«Мен – егеменді елдің болашағымын» атты ашық сабақ

0
1724
Collaborative lesson planning: Maximizing the influence of lesson study

Сабақтың тақырыбы: «Мен – егеменді елдің болашағымын»

Сабақтың мақсаты: Білімділік –Оқушыларға тәуелсіздіктің қандай қиын жолдармен келгенін білдіре отырып оларды отанды сүюге ,ерлікке баулу.

Дамытушылық: Оқушыларға Тәуелсіздіктің 21 жыл ішіндегі тарихи ерекшеліктерін саралай отырып тәуелсіздік жайлы жан-жақты түсінік беру арқылы олардың ой-өрісі,ақыл-ойын, оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік— Оқушылардың өз Отанын,елін, жерін қорғауға және сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, ұлы тұлғалардың ел тәуелсіздігіне қосқан үлестерін үлгі, өнеге ете отырып оқушыларды имндылыққа, парасаттылыққа, ұлтжандылық сезімге, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабaқтың түрі: интелектуалдық сайыс сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: сладтар,карта.

Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі

Мүғалімнің кіріспе сөзі «Қанша ғасыр өмір сүрсе бұл қазақ,сонша ғасыр ұмтылды ғой егемендікке».

«Орнында бар оңалар » дегендей, ел орнында ,жер орнында. Жерге жетер байлық жоқ.Жер болса , ел болады; ел болса, ер болады. Ерлеріміздің арқасында Қазақстан егеменді, тәуелсіз ел болды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекнде, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүрушә әр бір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағы көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

Алтайдан Алатауға дейін ұлан-ғайыр жерді мекен еткен ата-бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаныі ұшымен , сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап , Сырым Датұлы, Исатай мен Махамбет ,Кенесарыбастаған хаалық-азаттық көтерілістері,Иса, Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан ,Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол елді қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар .

Ресейдің езгісінде болып , тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рұсқылбеков, Ләззат Асанова сиақты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып , егеменді ел болдық.

1991 жылы желтоқсанның 16-сында Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңамемлекет пайда болды.

Оның тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

Ал енді Тәуелсіз Қазақстанның арғы бергі тарихын оқушылар арасындағы тарихи танымдық ойынмен батаймыз.

  1. Таныстыру ( Әр топ басшысы өз тобын таныстырады, таныстыруға 3мин. беріледі).
  2. «Қанат қақты» (Ұяшықтарды таңдап , сол ұяшықтарда жасырылған сұрақтарға жауап беруі керек ).
  3. «Самғау» (Мұнда ұлы тұлғалардың суреттері мен сол сурет туралы мәлімет беріледі, оқушылар кім екенін табуы қажет .Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі).
  4. Шарықтау .(Әп топқа алты- алтыдан сұрақ беріледі ,дұрыс жауапқа 2 ұпай беріледі).
  5. Шырқау (Бұл сайыста әр топ басшылары Тәуелсіздік туралы өз ойларын айтып өтеді.Өз ойын жақсы жеткізе білген топ басшысы жоғары яғни 10 ұпайға ие болады).

II тур «Қанат қақты» сұрақтары.

Тарихи тұлғалар – 10 – Өзін –өзі құдайға балаған парсы патшасы Кирдің басын алған сақ патшайымы? Томирис.

Тарихи тұлғалар -20- Қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаған, 1845 -1904 жылдары қмір сүрген ақын, жазушы, аудармашы. Абай

Тарихи тұлғалар -30- 1856 жылы Ыстықкөлге, 1957 жылы Алатау қырғыздарына ,1858-1859 жылдары Қашғарияға сапар шеккен қазақтың тұңғыш саяғатшы ғалымы. Шоқан.

Тарихи ескерткіштер-10- Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуына байланысты пайда болған баспана? Киіз үй.

Тарихи ескерткіштер -20- 1396-1404 жылдары қазіргі Түркістанда Әмір Темірдің бұйрығымен салынған кесене? Қ.А.Йассауи

Тарихи ескерткіштер -30- Тараз қаласынан 18 шақырым жерде орналасқан XI-XII ғасырларда салынған кесене ? Айша бибі кесенесі.

Жылдар сөйлейді -10- ҚР қз тәуелсіздігін қашан алды? 1991жыл 16 желтоқсан .

Жылдар сөйлейді -20- Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Конститутциясы қабылданған жыл? 1993 ж 28 қаңтар .

Жылдар сөйлейді -30- Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына қашан мүше болды ? 1992ж 2 наурыз.

Өзге елдермен байланыс -10-Тәуелсіз Қазақстанның шекарасы қай елдермен шектесіп жатыр ? Ресей ,Қытай, Қырғызыстан, Өзбекістан,Түркіменістан.

Өзге елдермен байланыс -20- Қазақ хандығын қай ел өз отар еліне айналдырды? Ресей

Өзге елдермен байланыс -30- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып мойындаған ел елдер ? Туркия мен Румыния

IIIтур «Самғау» сұрақтары .

1Отырар қаласында дүние келген . Түрлі ғылым салаларынан 150-ге тарта іргелі еңбек жазып қалдырған .870-950 жылдар аралығында өмір сүрген Қазақстанның ғана емес , бүкіл Орта Азия халықтары мен әлемнің Арестотельден кейінгі екінші ұстаз атанған энциклопедист ғалым .

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданындағы Нарын құмында дүниеге келген, 1836-1838 жылдары болған халық-азаттық көтерілістегі Исатайдың сенімді серігі әрі досы, көтерілістің рухани жетекшісі болған ақын. Махамбет.

3. 1917 жылы құрылған Алаш партиясының белсенді мүшелелерінің бірі, Қазақ газетінің редаторы болып қызымет атқарған, аудармашы, қазақ әліпбиінің, қазақ тілі мен әдебиеттану ғалымдарының негізін салушы, ағартушы, белгілі ақын. Ахмет Байтұрсынов.

4. 1946 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында дүниеге келген. 1992 жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарыш көгіне самғаған Қазақстанның тұңгығыш ғарышкері. Тоөтар Әубәкіров

IV тур 7 «Шарықтау» сұрақтары.

I топқа.1 Ұлы Отан соғысы қай жылдар аралығында болды? 1941-1945жж

  1. Адамзат ғарышқа қай жылы аттанды?
  2. ҚР рәміздер күні қашан ? 4 маусым 1992жыл
  3. Қазіргі таңда Қазақстанда қанша ұлт өкілдері өмір сүріп жатыр?130-дан астам.
  4. Астанақай жылдан бастап ҚР астанасы болды? 6мамыр 1998жыл.
  5. Еуропадағы ынтымақтастық Ұйымының жетінші саммиті қай жылы -өткізілді? 2010 жыл

II топ сұрақтары.

  1. Қазақстан ғылым академиясы қай жылы ашылды ? 1946жыл
  2. Желтоқсан қозғалысы қай жылы болды ?16желтоқсан 1986жыл
  3. Н.Ә.Назарбаев қай жылы президент болып сайланды ? 1желтоқсан 1991жыл
  4. ҚР ұлттық волютасы – теңге қашан айналымға енгізілді ? 15 қараша 1993жыл
  5. ҚР Конститутциясы қашан қабылданды ? 30 тамыз 1995жыл
  6. ҚР өткен 7-ші қысқы Азияда қай жылы болды?2011жыл

III топ сұрақтары.

1 .Қызылорда қай жылдары Қазақ АКСР-нің астанасы болды?1924-1928жж

2.Қазақстан Республикасының Республика күні ?25қазан 1990жыл

3.Қазақстан жер аумағы жағынан нешінші орында? 9-шы орын.

4.ҚР Конститутциясы неше бқлім неше тараудан тұрады ? 9 б0л3м698бап

5Қ.И.Сәтбаевтың 100жылдық мерей тойы ЮНЕСКО кқлемінде қашан атап өтілді? 1998жыл

6Биіктігі 97 метрді құрайтын Елорданың мақтанышына айналған «Астана Бәтерек» монументі қашан салынды? 2002 жылы

Vтур «Шырқау»

Қорытынды

Тәуелсіздік алған тұста біз таңдауы қиын жолайрықта тұрдық. Біз сол күрделі кезеңде өміршең жолға түсіп , берекелі берекелі болашаңымызды бекембірлікпен байланыстырдық .Тату елге тыныштық орнайды, бейбіт елде ғана береке болады деген .Біздің дұрыс жол таңдап ,ізгілікпен сенімге негізделген парасатты саясат жүргізгенімізді көрім

П отырмыз,бүгінгі сыныптар арасындағы сайыста Қазақстан Республикасының арғы-бергі тарихымен қысқаша танысып шықтық.

Тәуелсіздік хронологиясы.

1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялады . Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігін 120-дан астам ел таныды.

1991 ж. Қазақ халқының тұғыш ғарышкері Т.Әубәкіров ғарышта ерлік көрсетті.

1992ж. Қазақстан дүние жүзіндегі ең ықпалды және беделді ұйым БҰҰ мүше болды.

1992ж . Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің сессиясында Республикамыздың мемлекеттік рәміздері өабылданды.

1993ж. 28 өаңтарда Қазақстан Республикасының тұңғыш Ата заңы Коститутция қабылданды.

1993ж. 15-қарашада Ұлттық валюта –теңге енгізілді .

1995ж. 30 тамызда ҚР Конститутциясы бүкіл халықтық референдум арқылы қабылданды .

1997ж. 10- желтоқсанда Ақмола қаласы астана болып жарияланды .

1999ж. ҚР «Білім туралы » заң қабылданды .

2002ж. Астананың төрінде «Астана Бәйтерек» монументі салынды .

2004ж. Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Мұражай ашылды.

2006ж. Астанада пирамида үлгісіндегі Бейбітшілік және келісім сарайы ашылды .

2010ж. Еуропадағы Өауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының жетінші саммиті өтті.

2011ж. Қазақстанда жетінші қысқы Азияда отті.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ