  шумақтарға аударсақ байқаймыз:

Ерен ерлер шақырысты

Қыңыр көзбен бағысты.

Бар қарумен қағысты,

Қылыш қынға күшпен сыйды [5.218]

«Бұл өздікте ерлікті көтере мадақтайтын мұндай шағын үзінділер әр заманда өмірге келген әр түрлі батырлық жырлардан, үлкен эпостық шығармалардан теріп алған болса керек» [6.145]

Қазақтың  батырлық жырларында «жыршы-ақын» кейіпкер тасасында тұрып жырлайды. Сонда, «ақын-мен» мен «кейіпкер-мен» қосылып кетіп отырады.

«Ер Тарғын» жырының төмендегі жолдарына назар аударайық:

Аттай мұрның таныттым

Алшақтатып ойнаттым,

Арпа-бидай асаттым.

Бұл дәстүр ерте заманда қалыптасқан сияқты. Оған Қашқари жинағында «Каһарман мініп, дұшпанға аттандым; жау батырлығының басын кестім; енді мені кім тоқтата алмақ? Деген сияқты «менмен» келтіріп отыратын жерлері аз емес.

Сөйтіп әрбір қадамы қатерге толы ежелгі дәуір адамдары жүрек жұтқан ерлікті, батырлықты ерекше қастерлеп, жырға қосқан. Жан түршігерлік үрейлі аңдармен немесе түрлі  тайпалар арасындағы соғыста ерекше ерекшелігімен, қырауар күш-қуатымен көрге түсіп отыратын батырларды көкке көтере мадақтайтын өлеңдер жинақта жиі ұшырайды.

«Түрік сөздігіндегі» соғыс жырлары ерлікпен қаза тапқан ерлерді жоқтауға келіп тіреледі. Сның бірі- алып ер Тоңаны жоқтау. Батырға арналған жоқтау оның білімді әрі батыр болғандығын, ерен істерді ерлікпен тындырар ер екендігін, емін соңынан ертер ақылғой көсем қызметін атқарғандығын  байқатады. Алып Ер Тоңаны жоқтау лирикалық шығарма, себебі-мұң шерге қайғыға байланысты шығарылған деген пікір айтады И.В.Стеблева.

Иағы отын өшүрген,

Тодың аны көшүргән.

Әшләр үзуб кәшүргән,

Тәгді оқы олдүрү

Осылайша сөздіктегі ерлік мазмұнды эпос түркі елінің ерліктерін дәріптейді, дархан даласын, өзен,  сайсаласын жыр қылады. Оқиғалар күзгі Қазақстан жерінде-Іле, Ертыс, Еділ өзендер бойында өтіп жатады. Қашқари жырларының мазмұны тарихи дәуірдің әрбір кезеңдерінде тамаша эпос шығарып қалдырған көне түркі елінің батырларына арнап жыр шығаруды әдетке айналдырған дәстүрлерінен туындағаны хақ.

  1. ЖИНАҚТАҒЫ МАХАББАТ ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ӨЛЕҢ-ЖЫРЛАР

Жинақтағы көркем туындылар тек  жоғарыда біз көрсеткен эпостар ғана емес, соған қоса онда бірнеше әдемі лирикалық шумақтар бар.

Олардың  негізінен көпшілігі махаббат, табиғат лирикалары. Әсірісе, махаббат жайындағы өлең-жырлар Ф.Оңғарсынованың қазіргі өлең жүйесіне шебер аударуымен көрікті шыққан.

Бұл шумақтар мынандай үзінділерден тұрады: 1. Ғашықтардың сырласуы, 2. Ғашық лебізі, 3. Ғашық жігіт зары,  4. Құмалақ сезім,  5. Сұлудың сипаты,. 6. Жігіт сөзі,.  7. Ғашықтар жыры,  8. Сиқырлы сулу туралы,  9. Ғашықтық жырлары, ал Х.Сүйіншәлиев махаббат жайлы жырларды он бес топқа бөлген.

Жинақта сүйген  жарға деген ғашық жігіттің арнау сөздері жүрек  тебірентерлік:

Шырай жүзді қара мең,

Буындарды қарам ем- деген жолдардан әсем ару келбеті шебер суреттеліп, оған құштарлықтан жас жігіттің сезіміаса тартымдыц лебізден бейнеледі.

Сиқырлап сол көз-құладым,

Қаракат меңі- мұң, әнім.

Көңілмен ұғып қайғымды,

Тіл қашты маған құмарым!

Сүйген жігіттің зарын образды сөздермен бере алады.

Арбалы оған жаным,

Өзі туған-жалын.

Немесе:

Көзімнің аққан көлі бар,

Дуадақ, үйрек шомылар- деген сөздер тамаша суретті лирикалар арқылы беріледі.

«Түрік сөздігі» лирикалық махаббат жалындарына шарпылған жастардың жүрек сырын ақтарады. [7.73]

Келтірілген ғашықтық жырлар-өзінің образдылығымен ерекшеленетін өте тартымды лирикалар. Ғашықтар характері көз алдыңа елес беріп тұрды.

Күйдің сазы түзіледі,

Құмыра ыдыс тізілді.

Сенсіз өмірім үзілді,

Келсеңші армасыз ойнап-күлейік….

Жинақтың мына бір жеріне жас жігіттің махаббаты былай көрініс тапқан:

Құмарлық сезім мені жаулап алып,

Өтуде күн мен түнім зарда налып.

Қапыда ғайып болып сол ауруым,

Орнында жұрты ғана қалды ағарып.

«Ортақ болып білішті»-деп басталатын шумақта зұлым ала  аяққа алдағынан адамның адал жан сыры шертіледі. Онда Құлбақ, Қай, Тұрылетий деген адамдардың аттары аталады. Солардың арасындағы орындалмаған арман бейнеледі

«Айттым оған сенбе» деп,

«Құлбақтың ізіне ерме деп,

«Сасық суынан тіленбе деп,

Құртты ақыры ол менің

Қай атымды күңімді…..

Енді мені маған қайғы орнатты,

Алып қалиты турымтайымды

Неліктен мен онымен таныстым?

Құшақтасып тағы табыстым.

Төзіп қайта  жарастым

Алып кетті ол менің жазымды

Жас жігіттің серілікті армандауы, өмір қызығын көріп, дүниені шайқап өтуді көздейтіні баяндалады:

Жігіттерді жүгіртіп,

Алма ағашын ырғатып,

Құлан, киік аулатып,

Тамаша қылып құансам,

Асауды мініп тулатып

Есін жиып үйретсем,

Итке киік қайыртып,

Ұстап соны бір тынсам!

Аңға барып құс салсам,

Тұйғын салып аңды алсам,

Түлкі мен доңызды алсам

Ерлігіме мәз болсам

Сөздікте көпшілігі махаббат лирикалары мен  табиған лирикаларына жататын өлеңдерде ақын көңілі образға оранып, келісті теңсулермен тізіледі. Мысалы, «Көзімнен аққан теңіз боп, ғашық құсы оны айнала ұшып- қонып жүр» немесе

«Жалын-оның көзі,

Жаны-оның өзі

Толған айдай жүзі» деген  образдарға  толы.

  1. ЖИНАҚТАҒЫ ТАБИҒАТ ЖЫРЛАРЫ.

Шығармада  табиғат көріністеріне қатысты өлең-жырлар да көптеп кездеседі. Олар  Күнді, Айды, Жұлдызды, Бұлтты адам сияқты етіп, бірде ашулантырып, бірде көңілдентіріп құбылыс ретінде суреттейді.

Дүниені тәңірім жаратқан,

Жұлдызды тізіп аспанға.

Күнді түнге қаматқан

Туғызып Айды ақшамда.

Мұнда Еділ өзені жайлы төмендегіндей жыр жолдары кездесіп отырады:

Еділдің суы тулайды,

Каһарлы толқын тас қатап.

Жағада бақа шулайды,

Ойнайды суда ақ шабақ.

Немесе:

«Еділ суы ағып тұрар,

қия түбін қағып тұрар

балық, бақа толып тұрар

көңіл тағы тасып тұрар [5.103 ]

Ежелгі  дәуір адамдарына көктем көріністері қалай әсер еткенін олардың табиғатқа жас баладай қызығып, тамсанып қарайтынын «Қар мұз еріді, тау суы аға бастады. Көгілдір бұлт көтерілді, ол суда жүзген қайықтай аспанда жүзіп бара жатты» деген сияқты сөздермен келтіріп отырады.

Табиғаттың дүлей күшіне  бағынышты ерте заман адамдарын жылдың бір мезгілі қуанышқа бөлсе, екіншісі оларды ауыр қайғы-қасіретке салады.

Бұны «жаз бен қыстың айтысынан» байқауға болады. «Бір қызығы ежелгі адамдар қысты да, жазды да, көктемді де, күзді де   өздерінің  өлең-жырларында бейне бір тіршілік иесіндей суреттейді [8,145]

Қыс пенен жаз тоғысып,

Ала көзбен соғысып.

Бір-біріне қарады,

Бірін бірі жау санады.

Жаз айтады:

Күндейсің,

Жадырап бір күлмейсің

Қарамен қымтап жер бетін,

Кетіресің келбетін.

Адам мені аңсайды,

Қар ластан шаршайды.

Қыс айтады:

Менен бидей өнбейді,

Маркаяды төлдері.

Қар далаға күш себер,

Жаз байлығы қыс берер.

Бұл айтыста адамдарға берер ырзығыда, қуанышты, шаттығы да мол. Жаз «Жеңіл» шағыда. Қыс каһарынан тайып жеңіледі. Бұл өлең қазақ ауыз әдебиеттеріндегі қазақ айтыстарының алғашқы нұсқасы дерлік көркем туынды. Айтыста  айтқанымыздай жаз жеңіп шығып, таудағы қар, мұз еріп жазира дала қайтадан көкке орналады, нағыз кым-қиғаш, у-шу өмір басталады. Жаздың бұл жеңісі-адамдардың деңісіне айналады. Айтыс үлгісінің бұл жинақта кеңесіп сол кездегі ауыз әдебиет үлгілерінің дәрежесі қандай екенін көрсетпек.

Табиғат лирикасында  ақын көктем жаздың жайдары шуағы, жан-жануарлардың рахатын сүйсе жырға қосады. Жырма үш  жұмақтан тұратын «Қыс пен жаздың айтысы» деп аталатын тағау- қазақ айтыстарының алғашқы нұсқасы дерлік көркем туында.

Ақын құс пен жазды шебер тілмен айтыстыра отырып, әр мезгілдегі табиғат сыйын,  адамға тигізетін пайдасын әсем сөздермен суреттейді, табиғат көркін көз алдына келтіреді.

«Қыс:- мен ер жігітке күш берем,  ауру-сырқауды азайтам, қардың суына жаз егін шығады, жау да. Қыста жатып жаз шабады. Жаз шықса бүйі, жылан, шыбын-шіркей тіріліп зиян келтіреді-дейді. Бұған қарсы жаз: Қыс түссе –ақ жер көкті мұз басады. Адам тәні тоңып қалтырайды. Суыққа тоңған мүскілдер иінін жылыта алмай бүрсең қағады, олардың саусақтары домбығып,  тек отқа қызса ғана жаны кіреді. Қыстың изғырақ  желінен бұлт басып боран тұрады. Жұрт үйге тығылады. Ал жаз шықса халықтың арасы кеңіл, жер көкті күннің нұры көгертіп, жаңбыр селі сай-саланы толтырып, қаһарлы қардың ызғарын жаяды. Түрлі гүл- бәйшешек атады, көк шөп өседі. Жер жанаттай құлпырады. Адам шаттанып, құанышқа бөлінеді, құлын, құнан, тай тулап, айғыр, бие кесінеп, шұрқырасады. Өзен суға малығып, сиыр, бұқа шөңірейді, көктемде құлан да құнайды, арқар мен сайғақтар да тау-тасқа секірісіп ойнақтайды. Сүт селдей ағады. Қозы мен лақ енесіне жармасады. Жазда мал-жан тойынады, семіреді. Бектер сәйаулік аттарына мінеді. Қыс, сенен құс та қашады, маған келіп қарлығаш үялап, бұлбұл ән салады. Олар да өз қызығына батады. Дүние жүзі, күн нұрына бөлініп, кілемге оранады» деп айтысады.

Табиғатты суреттейтін шығармашылардың да бастаулары көне дәуірге апаратынын білуіміз қажет. Сөздікте келтірілген өлең үлгілерінің кейбіреулері ауазекі әдебиет нұсқалары болса, енді  бірсыңарын жазба ескерткіштерінен ауысқандығы сезіледі. Бұлардың қай-қайсысы болса да кейінгі замандарда барша түрік поэзиясынан орын алған  дәстүрлер.

«Түрік сөздігінде» жер-су атаулары, табиғат құбылыстарына берілген түсініктер, сондай-ақ табиғат туралы жырлар орын тапкен. Мұндай өлеңдерді дүниеге  ата-бабаларымыз тіршілік тынысын түйсінуге талпынғандығы, осы негізде табиғатқа жан бітіре жырлаудың алғашқы адымдары жасалғандығы байқалады. Табиғаттағы күллі заттар мен құбылыстардың жаны, рухы бар денеге саятын алғашқы таным негізінде төмендегідей жырлар туындаған: «Ай тұрып «үйіне» еніп, Ақ бұлыт өрлесіп, Біріне бірі мінгесіп, суы шашылып күркірер. Өлең таң ата серкірей жауған жаңбыр көрінісін көз алдына әкеледі. Ай түн бойына орныққан мекеннен қозғалып «үйіне» қарай беттенеді. Күн өз тағына жеткенше, бір біріне мінгескен аң бұлттардан су шашырайды», бұлттардың ақтағы жауынның өткінші боларынан хабардар еткендей. «Түрік сөздігіндегі» жазбаларға қатысты жырларды кейіптей көбірек кездеседі. Келесі өлеңде аспан «бұлттарды жүгіртіп», қозғалысқа келтіреді. Өлеңнің кейіпкері қара бұлттың өн келгенін қызықтап, қозғалысқа келтіреді. Өлеңнің кейіпкері қара бұлттың жөңкілгенін қызықтап қайда баратынын сұрайды да, «белгісіз» деп өз сұрағына өзі жуап қатады. Жаңбырлы күнді жырлауда ақын жоғарғы кеңістік өлшемдеріне жанды қимыл бейнесін беру арқылы жырын да жандандыра түседі.

ТҰРМЫС-САЛТ ӨЛЕҢ ЖЫРЛАРЫ.

Қашқари сөздігінде қазақ ауыз әдебиеті үлгілеріне мейлінше жақын тұрған жыр үлгілері бар.  Бұлар негізінді батырдың өліміне байланысты айтылатын «жоқтай» өлеңдер деуге  болады.

Сөздікте Алып Ер Тоңа өліміне байланысты шыққан зерттеулер «731 жылы өмірден өткен Күлтегінге арналса керек» деген пікірлер айтса («Көне мәдениет жазбалары» Қоңыратбаев Ә, Қоңыратбаев Т) бірде Тұран елінің әміршісі деген пікірлер жазба деректерде кездесіп жүр.

Заостризм дінінің қасиеті кітабы «Авеста» баяндалған. Тұранның ұлы қағаны «Ер Тоңа» бұл кітапта Афрасиаб атымен беріліп отырады.

Алып Ер Тоңа халық берген мадақ екен. Оның шын аты Мадай, «Тоңа» сөзінің мағынасы жолбарыс тектес аса күшті деген мағынадан туындаса керек.

М.Қашқари өз сөздігінде өлең үзіктерін Алып Ер Тңаға арналған эпикалық тарихи жырдан алып, ХІ ғасырда қағаз бетінде  түсірген  және өзіне қажетті өлең  жолдарын тергенде, оларды жеке түрлік сөзін түсіндіруге  мысал ретінде келтіріп, Алып Ер Тоңа туралы мол дерек

көздерін  берген. Қашқаримен замандас ақын Ж.Баласағұн өзі туған  қаласы Баласағұниды салдырған «Алып Ер Тоңа» туралы « Құтадғу білік» кітабында Тұранның ұлы қағанын мадақ жырына қосқан арнаулы тараулармен ерекшеленеді.

«Баласағұн Алып   Ер Тоңаның парсылар тарапынан Афрасияб деп алу себебін «Авеста» мен «Шаһнамадағы» дерек көздеріне сүйеген» [9.6]

Және де сол заманды бейнелейтін арнау жылда былай дейді:

Әдеті нақ  осындай,

Бұдан басқа бар себеп.

Дүниге қарап оқ  атса,

Таулардың басы келтілер.

Алып Ер Тоңа қағылы  қағазға ұшырап, өмірден өткен соң, жоқтау сарынында әрі келешек ұрпақ санасында қалсын, ұлы қағаннан елін сүюдін  өнегесін үйренсін деген мақсатпен

айтушы  ақын эпикалық тарихи жыр шығарған.Ол жыр толық қалпында бізге жетпесе де, сол жырдың өзекті желісін бере алатын өлең үздіктері М.Қашқаридың аталмыш кітабы арқылы бүгінгі ұрпақ қолына  тиіп жетіп отыр.  Бұл сөздікті екі түрлі қырынынан назар аудару керектігі алға қоиылады . Оның біріншісі , Алып Ер Тоңаның тарихи тұлғасын жырға қосу арқылы ұлы қаған жүргізген соғыстар мен тарихи оқиғалардың көрінісін беру . Екіншіден , бізден үш мың жылға жуық  заманда күнделікті қолданыста болған өлең-шумақтары сол тұстағы түрік поэзиясының өлең құрылысы мықты болғандығын айғақтайды . Жоқтау үлгісінде берілген бұл жыр үзіндісінде Алып Ер Тоңаның жалын тұлғалық бейнесін айқын көрсеткен .

Шынымен Тоңа өлді ме ?

Тұлғасын топырақ  көмді ме ?

Жалған дүние жай түсіп ,

Қасірет бұлты төнді ме,- деп Ер Тоңаны күнге теңеп , батырлығын дәріптеиді және де :

Бөрідей ерлер ұласты ,

Бақырып жаға жұлысты .

Дауыс салып жырлады ,

Суалды көзі жылады. – деп Ер Тоңа өліміне ерлер бөрідей ұлып , жағаларын жұлып қасіретті күн бастарына туғандығын баян етеді .

Зертеуші ғалымдар М.Қашқари сөздігіндегі алып Ер Тоңа жыры жайлы көптеген пікірлер айтады .

Онда  М.Қашқари түрік сөздерін түсіндіру мақсатында Алып Ер Тоңа жайлы тарихи эпикалық жырдан үзінділерді пайдаланған  ./9,6 \ .

Яғни сөздіктегі үзік-үзік жырлар   Алып Ер Тоңаға  арналған  эпикалық жырдың үзіндісі деген ойға келеді . Бұған ең алғаш рет көз  жеткізген өзбек ғалымы Фитрат болды.

А. Қ.  Егеубайдың «Түрік сөздігі»  үш томдық  аудармасының 1 томында АЛП сөзіне түсінік берген кезде Алып Ер Тоңаны жоқтау жырын пайдаланған .

—  Алып Ер Тоңа өлді ме ?

Жаман дүние қалды ма ?

Заман өшін алды ма ?

Енді жүрек жыртылар !

Дәл осындай сарынмен , мазмұнмен атлмыш кітаптың 2 томында белгісіз адамның қасиеттерін былай көрсеткен:

Тұратын ұлы істерге ,

Дастархан жайып асына .

Қаһарлы суық қыстарда,

Қалдырды ерді үмітпен. [10.70] .

Ер еді асып таттырған ,

Зұлым жауды қаитарған .

Моинын тұтып қайырған,

Өлім басты аударып . . . .   [ 10.91] .

Бұл жырлар үздіктерінен , өлең құрылысынан , буын өлшемдерінен ұштасып жатқан ұқсастықты байқаймыз .

Тұрмыс –салт жырларын көрсететін өлеңдердің бірі – аңшылыққа байланысты туған шумақтар. Алғашқы қауым адамдарының тіршілік көзі – аңшылық болғаны мәлім  . Әрине , мұның  бәрі  халық ауыз әдебиетінен көрініс тауып отырады . Жинақта аңшылық , еңбек тақырыбына байланысты өлеңдер жйі кесдесіп отырады .

Алғашқы адамдар , тайпа мүшелері аң аулау маусымына салтанатты түрде  дайындалатын болған, қызу той – думан жасаған , ойын- сауық қылып өткізген. Мұндай жиындарда айтылатын  өлеңдер аңшылық жайында болған . Жастарды аң аулап , асау үиретуге баулу  керектігін той-думандарда өлеңдермен жеткізіп отырған .

Қаршыға беріп құс салайық ,

Тұйғын қосып тістетейік .

Түлкі , доңызға тас атайық ,

Өнер – даңқпенмақтанайық !  [ 10.494]

  1. ОРТА ҒАСЫР ТҮРКІ ШЕШЕНДІГІ

«Диуани лұғат ат- түрк» сөздігінде халық ауыз әдбиетіндегі үлкен орны бар мақал- мәтелдер, қанатты сөздер мен афаризмдердің алатын орны ерекше.

«Диуанда» халықтың сол кезге дейінгі және сол дәуірдегі айтылған мақал- мәтел сөздері барынша мол қамтылған және солардың дені қазір қолданып жүрген мақал- мәтелдер мен қанатты сөздер. «Тау тауымен қауышпас, адам адаммен әрқашан қауышар», «Түйенің үлкені көпірден таяқ жейді», «Айтылған сөз- атылған оқ», «Көрікті кісіге сөз ерер», «Ақылмен арыстан ұстауға болады, ал күшпен тышқан да ұстай алмайсың», «Атын аямаған жаяу қалар», «Басқаға ор қазба оған өзің түсесің», «Құс қанатымен, ер атымен», «Аш не жемес, тоқ не демес», «Кісі аласы ішінде, мал аласы сыртында», «Қонақ келсе құт келер», «Бейнет жерде қалмас», «Қанша ақымақ болса да серік жақсы», «Қанша ирек болса да жол жақсы», «Күздің келісі жаздан білінер», «Екі бура үй кесер ортасында көк шыбын жаншылар».Тағы сол сияқты сөздікте кездесетін мақал- мәтелдердің мағынасы сақталып, сөздері өзгеріп келгендері де жоқ емес: «Ол көпірді су алып кетті», «Болар іс болды, бояуы сіңді» деген мақалмен мағыналас келеді.

«Батыр майдан шебінде, дана жиында сыналады ». Бұл мақалға «Болат қойнауда шынығады, батыр майданда шынығды» деген мақалдың тура келуін айтуымызға болады. Тағы сол сияқты «Болар бұзау өгіз арасынан белгілі» деген сияқты мақалдар.

Орта ғасырдан бергі жалғасын тапқан, қзіргі таңға асыл қазына болып жеткені бәрімізге аян.Яғни мақал- мәтелдедің, қанатты сөздердің, сонымен қатар тұрақты тіркестердің сонау ІХ-ХІ ғасырдан бүгінге дейін жалғасқан тарихи жолыө- сайрап жатыр.

Мақал-  халық  поэзиясының жанрлық түрі, түйінді ойды білдіретін, тура мағынасына орай астарлы мағына да бере алатын ықшамды нақыл сөз» [1.356].

Ежелгі түркі жазбаларындағы жиі- жиі ойға шақыратын адамшылдық белгілерін мазмұн жағынан шартты түрде жүйелеп, саралаған ғалым А.Егеубий былай бөледі:

  1. Кісілік, имандылық, дінге беріктік.
  2. Тілге, білімге, дінге беріктік.
  3. Ақыл- прасат, рухани саулық, еркіндік.
  4. Іскерлік, ұлағатты ұлық.
  5. Ел қорғау, намысшылдық, жүректілік.
  6. Ұрпақ тәрбиелеу, ұлды- ұяға, қызды- қияға қондыру.
  7. Досқа- мейірімділік, жауға- қаталдық.
  8. Қанағат- рақым, адалдық.
  9. Ұсталық пен ұстаздық, кәсіпті білу  сияқты тағысын тағылар.

«Түрік сөздігіндегі» кездесетін мақал- мәтелдер мен өсиетті сөздер соның айғағы.Сөздіктегі ғылым- білім, әдеп, тәлім- тәрбие, моралдық- психологиялық сипаттағы ой- пікірлер әл Фатаби, Жүсіп Баласағұн идеяларымен астастырылып жатады.Онда  адамның кейбір жекелеген жаман қасиеттері (дүниеқорлық, қорқақтық, мансапқорлық, опасыздық, ездік т.б.) айыпталық, ерлік, ізгілік, әділдік, ақ ниеттілік секілді кісінің әр түрлі жақсы қасиеттері дәріптеледі, автор жастарды батыр болып, ержүрек, отансүйгіш болып өсуге шақырады.[11.40].

Сөздікте адамгершіліктің ережелерін түзеді.Адамның басқадан айырмашылығы оның бойындағы ең ізгі қасиеттерінде: ақылында, білімінде, әділділігінде, ізгілігінде деп түйеді.Дүниеқоңыздыққа салынып, ішпей- жемей, бермей- келмей жинаған мал- мүліктің еш қайырымы жоқ  дей  келіп, білімді, парасатты адам ізгі, қайрымды болады, ал қайырымдылық елде көп болса, ел- жұрт тату- тәтті өмір сүреді, жоқ- жетікке жәрдем береді- деп уағыздай, еңбекшіл болуға, бейнет жасауға үндейді.Мысалы:

Зиян болар, адамзат, артық бұйыш,

Білімді адам не қылсын дүние жиып.

Дүние мүлік ерлердің пейілін алады,

Дүниеқор адам  естерінен танып қалады.

Ақылды адам тәкәппар болмас,

Ақылсызды мақтасаң есінен жаңылар.

Білімдіден ақыл ал, асыл сөзді ұғып ал, бойыңа сіңір.

Ізгілік қанша керек болса,

Өз қолыңмен де оны істей біл.

Жарлы- ғарып келсе, ықыласпен күтіп ал,

Тойғызып, ризалап шығарып сал.

Туғандардан мәңгі өмір сүрген жоқ,

Дүние, әлем, жұлдыздар да күнде туып, сөнеді.

Адамдарға дәулет пен даңқ дұшпан бопты деседі,

Бұндай жаудан білімді адам жырағырақ  өседі.

Адамгершілік тақырыбы аясында білімге шақыру идеясы бой көтерген.

Өнер- білім ізде, үйренуден өркөкірек болма, жиренбе,

Өнер- білімсіз білімдісінсе, сынақта дейді. Білімділікке мастанып, өзгенің бәрін наданға балап, өркөкірекке салынба, үйренуден жиренбе де!Және бір ескеретін жайт, ол- ақылсыз, ілімі жоқ жанның өтірік білімдісуі, өтірік қашанда өрге баспақ  емес, ондай жандар сүрлеуінен жақтап, сынақта сүрінеді дегенді айтады.

Бейнет жерде қалмас.

Іскердің ерні- май, еріншектің басы- қан.

Қысқа дайындал, келсе егерде құтты жаз, түн- күн өтіп, түгесілер мерзімін.

Еріншекке есік асу  болар- деген мақалдар еңбекті дәріптеп, еріншектік қасиеттен жирендіреді. Жинақта кісілік келбетті, қасиетті кемелдендіретін қасиеттер әлсін-әлсін қайталанып отырады. «Су ішірмеске сүт бер», «Түзумен-ұрыс, -бұзықпен ұстаспа,»» «Қырық жылға дейін бай мен кедей-теңесер», «Сынамаса-алданар, сақтанбаса-алдырар»,»Заман өтер,кісі тоймас, адам ұлы мәңгі қалмас», «түлкі өз ініне үрсе қор болар», «Аш не жемес,тоқ не демес», « Қонақ келсе құт келер», «Әдеп басы-тіл». «Сусағанға сағымның бәрі су көрінер», «Інген аңыраса бота боздар» тағы басқа да інжу-маржаннан өрілген сөздер тізбегі қаншама.

Еңбектегі мәтел сөздердің де тобы жоқ емес. Айтылатын ойдың ұшығы,тұспалын ғана көрсететін сөйлемшелерден орта ғасыр көшпенділерінің салт-санасы, тұрмыс-тіршілігін,сана-сезімі,кәсіптері айқын көрініп тұрады. Пікіріміз дәлелді болу мысалдар келтіре кетелік.

«Ет тырнақтан айырылмас»,»Қос қылыш қынға сыймас», «Итке ұят келсе ұятай жемес», «Тасты шайнай алмаса сүю керек»,»Отты жалынмен өшірмес», «Қарға қазға еліктесе аяғы сынар», «Құл-дұшпан,ит-бөрі», «Мәжнүн талға-нәзіктік, қайыңға қаттылық жарасар», «Бар-мыс, жоқ-алтын», «Құдықта су бар ит мұрны тимес, «Пышақ қашаса өткір болса да өз сабын жонбас, « Тілімен дастарханға жетер» , « Атан жүгі ас болса, ашқа аз көрінеді», «Қаз тұрса үйрек көлді жағалар» , «Андыз болса ат өлмес», «Ауыз жесе көз ұялар», «Аман болса тірі таңды көп көрер», «Күнде жарық жоқ, бекте қалық жоқ», «Аушы қанша айла білсе, аңшы сонша жол біледі», «Өгіздің аяғы болғанша, бұзаудың басы болса игі», «Көзден кетсе көңілденде кетеді», «Құс қанатымен, ер-атымен», «Басқа түскен қайғы қатып қалмайды», «ердің басын мұң шалар, таудың басын жел шалар».

Сонымен «Диуани лұғат-ит түрк» сөздігіндегі бой көрсеткен алуан нақылдар тізбегі тек ақыл сөз, өсиет қана емес, орта ғасырдағы терең ой түйіндері де.

Мақал, мәтел, қанатты сөз, нақыл сөздер жанға жақын санаға таныс ІХ-Х! Ғасырдан бізге «Диуани» сияқты асыл қазыналарымыз арқылы бүлінбей жеткен ауыз әдебиетіміздің бұлағы іспеттес.

  1. ЖИНАҚТАҒЫ АҢЫЗ-ӘҢГІМЕЛЕР.

«Аңыз- фольклорлық проза жанры. Онда тарихи шындыққа негізделген, халықтың тарихи жанында сақталған, әйтсе де уақыт өте оңделіп, көркемдік сипат алған оқығалар баяндалады. Тарихи тұлғалар қатысқан тарихи оқығалардың баяндалуы, оқиға өткен уақытшегі, жер атауының нақтылығы  көрсетілуі-аңыздың жанр ретіндегі ерекшеліктері»

Түрік жердің аумағы, онда мекендеген үл-ұлыстардың сипаты,тарихы, соған қатысты тарихи деректер мен аңых эпсаналар арқылы сөздікті жақсы көрсетілген. Яғни сөздіктің кейбір беттерінде аңыздар да орын алған. Әсіресе тарихи тұлғалар жайлы аңыздар өз алдына бір  ғалым десе болады. Әйгілі ұлы тұлға Ескендір Зұлқарнайын туралы соны деректер бер. «Түрік сөздігінде» Зұлқарнайдың түрік даласына, шынға қарай жарығына қатысты бірнеше тарихи аңыз әңгімені кірістереді. Алтысқан оқиғасы Тутмаш деген тағамды ойлап табуы, ұйғыр атауына қатысты ойлары тікелей Ескендір Зұлқарнайын есіміне байланысты дәлелденеді. «Шегіл» сөзін түсіндіргенде М.Қашқари бұл тұрасында «Тараз жағындағы  шаһарларда тұратындар «Шігіл» деп аталады. Зұлқарнайын арғулар шаһарына жеткенде қатты жаңбыр жауып, батпақ, лайсаң болып, Ескендір жүре алмай қалған. «Бұл қандай, батпақ, лайсаң деп қиналыпты» (арабша Ин чи гил аст» деген сөз екен) Сол жерге қонады. Сол жердегі түріктер содан бері «Шегіл» аталып кетіпті. Жайхуннан шынға дейінгі түріктер «Шегіл» аталған»-деп жазады.

«Ұйғыр»- сөзін түсіндіргенде Зұлқарнайын туралы мынандай аңыз береді. Сөздікке көңіл аударсақ М.Қашқариға мұны баяндаған Мухаммед Шәкір Тоңқахан ұлы Низаметдин Исрафил Тоған Текін бабасынан білгендерін былай хикаялаған екен: «Зұлқарнайын ұйғыр еліне жақындап келгенде түрк халқы оған төрт мың адам жіберген екен. Олар оқты алдынға қарай атса, арқасына қарай да сондай шеберлікпен ататын еді. Зұлқарнайын бұларға қарап қалып: Шан Һудзһурәнд- бұлар басқаларға керіптар болмай, өз азығын өздері тауып жейтіндер екен; бұлардан аң қашып құтыла алмайды;  қашан қаласа сол кезде атып жейді»- депті. Содан бері бұл ел «һузһир-һудзһур( деп аталған екен – деп баяндайды. Кейін ъ әріпі «і-әліпке» ауысқан.

Сөздікте түрлі топонимика мен этнонимдер аттары кездеседі дедік, сонымен бірге тамақ атауының шығуына байланысты аңыздарда жоқ. Емес. Солардың бірі Зұлқарнайын мен қатысты «тутмаш» сөзін түсіндіргенде «тутмаш» атауының шығуына байланысты аңыз. «Тутмаш-түріктердің әйгілі тамақтарының бірі. Бұл Ескендір Зұлқарнайын заманында пайда болған тағам екен. Зұдқарнайын зұлмат қаранғылықтан шыққанда әскерінен азығы түгесіліп, азайып қалған екен, олар аштықтан қорқып Зұлқарнайынға бізді «али қойма» деген мәнде  аш: бізні тутма аш» дет зарланған екен. Зұлқарнайын білгірлермен кеңісеп ақыры даналар осы тамақты ойлап тапқан, әзірлеген Түріктер осы тамақты көріп «титаш»-тутмаш» деп атаған.

Ал, жыл қайыруда байланысты аңыз «Түрік сөздігінде» мүлде басқаша баяндалады. Оқыға Іле өзенінің бойында  өткендігі туралы айтылады. Түрік қағаны өзінен бірнеше жыл ілгері өткен ұрысты  талдап үйренбекші болған, сөйтіп сол ұрыс жылды анықтаған кезде жаңылысқан. Жыл-санауды ретке түсіруді ойлайды. Ол үшін жылдары он екі хайуан атымен атауы ұсынады. Содан кейін аңға шыққанда аң, хайуан атаулыны үлге қарай қуалайды. Сонда іленің арғы бетіне ең  бірінші болып тышқан шыққан екен. Сөздікте кездесетін қызықты аңдардың бірі Үыз (Оғыз) ханның аты қалай қойылған туралы дерек. Аңыз  жемісі мынандай: Қараханның әйелі үш үл табады, бірақ баласы анасын ембейді. Баласы бір жасқа толысымен, хан ел-жұртын жиып, той жасайды. Баласына ат қоюды сұрайды. Ешкім тіл қатпай тұрғанда жас нәрестенің өзі сөйлейді. Меніі атымды «Уыз» қой дейді. Бір жасар баланың сөйлегеніне таңданып, жиылған жұрт бала тілегін қабылдайды. Осыдан Уыз хан тұқымы өсіпті…. деп түсіндіреді.

Бұл аңыздардан ғалым М.Қашқари түрік танымына тән ерекшеліктер, ел-жер аттары, этнологиялық таным-түсініктерге, этнографиялық, топонимдік ерекшеліктерге қатысты мұқият жүйелікке ұмтылғанын байқаймыз. Тағы бір айта кететін нәрсе ежелгі түрк әдебиетінің қазынасы саналатын «Диуани лұғат-ит түрк» сөздігінің Құран қағидаларымен үндесіп жатуды.

А.Егеубай  зерттеуінде: Ескендір Зұлқарнайын жөнінде Құранда да сөздер, әңгімелер кездеседі- дейді. Зұлқарнайын Құранда  үш жерде аталатындығы сөз етілген. Ол 18-кеһф сүресінде (82-3,84,85) Онда былай делінген: Олар сенен Зұлқарнайынды сұрады: «Сендерге оның жайын түсіндіргенде бұл Зұлқарнайын екі мүйізді деген ұғымда. Екі тұлымы немесе тажында екі мүйізді болғандықтан атанған. Аты-Ескендір, пайғамбар емес. Батыс, шығыста кезген, Рүм, Фарсы деген тағы басқа рауаяттар бар).

«Негізінде Зұлқарнайынды жер жүзінде күшке ие қылдық.Өзіне әр істе қолайлық бердік. Ол да бір шара қолданды. Тіпті күн бататын жерге жеткен сәтте, оны қара балшықты бұлаққа батқан түрде көрді. Сондай-ақ сол маңнан бір ел тапты.«Әй, Зұлқарнайын, не азаптарсың, немесе оларға жақсылық істерсің»,- дедік. (Құран карим,18-Кеһф сүресі.303-бет). Одан әрі Зұлқарнайынның Шығысқа барғаны, үн астындағы елге жеткені, одан екі таудың арасына жеткенде сөзді түсіне алмайтын елге кездескенін айтады» [12.193.] Міне,бұдан жоғарыдағы Ескендір Зұлқарнайын туралы аңыз-әңгімелердің Құран кәріммен байланысып жатқанын байқаймыз.

Түркі халықтарының тұрмыс тіршілігін танытатын бұл еңбекте аңыз әдебиетін.ің жанрларының бірі аңыз әңгімелер мен, әпсаналармен сусындалғанын, солар арқылы түркі жұртының табиғатына тән дүниелерді танытқанына күә  боламыз.

ІІІ ТАРАУ.

Сөздіктегі ауыз әдебиеті үлгілерінің көне дәуірдегі әдебиетпен сабақтастығы.

Сөздіктегі көркем туындыларды зерттеу үстінде біз бұл шығармаларды өзінше бөлек дара нәрселер емес өзіне дейінгі және кейінгі шығармалар мен сюжеттерге, өлең өрнектеріне іштей байланысты екенін байқадық.

Сөздіктегі көптеген жырлар Қашқари заманында көшпенділер жатқа айтып жүрген ерлік жырларының жұрнағы. Бұл жырлардың Орхон-Енесей, Талас ескерткіштерімен үндесіп жатуы осы жырлардың бір елдің мүлкі екендігін дәлелдесе керек.      Орхон ескерткіштеріндегі сияқты «Дуани лұғат ит-түрктегі» жырдың қаһармандары да түн жүріп, жауына ойда жоқта тұтқиылдан шабуыл жасайды.        Олардың қаны тасқын судай немесе нөсердей ағады, жеңілген жауына тізе бүктіреді, мойны мен басын игізеді, жау өздерінің жанын қалдыруын сұрап аласұрады.

Көне түркілер соғыста ерлікпен қаза тапқан батырларына арнап жоқтау, жыр шығаруды өте ерте заманнан бастап дәстүрге айналдырған.   «Мұның себебі,-дейді академик Ә.Марғұлан –көне түркілер үшін таспен қашап мүсін жасаудан гөрі поэзиямен ескерткіш жасау, әлдеқайда жеңілдірек көрінген».

«Көптеген көне рулар мен тайпалардың осы елдер құрамына енуі, олардың ерте заманнан бері қарай айтып келе жатқан ауыз екі сөздері мен аңыздарының ұмыт болмай жалғастық тауып, дамып отыруы айқындайды» [13.189].

Бұған Орхон-Енесей ескерткіштеріндегі Күлтегін сынды батырдың таңғұттармен күресуі «сөздіктегі» таңғұттармен, ұйғұрлармен күресінің ұқсастықтарын айтпақпыз.

Қатынсыны жылады,

Таңғұт бегін жаулады.

Қаны ағып зулады,

Мойнынан қызыл қан зулады,-деген сияқты өлең жолдары Орхон жазба ескерткіштерінде де кездесіп отыруы кездейсоқ емес, онда:

Түнде ұйықтамадым,

Күндіз отырмадым.

Қызыл қанымды ағыздым,

Қара терімді төктім.

Еліміз қайта ел болды,

Халқымыз қайта халық болды,-дейді.

Тағы да бір айтып кететін мәселе –Махмұд Қашқари жинап, өз еңбегіне енгізген жырлардың басым көпшілігі қарапайым еңбек адамдарының көркем туындылары болып, солардың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаса, енді бірқатар өлеңдер қанаушы шонжарларға қатысты, солардың сойылын соғатын шығармалар болып келеді.

Жинақтағы  ерлікті мадақтайтын өлеңдер түрік каһармандық жырларымен үндесіп жатады.

Қиқулап атпен шабатын

Семсермен қалқан алайық

Дұшпанға айран салайық

Аш жанынан түңілсің

Қоршайың жаудың қамалын,

Қиратын жау-жарығын

Қалжырап жерге бүгілсін….

Батырлардың жекпе-жегін бейнелейтін тұстар да түрік эпосында тұрақты жалғастық тапқан

Әлжеткенше алысты,

Урандасып табысты,

Қос батырдай қарысты.

Бізден ошін алмаққа…

Қазіргі түрлі халықтарын фольклорында орын алған жанрлардың көбі ежелден желі тартып келе жатқанына да мысал осы жинақтан табылады. «Алып Ер Тоңаны жоқтау» бұған көз жеткізеді.

Шеңгелек ажал салды ма?

Ер Тоңаны алды ма?

Сум дүние артта қалды ма?

Қайғылы жүрек  жыртылды-ау

Сум ажал бүгін жылатты

Құрығын салып құлатты

Бектердің бегін сулатты

Қыршын да ғумыр қырқылды-ау…

Көне түрік өлеңдерінде адамзат бізге аңшылыққа  қатыстылары да жоқ емес.

Төрт аяғын билетіп,

Құр атқа басын үйретіп,

Қырық кез қырық сүйретіп

Киікке тазы қосайық….

  1. СӨЗДІКТЕГІ ӘДЕБИЕТ ҮЛГІЛЕРІНДЕ СОПЫЛЫҚ ДӘСТҮРДІҢ ОРЫН АЛУЫ

«Түрік сөздігіндегі» әдеби  үлгілерден исламдық мазмұн аясын айқын байқаймыз. Дін мәселесі Махмұт Қашқаридың «Түрік сөздігі» әрдайым қозғалып отыратын тақырып. Қашқари оған арнайы тоқталып өтпейді, бірақ  сөздікте діни  пайышдаулар жеткілікті екендігі парақтай бастағаннан-ақ көз жеткіземіз. ХІ ғасырдағы ислам  діні көрінісін сопылық сарынөлеңдерін  танимыз.

Сопылық поэзия қазақ топырағында Қожа Ахмет Иасауи  есімімен байланыстырылады. «Түрк сөздігінде» сопылық сарын жоқ емес.

Қазақ зерттеулерінің бір тобы «Исламның жері сөздікте кездеспейді» десе, а:Қыраубаева «Түрік сөздігінің сопылық дәстүрден тыс қалмасын дәйектейді.

Сопылық поэзияның астарин сырлары көп, бір оқығанда басқаша ой айтады, ал үңіле түссең құпиясы ашылып, өзгеше ой сәулесі көңіліне үялайды. Сопылық әдебиетке метафоралық,.  Символдық, аллегориялық мәтіндер тән. Мәселен махаббат  лирикасында  сүлуға асық болу мен жарыққа ұмтылған көбелек бейнесі. Жаратқанға жол жаратқан сопы сезімін бейнелейді. өлеңдердің ішкі мағынасына үңілер болсақ, ақындар ғашықтық туралы сөз қозғағанда қызға ғашық болып, өмірден боз келіп жүрген жоқ, қыз бейнесі метафоралық тәсілмен алланы алмастырады. Шарапты шарапаттағанда, ішіп мас болуды аңсамайды, ол тәнірге деген махабаттан туған мастық.

Сонымен қатар інжу, маржан, жар, шырақ, мұхит, таңғалу, салауаттылық, соқыр болу секілді символдық-метафоралық мәні бар сөздер де сопылық сарындағы жырлардың өзіндік лексиконын құрайды. Бұл туралы ғалым С.м Демедов төмендегідей символдық ұғымдарды, метафоралық көркем құрамдарды алға тартады: «Символы суфизма-любовь, желание, страсть, встреча, разлука, почелуй, объятие, вино, бокал, кувшин, опьянение, отрезвление, мотылек, свеча, океан и.т.д» Орта  ғасырларда дүниеге келген қандайда бір шығарма жайлы сөз қозғамайық, суфизмге тоқтамай өту қателікке ұрындырары анық. Бұл туралы зерттеуші Е. Бертельс «Суфитік әдебиетті қарастырмайынша, шығыстың орта ғасырдағы мәдени өмірін түсіну мүмкін емес» дейді.

М.Қашқари Иасауи сияқты сопылығымен тарих бетінен орын алмаса да, сөздік арқылы ұрпағына сопылық сарын өлеңдерін мұра еткен ғұлама. «Түрік  сөздігіндегі»  бәйіттерді оқи  отырып көпшілігі сопылық сарында жырланған жұмақтар екендігіне көз жеткіземіз. Сопылық ағым жырлары түрлі сарында келеді, дүниетанымның күрделілігімен ерекшеленеді. өзгеше танымды  өлеңдердің өзегіне айналдырған сопы ақындар өмірдің өткіншілігін еске алу негізінде адамгершілікке үндейді. Адам баласы ерен туғанменен мәңгілік жасай алмайды деген ой түйінді өлеңдерде өріледі.  Күйкі тірліктің көзді ашып жұмғанша өте шығатынын, өмірдің қамшының сабындай ғана қысқалығын жыр жолдары жеткізеді. Өмірдің өткіншілігін айтумен қатар қамтылатын негізгі ой- «жалғандық», адамдар үшін тұрақсыз болып келетін «жалған дүние» қазіргі заман поэзиясына дейін дәстүрлі жалғасым құрайды. Сөздік өлеңдерінде байлыққа адамның ниетін бұзушы құрал ретінде қарау кездеседі.

Сопы сырларының  бір ұштығы  қайғы-муңға, шерге бөлінуде жатыр.  Сопы соншалықты қайғыға батырған не нәрсе сауалға жауаптынеоплатонизм өкілі Плотиннің пікірін табамыз: «Құдайды тану мүмкін емес, ол таза, қайырымды, алғашқы күш. Дүние оның құдіретімен жаралған, бірақ ол дүниені өзі үшін емес, қажеттілік үшін, мәңгілік шектеусіз жасайды. Адамның мақсаты- физикалық дененің  зұлымдылығынан босанып, құдайшыл өмірге жақындасу» дейді. Сопы құдайдың әділдігіне, тазалығына қол созады, бірігуді мұрат тутады. Осы жолдың қиындығынан көңілге мұң ұялап, қайғы өлеңге көшеді.

Алла жолында көз жасын колғып төккен сопының көңіліне уа салған мұнның  сырына  үңілелік. Менде сүйініш дауасы бар, қайғы содан тарайды. Сопының бар өмірін мұраты бір мұшақ өлеңде өріледі.

Ақиқатқа жету-сүйініш, қуаныш оған ұмтылыс кезіндегі қайғы-адам жанының дауысын, жаралы жүректің емін іздеп аласуруп еді. Аллаға асықтық, оның бейнесін көруге талпыныс  махабатпен сипаттала келе, қол жеткізбес арманның артын қайғыға  ұласатындығын байқаймыз.

Алланың  жүзін көру тек періштелерге ғана жазған дейді, таза кейіптілігінен болар. Ал құдайдың  ақ жолын таныған сопы өзіне жетімсіз бір ғана жайтты-жақындасып жүзін көру мәселесін қайғыға әкеп тірейді. «Жанымды жар күйігі жабырқатты, басқаны менің тдертім таңырқатты» Сопы олеңдерінде Алла атаулы жар сөзімен астарлы түрде алмастырылады: «Қауышып жардың өзімен, нәр алып нәзік сөзінен, мөлдір қара көзінен, Қуат алғаш жаныма. Сопы ізгілікті сөзі арқылы оның жүзін көруге ынтық, «нәр алатын нәзік сөз», біздің білуімізше, сопы жанының жалауы болған Құран сөзі. Жанына құат берген де сол «Құран қағидалары,  Алланың «әр бір сөзі» адам бойына нәр болып қуйылып, нұр болып төгіледі.

Сөздікте «оның түзулігіне өзім ауландым, оның тазалығына көзім емделеді» деп  әлем жаратушының түзу жолын мойындап, оған көнілі аударады. Оның «Тозаңының» өзі-ақ көзін емдегенін-көңіл көзінің соқырлығын жойып, жүрегіне жарық нұр сәулесінің төққенін айтады.

Көз жасының тамшылы болып теңізге құйылуы құдіретті Алланың алыптылығын дәріптеу, онымен бірігу-тамшы болып жанасу ойын өрнектейді. Ұлан-ғайыр теңіз-жаратушының  кеңдігінің символы, — жаратушыға жалғасыға мақсат тұтқан сопының астарин бейнесі. Суфизм арнасының метафоралық көркемдеушінің бірі-от жалыны. Алладан тараған нұр шуағы от ретінде беріледі: «Менің өзім бөдене, оның аты…», «өзек атытұтанып, өкпе-жүрек қабынар».

ҚОРЫТЫНДЫ

«Диуани лұғат-ит-түрк» сөздігінің әдеби құндылығы сөздікте кездесіп отыратын дидактикалық сарындағы, оқу білімге, өнерге, әдептілікке үндейтін өлең-жырлар, адамгершілік, мораль мәселелерін қарғайтын маржандай тізілген мақалдар мен тарихи мекендердің негізінде құрылған аңыз-әңгімелердің жиынтығында жатыр.

«Мақсатым-талапты жас іздемпаздарға дәл бағыт-бағдар сілтеп, ілім-білім болашағына барынша мол көмектесу. Пікірлестерімді толық риза еткендей, керегіне жауап беру,»-дейді. «Диуани лұғат-ит түркті» құрастырған автор. Бұл еңбегіміздің маңызын, мақсатын автор осылайша өз аузынан дәлме-дәл түсіндіргендей.  Түрік сөздігімен ондағы әдеби үлгілер сол заманның рухани келбетін толықтай тануға мүмкіндік береді. Ондағы әдеби үлгілерді жанрлық ерекшеліктеріне қарай үш бөлімге топтадық.

«Диуани лұғат-ит түрктегі өлең-жырлар» деген бөлімінде өнегелі, өсиетті, табиғатты, ғашықтықты, ерлікті жырлайтын, өлеңдерге талдау жасалды.

Табиғат жырларынан көрініп отырған сюжеттер туған жерге деген іңкәрлікті, ерлікті мадақтайтын өлең-жырлар қаһармандықты байқатады.

«Орта ғасыр түркі шешендігі» деген бөлімінен сөздіктің әдебиет әлеміндегі рухын тануға болады. Үлгі-өсиетке таяп мақал-мәтелдер, нақыл сөздер мен өрілген шешендік дәстүрдің шоқтығы көрінеді. «Жинақтағы аңыз-әңгімелер» деген тарауында түркілердің тамағына, мекндейтін жерлеріне, тарихи тұлғалардың негізінде құрылған аңыз-әңгімелердің маңызына тоқталдық.    Жалпы М.Қашқаридың «түрік сөздігіндегі» әдеби үлгілер рухани адамгершілік ізденістер аясындағы түрлі мәселелерді толықтай қамтитын, тарихтың көне парақтарындағы көмексі бейнелерді айқындай түсуге мол көмегі тиетін бай әдеби мұра.

М.Қашқари еңбегінің әдебиет тарихындағы баға жетпес мәнін М.Қашқаридың өз сөзімен айтар болсақ: «түркі ұлыстарының ерте дәуірден бергі бастарынан кешкендерін сараптап, атадан-балаға мирас боп келген, зар шеккен әдемі сөз өрнектерін теріп шықтым. Өміркөріністерін жақсы баяндайтын өлең-жырларынан, шаттық қуанышымен қасірет қайғысын қамтитын терең ойлы мақал-нақылдарын үлгі ұсындым. Оқыған адамдар бұл меруерт сөздерді пайдаланып,өзінен кейінгі ұрпаққа мирас етер деп үміттендім. Міне осылайша лұғат кітабын атадан балаға ел қазынасын жеткізер қымбат мұра боп мәңгі сапарға аттандырдым»-деп сөздіктің мәнің  түсіндіреді.

Жалпы алып қарағанда, түркітану әлемі бойынша түркі халқтары мен тайпаларының, олардың ру-ұлыстары мен үрім-бұтақтарының тарихын (азаматтық тарихы мен мәдени әлеуметтік өмірін) оқып үйрену үшін және оларды зерттеп білу үшін ертеректе  ұлдары жазып қалдырған мұралар –біздің «Теңіздің терең түбінде жатқан асылдарымыз» [9.137]

Түрік тілінің мәуелі бұтағы қазақ тілі қазақ елі тәуелсіздік  алғаннан бергі кезеңде дамудың өзгеше белесіне қанат жайды. Тіл білімінің теориялық, тәжірибелік маңызы ерекше артты. Тіл тағдыры, тіл шеберлігі, жалпы тіл білімі мәселесі елдік, мемлекеттік маңызға ие болды.

Махмұт Қашқаридың өлмес мұрасы ата мекеніміздегі рухани тулеулердің заңды туғыры, кемелдікке бастайтын алтын бесігі санатты. «Түрік сөздігі» ұлттық мәдениетімізді, тіліміздің мәртебесін көтеріп, беделін бекітетін өркенді кітап.

Бұл баға жетпес асыл  қазынаны зерттеу, ел игілігіне айналдыру рухани тіршіліктің бұрын соңғы өзіміз аңғара қоймаған тосын да тың, әрі тіл мәдениетіміздің ежелгі замандарда ақ күретамыр өзегіне нәр болып байланған бірегей қасиеттерін аша түседі. Түрік дүниесінің  құнарлыда тегеурінді өркениет елінің тунық тұма, терең кембелерінің көзін ашады. Сол арқылы біз дүние жүзілік түтас бір өркениеаттағы өзүнімізді танып, өз тінімізбен қауышатын боламыз.

«Түрік сөздігі» арқылы Орхан-Енисей жырларының заманындағы мәдениет тынысына, Ә.Фараби мен Ж.Баласағұн өмір сүріп, өлмес туындыларын жазған кезеңдердің шығармашылық құпияларына жол табамыз.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Айдаров Ғ, Құрышжанов Ә., Тананов М., Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. Аллматы «Мектеп» 1971ж
  2. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы А, 1973 Бердібай Р  Түркі әдебиет әлеміндегі ортақ сарындар . жұлдыз 1993 ж №8
  3. Дербісәлиев Ә. Шыңырау бұлақтар. Алматы Жазушы 1982ж
  4. Дербісәлиев Ә. Қазақ даласының жқ\ұлдыздары. Алматы «Рауан» 1995ж
  5. Дербесәлиев Ә. Махмұт баба мұрасы. Парасат 1996 ж
  6. Егеубай А.К «Түрк сөздігі» Алматы 1997-1998ж «Диуани лұғат-ит түрк»
  7. Егеубай А.К «Әдеби мұраның рухани тәлімі (Құран және ежелгі түркі әдеби мұраларындағы құран қағидалары) «Жұлдыз» 1997 ж №7
  8. Егеубай А «Түркі этнологиясы сипаттарының ежелгі әдеби ескерткіштеріндегі көріністер» Абай 2000 ж №4
  9. Егеубай А Махмұт Қашқари «Диуани лұғат-ит түрк «Жұлдыз» 1997 ж №1
  10. Егеубай А «Құлабыз» Алматы 2003 ж, Бердібай З  Түркі әдебиеті әлеміндегі ортақ салындар  «Жұлдыз» 1993ж
  1. Қайдаров,Ә, Оразов М Түркологияға кіріспе. Алматы «Мектеп» 1985
  2. Қоңыратбаев Ә, Қоңыратбаев Т Көне мәдениет жазбалары. Алматы «Қазақ университеті» 1991ж
  3. Қоңыратбаев Ә Қазақ эпосы және түркология. Алматы «Ғылым» 1987ж
  4. Құрышжанов Ә, Ибатов Ә Ескі түркі жазба ескерткіштері жайында . Кітапта: Қазақ әдеби тілінің қалыптасуы тарихы мен даму жолдары. Алматы 1981ж

ПІКІР ҚАЛДЫРУ