Мемлекеттік билік

0
1295
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.

Мемлекеттік билік

Мемлекет териясының барлық бағыттары мен мектептері мемлекетті құдіретті мемлекеттік билікте деп санайды, ол ұйымдастырудың нақты түрі және бірлігі  бір немесе өзге де міндеттерді орындайды, мемлекеттің сыртқы және ішкі қызметі мемлекеттік билікті қолдану арқылы жүзеге асырылады дейді. Билікті ұйымдастыру, мемлекеттік міндеттерді жүзеге асыруда оны пайдалану жолдары кейінректе сөз етілетін болады. Бұл тарау мемлекеттік билік түсінігіне , билікті бөлістіруге, мемлекеттік биліктің тұтастығына, содай-ақ  мемлекеттік билікті ұйымдастырудың қазіргі тұжырымдарына арналады.

1.Мемлекеттік билік түсінігі

«Билік» сөзі күнделікті әңгімеде  және ғылыми әдебиетте жиі айтылатыны белгілі. Ұлы  Абайдың өлеңдерінде де болыс  болудың қиындығы, ұлы  Жамбылдың  шығармашылығындағы  Сәт, Мәңке болыстарды іс-әрекеті, сондай-ақ басқа да ғұламалар, ақын-жазушылардың мұраларында  да биліктің дәмі көп жазылуы да бұған дәлел бола алады. Бір қызығы, ата-ана,  шаруашылықты басқару, аңдарды үйрету, табиғат заңдары билігі туралы  айтып жатамыз. Орыс заңгері А.С. Алексеев өзіне еліктіріп әкететін сұлулық та, кемеңгерлік ой да, өркемдік дарын да бізге билігін жүргізеді дейді. Егер біз күнделікті күйбеңнен әңгіме арқауына айналып кететін «билік» терминінің мазмұна үңілер болсақ, оның неше  түріне тап боламыз.

Месопотамияның қыш жазбаларында, Индияның діни-философиялық ілімдерінде, көне грек  және рим жазуларының шығармашылығында билік табиғаты туралы аз айтылған жоқ.

Бірақ олардың бәріне тән бір нәрсе — ол бөліп қарастырылмады, сөйтіп «билік» ұғымына шектен тыс күшпен ержүрек адамдарды, табиғи факторларды және қоғамдық билікті біріктіріп жіберіп отырды. Көне грек ойшылы Аристотельдің өзі қоғамдағы билік ерекшеліктері түсінігіне келгенде олардың ара жігін ажыратып бере алмай, биліктің тірі жанға ғана емес, өлі табиғатқа да қатысы бар деп санаумен шектелді.

Орта ғасырлық діни авторлар бірінші кезекте «құдайдың үстемдігін» қойды, ал  биліктің «адамдық нұсқасы» ойдан шығарылған нәрсе деп есептеді. Әсіресе мұсылман ойшылдарының қағидаларынан айқын көрініс тапты, тіпті Алланың берген тәуелсіздігі туралы қағидалар ислам республикасының кейбірінің конституцияларында да бар.

Олаша ұлтқа билікті Алланың өзі аманат еткен.

Қоғамдық әлеуметтік билік жазушыларының – Батыс Еуропадағы буржуазиялық ревалюця қарсаңындағы утопистер мен энцилопедистердің назарына да ілікті.Сөйтіп федалдардың билігін (шексіз монархты) құлатып, оны жаңа билікпен ауыстыру мәселесі күн тәртібіне қойылып отырды.Олардың шығармашылығында халық билігі көп сөз етіліп, бұл тұжырым сол кездегі конституцияларда да орнықты. Іс жүзінде шектеулі сайлау құқығы болады да, жолдамалы еңбекті қанауға тиісті шектеулер қойылмады, әлеуметтік бағдарламалар жоқ болып шықты. Саяси билік буржуазия қолында, оның олигархиясында болды, мұны қазіргі батыстың көптеген зерттеушілері де мойындап отыр, бірақ олар мұндай жағдай жалпыға бірдей (мүліксіз шектеу) сайлау құқығы енгізілгенге дейін ғана орын тепті, содан соң шын мәніндегі халықтық билік орнықты дейді. Қазіргі кезде қоғамдық билік мәселелері жөнінде орасан зор ғылыми әдебиеттер бар, Парижде «Билік» атты арнайы журнал шығады, қоғамдық билік проблемалары көптеген саясаттану, мемлекеттану, кейде құқықтану жөнінде  шығаратын журналдардың өзекті мәселелерінеи айналып отыр. Белгілі бір немесе өзге де қоғамдық-экономикалық формациядағы елдер  тобындағы (Германия, Қытай, Франция және басқалар) билікті зерттеуде әртүрлі сапалық және сандық әдістер де қолданылады, мемлекеттік биліктің жекелеген институттары туралы арнайы кітаптар да шығарылады. Солай  десекте, мемлекеттік биліктің жалпы түсініктері, сондай-ақ нақтылы мемлекеттегі биліктің әлеуметтік табиғаты туралы мәселелер ішкі ағымдар секілді, әртүрлі ғылыми бағыт өкілдері арасында (ең алдымен маркстік және маркстік емес) күні бүгінге дейін дау туғызып келеді.

Кейде ықпалдар, әсер етулер мен қоғамдық билік арасындағы айырмашылықтар жете ашып көрсетілмейді. Біздің пікірімізше, оны жануарлар, кейде жәндіктер (ара, құмырсқа, т.б.) арасындағы билік  ара қатынастарынан (бұл терминнің ғылыми ұғымын) көре білу дегеніміз әртүрлі құбылыстарды араластырып жіберу болып табылады, бұл жөнінде Н.М.Кейзеров те дұрыс жазған болатын. Мәселе  оның ықпалы, әсер етуі, ұласуы туралы болып отыр. Мұның адамдардың кейбір қарым-қатынастарында да қатысы бар. Табиғи, құндылықты құбылысқа немесе адамдардың ерекше қасиеттеріне (мәселен, сұлулыққа, шешендік өнерге ) негізделген ықпал  біз күткендегідей  мінез-құлықты мәжбүрлеу жолмен белгілеп бере алмайды, тек мінез-құлыққа түрткі себептердің бірі болып табылады. Ондай себептер көбіне кездейсоқ әсер етеді, билік ретінде оларды түйсінудің сәттерін ғана білдіреді. Билік- кез-келген әлеуметтік өмірді, ұжым өмірін ұйымдастырудың мәнді белгісі.

Қоғамдық, әлеуметтік билік азды-көпті тұрақтаған адамзат ұжымының өмір сүруімен байланысты ерікті қатынастармен сипатталмайды. Онда қашанда белгілі бір немесе өзге де мәжбүрлеу түрлері болады, ол ұжымның бірлескен қызметін басқару қажеттігіне қарай тереңдей береді. Бөтеннің еркін «иеленудің» түрі, «мәжбүрлеу әдістері», әлеуметтік билікті жүзеге асырудың жолдары да әрқилы.

Осы заманғы ағылшын зерттеушісі П.Кальверт әр қаланың, фирманың, кәсіподақтық, тайпаның, және т.б. өз саяси жүйесі (тиесінше саяси билігі) болады деп санайды.

Бұдан саяси биліктің өз өзгешелігі болатыны және кез-келген адамдар  бірлестігіне тән еместігі байқалады. Ұжымның, қоғамдық бірлестіктің, ұйымның корпоративті (тар шеңберідегі) билігін саяси билікке теңестіруге болмайды. Аталған әлуметтік биліктің айрықша түрі болатын бір ғана сирек кездесетін ұжым болады, ол-әлеуметтік жағыннан бір-біріне (әртүрлі ұғымда-таптық) сай келмейтін азды-көпті белгілі бір нақты географиялық шекте (ел, қала, мемлекет, т. т.) кейде көшпелі қауымдастықта (мәселен, орта ғасырдағы монғолдар), сирек жағдайда – күрес нәтижесінде отаршылардан азат етілген аудандарда (Гвинея-Бисау, Ангола, Мозамбик (бәрін бірдей сыйдыра  алатын адамзат қоғамы. Таптық қарама –қайшылықты мұндай қоғам өз дамуының белгілі бір кезеңінде бой көтереді. Одан соң таптық қарама-қайшылықтар жойылып, қалтарыс күйде қалады немесе ғайып болады, онда да әртүрлі әлеуметтік топтардың материалдық байлығын қамтамасыз етуге қабілетті ғылыми-техникалық ілгерілу жағдайындағы қоғамдық дамудың  белгілі бір кезеңінде мемлекеттік дұрыс әлеуметтік реттеуші ролі нәтижесінде болатынын атап  айтқан жөн. Қоғамның әлеуметтік жағынан бір-біріне сай келмуінен (жоғарыда айтылған басқа да себептерден) мемлекет, мемлекеттік билік қоғамдағы бір-біріне сай келмейтін ұрымтал түрлердің мейлінше тігісін жатқызатын факторға айналады. Бірақ қоғамдағы айырмашылықтардың, соған орой қарама-қайшылықтардың қашанда қала беретінін де ескерген жөн. Кез-келген ұжым секілді, әлеуметтік жағынан бір-біріне сай келмейтін  қоғамда басқаруды, басшылық жасауды қажет етеді. Түптен келгенде, бұл басшылық нақты, шын мәнінде өндіріс құралдарына  иелік ететін таптың, әлеметтік топтың қолына жинақталатын бағытты ұстайды. Қандайда бір мөлшерде болмасын саяси билік бытырайды,көптеген мемлекеттерде негізінен  әртүрлі  әлеуметтік топтардың өкілдерінен тұратын «орта тапқа» тиесілі болып қалуы да содан.Саяси билік мемлекеттік билікпен  етене байланысты. Қалыпты жағдайда (егер ревалюциялық қос өкімет жоқ болса немесе әңгіме көтерісшілердің  отаршылардан азат еткен аудандары туралы болып отырмаса) саяси  билік өзінің жалғасын мемлекеттік биліктен табады, ал соңғысы саяси  билікті жүзеге  асырудың  басты да шешуші, әдеттегі тәсілі  болып табылады. Бұл жерде біріншісін екіншісінен айыра білу керек.

Біріншіден, кез-келген саяси билік мемлекеттік болып табылмайды, дегенмен де кез-келген мемлекеттік биліктің саяси сипаты болады. Мұндай айырманы 1917 жылғы Россиядағы үш айлық қос үкімет жағдайынан (Уақытша үкімет билігі және ол кезде мемлекеттік емес ұйым болған Кеңестер билігі) байқау қиын емес. Оған қарағанда Қытайдағы ширек ғасырлық қарулы көтеріліс (1949 жылға дейіін) барысындағы қос биліктің орнауы (гоминдан үкіметі билігі мен қызылдар, кеңестер, азат етілген аудандар дейтіндер) ұзақ та аумақтық жағынан айрықша болды. Мұндай жағдай Лаоста да (1975 жылға дейін), Ангола, Гвенея-Бисау, Мозамбиктің (1974жылы және 1975 жылдары мемлекет жарияланғанға дейін) партугалдық отаршылдардан азат етілген аудандарында  да орын алды. Бұл күресуші халықтың мемлекетке дейінгі саяси билігі еді. Сөйтіп ол бұл елдерде ақыры мемлекеттік билікке ұласты.

Екіншіден, мемлекеттік билік қоғамда төрелік роль атқарады, себебі мемлекет ортақ істі жүзеге асырады және қарсыласушы әртүрлі әлеуметтік күштерді «татуластыруға» мүдделі. Нақты бір таптың, әлеуметтік  топтың, басқа да әлеуметтік қауымдастықтың саяси билігі бұл міндеттерді орындай алмайды, ондай роль оларға жат нәрсе.

Үшіншіден, саяси билікті де, мемлекеттік билікті де жүзеге асырудың әр түрлі тетігі болады. Мемлкеттік билік құрылады да, ол мамандандырылған мемлекеттік аппарат арқылы (парламент, үкімет, сот және т.б)жүзеге асырылады. Әлеуметтік қоғамдастықтың саяси билігі оның ұйымдары арқылы, сондай-ақ тікелей саяси қимылдар жолымен іске асырылатын болады.

Төртіншіден, тек мемлекеттік билік қана қоғам атынан ресми және көп жағдайда заңды түрде мәжбүрлейге өкілетті болып шығады. Ол сол мемлекеттің аумағындағы барлық адамдарға, органдарға, бірлестіктерге қолданылады. Ақыры, мемлекеттік билік қоғамда үстем күшіне айналады. Ол қоғамдағы кез келген басқа биліктің (демократиядық мемлекетте мемлекеттік биліктің қайнар көзі болып табылатын халық билігінен емес) заңды түрде тәуелсіз әрекет етеді. Ондай биліктің өз өзгешеліктері болады. Оның халықтың өз тағдырын өзі шешетін, өз қалауы бойынша қоғамдық және мемлекеттік құрылысты құрғысы келетін халықтық егемендіктен ерекшеліктері айқындала түседі. Мемлекеттік биліктің егемендігі түптеп келгенде халықтық егемендікке бағышты болады. Мемлекеттік билік егеміндігінің нақты өмір сүру құқылы ұлттың тәуелсіздіктен айырмашылықтары бар. Ұлттық тәуелсіздік көбіне ұлттық мемлекеттік тәуелсіздік алу жолымен жүзеге асырылады, атап айтқанда өз мемлкеттін құруды (автономия құруды, федеративтік қатынасқа түсуі және т.т ) қажет етеді. Үстемдік етуші әлеуметтік топқа айналған белгілі бір таптың ең алдымен саяси еркін білдіре отырып, мемлекеттік билік дербес болмысқа ие болады. Саяси билікті, партиялардың қызметін, қысым жасау топтарын, әлеуметтік топтардың саяси қимылын қалыптастыру тәсілі де көбіне мемлкеттік органдар қабылдаған заңдарға, мемлекеттік билік орнатқан «ойын ерешелеріне» үйлестіріледі.  Сол себепті де, мемлекеттік билік саяси билікке қарағанда тұрақты келеді, дегенмен соңғысы саяси күштердің ара салмағынеа қарай жиі, елеусіз болса да, мазмұны жағынан өзгерістерге ұшырағанымен, үстем таптың айқындаушы ықпалы сақталған кезде де, оның негізі болып қала береді.

Алайда саяси билікті мемлекеттік билікке қарсы қоюға болмайды. Бір ел шеңберіндегі әдеттегі жағдайда олардың әлеуметтік сипаты бірдей болыды да, мемлекеттік билік мемлекеттік нысанда таптардың, топтардың, халықтың белгілі бір тобының саяси билігін өзіндік мемлекеттік құралдармен, әдістермен жүзеге асырудың негізгі бағыттарын көрсетіп беріп отырады.

Тіпті мемлекеттік билік халықтың көпшілік бөлігінің мүдделерін білдіргенін өзінде ол жеке билікпен мәжбүрлеу белгілері бар құбылыс болады.Тек ақылы қысқа мемлекеттік биліктің ғана саяси оппазицияны жоюы, парламентті таратуы, саяси партияларға тыйым салуы, ымырашылдықты теріске шығаруы, күшке арқа сүйеп, өз меқсаттарына жету жолындағы келісімшілдікке қарсы тұруы мүмкін. Іс жүзінде саяси оппазиция қоғамның үйлесімді дамуы үшін ғана емес, биліктің өзі үшін де қажет: ол мемлкеттік басшылыққа «дертті тұстарды»көрсетіп беретін болады, ал оларды ойдағыдай «емдей» білген мемлекеттік билік қана өз ғұмырын ұзартуға мүмкіндік алады. Осы мақсатпен ол басқа партиялық күштермен саяси ымыраға келіп, келісушілік жолдарын іздестіріп отыруға тиіс.

Мемлекеттік билік тек әлеуметтік құбылыс емес. Заңдық тұрғыдан қарар болсақ, ол да әр елдің конститутциясынан өзінің орнын тапқан конститутциялық-құқықтық институт. Негізгі заңдардвң көптеген баптары,бірсыпыра қалыптар мемлекеттік билікті ұйымдастыру мен жүзеге асырудың түрлерін бекітіп береді. Бұл жерде біз мыналарды атап айтуға тиіспіз. Әр елдің конститутциясы мен өзге де заңдары кейде өте қысқа түрде билік қатынастарынәрқалай көлемде реттейді. Тоталитарлық социализм елдерінің (соның ішінде бұрынғыларының да) конститутцияларынан айқын көрініс тапқанмейлінше кең көзқарас тұрғысынан келер болсақ, онда бұл конститутциялық құқық институттарының құрылымы мыналардан: 1) мемлекеттік биліктің көзі, оның әлеуметтік обьектілері (халық, тип, тап және әлеуметтік топтар) туралы қалыптардан; 2)мемлекеттік билік, билік қатынастарының таптық табиғаты (мәселен, пролетариатдиктатурасы) туралы ережелерден; 3) мемлекеттік билік қызметінің таяудағы және түпкі мақсаттары туралы (мәселен, тапсыз, комунистік қоғам орнату) баптардан; 4) бұл мақсаттарды жүзеге асырудың жолдары, құралдары, әдістерітуралы қалыптардан (мәселен, демократияны дамыту): 5) мемлекеттік билік органдары, яғни олардың заңдық субьектілері (парламент, президент және т.с.с.) туралы қалыптардан тұрады.

  1. Мемлекеттік бөлістіру

Корольдік билікті шектеуге ұмтыла отырып, жас буржуазияидеологтары мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы және сот билігіне бөлу қажеттігі туралы тезисті ұсынды. Олар біріншісі халық сыйлайтын парламентке, алдымен феодаодық билік басындағылармен ымыраға келуге тырысқан және де ол кезде мұрагерлік монархты ескерген бкржуазияға, екіншісі – мемлекет басшысына берілуге тиіс деп ойлап, оған үкімет те бағындырылатан болады деп санады.

Айтылғандардан аңғарылғандай, әңгіменің билікті бөлістірудің ұйымдық-құқықтық тұжырымы туралы болғанын көру қиын емес. Француздың белгілі ойшылы Ж.Ж. Руссо (1712-1778) бұған қарсы шығып, оны әлеуметтік көзқарас тұрғысынан кері қағып, билікті жақтады. Оның айтуынша, барлық билік халықтікі болуға тиіс, оны жүзеге асырудың түрі халық жиналысы болуы (көптеген мемлекеттерде өкілдер органы болуы мүмкін деді) керек деп санады. Бірақ Руссо мемлекеттік органдардың жүйесі, олардың құзыры туралы ештеңе ашып айтпады. Ол үшін ең бастысы, халық билігінің бірлігі, халық егемендігі туралы тезис болды. (Руссоға дейін француз әдебиетінде әйтеуір монарх емес деп тұжырымдалып келген еді). Бұл қағида бұл проблемаға маркстік-лениндік көзқараспен қараудың негізіне айналды (еңбекшілер билігінің бірлігі және олардың кеңестері мемлекеттік биліктің бірден-бір органы делінді).

Бұдан былайғы жерде билік бірлігі идеясын, ең алдымен мемлекеттік биліктің қарастыратын боламыз. Монтескье Руссоның әртүрлі пікірі ғылыми әдебиетте әртүрлі бағытты жасап қана қоймай, түптеп келгенде екі бірдей әртүрлі көзқарасты; ұйымдық-құқықтық көзқарас тұрғысынан қолдау тапқан (әртүрлі органдардан тұратын биліктің үш тармағы) билік бөлістіру және басында неғұрлым әлеуметтік көзқарас тұрғысынан түсіндірілген билік бірлігін (халық егемендігін жүзеге асыруға тиісті органдар жүйесі туралы мәселемен Руссо тегіннен-тегін айналысқан жоқ) шатастырып жіберді. Тек кейіннен ғана билік тұтастығы туралы мәселе мемлекеттік органдардың белгілі бір үріне барлық билікті толық беру керек деген тұрғыдан түсіндіріле бастады.

Бұл екі көзқарас алғаш рет жазылған 1787 жылғы АҚШ- тың конститутциясынан – негізгі заңынан көрініс тапты. «Біздер, Құрама Штаттар халқы» деп басталатын бұл конститутцияны жасаушылар оның билігін, оның егемендігін жариялап, мемлекеттік органдарының жүйесін белгілей отырып, олардың өкілеттігін (президент, конгресс, соттар) бөлістірді, сөйтіп билікті ұйымдық-құқықтық жағынан бөлістіруді бекітіп берді. Содан бері бұл екі – ұйымдық-құқықтық (билік тармақтары туралы) және әлеуметтік көзқарас (халық билігінің тұтастығы туралы) – бір мезгілде қатысып отыратын дүние жүзі конститутциясының көпшілігінен орын тепті. Төменде сөз болатын социалистік елдер конститутцияларында және соған еоген, социалистік бағыт ұстаған бұрынғы елдердің жекелеген конститутцияларында бұл өзгеше қабылданды.

Уақыт өте келе билікті бөлістіру қағидасы өзгеріске ұшырады. Кейбір жаңа конститутцияларды жасаушылар билікті үшке бөлу бар шындықты толық айқындай алмайды деп ойлады. Латын Америкасындағы кейбір елдердің негізгі заңдарынан көрініс тапқан  (1987жылғы Никарагуа, 1991 жылғы Колумбия конститутциясы) конститутциялық доктрина төрт биліктен шыққан: онда сайлау билігі (сайлай құқығына ие және сайлау корпусын құрайтын азаматтар) қосып көрсетілген. Биліктің бұл тармағының өзінің ұйымдық көрінісі арнайы сайлай трибуналын құрудан (соттарды) байқалады, олар бір мезгілде сайлау комиссиясының ролін атқарады және мемлекеттік органдары тікелей сайлау дауын қарайды. Көптеген елдерде сайлай трибуналдары жоғары сайлайлау трубуналы басшылық ететін бірыңғай жүйені (Бразилия, Колумбия және басқалары) құрады. Ал мұнаң өзі Латын Америкасының заңгерлеріне биліктің бұл ереже тармағын бөліп алуға қосымша дәлелдер беріп отыр.

Кейде биліктің одан да көп түрі ұшырасады. Сол кездегі оппозициялықсоциал-христиандық партия (1990 жылғы сайлауға дейін) 1986 жылы Никарагуада ұсынған конститутция жобасында жалпыға бірдей қабылданған үш және сайлай билігіне бақылаушы билікті қосып, бес билікті атап көрсетті. Жобаға сәйкес, соңғысын республиканың Бас бақылаушысы жүзеге асыратын болды. Бас бақылаушы органдарының жүйесі Латын Америкасының кейбір басқа да, сондай-ақ Азияның кейбір елдерінде де бар. Бұдан өзге бақылау органдары (санақ, бақылау палатасы, парламент комиссарлары, омбудсмандар, икспекциялар және т.б) дүние жүзінің әртүрлі мемлекеттерінде жұмыс істейді. Кейбір конститутциялар мен заңдарда бақылауда айтылған, олар биліктің дәстүрлі тармағының ешқайсына кірмейді. Мәселен, бұл органдар басқа ешбір биліктен нұсқау алмайды (Испанияда), кез-келген ешбір басқа адамға немесе билікке бағынбайды (Бангледеш), олар тәуелсіз жұмыс істейді және тек қана заңға бағынады (Намибия) және т.с.с. Бұл қағида ерекше бақылау билігі туралы мәселені талқылауға негіз бола алады, егер бұдан кейбір елдердегі конститутциялық ерекше сот және сотсымақ органдары, пркуратураның қадағалау қызметін біріктірер болсақ, онда бақылау билігінің ерекше тармағы туралы мәселенің оңды шешілуі мүмкін.

Ал Алжирдің 1976 жылғы (1989 жылға дейін қолданған) конститутциясында алты биліктің аты аталады: олар саяси билік (сол кездегі бірден-бір билеуші заңды партия – Ұлттық азат ету майданы жүзеге асырған), заң шығарушы билік (парламент) атқарушы, (президент және үкімет), сот (соттар) бақылау билігі (конститутцияда айтылғандай, оны біртұтас жүйесі жоқ әртүрлі мемлекеттік органдар жүзеге асырған), құрылтайшы билік (ең алдымен конститутцияны қабылдау және осы негізде көпшіліктің жаңа тәртібі негіздерін құру).

Ғылыми философия мен әлеуметтік әдебиетте биліктің басқа да түрлері: партиялық, әскери, Бірлестікті, техникалық, «баспасөздің» төртінші билігі т.т жиі ұшырасады. Мұның өзі Алжирдың конститутциясында мұндай араластырып жіберу онша болмағанымен, жоғарыда келтірілген «биліктер» туралы олар мемлекеттік ретінде айтылып, көбіне бір құбылыстың сапасы басқасына да таңылып кете барады.

Нақты өмірде дәстүрлі үш биліктің әрқайсысы қандай да бір мөлшерде болмасын басқа салаға кірігіп, араласып кетеді: парламент қана емес атқарушы үкіметтің де заң шығаруы (заң шығаруғы еік беру заң күші бар уақытша құжаттар шығаружәне т.б) мүмкін, АҚШ-та парламент өкімдік сипаты бар, жеке адамдарға қатысты жеке заңдар шығарады, былайша алғанда бұл да атқарушы биліктің міндеті болып табылады: сот заңды конститутциялық емес деп танып, заң шығарады; екіншіден, сот бұйрықтарын шығара отырып (мәселен, ереуілге тыйым салады немесе айыптыны кепілге босатады), оған жат әкімшілік қызметімен айналысады.

Біз айтып өткен «заң» аталатын құжатты, сирек жағдайда болмаса, заң шығарушы биліктің органы – парламент қана қабылдай алады. Төтенше жағдайда бұған жол беруге болар, бірақ әдеттегі жағдайда заң және тәртіптік биліктің құжаттарын шығаруға өкілдік беру мүмкіндігі қарастырылады. Біріншісінде (Ұлыбританияда, Италияда және басқасында) әрбір жеке жағдайда парламенттің өкілдік беруімен атқарушы билік заң күші бар құжаттар шығара алса, екіншісінде мұндай құжаттар тиісті конститутциялық қалыптар негізінде парламенттің арнайы өкілдік беруінсіз-ақ шығарылады. Бұған тән мысалды Франциядан көруге болады, 1958 жылғы конститутциясында парламеттің заң шығаратын мәселелері мен атқарушы билік органдарының шешім қабылдайтын мәселелері тізіп көрсетілген. Екі жағдайда да атқарушы биліктің құжаттары заң деп аталмайды (декрет-заң; заң декреті және т.б ұқсас атау бола тұрса), бірақ олар заңға қатысты мәселелерді реттейді.

Заң шығаруға тек атқарушы билік қана емес, Ұлыбританиядан басқа құқықтың ағылшын-саксон жүйесіндегі елдердің соттары – жалпы соттары да (мәселен, АҚШ-та соңғы шешімді жоғарға сот қабылдайды), құқықтың кейбір басқа жүйесіне конститутциялық соттар да, конститутциялық кеңестерде араласады. Жоғарыда айтылғанындай, олар заңдарды коститутциялық емес деп жариялауға құқықты, сөйтіп оларды заң күшінен айыра алады. Сөйтіп соттар заңнан жоғары тұрады, заңды теріске шығарып, бұза отырып, заң шығаруға қатысады.

Өз кезегінде парламент те кейбір сот және атқарушылық тіндеттерді атқара алады. Депутаттарды, басқа да лауазымды адамдарды, тіпті басқаларды да өз шешімімен гильотинге (бас кесетін машинаға) жіберіп отырған Франциядағы якобиндік парламентте әдетте өткенніңтәжірибесіне сүйене отырды. Қазіргі кезде кейбір елдерде қызметтік міндеттерін атқару кезінде белгілі қылмыс жасаған президентті, судьяларды, басқа да кейбір лауазымды адамдарды орнынан кетіру қарастырылған. Бұл тәртіп парламентте сот ісін жүргізудің немесе айыптау қорытындысын (мұндай жағдайда істі арнайы құрылған сот қарайды, мәселен, Франция, Польша, Молдова немесе Иорданияда солай) шығарудың көрінісі іспетті. Бұл жерде әңгіме парламенттің қызметтен шеттететіндігі, содан соң шеттетілген жай азамат ретінде оның қылмыстық ісін сот қарайтындығы жайында болып отыр.

1993 жылы Бразилия мен Венесуэланың президенттері қызметінен кетуге (импичментке) ұшырады, сол жылғы Россияның президентін қызметінен кетіру сәтсіз аяқталды: Россияның халық депутаттарының төтенше IX сьезінің қаулысы жобасы жасырын дауыс беру кезінде қажетті дауыс ала алмады. Румынияның президентін қызметінен кетіруде сәтсіз болды.

Парламенттің атқарушы міндетті өзіне иеленуге талпынысы 1991-1993 ж.ж. Россиядағы парламеттік сипаттағы екі органмен – халық депутаттарының Сьезі және ол сайлаған Жоғары Кеңеспен жүзеге асырылды. Ол сәтсіз аяқталды: бұл органдардың жұмысы президенттің 1993 жылғы жарлығымен таратылып жіберіліп, жаңа сайланған парламентпен ауыстырылды. Дәл осындай болмаса да, осыған ұқсас жағдайда президенттің жарлығымен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінен де таратылып жіберіліп, ол екі палаталы Парламентпен ауыстырылғаны белгілі.

Мәселе биліктің әртүрлі тармағының бір-бірінің жұмысына килігуінде болып отырған жоқ: Тіпті конститутциялық қалыптарға билікті бөлістірудуң теориясын тықпалаудың алғашқы ұмтылысы билікті теңгеру мәселесі «конститутция әкелерінің» алдына қойылған болатын. Мәселе сонымен тежеу және қарама-қарсылық жүйесін (билік тармағының таңдігі) енгізумен шешілді; президнт конгресті тарата, соңғысы президентті кетіре алмайтын (импичменттен басқа жағдайда) президент конгрес  тің заңын кейінге қалдырып тыйым салу жолымен кідіретін, ал конгрес оны 2/3 дауыспен жеңе алатын министрлер (президент кабинетінің мүшелері) президентке бағынатын, конгрес оларды сенімсіздік көрсетумен шығара алмайтын, бірақ министрлаерді президент тағайымдағанда оларды сенатта бекітетін және т.т. қажет болды. Мемлекеттік органдар жұмысының конститутцияға сәйкес келуін бақылау сотқа тапсырылады. Сөйтіп 1803 жылы соттардың құқығы туралы (түптеп келгенде АҚШ-тың Жоғарғы соты) сот үлгі құрылып, ол конгрес заңдарын конститутциялық емес деп жариялайтын, ал Жоғарғы Соттың мүшелерін Сенат келісімімен президент тағайындайтын тынды.

Қазіргі жағдайдағы тежеу мен қарама-қарсылық жүйесі сондай немесе өзге де түрде көптеген конститутцияларға енгізіледі. Әрине, билікті бөлістірудің «мамық» жағдайында (мәселен, парламенттік республикада парламентарлық монархияда) бұл жүйенің билікті бөлістірудің «қатқыл» жағдайынан (мәселен, президенттік республикада немесе дуалистік монархияда) айырмашылығы болады, бірақ та сол немесе өзгеде белгілері тіпті парламенттің үстемдігі таңылған және конститутциялық бақылау органдары жоқ күннің өзінде (мәселен, Ұлыбританияда сезімдік көрсетілгенде өкімет мемлекет басшысы атынан қимыл жасап, жаңа сайлауды міндетті түрде тағайындай отырып, парламентті тарата алады).

Билік теңдігі туралы идеямен, билікті бөлістірудің тежеу мен қарама-қарсылық тереториясымен қатар, қазір тағы бір толықтыру бой көрсетті: ол – биліктің әртүрлі тармағының өзара тәуелділігі мен өзара қарам  қатынасының қажеттігі туралы тезис. Бұл талап мемлекеттік саясаттың жалпы бағыттарының қажеттігінен туып отыр. Бұл және де мемлекеттік билікті мемлекеттің сол немесе өзге де органдары арқылы жүзеге асырудың әртүрлі тәсілінің ерекшеліктерін, биліктегі мүмкін боларлық шиеленісті (биліктің бірнеше «тармағының» болу фактісінің өзі олардың арасындағы өзгешеліктердің, қарама-қайшылықтардың болмай тұрмайтындығын көрсетеді), жоққа шығармайды, бірақ ол келіспеушілікті қарама-қарсылықпен күреске дейін жеткізбеуді талап етеді. Билікті бір мезгілде бөлістіру мен оның өзара қарым-қатынаста әрекет етуінің қажеттігі туралы тезисті АҚШ-тың Жоғарғы соты АҚШ президенті Р: Никсонның ісін қарағанда ауызға алды. Сот шешімінде: «Конститутцияда билік тармақтары бір мезгілде бір-бірін бөлек тұруға және өзара тәуелді, бір-бірінен автономиялы және өзара қарым-қатынаста болуға тиіс» деп жазылған.

Әртүрлі билік тармақтарының бір-біріне қарсы тұруының жағымсыз зардаптарының мысалын Россиядағы конститутциялық, әсіресе, 1992-1993 жылдары наурызындағы дағдарыстан көруге болады. Бір жағынан Жоғары өкілетті орган – халық депутаттары Сьезі мен Жоғарғы кеңестің, екінші жақтан президент пен үкіметтің бір-біріне қарсы тұруы бұл теке-тіреске Конститутциялық сотты да тартты, ал ол іс жүзінде алаламайтын төреші ролін атқаруға тиісті еді. Мұның ақыры экономиканы басқара алмаушылыққа, сыбайлас және ұйымдасқан қылмыстың қаулап өсуіне, халық шаруашылығындағы былыққа, тұрмыс деңгейінің апатты жағдайына төмендеуіне, халықтың көпшілік бөлігінің кедейлікке ұрынуына апарып соқтырады. Енді билік тармақтарының өзара қарым-қатынасынаң қажеттігі туралы тұжырым жаңа конститутцияларға, әсіресе социалистік жүйеден кейінгі мемлекеттердің конститутцияларына (Қазақстан, Молдава және басқалары) жиі-жиі енгізіле бастады.

Тежеу және қарама-қарсылық жүйесімен (биліктің теңдігі), олардың өзара қарым-қатынасы және өзара тәуелділігі туралықағидалармен қоса, соңғы конститутцияларда үшінші көзқарас айқын көрініс та ба бастады: ол – билікті бөлістіру туралы тезиске үйлес келетін мемлекеттің биліктің бірлігі туралы тұжырым. Бір қарағанда бұл қайшы көрінгенімен, бірақ бұл қарама-қайшылық сырт көрінісі ғана. Социалистік жүйеден соңғы мемлекеттердің конститутцияларында мұндай тұжырымның айқын көрініс табуы алғашқы кездегі тоталитарлық социализм тәртібі қирағаннан соң орын алған кінаратты жоюдан туған жай еді. Билікті бөліністерге аса еліктеу өзінің теріс нәтижесін берді, ал бұл тұжырымды білместікпен пайдалану іс жүзінде мемлекеттің әлсіреуіне, тіпті оның тарап кетуіне апаратын әрекетке ұласты.

Бұл айтылғандар билікті бөлістіру тұжырымына теріс көзқарасты білдірмесе керек. Американың кейбір авторлары (Е.Гроссмэн, Ф.Сайдтейн және басқалар) іс жүзінде биліктің әр түрлі тармағы бір-бірімен астасып, кірігіп, қарым-қатынаста өрбіп жатқан жағдайда оны «таза» күйінде жүзеге асыру мүмкін емес деп дұрыс айта келіп, ол нақты жағдайды бұрмалайды, қазіргі мемлекеттің, әсіресе федеративті мемлекеттің қалай жұмыс істейтіндігін дұрыс көрсетіп бере алмайдыдеген қорытындыға келеді. Іс жүзінде билікті бөлістіру теориясының орасан зор демократиялық күші бар, бұл күш өткен ғасырдан бері де сарқылған жоқ, мұны әсіресе социалистік жүйеден кейінгі мемлекеттердің тәжірибесі дәлелдеп отыр. Бұл теория билік тармағы арасына өтпес қамал орнатуды айтып отырған жоқ, мемлекеттік билік органдарының әртүрлі жолмен жүзеге асыратын мемлекеттік билік қызметі жағдайында олай етуге болмайды. Билікті бөлістіру тұжырымының бағдар беру сипаты да бар, бұл тұрғыдан алғанда оның әлеуметтік немесе саяси ғана емес, мемлекеттік органдар құрылымына заңдық көзқарас тұрғысынан қараудағы, олардың өкілеттігін бөлудегі мәні де сарқылмайды.

Бұрын билікті көлбеу бөлістіру, біртұтас, федеративті мемлекеттерге тән билік тармақтары туралы да айтылып келді.

Уақыт өте келе федеративті мемлекеттердің дамуы биліктітігінен бөлістірудің жаңа проблемаларын ұсынды. Ол өзге де заң тетіктерін қолдану, ең алдымен федерация мен субьектілерінің өкілеттігін бөлістірудің әртүрлі тәсілдерін қолдану арқылы шешілуде, өйткені федерация да, субьектілер де мемлекеттік билікке ие.

Федерация мен оның құрамына кіретін мемлекеттік құрылымдардың билік өкілеттілігін бөлу туралы мәселе федерация мен штаттар арасында олардың құзыры саласын бөлу жолымен шешіледі. Конститутцияларда бөлудің әртүрлі тәсілдері көрсетілген, федералдық заңның және т.т. үстемдігі туралы мәселеге де әр қырынан қараушылық бар.

Кейбір елдерде парламенттің төменгі палатасы мен президент секілді жергілікті жерлердегі өкілетті органдардың пайда болуы, оларды тікелей халықтың сайлауы қажеттігін туғызып, күн тәртібіне орталық пен жергілікті жердегі өкілеттерді «бөлістіру» туралы мәселені ұсынды. Бұл проблема конститутциялық құқықта мемлекет билігі мен «аумақтағы ұжымның» жария билігі құрылысы (жергілікті өзін-өзі басқару) конститутциялық құқықта заң жолымен құрылып шешілді: мемлекеттік билікті орталық органдар мен олардың жер-жердегі өкілдері шешетін, ал жергілікті сайланбалы органдар жергілікті жердегі өзін-өзі басқарумен айналысатын болады деп есептелді.

Өзін-өзі басқарудың жергілікті жердегі органдары кейінірек қарастырылатын болды. Бұл жерде қаралған мәселелермен бірге, жергілікті өзін-өзі  басқару туралы мәселеде басқа – «мемлекеттік теория» көзқарасының барын атап айта кеткен жөн. Бұл тұрғыдан келер болсақ, жергілікті өзін-өзі басқару аумақтық ұжым билігінің пайда болуы ретінде емес, мемлекеттік биліктің жалғасы, оның жер-жердегі «агенттері »ретінде қаралады. Оған қоса, жергілікті жердегі өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарымен бірге, кейбір елдерде лауазымды адамдардың (губернаторлардың, префектілердің, аудан бастықтарының) «жоғарыдан» (президент, үкімет, ішкі істер және Т.Т. тарапынан) тағайындалатынын, олардың жер-жердегі мемлекеттік билікті жүзеге асырып, жергіліктегі жердегі өзін-өзі басқару қызметін бақылап отыратындығын да ескерген жөн.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ