Ел мен жердің намысын қорғап қалған батырлар (Қалқаман батыр, Сәти батыр, Сүйіндік батыр, Бөкенбай батыр, Шотана батыр)

0
1534

Қалмақ, жоңғарлармен соғыс кезінде, жан алысып, жан беріскен тұста қазақтардың арасынан қол бастап, жауға шапқан хас батырлар көптеп шыққан.

Халқымызды бодандықтан, жерімізді талан-таражыға салудан аман сақтап, алып қалған солар болатын. Міне, осындай атақты, халыкқа бір табан танымал ержүрек батырлар Баянаула маңынан да көптеп шыққан.

Олар Баян батыр, Қалқаман батыр, Сәти батыр, Сүйіндік батыр, Бөкенбай батыр, Шотана батыр, Шоқпар батыр, Олжабай батыр, Жасыбай батыр, Олжабайдың баласы Жалаңтөс батырлар.

Енді қолда бар деректер мен ел аузында сақталып қалған әңгімелер негізінде осы батырлардың өмірбаяндарына қысқаша болса да тоқталып көруге тырысалық.

Қалкаман батыр. Руы — Арғын ішінде Қаржас. Тәуке ханның 90 мың колын басқарған атақты қолбасшы Ақшаның сарбазы болған. Көбінесе жеке ерлігімен аты шыққан. Қазір оның атында Павлодардан 90 шақырым жерде Қалқаман деген үлкен елді мекен бар.

Батырдың сүйегі де сол жерде жерленген. Бұл атақты Бұқар жыраудың өкесі.Екінші батыр Едіге бидің тұстасы Сәти болып табылады. Руы — Қаржас. Аумалы-төкпелі заманда Ходжентке көшіп, одан 1729 жылы руластарын туған жерге, яғни Баянауылға қайтадан көшіріп алып келеді.

Осы тұста Сүйіндіктен шыққан Баян батыр, Ер Олжабай, Жасыбайлар Сәтимен қатар Абылай ханның үлкен құрметіне ие болғандығын айта кетуіміз керек.

Ал, келесі батырлар туралы «Анамның шыққан жері Сүйіндіктен» деп Мұхаммед Салық жазған «Шәйбанинамадағы» жойқын соғыстарда қолбасшы болған және Түркістан, Еділ қалмақтарымен болған соғыста қазақ қолына жеңіс әперген дарынды қолбасшы Сүйіндік батыр мен Бөкенбай жөнінде Қожаберген, Дәстем тарихи қисса жазған екен.

Онда мынадай жолдар бар:
Сүйіндік аргын Бөкенбай,
Бозқозы ердің баласы.
Қазақты жаудан қоргап тұр,
Келгеніні ие шамасы.

Орманшы ақсары Шотана батыр туралы Мәшһүр Жүсіп: «Қызылтауда Шотана тасы деген тас бар. Шотана батырдың үйі сол тастың түбінде отырғанда қорадан екі өгізін түнде ұры үрлап кетіпті. Алакеуімнен түрегеліп, өгізді үры алып кеткенін біліп, Шотана батыр тастың басына шығып айғай салыпты:

— Тастап кет менің өгізімді, атым Шотана, жердің тесігіне тығылсаң да қоймаймын, — дегенде алған үрылар Түндіктің өзенінен асып барады екен. Артымыздан қуып келіп қалған екен ғой деп малды тастай сала қашқан екен», — деп жазады.

Шоқпар батыр қалмақты Ертіске жеткізбей қырғанда жасы ең үлкені екен. Бұл туралы Жанақ ақын өзінің «Баянаула туралы дастанында»:

Шоқпардан жас болыпты барлық батыр
Алпыс жыл аттан туспей келе жатыр.
Қалмақ қызын бас қылып, олжа беріп,
Қонысы — өзі алган улкен адыр.

Бет қоя өз жеріне қашқан қалмақ,
Батырдың тізесіне кім шыдамақ.
«Серектас» деген аты қалдырылып,
Аталып «Қалмаққырган» содан қалган …, -деп жырлайды.

Ал, Олжабай мен Жасыбай батырлардың ерлігін жасымыздан өзіміз де естіп өстік. Ботбайдың Қызылшілігі деп аталатын жерде әр төбенің басында әлі күнге дейін қалмақтардың таспен үйіліп, жабылған молалары кездеседі.

Қалқан, қылыш, найза сияқты тот басып шіруге айналған дулыға, шілтерлер жиі кездеседі. Бүл арадан тау арасындағы атақты «Қалмаққырған» қорғаны да алыс емес. Оны күні бүгінге дейін сақталған.

Қазіргі С.Торайғыров атындағы шаруашылықтан аудан орталығы Баянауылға дейінгі айналыс жол 25 шақырым. Ал, тікелей тау арқылы өтетін тік қия 8-ақ шақырым. Осы қия жолдың дәл етегінде, тау арасында суы мөлдір, тостақанға ұқсас, сұлу да тәкаппар «Жасыбай» көлі жатыр.

Бұл көл бұрын қалмақтың Шойын деген батырының атымен «Шойынкөл» аталған екен. Сондай бір оқиғалар туралы Жанақ ақын өзінің «Баянаула туралы дастанында»:

Осы көл таман тастың ортасында,
Мұнарлы булт ілінер тау басына.
Бас иіп, сәлем берген секілденіп,
Бүгіліп әр турлі агаш тур қасында.

Шын сөз қиыстырса келеді ебі,
Болған іс бір айтылмай қалмас тегі.
Аң қуып таудан қулап суға кеткен,
Қалмақтың Шойын батыр деген бегі.

Ол күнде бул тауларды қалмақ алған,
Қорым қып әрбір жерге белгі салған.
Тұлпардың екпінімен суға ққлап,
Аталып «Шойынкөл» содан қалған.

Жол салған тасты бұзып Жасыбай ер,
Әркімнің ертеден-ақ аузындағы ер.
Арқадан қалмақ ауып өз жеріне,
Кеткен соң ат қойылган «Жасыбай көл».

Секілді салған жолы тасты қиып,
Ертеден жұрттың бәрі жүр ғой көріп.
Қияның шұңқырына қарағанда,
Құласа қауіп қылар «өлем-ау» деп.

Әңгіме таусыла ма айта берсек,
Солармен ерте турып, бірге журсек.
Жасыбай кім екенін сұрасаңыз,
Жалықпас тап руы Қаракесек.

Жасыбай батыр екен ту көтерген;
Басшы қып әр адамдар соңына ерген.
Сол жолмен аңғал батыр келе жатса,
Отырған тау басында қалмақ көрген.

Жол тосқан жауыз қалмақ Қуба мерген,
Туы бар келе жатпқан қолы көрген.
Көрінбей тас тубінде тура қалып,
Маңдайдан садақпенен тартып берген.

Моласы Жасыбайдың тау басында,
Қияның өзі салған қырқасында.
Қалған сөз өлгендерден бірден-бірге,
Өлгенде кім болыпты сол қасында.

Жасыбай батырдың бұл қайғылы қазасын естіген Бөгенбай, Олжабай, Малайсары батырлар қол бастап келіп, қалмақтардан өш алады. Оларды Ертіске жеткізбей, бірін қалдырмай қырып салады.

Олжабай батыр. Бұл арада тағы да Жанақ ақынның жырына жүгінеміз. Ол 1833 жылдың 11-ші тамызында Баянауыл дуанының ашылуына байланысты:

Жамбақыны жайлаған,
Батырларына беріп тапсырма
Олжабай тауды нұсқаған:
Құба қалмақ жайылган,

Атаңа нәлет ата жау
Қуылады деп сөзді байлаған.

Қызығып кеткен дейді гой
Баянның сулу тауына,
Көз жасындай көліне,
Еженханның адамы.., —деп жырлаған.

Айдабол мен Қаржас ата қонысына қайтып келіп жайғасқаннан кейін он-он бес жылдан соң жоңғарлардың Орта жүзге қайта шабуыл жасағаны белгілі.

Сонда қыруар қолды басқарған Айдабол руынан шыққан Ер Олжабай ала туды асқақтата шаншып қойып:

— Мынау Абылайдың туы. Бұл ту «ақтабан шұбырындыдан» кейін жеңіске жеткен қазақтың аспанында желбіреген және үш күздің басын қосқан. Жау қайта шапқанда, Абылай хан осы туды бізге жолдапты. Бұл — жеңіске жетектейтін ту! — деген екен.

Бұл туралы жазушы Қ.Исабаев: «Абылай туын расымен Олжабайға беріп жіберді ме, мәселенің бұл жағы жанға жария емес. Халық бір-ақ нәрсені біледі: сол тудың астында қазақ ол жолы да жеңіске жеткен. Содан халық арасында «Абылай ала туын Олжабайға ұстатқан», — деген сөз қалған», — деп жазады.

Дереккөз: Бір туар дара тұлғалар, Қ.М. Алдабергенов, Е.М. Арын, Б.Т. Бапхкеева

Басқа материалдар:

  1. Қарадан шығып хан болған — Шоң мен Шорман би туралы
  2. Ғасырлық туынды. Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы туралы
  3. Зейін Шашкиннің өмірі туралы очерк
  4. «Бесатар» повесі немесе қызыл империяға қарсы атылған оқ
  5. Асқар Сүлейменовтың өмірі мен қызметі
  6. «Қаһар» романы туралы. Шығарманың тілдік ерекшелігі
  7. Ілияс Есенберлиннің өмірі туралы мәлімет
  8. Сәкен Сейфулиннің өмірі мен еңбек жолы
  9. Сәкен Сейфуллин өлеңдерінің идеясы мен мәні
  10. «Қайталау» теориясы туралы түсінік

ПІКІР ҚАЛДЫРУ