Мектебіме саяхат. Н дыбысы мен әрпі.

0
5796
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ

 

Күні: 11.10.2017ж

Сынып: 1 «ә»

Қатысқандар саны: 24

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы Мектебіме саяхат. Н дыбысы мен әрпі.(2 сағаты)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу

1.3.9.1 айтылуы мен жазылуында айырмашылығы жоқ сөздерді мұғалімнің айтуы бойынша жазу

Сабақтың мақсаттары

Барлығы:Н н дыбысы мен әріп таңбасымен таныстыру. Кеспе әріптермен сөз құратып, жаздыру.Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
АКТ қолдану дағдылары Аудиожазба , таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік Н дыбысы мен әрпі.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы:

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Тренинг «Біз тілейміз»

М: Барлық адамдарға

О:Ашық аспан

М:Сабағымызға

О: Сәттілік!

Топқа бөлу. Суреттер арқылы

1 топ: Найзағай

2 топ: Нар

3 топ: Нан

4 топ: Науа

Шаттық шеңбері
Сабақтың ортасы

8 минут

«Сұрақ-жауап» таспадан тыңдап,жауап беру

-Сауат ашу оқу іс-әрекетінде не үйреніп жатырсыздар?

-Сөз,буын,сөйлем,әріп,дыбыстар туралы үйреніп жатырмыз

-Сөз нелерден құралады?

-Дыбыстардан

-Сөйлем нелерден құралады?

-Сөздерден

— Сөздегі буын санын қалай анықтаймыз?

-Дауысты дыбыс санына байланысты

-Қандай дыбыстармен таныстыңдар?

-А және Н

-Мынау ненің суреті? Ол қай дыбыстан басталады?Үш тілде қалай айтылады?

-Алма.А дыбысынан басталады.Алма-яблоко-appil

— Мынау ненің суреті?Бұл қандай дыбыстан басталады? Үш тілде қалай айтылады?

— Н дауыссыз дыбыс. Нан-хлеб-bread.

Мұғалім:

№1 Тыңдалым. Таспадан тыңдату.Мектеп асханасында

Кітапппен жұмыс: Слайдтан көрсету

-Олай болса балалар жалпы астың ең үлкен атасы не деп аталады?

-Нан

-Нан сөзі қай дыбыстан басталып,қай дыбыстан аяқталып тұр?

-Н дыбысы мен әрпі туралы алған білімдерімізді ары қарай толықтырайық.

Олай болса топпен тапсырмалар орындайық.

1 топ: тапсырмасы: Нан қандай болады? Сұрағына ауызша жауап айтамыз.Нанның қасиеттерін табамыз.Нан сөзіне дыбыстық талдау жасау.

2 топ.тапсырмасы: Суреттерді «Н» әрпінің жанына топтастыру.Сурет атауы бойынша сөз құрамында «н» әрпі бар суреттерді жанына жапсыру

3 топ.тапсырмасы: «Шашылған әріптен сөз құрау,буынға бөлу,сөйлем құрау».(ана,нан)

4 топ Тапсырма:

-Дүниедегі ең жақын ыстық адам кім?

Анаңды қалай жақсы көретініңді ыммен және қимылмен көрсет.Рольдік ойын түрінде көрсетуге болады.

Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті

1 минут

«Ұстаз ана» туралы ән айтқызамын

Дәптермен жұмыс
Н әрпінің үлкен түрі екі элементтен тұрады: Қаламды жазу жолының жоғарғы сызығына қойып, тік қиғашпен төмен түсіп, қайтадан әріп ортасына дейін көтеріліп, қиғаш сызықпен төмен түсіп, жол сызығына келіп, аяғын ілмектейміз. Н әрпінің кіші түрі үш элементтен тұрады: тік қиғаш сызық сызып,ортасын сызықшамен қосып, екінші аяғын тік қиғаш сызықпен төмен түсіп, ілмектейміз.

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Қалыптастырушы

Бағалау (2 минут)

Қалыптастырушы бағалау.

Суреттерден атауы бойынша сөз құрамында «н» әрпі бар суреттерді қоршату

Түрлі тапсырмалар. Топтастыру.

Аяқталуы

2 минут

— Балалар,  бүгін біз қандай әріп таңбасымен  таныстық?
—  Н н дыбыс дауысты ма, әлде  дауыссыз ба?
— Кім «н»  дыбысынан  келетін  сөздер айтады?
— Н н  дыбысы  сөздердің  қай жерлерінде  кездеседі?
Оқулық, дәптерлер.

Сабақтың соңы

2 минут

Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы) Стикерлер арқылы

 

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы
№8 жалпы орта білім беретін мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Табынбаева Самал Алиевна

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ