Мектепке дейінгі ұйымдарда акциялар ұйымдастыру — балалардың әлеуметтік икем дағдыларын дамытудың тиімді түрлерінің бірі

0
3312

Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңісітігіне  өтуі білім беру саласында,соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.Келешек ұрпақтың еркін дамуы,жан-жақты білім алуына,белсенді,шығармашыл болуына  жағдай жасау қазіргі таңдағы әрбір мектепке дейінгі ұйымның міндеті. Сонымен қатар балалардың әлеуметтік жеке тұлғалық дамуы-мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту процесінің бағыттарының негізгілерінің бірі болып табылады. Өскелең жас ұрпақтың бойындағы әлеуметтік қасиеттерді атап айтқанда,ынтымақтастық,қоршаған ортаға қамқорлық көрсету,дербестік,бастамашылдық,құрдастарымен қарым-қатынасқа түсе білу икемділіктерін қалыптастырып және дамытуда таным,қарым-қатынас және басқа да қызмет түрлерінің құралдары мен әдістерінің тиімді түрлері арқылы ұйымдастырылуы қажет. Мен бүгін осы бағытта қолдануға тиімді жұмыс түрінің бірі- мектепке дейінгі жастағы балалармен әлеуметтік акциялар ұйымдастыруды ұсынбақшымын.

Акция дегеніміз не? Акция ( латын тілінен аударғанда )– қандай да бір мақсатқа қол жеткізудегі  әрекет,әлеуметтік мәнді кешенді іс шаралар.

Акциялардың мақсаты-баланың адамгершілік қалпының негізінде өзіне және айналасындағы адамдарға,қоғамға эмоционалды –құндылықты қатынасты қалыптастыру. Тиімділігі:Акцияларды ұйымдастыру арқылы балалар мен ата-аналарды,тіпті толықтай ұжымды қамтуға мүмкіндік бар.Акцияның өткізілуі қарапайым және аз уақыттың ішінде маңызды нәтижеге қол жеткізуге болады. Акция  әрбір баланы, әрбір ата-ананы, әрбір тәрбиешіні қамтитын топтық,ұжымдық жұмыс түрі.

Әлеуметтік акциялар- қоғамдағы орын алып отырған әлеуметтік мәселеге көпшіліктің назарын аудару мақсатындағы әлеуметтік іс әрекеттің бір түрі.

Акцияларды ұйымдастыру мен өткізудің кезеңдерін мен сіздерге іс тәжірибемде өткізілген бір әлеуметтік акцияның негізінде түсіндіре кетсем:

Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған әлеуметтік акция

«Достық алақаныңды соз»

Мақсаты: Патриоттық сезімге, Отанын сүюге  және барлық халықтарды құрметтеуге тәрбиелеу

Міндеттері:

  1. Өз мемлекетінің тарихына деген танымдық қызығушылығын арттыру
  2. Ұлттардың мәдениеті жайлы түсініктерін кеңейту,таныстыру.

3.Балаларда «Отан», «Тәуелсіздік», «Шаңырақ» ұғымдарын қалыптастыру, өз Отанына деген сүйіспеншілікті арттыру.

4.Өзге ұлттардың мәдениетіне деген қызығушылық және құрметпен қарау сезімін қалыптастыру.

5.Балабақшадағы әр түрлі ұлт өкілдерінің балаларының арасындағы достықты насихаттау

Дайындық кезеңі-мақсат пен міндетті анықтау,акцияны өткізудің формасын анықтау;қажетті материалдарды (таратпа парақшалар,бірыңғай киім , эмблема дайындау,қатысушыларды анықтау)дайындау.

Негізгі кезең— акцияны жүзеге асыру. Бұл бір іс шара немесе бірінен кейін бірі өткізілетін бірнеше іс шаралар болуы мүмкін. (концерттік бағдарламалар,парақшалар тарату,шығармашылық жұмыстар, әңгімелер жүргізу,кіріктірілген іс әрекет)

«Достық Фестивалі» музыкалық іс шара

Мақсаты: 

өз елінің және басқа елдің мәдениетімен таныстыру арқылы баланың азматтық-патриоттық мәдениетін қалыптастыру;  біздің көп ұлтты еліміз жайлы түсінікті кеңейту;

Дайындалған таратпа парақшаларды  көпшілікке тарату.

Тәттілержәрмеңкесінұйымдастыру«Дәмтатыңыз !»

Мақсаты: Түрлі ұлттардың тәтті тағамдарын ұсына отырып, Қазақстан халықтарының қонақжайлылығы жайлы түсініктерін кеңейту; ата-аналарды бірлескен әрекеткет арту.

«Менің отбасымдағы ұлттық дәстүрлер» тақырыбында жиналған материлдардан көрме ұйымдастыру

Қорытынды кезең— жүргізілген жұмыстарға талдау жасау.

«Досыңа сыйлық сыйла» шығармашылық көрме ұйымдастыру

«Ақпыз,қара,сарымыз ағайынбыз бәріміз!» балалардың суреті

Мақсаты: балалардың алған білімдерін  қорытындылау.

  • Блиц-сауалнама «Бүгінгікүннен не алдық?»

Мақсаты: акцияныңнәтижесін ,балалар мен ата-аналар,педагогтарүшінтиімділігінбағалау

  • «Жылылебіздер» қабырғагазетіндайындау

Мақсаты: әр түрлі тілде бір біріне жақсы тілектер тілеп, қолайлы жағдай туғызу.

Акцияларды түрлі бағытта ұйымдастыруға  болады:

  • Экологиялық акциялар («Қызыл кітапқа енген туған өлке жануарларын қорғайық», «Құстар асханасы», «Таза аула», «Табиғаттың кішкентай қамқоршылары» , «Табиғаттағы қайырымды істер панорамасы»)
  • Атаулы күндер мен мерекелерге арналған акциялар («Сүйікті анашыма», «Ешкім де ешнәрсе де ұмытылмайды», «Жаңа жылдық қайырымды істер», «Салауатты бола білу өнері»)
  • Қайырымдылық акциялары ( «Достарыма арналғансыйлық», «Ардагер атама ашық хат», «Бейбітшілік пен жақсылықтың ағыны»)
  • Патриоттық акциялар ( «Менің кішкентай Отаным» , «Ағаш ек,гүл ек туған жерді түлет», «Кішкентай патриоттар»)
  • Тақырыптық акциялар ( «Кітаптарды емдейміз» , «Ойыншықтар әлемі», «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік» )
  • Әлеуметтік-психологиялық акциялар («Өзіңе көңіл күй сыйла», «Мейірімділік ағашы»)

Күтілетін нәтиже қандай ?

мектепке дейінгі жастағы балалардың адамгершілік және жеке қасиеттерін дамытуға ықпал етеді;

-баланың шығармашылық  жағынан өзін өзі жүзеге асыруға жағдайлар жасалады;

-жүргізілген іс шаралар түрлі іс әрекеттердің жиынтығы  арқылы жүйелілік пен кіріктіру принциптерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді;

-акцияларды өткізу кезінде балалар өзіне жаңа білім алады,қорытынды жасай алады;

-алған икем дағдысын күнделікті өмірде қолдана алады,қоршаған ортамен өзара қарым-қатынаста тәжірибе алады;

-ата-ана-бала-тәрбиеші үштігі нығаяды;

-балаларда қолайлы эмоционалды ахуалды қалыптастыруға мүмкіндік береді;

-ересек балалар өзінің «Менін» түсінеді және қоғамның,мәдениеттің,әлеуметтің бір бөлігі екенін сезінеді;

 

Қызылорда облысы

Шиелі ауданы

«Айналайын бөбекжайы» КМҚК әдіскері: И.Тоқсанбаева


ПІКІР ҚАЛДЫРУ