Мектебіме саяхат. Нн дыбысы мен әрпі.

0
2953
Гомотетия және оның қасиеттері
Сабақтың тақырыбы Мектебіме саяхат. Нн дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу бағдарламасына

сілтеме)

1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.

1.3.9.1 айтылуы мен жазылуында айырмашылығы жоқ сөздерді мұғалімнің айтуы бойынша жазу.

Сабақтың

мақсаттары

Барлығы: Н н дыбысы мен әріп таңбасымен таныстыру. Текшемен дыбыстық талдау жасату.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік

критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды

дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Тілдік құзыреттілік Нн дыбысы мен әрпі.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

2 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу. Оқушы зейінін сабаққа аудару.

Психологиялық ахуал.

Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.

Шаттық

шебері

Сабақтың

ортасы

  1. минут
  1. «Миға шабуыл». Сұрақ-жауап әдісі

— Мұғалім: Сөйлем неден құралады?

(Сөйлем соңына (.) нүкте, (?) сұрақ белгісі, (!) леп белгісі сияқты тыныс белгілері қойылады).
— Оқушы: Сөзден;

— Сөз неден құралады?

— Оқушы: Буыннан;

— Мұғалім: Буын неден құралады?

— Оқушы: Дыбыстан;

— Мұғалім: Дыбыс деген не?

— Оқушы: Дыбысты айтамыз, естиміз.

— Әріп деген не?

— Оқушы: Әріпті жазамыз, көреміз.

-Дыбыстың түрлерін ата.

— Оқушы: Дауысты, дауыссыз.

— Дауысты дыбыс қандай түспен беріледі?

— Оқушы: Қызыл;

— Дауыссыз дыбыс қандай түспен беріледі?

Оқушы: Көк;

— Мұғалім: Біз қандай дыбыстармен таныстық?

— Оқушы: Аа, Нн.

2. Үй тапсырмасын пысықтау.

— Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

Нн дыбысымен таныстық.

  1. Оқулықпен жұмыс. Нн дыбысына байланысты сөздерді тізбектеп оқыту.

Жаңа сабақ

  1. Жұптық жұмыс. Сурет бойынша бір-біріңмен сөйлесіңдер. Тақырыбы: Мектеп асханасы.
  2. Тапсырма. «Тауып көр».

Нан

  1. Н әрпі туралы түсінік беру.
    Балалар, бүгінгі сабағымызда н дыбысы және әрпін ары қарай оқып үйренеміз.

Мұғалім: Қане бәріміз Нн дыбысын айтып көрейікші. Қалай айтылады?

Нн, Нн.
Қысқа айтылады, созылмайды. Кедергіге ұшырап тұр ма? Иә, тілдің тіске тірелуі арқылы кедергіге ұшырап айтылып тұр. Сондықтан ол дауыссыз дыбыс болып табылады. Көк түспен белгіленеді. Н дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында да келе береді. Н-дауыссыз дыбыс, өз алдына буын жасай алмайды. Сондықтан оны дауысты дыбыспен достастырып, буын құрайықшы: на, ана.

7. «Нан» сөзіне дыбыстық талдау жасату.

Дыбыстық талдау жасау үлгісі:

  1. Сөзді оқы
  2. Буын санын анықта;
  3. Әріп санын анықта;
  4. Дыбыс санын анықта;
  5. Неше дауысты дыбыс бар?
  6. Неше дауыссыз дыбыс бар?

Нан-1буын; 3 дыбыс, 3әріп, 1дауысты, 2 дауыссыз дыбыс бар.

  1. Дәптермен жұмыс.
    Нн әрпінің үлкен түрі екі элементтен тұрады: Қаламды жазу жолының жоғарғы сызығына қойып, тік қиғашпен төмен түсіп, қайтадан әріп ортасына дейін көтеріліп, қиғаш сызықпен төмен түсіп, жол сызығына келіп, аяғын ілмектейміз.

Н әрпінің кіші түрі үш элементтен тұрады: тік қиғаш сызық сызып,ортасын сызықшамен қосып, екінші аяғын тік қиғаш сызықпен төмен түсіп, ілмектейміз.

  1. Сабақты бекіту.

Диктант.  Нн ана нан.

 

Таныстыры

лым, оқулықпен жұмыс

 

Сергіту сәті

3 минут

Ойын «Сенесің бе?»

-Айтқан тұжырымдарға «Иә», «Жоқ» деп жауап береді.
-Дыбыстар дауысты, дауыссыз болады. (иә)
-Дауысты дыбыстар созылмайды. (жоқ)
-Дауыссыз дыбыстар кедергіге ұшырап айтылады. (иә)
-Дыбыстарды біз жазамыз, көреміз.(жоқ) 
-Әріптерді біз жазамыз, көреміз. (иә)

Сабақтың соңы

6 минут

—  Балалар,  бүгін біз қандай әріп таңбасымен  таныстық?
—  Н н дыбыс дауысты ма, әлде  дауыссыз ба?
Н н  дыбысы  сөздердің  қай жерлерінде  кездеседі?

— Кім н  дыбысынан  келетін  сөздер айтады?

Оқулық, дәптерлер.

Рефлексия

3 минут

Бүгінгі сабақта алған білімін бағдаршам әдісі арқылы бағалау.

«Бағдаршам»

әдісі

Бағалау

1 минут

Мадақтау, мақтау, үлгі тұту.

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ