«Тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты іс-шараның сценарийі

0
5596

Тәуелсіздік — біздің ең қасиетті құндылығымыз. Осы ұғымды келешек ұрпақтың бойына бүлдіршін кезінен сіңіре алу-білікті тәрбиешілердің үлесінде болып отыр. Осы мақсатта Қарағанды қаласының «Айгөлек» бөбекжайының №8 мектепалды даярлық тобы тәрбиешілері Бирманова Бақыт Мухамедиевна, Жанжакина Баян Жумахановна 12 желтоқсан күні «Тәуелсіз елдің ұланы» атты патриоттық бағыттағы іс-шара өткізді.  Тәуелсіздікті ұлықтаған мерекеге балабақша әдіскері Ахметжанова Айсұлу Акимжанова да келіп қатысты. Ол жас балғындарға игі тілегін білдіріп, мерекемен құттықтады. Ата-аналар да алғыстарын білдірді.  Даярлық тобының тәрбиеленушілері ән салып, би биледі, қазақтың өнегелі тарихынан көрініс те қойды.  Б.Б.Мухамемедиева, Б.Ж. Жанжакина бұдан кейін де болашақ ұрпақты Отансүйгіштікке тәрбиелейтін жұмыстарын жалғастыра бермек.

 

Тәрбиешілер:   Бирманова Бақыт Мухамедиевна

Жанжакина Баян Жумахановна

Балалардың кіруі: Музыка әуенімен.

Жалпы би

Айсұлтан:

Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы

Бақыт көрсін Отанның сан ұланы

Енді ағайын көгінде қалықтасын,

Қазағымның қасиетті Әнұраны!

Әнұран

Жүргізуші сөзі:

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,

Мықты болсын елімнің керегесі.

Тату тәтті боп халқымыз әрқашан,

Кетпесін туған жердің берекесі!

Жүргізуші:

Құрметті қонақтар, балалар! Сіздерді тәуелсіздігіміздің 28 жылдық торқалы тойымен құттықтаймыз. Біздің балаларымыздың дайындаған «Тәуелсіз елдің ұланымыз» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Тақпақтар.   5

1 Кәусар

Кең байтақ көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелсіз Қазақстан-елім менің

2.Әділбек

Отан деген-атамекен

Отан деген-туған жер

Отан ана- Отан –үлкен

Қазақстан-туған жер

  1. Айғаным

Қазақстан елім менің

Саған ешбір жер жетпейді

Біз тұрғанда шекарадан

Ешқандай жау жетпейді

  1. Аңсаған

Отаным менің Қазақстан

Атыңнан сенің айналам

Бас иіп саған өтемін

Жасай бер жаса Қазақстан

5.Айзере

Отан сөнбес күніміз

Отан туған жеріміз

Отан ортақ үйіміз

Отан ән мен күйіміз

  1. Еңлік

Қазақ жері –Қазақстан

Мөлдіреген ашық аспан

Алыс кетсем сағынамын

Отаным сенсің Қазақстан

Ән: Тәуелсіз елдің ұланы

Балалар орындарына отырады

Жүргізуші:

Елімнің атын айтсам — Қазақстан

Жерімнің атын айтсам — Қазақстан.

Қазақстан — Отаным мақтанышым

Мен сені жырлаймын мақтау үшін!

Біздің балаларымыз еліміз Қазақстанға арнап өздерінің ақ тілектерін білдіргілері келеді.

Қ — Қазағым аман болсын!
А — Азамат боп мен ертең, Отанға қызмет етемін
З  — Заманымыз тыныш болсын!
А — Аман болайық!
Қ — Қыран құстай биікке самғайық.
С – Сарыарқа даласында бейбітшілік болсын!
Т – Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын.
А – Аспанымыз ашық болсын!
Н – Намысты ұл-қыз болайық!

Бәрі бірге: ( Біз Қазақстанның болашақ ұрпақтарымыз!

Біз Қазақстанды сүйеміз.)

Балалар орындарына отырады

Слайд көрсету Хандар мен билердің  (Осы кезде ұлдар мен қыздарды киіндіру)

Жүргізуші: Құрметті қонақтар бізде, біздің ұрпағымызда бақытты, себебі тәуелсіздігімізге қол жеткіздік. Енді экранға назар аударайықшы, бұл қазақтың үш биі Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би. Төле би ақылды, әділ, Қазыбек би-тапқыр, батыл, ал Әйтеке би шешендігімен қоса ел басқарған екен. Елін-жерін қорғауда күрескен батырларымыздың ерлігі кейінгі ұрпаққа өнеге. Азаттық, теңдік, тәуелсіздік. Осы үш ұғымның салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді, кімдер құрбан болмады.

Енді бір сәт өткен тарихымызға көз жүгіртейік.

Сахналық көрініс: Тақ үстінде Тәуке хан, жан-жағында қазқтың билері мен батырлары. («Көш керуен» күйі ойнап тұрады)

Тәуке хан: (ойлы, тақ үстінде отыр)

-Уа, жұртым, алты Алашқа аты шыққан Қазақтың игі жақсылары! Бүгін бұл жерге  жерімізді, елімізді қорғау үшін жиналып отырмыз.

Абылай хан: Бүгінгі бас қосуымыздың үлкен себептері болып тұр. Елдің елдігін, ерлігін сынайтын күн туды. Батырларымыз жорыққа аттанбақшы. Батырларымызды ақ тілек батамен шығарып салайық.

Қабанбай батыр мен Наурызбай батыр тізерлеп үш бидің алдына отырады.

Керей хан: Алдарыңда отырған үш бидің ақ батасымен жорыққа аттанасыңдар. Айтыңыздар өсиет сөздеріңізді, беріңіздер баталарыңызды!

Төле би:

Бір үйдің баласы болма

Көп үйдің санасы бол

Бір үйдің атасы болма

Бір елдің санасы бол

Халқыңа әділ бол

Жауыңа қатал бол

Досыңа адал бол!

 

Қазыбек би:

Жеріміздің шетін жау шаппасын деп

Найзаға үкі таққан елміз

Дәм-тұзды ақтай білген елміз

Досымызды сақтай білген елміз!

 

Әйтеке би:

Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін

Батыр болсаң жауыңа найзаң тисін!

 

Екі батыр бірігіп:

Туған жерді өзгелерге бермейміз

Туған елді басқаларға билетпейміз

Үш жүз алаш бірігіп

Жерімізді қорғаймыз!

Би; Батырлар (ұлдардың орындауында) Қыздарға портреттерді беру , сосын шығару аяқ жағында

Желтоқсан туралы стендті қою (Балаларды жарты шеңберге тұрғызу)

Жүргізуші: «16 желтоқсан — Тәуелсіздік алған күн»

Әр қазақтың есінде сақталады

Желтоқсандық өрендер ақталады

Ел намысын қорғаған сарбаздарым

Ерлкітерің мәңгілік сақталады

(Балалардың 16 желтоқсан тәуелсіздігіміз туралы тақпақтарын қабыл алыңыздар).

16 желтоқсанға арналған тақпақтар

  1. Балнұр

16-шы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн

  1. Санжар

16-шы желтоқсан

Ел мерейі тасыған

Қазақ деген қалың жұрт

Бәрін кешті басынан

3.Айша

16-шы желтоқсан

Елдің ұлй мейрамы

Жаңа шыққан көктемдей

Жаз күніндей жайдары

  1. Бекжан

Тәуелсіздік таңын сүйем

Таңмен бірге келді ме өлең

Көк туына басымды иіп

Көгімізде желбіреген

  1. Ажар

Желтоқсанның ызғары-ай

Кірпікке қатқан мұздер-ай

Елім-ай деп егілген

Қаһарман ұлдар, қыздар-ай

Ән: «Он алтыншы желтоқсан»

Жүргізуші:

Дөңгеленіп тұрайық

Керегені құрайық

Уықтарша иіліп

Киіз үйді құрайық

Ойын «Киіз үй»

Ойынның шарты: Музыка ойнағанда шеңбер бойымен жүре отырып, музыка тоқтаған кезде ұлдар ортада уықтар болып, ал қыздар сырт жағында кереге болып тұра қалады. (2-3 рет ойнау)

Би: Қыздардың орындауында (кеселерін дайындап қою)

Ән: «Біз Отанның бөбегі»

Жүргізуші:  Міне, балалар 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік ертеңгілікке белсене қатысқандарың үшін сендерге үлкен рахмет! Менің елім, Отаным, Тәуелсіз Қазақстаным-деген  киелі ой жандарыңа әрдайым серік болсын!

Жүргізуші:

Құрметті қонақтар Тәуелсіздік мерекесіне орай өткізілген ертеңгілігіміз аяқталды.

Әрқашан күн сөнбесін

Аспанымыз ашық болсын

Заманымыз тыныш болсын!

Музыка

Сен неткен Отан-анам ғажап едің,

Әспеттеп көркем тілмен жазар едім

Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін

Жайнай бер, Ұлы Отаным –Қазақ елім.

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ