Мектептің әлеуметтік картасының моделі

0
2652
Иллюстрация: Freepik.com

Әлеуметтік педагог – мектеп қызметкерлері мектепте оқушылардың әлеуметтік және мамандық алуда өзін-өзі дамуына жағдай жасайды, педагогтар мен  ата-аналардың негізгі гуманизмдік қағидаларға қарай іс-әректтерін ұйымдастырады.

Сондықтан  тарихи және мәдени салт-дәстүрдің жалғасын табуға көмектесетін мектеп қызметкері.

Мектептегі әлеуметтік педагогтың негізгі нысаны:

  • баланың құқығын қорғау;
  • баланың дамуына жағдай жасау;
  • жанұямен мектептің арасындағы байланыс пен әріптестік қатынастың жүргізіп отыру.

Әлеуметтік педагог өз қызметінде бағытталған мақсаты бойынша мемелекеттік басқарушы органдармен , қоғамдық ұжымдармен , 16 жасқа дейінгі, яғни оқушыларға қызығушылық білдіретін ұйымдармен байланыс құрады.  Білім беру бөлімінде педагогикалық кеңестерге қатысады, жергілікті билік өкілдерімен және жанұямен балаларды әлеуметтік қорғау қызметтік орындармен байланыс жүргізеді.

Әлеуметтік педагогтың әрекет ету кезеңдері:

I кезең — оқушылардың әлеуметтік өмірінің шынайы болмысын зерттеу.

II кезең – зерттеу материалдарының қорытынды құжаттарына сәйкес мақсат-індеттерді анықтайды; проблемалық шешуге тиіс жағдай болғанда, тіркелген субъектілердің әлеуметтік өмірінің мүмкіндіктерін есепке алады және жұмысты жоспарлайды.

III кезең – әрбір іс пен әлеуметтік педагогикалық қызмет кезеңдеріндегі зерттеу нәтижелері мен жоспардың іске асырылу барысында жеткен жетістіктерді конструкциялау жұмысын жүзеге асырады.

Әлеуметтік педагог өзара байланыс жасайды:

  1. Мектеп әкімшілігімен;
  2. Педагог-психологпен;
  3. Мұғаліммен;
  4. Тәрбиешілермен;
  5. Ата-аналармен;
  6. Оқушылармен;
  7. Медбикемен

Әлеуметтік педагогтің қызметік бағыттары

Әлеуметтік педагог өз қызметінде үш бағытта жүргізеді:

  1. балалар мен отбасының мүшелеріне жүргізілетін психодиагностикалық, психокоррекциялық қызмет әдістерін негіздеп, сараптайды және өңдейді;
  2. социумдағы әлеуметтік жағдайды зерттеп және оған болжам жасау арқылы отбасы мен балаларға  әлеуметтік- педагогикалық нақты көмек формаларын және түрлерін ұсынады;
  3. баланың жан-жақты психологиялық дамуына жағдай жасау, оқу мен тәрбиеге теріс көзқарасты жою, салауатты өмір салтына оңды көзқарас қалыптастыру, бала тұлғасы дамуының бұзылуы ебептерін анықтап, алдын-ала сақтандыру шараларын жүргізу, үгіт-насихат жұмыстары арқылы педагогтар мен балалардың психологиялық, құқықтық біліктілігінің жоғары болуын қамтамасыз ету.

Әлеуметтік педагог мектептің әлеуметтік картасын құрастыру кезінде тікелей сынып жетекшілермен (тәрбиешілерімен) жұмыс жасайды. Оқушылардың жеке мәліметтерін, отбасылық жағдайы туралы мәліметтерді  анықтауда төмендегідей сауалнамаларды қолдануға болады.

Оқушылар туралы жалпы мәліметті анықтауға арналған анкеталық сұрақтар
1.      Аты-жөнің
2.      Отбасыда неше жан бар және кімдер?
3.      Сенің алға қойған мақсатың қандай?
4.      Мектепте қандай пәндер ұнамайды, неге?
5.      Қандай пәндер ұнайды және несімен?
6.      Мектепте өтілетін қандай шараларға қатысасың?
7.      Сабаққа қанша уақыт дайындаласың, қай мезгілде?
8.      Cенің достарың кімдер, олардың қандай болғанын қалайсың ?
9.      Зиянды әдеттерге көзқарасың қандай?
10.    Өмірге қөзқарасың қандай?
11.    Жанұяда кіммен көп сырласасың? (әкеңмен, анаңмен, ағаңмен, әпкеңмен және т.б)
12.    Өзің туралы көзқарасың қандай?
13.    Адамгершілік деген ұғымды қалай бағалайсың?
14.    Оқушы қандай болу керек?
15.    Мектептегі ережелер   ұнайды      ма, әлде      ұнамайды  ма?   Не         себептен?
16.    Қандай       тақырыптағы       кітаптарды (газет-журналдарды) оқисың?
17.    Ата-анаңмен жиі ұрысасың ба? Не себептен?
18.    Болашақта қандай мамандық иесі болғың келеді?

 

Оқушылардың өзі және отбасы жағдайын анықтауға арналған сауалнама
Оқушы туралы мәлімет
1.      Оқушының аты-жөні:
2.      Туған жылы, айы, күні:
3.      Сыныбы:
4.      Қай мектептен келді?
5.      Cүйікті ісің:
а) кітап оқу;
ә) теледидар көру;
б) компьютерлік жұмыстар және ойындар;
в) техникалық заттар мен қолөнер бұйымдарды;
г) бос серуендеу.

 

Отбасы  және тұрмыс жағдайын анықтауға арналған  сауалнама
1.      Отбасы құрамы, саны:
а) Әкесінің аты жөні:
Туған жылы:
Қызметі, жұмыс орны:
ә) Анасының  аты-жөні:
Туған жылы:
Қызметі, жұмыс орны:
б) Отбасы мүшелері (аты-жөні, туған жылы, қызметі):
Ағасы
Әпкесі
Інісі
Сіңлісі (қарындасы)
2.      Отбасы бюджеті:
Әр адамға шаққанда орташа ақшалай кіріс:
3.      Тұрмыс жағдайы:
А) өте жоғары (100-80%)
Ә) орташа (80-40%)
Б) төмен (40-10%)
4.       Баланың оқуына және демалуына жағдай жасалған ба?
А) иә
Ә) жоқ

 

 

Мектептің әлеуметтік картасы

Оқушылардың әлеуметтік топтамасы Саны (пайызы)
1 Оқушылардың жалпы саны:  
Оның ішінде ұл бала саны:  
Қыз бала саны:  
2 Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың саны:  
3 Жартылай жетім оқушылар саны:  
Әкесі қайтыс болған:  
Анасы қайтыс болған:  
4 Аз қамтамасыз етілген отбасы балалар саны:  
Жалғызілікті аналардың балалары:  
Ажырасқан отбасы балалары:  
Отбасы жағайы өте төмен балалар:   
5 Көпбалалы отбасыдан шыққан балалар саны:  
6 Қандас (оралман) оқушылар саны:  
7 Мүгедек (үйде оқытылатын) балалар саны:  

 

Кенесова Алуа Сакенқызы
Ш. Смағұлов атындағы Алматы облыстық

мамандандырылған дарынды балаларға
арналған физика-математика
мектеп-интернатының
әлеуметтік-педагогы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ