Мемлекеттің қаржы жүйесі мемлекеттік бюджеттің теориялық негiзi

0
1477
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.

Экономикалық категория ретiнде мемлекеттiк бюджет қоғамдық өнiм құнының  мемлекеттің  орталықтандырылғын қаражат қорын құру жолымен жоспарлы түрде бөлу, қайта бөлу процесiнде және оны ұдайы  өндiрiстi ұлғайту, қоғамдық қажеттердi қанағаттандыруға пайдалану барысында мемлекет пен қоғамдық өндiрiске басқа да қатысушылардың арасында қалыптасқан ақша қатынастарын белгiлейдi.

Мазмұны

Кiрiспе

  1. I. Мемлекеттің қаржы жүйесі мемлекеттік бюджеттің теориялық негiзi
    • Мемлекеттiк бюджеттің экономикалық мәнi 
    • Мемлекеттiк бюджеттің кiрiсi мен шығыстары 

        және олардың құрылымдары

 

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi    

 

Кiрiспе

Экономикалық категория ретiнде мемлекеттiк бюджет қоғамдық өнiм құнының  мемлекеттің  орталықтандырылғын қаражат қорын құру жолымен жоспарлы түрде бөлу, қайта бөлу процесiнде және оны ұдайы  өндiрiстi ұлғайту, қоғамдық қажеттердi қанағаттандыруға пайдалану барысында мемлекет пен қоғамдық өндiрiске басқа да қатысушылардың арасында қалыптасқан ақша қатынастарын белгiлейдi.

Бюджет экономикаға бюджет механизiмi арқылы ықпал етедi. Мұнда бюджеттің бүкiл экономикаға ықпал құралы ретiндегi рөлi көрiнедi. ²Бюджет механизiмi² -мемлекеттің  ақшалай қаражаттарының  орталықтандырылған қорын құру және пайдалану формалары мен әдiстерiнің жиынтығы. Экономиканы реттеу орталықтандырылған қаражат қорының көлемiн белгiлеу, оны құру, пайдалану формалыры мен әдiстерiн реттеу, бюджеттi құру және орындау процесiндегi қаржы ресурстарын қайта бөлiске салу жолымен жүзеге асырылады.

Мемлекеттің  негiзгi қаржы жоспарының  көрсеткiштерi республика  Жоғарғы Кеңесiнің  жыл сайын қабылдайтын ²мемлекеттiк бюджет туралы² заңына сәйкес мiндеттi түрде орындалуы тиiс.

Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан барлық меншiк формасындағы кәсiпорындар, бiрлестiктер мен шаруашылық жүргізушi субъектiлер  республикалық бюджетке, кеден тарифтерiне сәйкес ұлттық валютамен экспорттық және импорттық баж салықтарын төлейдi.

Мына қорларға түсетiн  және олардан аударылатын қаражат республикалық бюджеттің кiрiсi  құрамында ескерiледi.

Ал, шығысына келетiн болсақ  Қазақстан Республикасының  халықтарын әлеуметтiк, экономикалық қорғау мақсатында жұмсалады.

 I. Мемлекеттің қаржы жүйесі ретіндегі мемлекеттік бюджеттің теориялық негізі

1.1. Мемлекеттiк бюджеттің экономикалық мәнi

Мемлекеттiк бюджеттің экономикалық мәнi сан алуан қаржы баланстарында жекелеген ерекшеiктерi белгiленетiн  айырықша салалары бар. Мәселен, мемлекеттiк кәсiпорындармен, ұйымдармен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары қоғамдық өнiмдi құндық бөлудің айырықша саласын құрайды.Бұл  қатынастар қоғамдық қажеттердi өтеуге арналған, орталықтандырылған қаражат қорын құрап, пайдалануға байланысты.Бұл  процесс мемлекеттің  тiкелей қатысуымен жүзеге асырылып отырады. Қаржы қатынастарының  бұл  жиынтығы ²Мемлекеттiк бюджет² деп аталған ұғымның  экономикалық мазмұнын құрайды.

Мемлекеттiк бюджет экономикалық қатынастардың жиынтығы ретiнде объективтiк  сипатқа ие. Оны бөлудің дербес саласы ретiнде өмiр сұруiн қоғамдық өндiрiстің өзi айқындайды. Оны жоспарлы дамыту орталықтандырылған ресурстарды қаже етедi. Қаражатты орталықтандыру бүкiл халық шаруашылығы ауқымында  қорлардың ұздiксiз айналымын ұйымдастыру үшін, жапы экономиканың  жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшін қажет. Арнайы бюджет саласының  құндық бөлiнiсi  мемлекеттің  табиғаты мен қызметiнен туындайды. Мемлекет қаржыландыруға бүкiл қоғам ауқымында әлеуметтiк-мәдени шаралар өткiзуге, қорғаныс мiндеттерiн шешуге, мемлекеттiк басқарудың жалпы шығындарын жабуға орталықтандрылған қаржыны қажет етедi.

Сөйтiп, мемлекеттiк бюджет Ұдайы  өндiрiстің қажеттерiнен, мемлекеттің табиғатынан объективтi қажеттiлiк туындайтын болып табылады.

Экономика қазiргi жағдайында орталықтандырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өндiрiс қарқынын қамтамасыз ететiн салалық және аумақтық  құрылымдар құрып, iрi әлеуметтiк өзгерiстер жүргізуге мұмкiндiк бередi. Орталықтан бөлiнетiн қаржының  көмегiмен қаражат экономиканың  басты учаскелерiнде шоғырланып, мемлекеттің  экономикалық және әлеуметтiк саясатын жүзеге асыруға жағдай жасайды.

Сөйтiп, құндық бөлiнiстің  айырықша бөлiгi ретiнде ²Мемлекеттiк бюджет² айырықша қоғамдық арналымды жалпы мемлекеттiк қажеттердi қанағаттандыруға қызмет етедi.

Нақты, объективтi бөлiстің  қатынастардың формасы болғандықтан айырықша қоғамдық арналымды орындай отырып, мемекеттiк бюджет экономикалық категория ретiнде көрiнедi.

Қаржы қатынастарының  жиынтығы ретiнде мемлекеттiк бюджетте қаржы категориясына тән сипттар бар.

Бюджет қатынастары бөiстiк сипатта мақсатты ақша қорларын құрап, пайдалану арқылы жүредi. Сонымен қатар, бюджеттiк қатынастардың белгiлi бiр ерекшелiктерi болады. Бiрақ ол ерекшелiк қаржыға тән сипат шегiнен шықпайды. Мемлекеттiк бюджет құн бөлiнiсiнің айырықша саласы ретiнде мынаармен сипатталады:

  • жиынтық қоғамдық өнiмнің мемлекет қоында жинақталып, қоғамдық қажеттердi өтеумен байланысты бөлiс қатынастарының айырықша экономикаық формасы боып табылады;
  • құнды жасап, оны тұтыну процессiн бедерлейтiн материадық өндiрiс қаржысымен құнды тұтынуға қызмет ететiн өндiрiстен тыс сала қаржысынан айырмашылығы бюджет халықшаруашыығы салалары, аумақтар, экономика секторлары, қоғамдық қызмет салалары арасында құнды қайта бөiске салуға арналған.

Қоғамдық өнiмнің тауар формасындағы қозғалысы мен тiкелей байланысы жоқ құнды бөлiсi, одан алашақтау жүзеге асырылады, ал материалдық өндiрiспен өндiрiстен тыс салаларда қаржы қатынастары тауар –ақша қатынастарымен астасып жатады.

Кез келген басқа экономикалық категория сияқты, мемлекеттiк бюджет өндiрiстiк қатынастарыды бейнелеп, соған лайық метериалдық –заттық көрiнiс табады. Бюджет қатынастары мемлекеттің ақшалай қаражаттарының  орталықтандырылған қорында –бюджет қорында заттанады. Нәтижесiнде қоғамда жүрiп жатқан нақты экономикалық процестерi мемлекет жұмылдырып, пайдаланатын қаражат тасқынынан көрiнедi. Бюджет –қоры қоғамдық өнiммен ұлттық табыстың құндық бөлiнiсiнің тиiстi кезеңдерiнен өтiп, ұдайы  өндiрiстi ұлғайтып, халыққа әлеуметтiк- мәдени қызмет көрсету, қорғаныс, басқару жөнiнде қажеттердi қанағаттандыру үшін мемлекет қарамағына түскен бөлiгiнің объективтi алғы-шарты бар экономикалық формасы. Бюджет қорын қалыптастыру мен пайдалану, бөлу және қайта бөлуге байланысты болатын құн қозғалысының  процесiн бiлдiредi.

Экономикалық категория ретiнде мемлекеттiк бюджет қоғамдық өнiм құнының  мемлекеттің  орталықтандырылғын қаражат қорын құру жолымен жоспарлы түрде бөлу, қайта бөлу процесiнде және оны ұдайы  өндiрiстi ұлғайту, қоғамдық қажеттердi қанағаттандыруға пайдалану барысында мемлекет пен қоғамдық өндiрiске басқа да қатысушылардың арасында қалыптасқан ақша қатынастарын белгiлейдi.

Бюджет экономикаға бюджет механизiмi арқылы ықпал етедi. Мұнда бюджеттің  бүкiл экономикаға ықпал құралы ретiндегi рөлi көрiнедi. ²Бюджет механизiмi²-мемлекеттің ақшалай қаражаттарының  орталықтандырылған қорын құру және пайдалану формалары мен әдiстерiнің жиынтығы. Экономиканы реттеу орталықтандырылған қаражат қорының  көлемiн белгiлеу, оны құру, пайдалану формалыры мен әдiстерiн реттеу, бюджеттi құру және орындау процесiндегi қаржы ресурстарын қайта бөлiске салу жолымен жүзеге асырылады.

Өндiрiс құрал-жабдықтарына мемлекеттiк меншiктің әзiрше, басым болуы шаруашылықты ұйелстiре жүргізудi қажет етедi. Мұның өзi бюджет қатынастарының жұмыс iстеуiнің жоспарлы мақсатын алдын ала айқындайды. Бюджет байланыстарының мақсаты сипаты, мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры  қозғалысының осыған ұқсас формасы бюджет байланыстарын тиiстi қаржы құжаты- елдің негiзгi қаржы жоспарында бейнеленетiндiгiне жеткiзедi. Онда бюджеттің экономикалық мазмұнын құрайтын бөлiс процестерi қарастырылады, кiрiстер және шығыстардың  баптары мемлекеттің ақшалай қаражаттарының  орталықтандырылған қорын қалыптастыру көздерi мен жұмсалу бағыттарын көрсетедi.  Негiзгi қаржы жоспары мемлекеттің  жоспарлы қызметiнің  нәтижесi; қоғамның барлық мұшелерiнің  мұдделерiн бейнелейтiн мемлекет еркi бейнеленедi.

Мемлекеттің негiзгi қаржы жоспарының көрсеткiштерi республика  Жоғарғы Кеңесiнің жыл сайын қабылдайтын ²мемлекеттiк бюджет туралы² заңына сәйкес мiндеттi түрде орындалуы тиiс.

Қоғамдық ұдайы  өндiрiстегi мемлекеттiк бюджеттің рөлi, ең алдымен өндiрiлген ұлттық табыстың 39%-нің жалпы қоғамдық өнiмнің 18%-iн бөлуге және қайта бөлуге түсуiнен көрiнедi. Ол, жоғарыда аталып өтiлгендей қаражатты елдің халықшаруашылығы салалары, қоғамдық қызмет саласы, өндiрiс секторлары, экономикалық аудандары мен аумақтары арасында бөледi.

Бүкiл халықшаруашылығының бюджетi болғандықтан, мемлекеттiк бюджет экономикаға тұтас ықпал жасайды.

Мемлекеттiк бюджет материалдық өндiрiс саласында оның өсуiнің стимуляторы ретiнде зор рөл атқарады. Бюджет қаржысы жеке (жеке кәсiпорындар шеңберiнде) және қоғамдық (бүкiл халық шаруашылығы ауқымында) қорлар қозғалысын қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.

Кәсiпорындардағы  кұрделi жұмсалымдары мен айналым  қаржысын бюджеттен қаржыландыру, операциялық және басқа шығындарын жабу бюджетке жеке кәсiпорындардың өзiндiк айналым қораларына қосылып, оның iркiлiссiз бiрқалыпты жүруiне мұмкiндiк бередi.

1.2.Мемлекеттiк бюджеттің кiрiсi мен шығыстары және олардың құрылымдары

Бюджет кiрiсi мемлекет кiрiсiне қарағанда барынша тар мағынада болып келедi. Бюджеттің барлық денгейiндегi билiктің қаржылық қаражатынан бөтен мемлекеттiк бюджеттен тыс қорлар мен бүкiл мемлекеттiк сектордың ресурстарын қамтиды.

Бюджеттің басты материалдық көзi-Ұлттық табыс. Егер қаржылық қажеттiлiктi жабу үшін жеткiлiксiз болса, мемлекет Ұлттық байлықты да тартады.

Мемлекеттiк билiк органдарының Ұлттық табысты қайта бөлу үшін және бюджеттiк кiрiстi құруға қолданылатын негiзгi әдiстерiнің бiрi –салықтар, мемлекеттiк несие мен ақша эмиссиясы болып табылады. Елдер бойынша  және уақыт бойынша олардың арасындағы қатынастары да тұрлiше болып келедi. Елдегi экономикалық жағдайлармен айқындалады, экономикалық, әлеуметтiк және басқа да қарама –қайшылықтарға да байланысты, мемлекеттің қаржылық және қаржылық саясаты жағдайына да байланысты.

  1. Басты әдiсi ұлттық табысты қайта бөлу-салықтар бюджет кiрiсiнің басты ұлесiн қамтамасыз етедi;
  2. Келесi өзiнің қаржылық жағдайынан бюджет кiрiсi болып келетiнi мемлекеттiк заемдарды алудың екi жолы бар:

а) мемлекет атынан құнды қағаздар шығару жолымен жеке және заңды тұлғалардан алынған мемлекеттiк заемдар;

б) орталық және басқа да несиелiк мемлекеттерден алынған несиелер.

  1. Кездейсоқ жағдайлар болғанда салықтық төлемдер алуға мемлекеттің мұмкiндiгi болмағанда қағаз ақша эмиссиясына жұгiнедi.

Бюджет табыстары тұрлi белгiлерi бойынша жiктеледi. Құрылу көздерi бойынша олар заңды тұлғалардың салықтарына халықтан алынатын салыққа, заемдерге, мемлекеттiк меншiктi сатудан түскен түсiмдерге және тағы басқаға бөлiнедi.

Алу әдiстерi бойынша –салықтық, салықтық емес, салық түрлерi бойынша –акциздерге қосымша құн салығына, табыс салығына, кiрiс салығына  және тағы басқаға бөлiнедi.

Қоғамның экономикалық өмiрiнде бюджеттiк шығындардың ролi мен мәнiн айқындау үшін олардлың айқын белгiлерiн қарай жiктейдi. Теория мен тәжiрибеде бюджет шығындарын жiктеудің бiрнеше белгiлерi бар. Ең алыдмен бюджет шығындарына  экономикалық жiктеу қолданылады, олардың ұлғайған ұдайы  өндiрiсiнің барысына әсерiн көрсетедi.Бұл  жағдайда ағымдық және капиталдық бюджет шығындарына бөлiнедi. Ақша қаражаты бағытталатын қоғамдық қызмет саласын көрсететiн бюджет шығындарының қызметтiк жiктелуiнің мәнi зор.

Ведомствалық  жiктеуi- бюджеттiк ассигнования алатын заңды тұлғаларды немесе мемлекеттiк мекемелердi сай келерлiк министрлiктерге бөлуге мұмкiндiк бередi. Бюджет шығындарын бұл ай жiктеу, басқару жұйесiнің өзгеруiмен байланысты, шығындар құрылымындағы ұлкен өзгерiстердi көрсетедi.

Мақсаттық бағытына қарай  жiктеу, яғни жұмсалуының нақты тұрiне қарай шығындарын жiктеу, бюджет қаражатын тиiмдi қолдану үшін алдын-ала жағдайын туғызады, бюджеттiк ассигнованияны ықшамды түрде бақылау мен тиiмдi жүзеге асыру үшін қажеттi база болып келедi.

Шығындарын аумақтық жiктеу-Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару деңгейiне сай бюджет шығындары мемлекеттiк бюджет және жергiлiктi жергiлiктi бюджет шығындарына бөлiнедi.

Мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын жасаумен және пайдаланумен байланысты бюджеттің қызыметi айрықща эканомикалық формалар арқылы атқарылады. Олар құндық бөлiнiстің жеке кезеңдерiн көрсетедi.

Екi категорияда объективтi және бюджет секiлдi өздерiнің арнайы қоғамдық мiндеттерi бар: кiрiстер мемлекетке қажзеттi қаражатпен қамтамасыз етсе, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды тиiстi мемлекеттiк қажеттерге бөледi.

Кiрiстер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы мемлекеттің нақты әлеуметтiк –экономикалық, тарихи жағдайда жүзеге асыратын iске асыру бағыттарына байланысты соның өзiнде мемлекет кiрiстердi қалыптастырып, шығындарды жұмсаудың нақты жағдайға сәйкес формалары мен әдiстерiн пайдаланады. Мемлекеттiк бюджет кiрiстерiнің көздерi әдетте, салықтар немесе төлемдер болып табылады. Мысалы, бұрынғы Кеңес Одағында – мемлекеттiк бюджетке қаржы түсiмдерiнің басты көзi кәсiпорындар мен ұйымдар пайдасынан алынатын төлемдер мен айналым салығының түсiмдерi болып келедi.Бұл  төлемдер экономикалық мәнi жағынан салықтық түсiмдер болып табылғанымен, ресми түрде олай саналмайды. Сол сияқты 1991 жылға дейiн формальдi түрде салықтар қатарына жатпағанымен iс жұзiнде өнiм мен оны өткiзу бағасының құрамына енетiн, жанама түрде халық төлейтiн әлеуметтiк салықтандыруға (10%-ке дейiн) бөлiнген қаражаттар бюджетке түсетiн. Халық шаруашылығы дамуының қазiргi кезеңiнде республикалық бюджеттің кiрiсi мыналардың есебiнен қалыптасып отыр:

  • қосылған құнға салынатын салық;
  • акциздер;
  • меншiк формаларына қарамастан кәсiпорындардың, бiрлестiктер мен ұйымдардың, (соның iшiнде шетелдiк және бiрлескен кәсiпорындардың) пайдасына салынатын салық;
  • жер салығы;
  • тiркелген (ренталық) төлемдер;
  • құнды қағаздармен жасалынатын операцияларға салынатын салық;
  • Қазақстан республикасының 1992 жылғы мемлекеттiк iшкi Ұтыс заемының қазыналық бондарын өткiзуден түскен табыстар;
  • Қысқа мерзiмдi қазыналық вексельдердi аукциондарда сатудан алынған табыстар;
  • Мемлекеттiк мүлiктi өткiзуден түскен түсiмдер;
  • Басқа да жалпы республикалық салықтар, алымдар мен салық алынбайтын әртұрлi төлемдер;
  • Сыртқы экономикалық қызметтен түсетiн табыстар (экспорттық және импорттық баж салығы, импорт бойынша сатып алынған бiрiншi қажеттегi тауарды сатудан түскен түсiмдер).

Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан барлық меншiк формасындағы кәсiпорындар, бiрлестiктер мен шаруашылық жүргізушi субъектiлер  республикалық бюджетке, кеден тарифтерiне сәйкес ұлттық валютамен экспорттық және импорттық баж салықтарын төлейдi.

Мына қорларға түсетiн  және олардан аударылатын қаражат республикалық бюджеттің кiрiсi  құрамында ескерiледi.

Жер қойнауын қорғау және   минералдық шикiзат базасын ұдайы  толықтыру қоры;

Экономиканы өзгерту қоры;

Жол қоры;

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттiк қоры;

Кәсiпкерлiк қолдану және бiрлестiк қоры;

Табиғат қорғау қоры;

1994 жылға раналған республикалық бюджетке келiп түсетiн табыстар көздерi бойынша –салықтар, алымдар мен басқа түсiмдер оның кiрiсiнің 40 пайызынан астамын мақсатты  қаржыландыру қоралары 50 және сыртқы экономикалық қызметiнің кiрiсi  6,3 пайызын құрайды.

Жергiлiктi бюджеттердің кiрiстерi Қазақстан Республикасының заңдарында бекiтiлген көздер және жалпы ақша есебiнен құралады.

Қазақстан республикасы азаматтарының шетел азаматтарынан және азаматтығы жоқ адамдардан алынатын табыс салығы, мемлекеттiк баж салығы, су үшін төлем және табиғи ресурстаға салынатын салық, орман табысы, жалпыға бiрдей мiндеттi жергiлiктi салықтар мен алымдар ставкаларвн жергiлiктi әкiмдер айқындайтын жергiлiктi салықтар мен алымдар, Қазақстан республикасының  1992 жылғы мемлекеттiк iшкi заемын орналастырудан түсетiн түсiмдер, алымдар мен салық салынбайтын әртұрлi төлемдер толығымен жергiлiктi бюджеттердің есебiнен есептелiнедi; республикалық бюджетке есептелетiн жекелеген табыс түрлерi Бұған қосылмайды. Жалпы мемлекеттiк салықтар, алымдар мен теөлемдер бөлiгiнің мөлшерiн Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi белгiлейдi.

Мемлекеттiк бюджеттің шығыс бөлiгi көптеген бағыттарды қамтиды. Олар iрiлендiрiлiп, былай бiрiктендiрiледi: халық шаруашылығын қаржыландыруға бөлiнетiн қаржы бүкiл шығыстардың 19 пайызын құрайды;

Әлеуметтiк- мәдени шараларды қаржыландыруға бөлiнетiн қаржы- 6 пайыздан астамын құрайды.

Қалған қаржы мемлекеттiк үкімет, мемлекеттiк басқару, сот органдарымен прокуратураны, құқық қорғау органдарын ұстауға, қорғанысқа жұмсалады.

Қаржының бiр бөлiгi министрлер кабинетiнің резерв қорын құрауға, мемлекеттiк борышты ақтауға және басқаларға жұмсалады.

Республика бюджетiнің шығыс бөлiгiнің құрамы мен құрылымы- әлеуметтiк- экономикалық бағыты бөлекше: әлеуметтiк-мәдени шараларды қаржыландыруға  6,4 % мемлекеттiк үкімет органдарын, сот органдарын және прокуратураны ұстауға- 0,8 %. Қаржы резервiн құру және мемлекеттiк борышты  атқаруға шығындар қарастырылады. Халық шаруашылығын және әлеуметтiк –мәдени шараларды қаржыландыру шығындарының едәуiр бөлiгi субвенция формасында төменгi бюджеттерге жiберiледi.

Кiрiстер мен шығыстардың  тәптiштелген тiзiмi мен топтамасы бюджет жiктемесiмен айқындалады. ²Бюджет жiктемесi²-Бұл  мемлекеттің қаржы органдардың бүкiл бюджеттiк қызметiнің негiзiн қалайтын бюджеттің кiрiстерi мен шығыстарының жұйеленген экономикалық топтамасы.

Бюджет жiктемесi  мемлекеттің экономикалық және әлецуметтiк дамуының жоспарлы, болжамдары мен бағдарламалары министрелер мен ведомствалар, ұйымдар мен мемлекеттердің қаржы жоспарларының бюджеттің байланысын қамтамасыз етедi, жеке сметалар мен қаржы жоспарларын жиынтық сметаларға және жоспарларға бiрiктiруге мұмкiндiк бередi, жиынтық жоспарлар мен бюджет жазбаларының байланысын қамтамасыз етедi.

Бюджет жiктемесiнің бөлiм, тарау және баптары болады. Бюджет кiрiстерiнің жiктемесiнде бөлiмдер кiрiстердің (қосылған құнға салынатын салық, халықтан алынатын мемлекеттiк салықтар және тағы басқа) тараулар әрбiр бөлiмде өзiндiк мәнге ие: мысалы ²қосылған құнға салынатын салық² бөлiмiнде тараулар өнiм өндiретiн және осы салықты арнайы бөлiмдер бойынша төлейтiн халық шаруашылығы кешендерiн анықтайды. Сыртқы экономикалық қызметтің кiрiстерiн есептейтiн бөлiмде импорт және экспорт баж салықтары, тауар айырбасы операцияларынан түсетiн кiрiстер, биржа операцияларынан түсетiн түсiмдерге және тағы басқа тарауларға бөлiнедi.

Шығыстар  жiктемесiнде бөлiмдер қаражаттардың негiзгi бағыттарын көрсетедi. Мысалы: 100 бөлiм ²халық шаруашылығы², 150 бөлiм ²сыртқы экономикалық қызметпен байланысты шығындар², 200 бөлiм ²ағарту², 201 бөлiм ²мәдениет және бҰқаралық ақпарат құралдары², және  тағы басқаны көрсетедi. Ал тараулар Ұйымдар мен кәсiпорындар бiр тұрпатты мекемелер, сондай-ақ шығындар мен шаралар түрлерi бойынша шығындарды  бiлдiредi.

Кәсiпорындар мекмелер мен ұйымдар үшін кiрiстердi есептейдi және бөлiмдер мен тараулар тұрғысынан шығындарды қаржыландыру тараулар бойынша жүргізiледi.

Кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдарды қаржыландыру шығындардың жеке түрлерiн анықтайитын баптар бойынша жүргізiледi: еңбек ақы қоры (еңбекке ақы төлеу), жалақы есебi, кеңсе және шаруашылық шығындары, құрал-жабдықтар сатып алу кұрделi жұмысалым, кұрделi ғимараттарды жөндеу және тағы басқалары.

Бюджеттiк жiктелу- қызметтiк, ведомстволық  және экономикалық сапасы бойынша  Қазақстан Республикасының  Қаржы Министрлiктерi бекiткен  бюджетке түсу және  бюджеттен жұмсалу топтамалары болып келедi.

Облыс бюджетi – бiр-бiрiнің арасындағы өзара жатқызылатын  операциялар есебiнсiз жасалған облыстық, халалық және аудандық бюджеттің жиынтығы.

Бюджеттiк бағдарлама- айқын бiр мемлекеттiк  қызметтi орындау  бойынша iс шаралар жиынтығы.

Бюджеттiк процедура – бюджеттi жасау, қарау, бекiту, қолдану бойынша, оның орындалуы бойынша есебiн бекiтудегi  мемлекеттiк органдар  мен қызметтiк  тұлғалардың қызметтерiн заң өкiлдерiмен белгiлеу.

Үкiметпен кепiлдендiрiлген қарыз- Қазақстан республикасының үкіметiнің кепiлдiгi бар, айқын бiр уақытта  игерiлген сомма және қайтарылмаған, өтелмеген заемдар.

Мемлекеттiк құнды қағаздар –үкiметтің  және жергiлiктi  атқарушы органдардың  шығарған құнды қағаздарын және Қазақстан республикасы Ұлттық банкiнің  құнды қағаздары.

Мемлекеттiк бюджет- бiр –бiрiмен өзара жатыстырылу есебiнсiз, республикалық жергiлiктi бюджеттер жиынтығы.

Бюджеттер тапшылығы – шығыстар көлемiнің бюджеттен қайтарымды негiзде  бөiнген кредиттердің бюджетке түсетiн түсiмдердің  жалпы сомасынан асып кетуi. Бекiтiлген республикалық бюджет тапшылығының  мөшерi ұлттық валютамен және iшкi жалпы  өнiмге қатысты  процестен, ал жергiiктi бюджеттің  тапшылығы  ұлттық валютамен  көрсетiледi.

Бюджет кiрiстерi- салықтардан, алымдар мен бюджетке төленетiн  басқа да мiндеттi төлемдерден алынатын түсiмдердің салыққа жатпайтын және  өзге де түсiмдердiң, сондай-ақ бюджетке қайтарылмайтын негiзде кеiп түсетiн капитамен жасалынатын  операциялардан түсетiн кiрiстердің көлемi.

Жергiлiктi бюджеттер – облыстық бюджеттер арнаулы экономикалық  аймақтардың қаржы қорлары қалалардың (аудандық маңызы бар қалалардан басқа)  қала аудандарды  қоспағандағы, аудандардың бюджеттерi; жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз ауы – облыстар, Астана және Алматы  қалаары әкiмдерiнің   жергiлiктi  атқарушы органдардың шарты немесе бағалы қағаздарды нысанадағы заемдарда тарту, алу, орналастыру, қызмет көрсету және  өтеу процесi. Бюджеттiк профициттiк пайдалану – борыштың  негiзгi соммасын қайтаруға  жiберiлетiн бюджет профицитiнің заем қаражаттары түсiмi шегерiлген көлемi.

Мемлекеттiк бюджет бiртұтастық, толықтық, нақтылық, жариялылық принциптерiне негiзделедi. Бiртұтастық принципi-бюджет жұйесiнің ұйымдық эканомикалық орталықтандыру дәрежесiн бiлдiредi.Бұл  принцип бұрынғы Кеңес Одағының бюджет жұйесiнде неғұрлым айқын аңғарылатын. Қазiргi уақытта жергiлiктi органдардың дербестiк алып, оларға қаржы ресурстарын пайдалану жөнiнде бiршама құқықтар берiлуiне байланысты әлсiреп отыр.

Бiртұтастық мемлекетте бiрiңғай бюджет жұйесiнiң, елдің аумағында әрекет ететiн мемлекеттiк табыстардың жалпы жұйесiнің өмiр сұруiнде, мемлекеттiк шығындардың бiркелкiлiгiнде қаржы құжаттарының бюджет жүктемесiнің бiрлiгiнде көрiнедi.Бұл  принцип бюджеттi жоспарлаудың әдiстерi ұйымдастырылудың  бiрiңғайлылығын  оның әлеуметтiк-эканомикалық болжаммен өзара байланысын қамтамассыз етедi. Бюджеттің бiртұтастығы принципiнің мiндетi парламент тарапынан бюджет қаржысы қозғалысына пәрмендi бақылау орнату.

Толықтық принципi-үкіметтің барлық қаржы операцияларының , барлық жиналатын кiрiстер мен жұмсалатын шығындардың бюджетте шоғырландырып, мемлекеттің барлық түсiмдерi мен шығындары әрбiр бапта ескерiлетiндiгiн бiлдiредi. Қазiргi уақытта бұл  принцип iс жұзiнде қолдалынбайды. ґйткенi бюджеттi арнайы шығыстармен былықтыру жөнсiз деп саналады, сондықтан соңғы кезде мемлекеттiк бюджеттен мемлекеттiк-әлеуметтiк сақтандырудың дербес бюджеттi бөлiп шығарылады.

Қаржының едәуiр бөлiгi арнайы бюджеттен тыс қорлар бойынша жүрдi. (зейнет ақы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, жол, әлеуметтiк сақтандыру және т.б.). Бұдан басқа ²Қазақстан Республикасындағы бюджет жұйесi туралы² заңға сәйкес бюджетте қарастырылмаған аса маңызды шараларды қаржыландыру үшін немесе белгiлi бiр мақсаттарға қаржы жетпесе ағымдағы бюджеттің орындалуы ескерiлiп қосымша бюджет құралды. Оны мемлекеттiк өкiмет пен басқарудың жоғары органдары қарап, бекiтедi.

Нақтылық принципi-бюджет жазбаларының жалғандығын болдырмау үшін қажет, ол бюджеттің мемлекеттің қаржы операцияларының  нақты көрiнуiн көрсетiлген сомалардың сәйкес келуiн қарастырады мұнда нақтылық даму болжамдары, бағдарламалары көрсеткiштерiне негiзделiп бюджет резервтерiмен  нығайтылған барлық кiрiстер көздерi мен  шығыстар бағыттары есептеушiлерiнің негiздемелерiне қарай анықталады.

Жариялық принципi- бюджеттің кiрiстерi мен шығыстары туралы мәлiметтердi жүртшылықты бюджеттің құрамы және құрылымымен, тапшылық көлемiмен және оны жабудың әдiстерiмен (шығындарды қысқарту, кiрiстердi көбейту, заемдар және басқалар) таныстыру үшін баспасөзде жариялау талабын бiдiредi.

Жергiлiктi бюджеттер- түсiмдер мен бюджет тапшылығын (профицитiн пайдалану) қаржыландыру есебiнен қалыптасып, конститутциямен, заңдармен және Қазақстан Републикасы Президентiнің және Қазақстан Республикасы үкіметiнің актiлерiмен жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшін жергiлiктi атқарушы органдар белгiлейтiн жергiлiктi бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландыруға арналған тиiстi маслихаттың шешiмiмен бекiтiлген әкiмшiлiк- аумақтық бөлiнiстердің ақша қорлары болып табылады.

Жергiлiктi атқарушы органдар тиiстi әкiмшiлiк -аумақтық бөлiнiстердің бюджетiн өздерiнің аумағына жұмыс iстейтiн арнайы экономикалық аймақтарды ескере отырып, бiрiнғай бюджеттiк жоспарлау негiзiнде әзiрлеп дербес атқарады. Жергiлiктi атқарушы органдар тиiстi қаржы жылына арналған бюджеттi және өткен қаржы жылына тиiстi жергiлiктi бюджеттің атқарылуы туралы есептi қарап бекiтедi. Облыс бюджетiн және аудандар мен қалалар бюджеттерiнің арасындағы кiрiстерiнің бөлiнуiн жергiлiктi атқарушы органдар белгiлеп,  тиiстi жергiлiктi өкiлдi органдар қарайды және аудандар мен қалалар бюджеттерiнің арасындағы кiрiстердi бөлудің тұрақты нормативтерiн анықтауды және тиiстi жергiлiктi өкiлдi органдар бекiтуi мұмкiн.

Қазақстан Респубикасының аумағында Қазақстан республикасы  Президентiнің шешiмiмен, қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының мемлекеттің барлық қаржы ресурстарын қамтитын бюджеттi енгiзуi мұмкiн. Төтенше бюджет қолданылған уақытта республикалық бюджет тураы заңның және барлық денгейдегi бюджеттер туралы шешiмдердің күшi тоқтатылады.  Төтенше бюджеттің қабылданғаны туралы Қазақстан республикасы парламентi дереу хабардар етедi. Қазақстан Республикасының Президентiнің шешiмi бойынша Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың енгiзiлуi немесе ғаамдық таралу сипаты бар, табиғи немесе техногендiк тұрғыдағы төтенше оқиғалар нәтиiжесiнде экономикаға келтiрiлген елеулi  экономикалық және қаржылық зиян төтенше бюджеттi енгiзуге негiз болып табылады.

Облыс бюджетiнің және аудандар мен қалалар бюджеттерiнің арасындағы кiрiстердің бөлiнуiн тиiстi жергiлiктi атқарушы органдар белгiлеп, тиiстi жергiлiктi өкiлдi органдар қарайды және бекiтедi.

Тиiстi жергiлiктi атқарушы органдар обыс бюджетiнің  және аудандар мен қалалар бюджеттерiнің арасындағы кiрiстердi бөлудің жалпы нармативтерiн анықтауды тиiстi жергiлiктi өкiлдi органдар бекiтуi мұмкiн.

  1. Жергiлiктi бюджеттердің кiрiстерi (арнайы эканомикалық аймақтардың қаржы қорларына есептелетiн сомалардан басқа) олар мыналардан тұрады;

а) салықтардың, алымдардың және бюджетке төленетiн басқада мiндеттi төлемдердің түсiмдерi:

-заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы-50%;

-акциздер;

-спирттің барлық түрлерi-50%;

-арақ-50%;

-ликер арақ iшiмдiктерi-50%;

-шарап-50%;

-коньяктар-50%;

-шампан шарабы-50%;

-сыра-50%;

-күшейтiлген iшiмдiктер,күшейтiлген шырындар мен бальзамдар-50%;

-шарап материадары-50%;

-ойын бизнесi;

-жеке адамдардан алынатын табыс салығы;

-әлеуметтiк салық;

-заңды және жеке тұллғалардың мүлкiне салынатын салық;

-жер салығы;

-көлiк құралдарына салынатын салық;

-жасалған келiсiм шарттарға орай жергiлiктi бюджетке түсетiн бөлiгiнде өнiм боу бойынша Қазақстан Республикасының үлесi;

-кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке адамдарды тiркеу үшін алынатын алым;

-жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшін аынатын лицензиялық алым;

-заңды тұлғалларды мемлекеттiк тiркеу үшін алынатын алым;

-аукциондық сатудан алынатын алым;

-рыноктарда тауарларды сату құқығы үшін алынатын алым;

-заңды және жеке тұлғалардың Алматы қаласының рәмiздерiн өздерiнің фирмалық атауларында қызмет көрсету таңбаларында, тауар таңбаларында заңға сәйкеспайдаланғаны үшін алынатын алым;

-су үшін төленетiн алым;

-орманды пайдаланғаны үшін төленетiн төлем;

б) Салықтық емес түсiмдер:

-коммуналдық меншiк болып табылатын акциялардың пакеттерiнен алынатын дивиденттердің түсiмi;

-жергiлiктi өкiлдi органдардың лотереяларын өткiзуден алынатын кiрiстердің түсiмi;

-жергiлiктi бюджеттерден кредиттер бергенi үшін алынған сыйақылар(мұдделер);

-жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарға сондай-ақ жергiiктi атқарушы органдарға бағынышты мемекеттiк мекемелерге тиесiлi мүлiктi сатудан түсетiн түсiмдер;

-жергiлiктi атқарушы органдарға бағынышты мемекеттiк мекемелер  көрсететiн қызметтердi сатудан түсетiн түсiмдер;

-коммуналдық меншiк мүлкiн жалға беруден түсетiн түсiмдер;

-жергiлiктi атқарушы органдарға бағынышты мемлекеттiк мекемелер заңға сәйкес Ұйымдастыратын мемлекеттiк сатып алуды жүргізуден түсетiн ақша түсiмдерi;

-жер учаскелерiн жалға беруден түсетiн түсiмдер;

-қоршаған ортаны ластағаны үшін, қоршаған ортаны қорғаудың жергiлiктi мемлекеттiк қорларына-50% мөшерiнде төленетiн төлемдер;

  • мемлекеттiк баж;
  • өзге де әкiмшiлiк алымдары;
  • жергiлiктi атқарушы органдарға бағынышты мемлекеттiк мекемелер алатын, қазақстан республикасының заң актiлерiнде көзделген әкiмшiлiк айыппұлдар мен санкциялар;
  • Қазақстан республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де салыққа жатпайтын және басқа түсiмдер;

в) капиталмен жүргізiлетiн операциялардан түсетiн түсiмдер;

  • аймақтардың өзiн-өзi қамтамассыз ету үшін сатып алатын астықты сатудан түсетiн түсiмдер;
  1. Жеке және заңды тұлғалардан немесе шет мемлекеттерден;

жоғары тұрған бюджеттерден алынған трансферттер;

3 Бұрын жергiлiктi бюджеттерден берiлген несиелер бойынша негiзгi борыштың өтемi;

Жергiлiктi бюджеттердің қаражаты;

  • мектепке дейiнгi жалпы бастауыш, жалпы негiзгi,
  • жалпы орта, қосымша және кәсiптiк бiлiм берудi;
  • әскери қызыметке тiркеу және шақыру жөнiндегi шараларды;
  • жергiлiктi деңгейдегi төтенше жағдайлар бойынша жұмыстарды;
  • жергiлiктi жердегi құқық қоғау қызыметiн;
  • халыққа тегiн медициналық қызымет көрсетудің кепiлдiк көлемiн;
  • жергiлiктi деңгейдегi арнаулы медициналық бағдарламаларды;
  • мәслихаттардың шешiмдерiне сәйкес әлеуметтiк-қамсыздандыру саласындағы әлеументтiк бәсiрелi көмек көрсетудi;
  • жұмысты қамту бағдарламасын;
  • жергiлiктi деңгейдегi өнеркәсiп және обьектiлер құрылысын;
  • жергiлiктi деңгейдегi қоршаған ортаны қорғауға;
  • жергiлiктi деңгейдегi жобалау iздестiру жұмысын жүргізудi;
  • елдi мекендердi көркейтудi, қала жолдары мен көшелерiнің құрлыстарын;
  • жергiлiктi маңызы бар жолдарды пайдалану мен қайта құруды;
  • жергiлiктi бюджеттерден республикалық бюджетке берiлетiн ресми трансферттердi;
  • жергiлiктi атқарушы органдардың бұрыштарына қызымет көрсетудi;

Арнайы эканомикалық аймақтарды дамыту жөнiндегi бағдарламаларды қаржыландыруға жұмсалады.

12-баптың 1 тармағында аталған қызымет түрлерiн жүзеге асыратын жергiлiктi бағдарламалардың әкiмшiлерi мен оларға бағынышты мемлекеттiк мекемелердi ұстауға арналған шығыстар да жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылады. Жергiлiктi  бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiн ұстауға арналған шығыстар облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiнің актiлерiмен бекiтiлген штат санының лимитi мен бiр қызыметтерге арналған шығыстардың норма типтерi негiзге алына отырып белгiленедi.

Маслихаттардың шешiмi бойынша жергiлiктi атқарушы органдар республикалық бюджеттiк бағдарламаларды қозғамай, қызыметтің басқа бағыттары бойынша бюджеттiк бағдарламалар енгiзуге құқылы;

-жергiлiктi бюджеттердің сыртқы эканомикалық қызымет пен байланысты және ұлттық валютаның айырбас бағымының жоспарланған өзгерiсiне сәйкес белгiленген қаражатты ұлттық валютаның бөiнген кезiндегi ресми айырбас бағамы бойынша жұмсалады.

Қазақстан Республикасының үкіметi мен жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерi кұтiлмеген шығыстарды қаржыландыру үшін республикалық және жергiлiктi бюджеттердің құрамында құралады. Қазақстан республикасының үкіметi мен жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерi құрамында сот шешiмдерi бойынша Қазақстан Республикасы үкіметiнің орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiнен қаражатты тиiстi жылға арналған бюджетшығыстарының құрамында белгiленген мөлшер шегiнде бөлу және қаржыландыруды ашу Қазақстан Респубикасының үкіметi мен жергiлiктi атқарушы органдардың ағымдағы қаржы жылының аяғында күшін жоятын шешiмдерi бойынша жүргізiледi. Қазақстан Респубикасы Үкіметiнің резервiнің құрамында төмендегi тұрған бюджеттерге кридит беруге арналған арнаулы резерв көзделедi.

Қазақстан Республикасының үкіметi жергiлiктi атқарушы органдар резервтерiнің қаражатын пайдалану тәртiбiн тиiсiнше Қазақстан Республикасының Үкіметi мен жергiлiктi атқарушы органдар белгiлейдi. Қазақстан Республикасының  Үкіметi мен жергiлiктi атқарушы органдар резервтерiнің мөлшерi тиiстi бюджет көлемiнің екi процентiнен аспауға тиiс.

Масихаттың тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттерден бұрын берiлген негiзгi борышты өтеудiң, шығыстардың, несиелендiрудің және бюджет тапшылығының (профициттiң) көлемi.

Облыстық бюджеттен  төмен тұратын бюджеттердің теңесiтрiлуiн қамтамасыз ету үшін кiрiстер бөлу нормативтерi.

Жергiлiктi атқарушы  органдар резервтерiнің  мөлшерi; Жергiлiктi атқарушы орган  борышының лимитi.

Қоршаған ортаны қорғаудың жергiлiктi мемлекеттiк қорының мөлшерi.

Арнайы эканомикалық аймақты дамытуға арналған шығыстар көлемi.

Жергiлiктi бюджеттің бағдарламалардың функционалдық топтары, әкiмшiлерi бойынша шектi шығыстардың тiзбесi.

Тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттi атқару процесiнде секвестрлеуге жатвайтын жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың тiзбесi қамтылуы тиiс.

Осы заңды көзделген жағдайларды қоспағанда, жоғары тұрған мемлекеттiк органдардың және жергiлiктi  атқарушы органдардың төменгi бюджеттердің қалыптастырылуы мен атқарылуы процесiнде орналасуына жол берiлмейдi.

Жергiлiктi атқарушы органдардың үшіншi тұлғалары үшін кепiлдiк беруiне, сенiм бiлдiруiне, өзiне мiндеттемелер қабыдауына тыйым салынады.

Облыстар мен Астана және Алматы қалаларына әкiмдер тиiстi қаржы жылына арналған республикалық заң күшіне енгеннен кейiн екi апта мерзiмнен кешiктiрмей, бюджеттің бұрын жасалған болжамды көлемiн нақтылайды және облыстық бюджеттің Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң, арнайы экономикаық аймақтардың қаржы қорларының (бюджеттерiнiң) жобасының тиiстi маслихаттың қарауына енгiзедi, екi апта iшiнде  мұны бекiту жөнiнде шешiм қабылдайды.

Аудандардың (қалалардың)  әкiмдерi облыстық бюджет бекiтiлгеннен кейiн екi апта мерзiмде бюджеттердің жобасын тиiстi маслихаттың қарауына енгiзедi. Ол екi апта мерзiмнен кешiктiрiлмей бюджеттi бекiту туралы шешiм қабылдайды.

Тиiстi маслихаттар тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттi бекiткенге дейiн 1-тоқсан бюджетiнің атқарылуы тиiстi қаржы жыына арнаған жылдық бюджет жобасының  1/4  бөлiгi мөлшерiнде жүзеге асырылады.

Жергiлiктi атқарушы органдар жергiлiктi бюджеттерде көзделген саналардың шегiнде кредиттер беруге құқыы. Жиынтығында облыс бюджеттің құрайтын жергiлiктi бюджеттер бiр-бiрiне бюджеттiк кредиттер беруге құқылы. Жергiлктi атқарушы органдардың кредиттер беру тәртiбiмен шарттарын Қазақстан Респубикасының үкіметi белгiлейдi.

Жергiлiктi атқарушы органдардың заңды және жеке тұлғалардан, шет мемлекеттерден Қазақстан Республикасының Үкiмiмен келiсiлген аймақтық инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыру үшін қарызға қаражат алуға құқығы бар. Жергiлiктi атқарушы органдардың  қарыз алуы заем алу немесе жергiлiктi атқарушы органдардың бағалы қағаздарын шығару шарттары (келiсiмдерi) нысанында жүзеге асырылады. Қарыз алу туралы шешiм қабыдау заем шарттарын жасаудың және жергiлiктi атқарушы органдардың бағалы қағаздарын шығарудың тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленедi. Қазақстан Республикасының үкіметi мен жергiiктi атқарушы органдар тиiстi бiр-бiрiнің мiндеттемелерi бойынша жауап берiлмейдi. Жергiлiктi атқарушы органдар тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөiнiстер бюджетiнің атқарылуын, бюджеттiк қаражаттардың тиiмдi және нысаналы жұмсалуын қамтамасыз етедi. Жергiлiктi бюджеттерге қызмет көрсетуге қазынашылық органдары жүзеге асырады.

Бөлiнген бюджеттiк қаражат мақсатына сай пайдаланылмаған жағдайда жергiлiктi қаржы органдарымен қаржыандыруды тоқтатуға немесе керi қайтарып ауға құқығы бар.

Егер жергiлiктi атқарушы органдар бюджеттi басқару барысында шығыстар ұлғайятындай не төмен тұрған бюджеттердің кiрiстерi кемитiндей нормативтiк құқықтық актiлер қабылдаса, бұл  бюджеттерге қаражат жоғары тұрған бюджеттерден өтеледi.

Субвенциялар бөлiну көзделген төменгi тұрған бюджеттер бойынша шығыстары азайған жағдайда олардың субвенцияларының көлемi де кемидi. Республикалық бюджеттің есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердi жергiлiктi бюджеттерден ұстауға жол берiлмейдi.

Мысалы ретiнде бiздің Оңтүстік Қазақстан облысының мысалын алып қаралық. Қазiргi бюджеттің маңызды ерекшелiгiнің бiрi Елбасы                       Н.Ә Назарбаевтың оның халыққа жолдауарында айқындалған басымдылықтарды жүзеге асыруына бағытталынған. Шын мәнiне келгенде оны жүзеге асыру бюджетке  бүкiл резервтердi жұмылдыруды, мемекеттiк қаржылық тәртiптi қатаңдатып және бүкiл барысын реформалауды талап етедi. Мысалыға облыс бюджетi 2003 жылы –16,6 млрд. тенгеде оның iшiнде 9,5 млрд.тенгесi  субвенция болып келедi. Бiрақ, табыс бойынша болжамдық тапсырманы жұз пайыздық орындау кезiнде және субвенциялық толық түсiмiнде бюджеттiк мекемелердің шығынының негiзгi баптары бойынша тұтынысын қамтамасыз ету өте кұрдеi өйткенi олардың ең кiшi көлемiн 18 млрд.тенге құрайды. Әлi кұнге дейiн мекемелер бұрын ие болып қалған базалық инфрақұрылымы мен тауары материадық құндылықтардың бұрынғы қорларымен кұн көрiп келедi. Бiрақ,Бұл  резервтерде таусылды. Барық мекемелердегi жабдықтар тозды, және жұмысақ жабдықтар да тозығы жеттi. Ассигнования мекемелерде тек 80 пайызды ғана жабады. Бiрақ осы қодағы бармен жұмыс жасауымыз қажет.

Бюжет профицитi – бюджетке келiп түсетiн кiрiстер мен ресми трансферттер түсiмдерiнің және бұрын бюджеттен берiлген кредиттер бойынша  негiзгi бағытты өтеудің   жапы соммасының  жапы шығыстар көлемiнен  және қай қайтарымды негiзде бөлiнетiн  кредиттерден  асып түсуi. Республикалық бюджет –Қазақстан Республикасының  заңымен бекiтiлген  түсiмдер мен бюджет тапшылығын қаржыландыру есебiнен  қалыптастырылатын  және өзiне  Қазақстан республикасының конститутция мен заң актiлерi жүктеген мiндеттердi  жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының  үкіметi белгiейтiн  республикалық бюджет баңғдарламаларын қаржыландыруға арналған  орталықтандырылған ақша  қоры.

Секвестор- бюджеттің  атқарылуы кезiнде бюжет  тапшылығының  белгiенген денгейiнен артып кететiн не кiрiс көздерiнен түсетiн түсiмдер  қысқартылатын, соның салдарынан бюджетте көзделген  бюджеттiк бағдарламаларды  толық көлемде қаржыландыру мұмкiн болмайтын жағдайларда  енгiзiлетiн қаражаттардың  белгiленген шекте  жұмсауына тыйм  салуын көздейтiн арнаулы механизм.  Бекiтiлген бюджет –Қазақстан Респубикасының  парламентi немесе  тиiстi  жергiлiктi өкiлеттi органдар  бекiткен,  тиiстi қаржы жылына арналған бюджет.

Нақтыланған бюджет –Қазақстан Респубикасының парламентi немесе тиiстi жергiлiктi өкiлдi органар бюджеттің атқарылуы барысында енгiзiлген өзгерiстердi ескере отырып бекiткен, ағымдағы қаржы жылына арналған бюжет.

Облыс бюджетiнің және аудандар мен қалалар бюджеттерiнің арасындағы кiрiстердің бөлiнуiн тиiстi жергiлiктi атқарушы органдар белгiлеп, тиiстi жергiлiктi өкiлдi органдар қарайды және бекiтедi.

Тиiстi жергiлiктi атқарушы органдар обыс бюджетiнің  және аудандар мен қалалар бюджеттерiнің арасындағы кiрiстердi бөлудің жалпы нармативтерiн анықтауды тиiстi жергiлiктi өкiлдi органдар бекiтуi мұмкiн.

Бюджеттің табысы –кәсiпорын табысына салық, сатудан түскен табысқа салық, жергiлiктi  салық, сыртқы экономикалық қызметтен  табыс, рента төлемдерi, скалықсыз табыс, табыс салығы, ссуда қорының құралы және т.б.

Бюджеттің шығысы-экономиканы, қоғамдық мәдени бағдарламаны қаржыландыру, ғылыми зерттеу , ғылыми техникалық прогрестi жетiлдiру, несие және басқа да мемелекеттерге көмек.

Қаржы жұйесiн ұйымдастыруда 2 принцип бар:

  1. Демократиялық орталық, тандыру әкiмшiлiк- әмiршiлдiк жұйеге тән. Ол төменгi сатыдағы қаржы мекемелерiне қаржы органдарының  директивтi  нҮсқауларын орындауға  мiндеттелген.
  2. Қазыналық (фискаль- қазына) феодализм. Бұл нарықтық экономикасы дамыған елдерге бекiтiлген.

Қорытынды

Қазақстан Республикасының  дмуының негiзгi принциптерiнің бiрi Қазақстан Республикасының бюджет құрылымын жетiлдiру. Яғни, бюджет құрылымындағы өзгерiстермен, кiрiс шығыс арасындағы айырмашылықтарды ескере отырып, бюджет тапшылығына тиесiлi шаралар мен әдiстер қолдану.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша келтiрiлген мысалдарда, бюджет тапшылығының 2004 жылы байқалғанын көруге болады. Негiзгi себеп, 2003 жылығы өндiрiс салалары мен кәсiпорындардың  шаруашылық қызметтерiнің қиыншылық жағдайына, баға өсiмiне, жанар-жағар майдың, шикiзаттар мен материалдардың қымбаттауынан болып отыр. Облыс әкiмi шешiмiмен  осы шаралардың негiзiнде бiрнеше  мiндеттемелер мен жұмыстар атқырылды  орта және шағын кәсiпорындар мен жеке және заңды шаруашылық негiзiндегi меншiк иелерiне мемлекеттiк қарызды күшейте отырып дамытуды көздедi.

Жоғарыда аталған мәселелер төңiрегiнде Қазақстан республикасының Президентiнің тарапынан да мiндеттi шаралар жүргізiлдi. Қазақстан Респубикасының аумағында Қазақстан республикасы  Президентiнің шешiмiмен, қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының мемлекеттің барлық қаржы ресурстарын қамтитын бюджеттi енгiзуi мұмкiн. Төтенше бюджет қолданылған уақытта республикалық бюджет тураы заңның және барлық денгейдегi бюджеттер туралы шешiмдердің күшi тоқтатылады.  Төтенше бюджеттің қабылданғаны туралы Қазақстан республикасы парламентi дереу хабардар етедi. Қазақстан Республикасының Президентiнің шешiмi бойынша Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың енгiзiлуi немесе ғаамдық таралу сипаты бар, табиғи немесе техногендiк тұрғыдағы төтенше оқиғалар нәтиiжесiнде экономикаға келтiрiлген елеулi  экономикалық және қаржылық зиян төтенше бюджеттi енгiзуге негiз болып табылады.

Облыс бюджетiнің және аудандар мен қалалар бюджеттерiнің арасындағы кiрiстердің бөлiнуiн тиiстi жергiлiктi атқарушы органдар белгiлеп, тиiстi жергiлiктi өкiлдi органдар қарайды және бекiтедi.

Тиiстi қаржы жылына арналған респубикаық бюджет жобасын жасау үшін Қазсқатан Республикасының  бюджет комиссиясын құрады, ол Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарының өлшемдерi негiзiнде мынаай бюджеттiк көрсеткiштердi.

Қазiргi бюджеттің маңызды ерекшелiгiнің бiрi Елбасы Н.Ә Назарбаевтың оның халыққа жолдауарында айқындалған басымдылықтарды жүзеге асыруына бағытталынған. Шын мәнiне келгенде оны жүзеге асыру бюджетке  бүкiл резервтердi жұмылдыруды, мемекеттiк қаржылық тәртiптi қатаңдатып және бүкiл барысын реформалауды талап етедi.

Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi

  1. Оңтүстік Қазақстан облысының және Қазақстан республикасының статистикалық мәлiметтерi.
  2. “Закон Республики Казахстана o бюджетной ситеме” 1.04.99. и нормативные акты по финансам 2005.04
  3. Республика бюджетiнің ҚР Заңдары 1998-2005 жылдар;
  4. Аманбеков Б “Бюджет есептерi” Қазақстан қаражаты-2003 жыл. N8
  5. Амрекулов Н “Қаржы жұйесiн ұйымдастыру және бюджет жұйесi” Т.Экономика –2004 жыл.
  6. Аблиакимов К Бюджет-2003. “Баға және талдау” Іазхстанская правда 1998 жыл N12
  7. Бюджет саясаты Стаистика бюджет және аудит 1992 ж.
  8. Бизнес жоспар әдiстемелiк материалдар. Р.Г. Маниловский –М:

ПІКІР ҚАЛДЫРУ