Мектеп директоры «миллионер ұстаз» атанды

0
1657

Отандық телеканал «Хабар» арнасында өтетін «Миллион кімге бұйырады?» зияткерлік бағдарламасында қарапайым мектеп мұғалімі 5 миллион теңгені жеңіп алды. Ол бағдарламада қойылған сұрақтардың барлығына дұрыс жауап беріп, ерекше инттелектуалды қабібеті жоғары екендігін көрсетті. 

Айнұр Жекебазарова — Алматы облысы, Балқаш ауданының тумасы. Химия пәнінен сабақ береді. Балқаш ауданындағы Топар орта мектебінің директоры қызметін атқарады.

Зияткерлік ойында Айнұр ханымға химия, география, өнер, әлем және қазақ әдебиеті  сынды барлық сала бойынша сұрақтар берілді. Ол барлығына да дұрыс жауап беріп өз білгірлігін көрсетті. 10 миллионшы сұраққа келгенде ойынды тоқтатып, 5 миллион теңгені қанжығасына байлады. Егер ол ойынды жалғастырып тәуекел еткен жағдайда 10 миллион теңге ұтысқа ие болар еді.

Қарапайым ұстаз жетістігі басқа да педагог мамандарға үлгі болуы керек. Еліміздің әрбір ұстазы Айгүл Жекебазарова ханымдай зияткерлік қабілетке ие болса, мықты шәкірттер тәрбиелері сөзсіз.

 

 

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ