Мейірімге мол жүрек (Өзін-өзі танудан сабақ жоспары)

0
1047
Иллюстрация: Freepik.com

Мақсаты:

Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

— өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;

— Оқушыларды мейірімділікке, жанашырлыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар Үнтаспа, дәптер, оқулық, жүрекшенің үлгісі

Ұйымдастыру кезеңі:

5 «Т» -ның сақталуын еске түсіру; тәртіп, талап, тазалық, татулық, тыныштық.

Тыныштық сәті «Нұрға бөлену» (Жайлы баяу музыка қойылады)

Жаңа тақырып: Мейірімге мол  жүрек

Мейірімділік дегенді қалай түсінесіңдер? (Қайырымыдылық жасау, ата-анаға көмектесу, үлкенді сыйлау)

Мейірімділік қандай қасиеттерден тұрады? ( сезімін білдіру, жақсылық ойлау, игілік жасау, жақсылық жасау)

Мәтінмен жұмыс

Оқулықтан Төрежановтың « Сары тауық пен балапандары » мәтінін оқу. Оқушыларды кезектеп оқыту.

Күздің бір күні сары тауық балапандарын ертіп, ауылдан ұзап кеткен. Аяқ астынан жаңбыр құйып кетті. Суық жаңбырдың астында қалған сары тауық балапандарын қанша асықса да, мекеніне жеткізе  алатын емес.

Өйткені балапандарының жылы жүні әлі шықпаған балғын жас еді. Сары тауық қатты састы. Шөжелерін қос қанатының астына алып, бауырына басты. Бір балапаны сыймай сыртта қалды. Ана айла жасап, балапандарын кезектестіріп  бір-бірден тыста ұстап, тоңа бастағанда бауырына алып отырды. Кезек ең кенжесіне келгенде ана оны сыртқа шығармады.

  • Оны неге шығармайсыз ?- деп сұрады бір ақ балапан.
  • Ол тым жас.
  • Жас болса қайтеді? Кезегі келгенде ол да шықсын.
  • Сырқаттанып қалады. Кішімізге өзгеміз қамқоршы болуымыз керек емес пе? Кәне, мұның орнына кім барады? – деп сұрады анасы.
  • Мен, -деді тұңғышы.
  • Мен барайын! –деді оған тетелесі.
  • Кезекті маған беріңіз! –деді одан кішісі.
  • Мен қалам ба сонда?-деді алғашқы қарсылық білдірген ақ балапан.
  • Қатесін түсінген сенің барғаның жөн! –деді сары тауық балапанды тысқа қарай ысырып.

Сары тауық су өтіп қатты жаурады. Бірақ балапандарын  тоңдырған жоқ. Балаға деген ыстық махаббатымен жылытып, сақтап қалды.

Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады.

Талқыланатын сұрақтар:

Сары тауық балапандарымен қандай жағдайға ұшырады?

Сары тауық балапандарына қандай қамқорлық жасады?

Тауық балапандарын тоңдырмас үшін қандай амал қолданды?

Тауық қай балапанына ерекше қарады? Неліктен?

Ақ балапанның  сұрағына тауық қалай жауап берді?

Басқа балапандар қандай ұсыныс жасады?

Ақ балапан басқаларды  қалай қолдады?

Сары тауықтың әрекетін  қалай бағалауға болады?

Мейірім шуағын сөзін топтастыру.

Сүйіспеншілік, қамқорлық, ынтымақ, жарастық, бауырмал, махаббат, бірлік, достық.

 Дәйексөз

Мейірімділікті  анадан үйрен

Халық даналығы

Дәйексөзді  қайталап оқыту

Қатарға бөліп оқыту.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Ана халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғатты  да, адамды да дүниеге әкелуші ана.  Табиғаттың қай жаратылысын алып қарамайық, бәрі де адамдарға мейірімін  сыйлайды. Мәпелеп аялап бар жақсылығын мейірімін бәріне бірдей көрсетеді.  Адамдар да дәл солай жасауы керек. Сондықтан халық даналары мейірімді анадан үйрен деген екен.

Сергіту сәті

Шығармашылық жұмыс,топтық жұмыс

Оқушыларды екі топқа бөлеміз.Екі топқа да арнайы тапсырмалар берілетін болады.

« Мейірімділік » кестесін толтыру.

Мейірімді істер  Өз анаңның  жақсы қасиеттерін жаз
жаксы іс, жақсылық  жасау, қайырымды,  қамқоршы,

 

аққоңіл, жаны таза, шыдамды, жақсы адам, жылы жүректі, рақымшыл,

Жаңа ақпарат

Мейірімділік жүректен шығады. Әр адам басқаларға өз мейірімділігін көрсете алады. Ондай адамдарды  мейірімді, жылы жүректі деп айтады. Адамдар бір –біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алады.

 Жүректен  жүрекке

Алдарында т.т жүрекшелер бар. Кімге қай түстегі жүрекше ұнайды соны алыңдар. Әр жүректің артында адамның бойындағы жақсы қасиеттерді оқыңдар

Балалар адамдарға , айналасына мейірімді екендіктерін жылы сөздері арқылы білдіреді.  Ендеше осы қасиеттер сендердің бойларынан табыла берсін демекпін

Үйге тап беру:

Мейірімділік жайлы мақал-мәтелдер жазып келіңдер

Балалар шеңбер құрып тұрады.

Күлімдеген күн мейірімді!

Кіршіксіз ақ қар мейірімді!

Таза мөлдір су мейірімді!

Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!

Аяулы анам мейірімді!

Қадірлі әкем мейірімді!

Әлпештеген әжем мейірімді!

Еркелеткен атам мейірімді!

Жылы жүзді ұстазым мейірімді!

Тату –тәтті достарым мейірімді!

Балалар бәрі қосылып

Әнуарбек Дүйсенбиевтің «Ардақты ана»

өленің хормен  айту.

Ардақты ана

Ардақты ана,аяулы ана,қымббатым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтін,

Кең құшағың –аясындай гүл бақтың.

 

Мен өзіңмен қайда болсам біргемін,

Махаббатың жүрегімде жүр менің.

Күн нұрындай –жадырай бір күлгенің,

Қандай жақсы ортамызда жүргенің!

Соңғы тыныштық сәтi.  Мұғалімнің сөзі:

Көздеріңді жұмыңдар, бойларыңды еркін ұстаңдар, көз алдарыңа өз достарыңды немесе достасқыларың келетін адамдарды, олармен өткізген жақсы сәттеріңді естеріңе түсіріңдер. Осы жақсы сезімдеріңді жүректе сақтаңдар, достыққа берік болыңдар.

Көзімізді ашамыз,бір-бірімізге күлімдей қараймыз. Рахмет.

 

Басқа да материалдар: 

  1. Мөлдір бұлақ – жасыл құрақ. Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары

  2. Өз мүмкіндігімізді таниық (өзін-өзі танудан сабақ жоспары)

  3. «Аялай біл,сен деп соққан жүректі». Өзін-өзі танудан сабақ жоспары

  4. Оқушылардың өзін-өзі бағалау дағдылары

  5. Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары: Бұл әлемге келген соң….


ПІКІР ҚАЛДЫРУ